Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар сабақтың мақсаты



жүктеу 0,5 Mb.
Pdf просмотр
бет14/15
Дата06.03.2018
өлшемі0,5 Mb.
#11773
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

сары немесе қоңыр түске (аммиактың мөлшеріне байланысты) боялады. Несслер реактиві екі ерітіндінің

қоспасы болып табылады: а) калий йодиді мен сулеме (алисапен) және б) 50% КОН ерітіндісі.

Микробтардың  редукциялау   қасиеттерін   зерттеу  қоректік   орталарға   құйылған   органикалық

бояулардың   (метилен   көгінің,   малахитті   жасылдың,   бейтарап   қызылдың   және   т.б.)   түсінің   өзгеруін

анықтауға   негізделген.   Қоректік   орта   ретінде   көбінесе   сүт   қолданылады.   Зерттеуге   арналған   өсіндіні

бактериологиялық   ілмектің   көмегімен   бояуы   бар   қоректік   ортаға   себеді   де,   термостатта   24   сағат   бойы

ұстайды. Микроб ферменттерінің әсерінен бояу түссізденеді немесе оның бастапқы түсі өзгереді.

Минкевич   қоректік   ортасында   микробтардың   редукциялау   қасиеттерін   анықтау.  Минкевич

ортасы – лакмус тұнбасы бар сүт. Микробтардың өсіндісін термостатта 10 күн бойы ұстап, күнде тексеріп

отырады.   Лакмустың   редукциялануы   сүттің   толық   ағаруымен   дәлелденеді.   Микробтардың   қышқылды

немесе сілтілі өнімдерді түзу қасиеттері де осы қоректік ортада анықталады. Бірінші жағдайда лакмусты сүт

қызыл түске, ал екінші жағдайда көк түске боялады.

Нитраттарды редукциялау (денитрификация) үшін зерттеуге алынған өсіндіні құрамында 12%-дық

азот қышқылды калий ерітіндісі бар ЕПС сеуіп, термостатта 48-72 сағат аралығында ұстайды (37-38

0

  С).


Сонан соң қоректік ортаға калий йоды мен 10%-дық күкірт қышқылы ерітіндісінің белгілі пропорциясынан

құралған реактивтің 1 мл-ін қосады. Нитраттардың нитритке ауысуы  (редукциялануы) ортаның көк түске

боялуымен дәлелденеді. Каталаза бірнеше тәсілдермен анықталынады.

1 Бір тәуліктік агар өсіндісінің бетіне 2 мл 1%-дық сутегінің асқын тотығын таратады. Каталазаның

барында бөлініп шыққанда қоректік ортаның бетінде көпіршіктер пайда болады. 

2   Зат   шынысының   бетіне   сутегінің   асқын   тотығының   3-10%-дық   ерітіндісін   тамызады   да,   оны

ілмекпен   алынған   агар   өсіндісінің   массасымен   араластырады.   Газ   көпіршіктерінің   бөлініп   шығуы

каталазаның түзілуін дәлелдейді.

3 Каталазаны сорпа өсіндісінде анықтау үшін шыны түтікке өсіндінің 1 мл-ін құяды да оған 1 мл

сутегі асқын тотығының 10%-дық ерітіндісін қосады. Каталаза барында газ көпіршіктері бөлініп шығады.

Бактериялардың гемолиттік қасиеттерін зерттеу. Кейбір бактериялар эриторциттерді талқандайтын

ерекше заттар – гемотоксиндерді  бөліп  шығарады. Микроорганизмдердің  осы қасиеттерін анықтау үшін

оларды   5%-   фибрині     жоқ   қаны   бар   қоректік   ортаға   себеді   (қанды   ЕПА).   Гемолиттік   қасиеттері   бар

микробтардың   мекендерінің   айналасында   мөлдір   аймақ   (түссіз   немесе   боялған)   пайда   болады.   Сұйық

қоректік ортаға себілген мұндай микробтар эритроциттерді гемолизге ұшыратып, ортаны мөлдірлетеді.

Әдебиеттер:

1 Бұлашев А.Қ., Сұраншиев Ж.А., Жұмабаев Х.Ж. Жалпы микробиология пәнінен ветеринариялық

медицина   факультетінде   оқитын   студенттердің   зертханалық   тәжірибе   сабақтарына   арналған   әдістемелік

нұсқауы.   Астана,   2005ж.   39-43   беттер.   2   Асонов   Н.Р.   Практикум   по   микробиологии   //   Москва,

«Агропромиздат».   1988.   С.   76-80.   3   Костенко   Т.С.,   Скаршевская   Е.И.,   Гительсон   С.С.   Практикум   по

ветеринарной микробиологии и иммунологии // Москва,  «Агропромиздат». 1989. С. 74-80.



Бақылау   сұрақтары:  1   Микроорганизмдердің   сахаролиттік   қасиетін   анытау   тәсілі.   2

Микроорганизмдердің   протеолиттік   қасиеттерін   анықтау   тәсілі.   3   Индол,   күкірт   сутегі   және   аммиакты

анықтау тәсілдері. 4 Бактериялардың гемолиттік қасиеттерін зерттеу.

Он төртінші зертханалық – тәжірибе сабағы

ҚҰРАМЫНДА ВИРУСЫ БАР МАТЕРИАЛДАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЕРЕЖЕСІ МЕН ҚАУІПСІЗДІК

ТЕХНИКАСЫ

Сабақтың   мақсаты:  Вирусологиялық   зертхана,   құрамында   вирусы   бар   материалдармен   жұмыс

істеу   ережесі   мен   қауіпсіздік   техникасы,   міндеті,   зерттеу   әдістері,   қондырғылары   және   вирустық

материалдарды сақтау жұмыстарымен танысу.

Материалдар   мен   жабдықтар.  Вирусологиялық   зертхана   ғимараты,   вирусологиялық   зерттеу

жұмыстарын   жүргізуге   арналған   қондырғылар   –   бокс,   люминесцентті   микроскоп,   центрифугалар,

тоңазытқыш, магнитті араластырғыштар, термостаттар. Спирт шамы. Шыны ыдыстар (түтіктер, колбалар,

матрастар, Петри шынылары, түтікшелер). Негізгі реактивтер мен қоректік орталар. Зертхана құжаттары мен

ветеринария мекемелерінің бекітілген негізгі ережелері.

Вирусологиялық   зертхана.  Вирустық   инфекциялардың   аса   қауіптілігіне   және   вирусологиялық

зертеу   жұмыстарына   арнайы   техникалардың   қажеттілігіне   байланысты   дербес   вирусологиялық

зертханалардың ұйымдастырылуы қажет.

Вирусологиялық зертханаларда өндірістік және ғылыми – зерттеу жұмыстарын орындпу үшін келесі

принциптерді міндетті түрде сақтау қажет:

1 Зертхана мен экспериментальды жануарларды ұстауға  арналған бөлмелер міндетті түрде бөлек

болуы;

2   Зертханаға,   өндірістік   бөлмелер   мен   вивариге   келетін   және   олардан   шығатын   ауалардың



стерильденуі;


3 Зерттеу жұмыстарныан қалған жануарлардың, зертхананың және өндірістік ғимараттан шыққан

қалдықтар рациональды жүйеде жойылуы;

4  Зертхана   мен   өндіріс  қызметкерлеріне  арналған  санитарлық  өткізгіш  қондырғылары  мен  киім

ауыстыру орындары болуы;

5   Вирусологиялық   зертханада   сумен   қамтамасыз   ету   жүйесінің,   залалсыздандырылмаған

қалдықтардың ағын сулар мен су құбырларына түсуінен қорғайтын қондырғылардың болуы;

6 Белсенді агенттермен тікелей жұмыс істейтін зертхана қызметкерлерін залалданудан сақтайтын

(тыныс жолдары мен ашық кілегейлі қабықшаларын) заттардың болуы керек. 

Ірі Вирусологиялық зертхана бірнеше бөлімнен тұрады:

1 Вирустармен тікелей жұмыс істейтін бөлім;

2 Жасуша өсінділерін дайындау бөлімі;

3 In vitro және in vivo жағдайларында серологиялық зерттеулерді жүргізу бөлімі;

4 Вирустарды  физикалық  әдістермен  зерттеу бөлімі. Бұл бөлімде ультрацентрифуга,  электронды

микроскоп болуы қажет. 

5 Жуу – автоклав блогы.

6 Сау және жұқтырылған жануарларға арналған виварилер.

7 Қосалқы бөлім (душ, жануарларды жарып сою, стерильдеу, ауны желдету және т.б.).

Вирустармен тікелей жұмыс істейтін немесе жасушалар өсінділері бөлімдері екі бөлмеден тұруы

қажет:

Бірінші бөлме – боксқа кіреберіс;



Екіншісі – бокс бөлмесі.

Боксқа   кіреберіс бөлмесінде жұмысқа қажетті саймандар: резеңке қолғаптар, халаттар, жеңғаптар

және т.б. болады. Боксқа кіреберіс пен бокс бөлмелері бактериоцидті лампалармен  жабдықталуы тиіс. Бұл

бөлмелерде дезинфекциялағыш ерітінділермен ылғалды уборка және бір мезгілде ауасы залалсыздандыру

жүргізіледі.

Вирустар және жасуша өсінділерімен жұмыс істеу бокс бөлмесінде жүргізіледі. Бокстағы үстелдің

беті дезинфекциялағыш ерітінділермен ылғалдандырылған дәкемен жабылады.

Жұмысты жүргізгеннен кейін барлық қалдықтар мен материалдарды стерильді ыдысқа салып, темір

жәшікте   залалсыздандырады.   Сосын   барлық   материалдарды   қайтара   дезинфекциялау   үшін   стерильдеу

бөліміне жөнелтеді.



Вирусы   бар   материалдармен   жұмыс   істеу   кезіндегі   техника   қауіпсіздігі.  Вирусологиялық

зертхананың барлық қызметкерлері ішкі тәртіпті, жеке сақтық м пен олардың алдын алу мен инфекцияның

таралуына тосқауыл қою үшін келесі ережелерді сақтау қажет:

1 Ғимаратта халатсыз жүргізеге,жұмыс істеуге болмайды;

2 Зертхананың бір бөлімінен екінші бөліміне себепсіз өтуге болмайды; 

3   Әрбір   қызметкер   тек

өзіне   бекітілген   жұмыс   орнында   отыруы,   өзіне   тиісті   қондырғыларды   пайдалануы,   сонымен   қатар

материалдарды бір бөлмеден екінші бір бөлмеге тасымалдамауы қажет;

4  Зертханада тамақ ішуге, темекі шегуге тыйым салынады;

5 Жұқпалы материалдармен және өсінділермен жұмыс істеу кезінде пинцет, ілмек, шпатель тәрізді

саймандарды қолданып, жұмыс аяқталғаннан кейін міндетті түрде залалсыздандыру қажет;

6  Сұйық күйіндегі жұқпалы материалдарды сорып алу груша көмегімен іске асырылуы керек;

7   Материалдармен   себінді   жасау,   препараттарды   дайындау   жұмыстармен   спирт   шамының

жалынында жүргізілуі тиіс,

8   Жұмыс   орнына   немесе   заттардыың   бетіне   шашылған   жұқпалы     материалдарды   тез   арада

дезинфекциялау және стерильдеу қажет. Бұл жұмыстар зерхана жетекшісінің бақылауымен жүргізіледі.

9 жұмыс уақыты кезінде залалданған саймандар мен материалдар арнайы ыдыстарға (қақпағы бар

шелек, бак) салынып, оларды залалсыздандыру үшін автоклав бөліміне жөнелтіледі;

10   Жұмыс   аяқталғаннан   кейін   барлық   материалдар   мен   өсінділер   құлыптанатын   бөлмелерге

қойылады, ал  жұмыс орындарының ретке келтірілуі қажет;

11 Жұмыс орындарында тазалық сақталуы тиіс. Жұмыс кезінде немесе жұмыс аяқталғаннан кейін

қолды жақсылап жуып, дезинфекциялайды;

12 Зертхана бөлмелерін дезинфекциялағыш сұйықтықтармен ылғалдандырылған заттармен жуады;

13 Жұқпалы материалдар мен тірі өсінділерді кілтпен жабылатын шкафтарға, термостаттарға, сақтау

қоймаларына салып, пломба салып қояды;

14   Тірі   өсінділер   мен   жұқтырылған   жануарлар   күнделікті   есептеліп,   дәптерге   немесе   кітапқа

тіркеліп отырады;

15 Зертхана қызметкерлерін міндетті түрде негізгі жұқпалы ауруларға қарсы егеді;

16   Физикалық   әдістермен   зерттеу   бөлімінің   (электрондық   микроскопия,   ультрацентрифугалау)

қызметкерлері ультракүлгін сәулелерімен зақымдалудан сақтану шараларын ұстануы қажет.

17 Өрт пен жарылуды болдырмау үшін бір спирт шамымен екінші спирт шамын тұтатуға тыйым

салынады, оларды тұтату үшін сіріңке немесе  оттық қолдану тиіс;

18  Электр   қондырғыларының   контакты   бөліктерін     ұстауға,   оқытушы   немесе   қызмет   көрсетуші

персоналдардың рұқсатынсыз электр қондырғылар мен аппаратураларды тоқ көзіне қосуға болмайды;




жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау