тамызғаннан соң препаратты бекітіп, объективті іске қосып, конденсорды объективтің осіне дәл келтіреді.
Осыдан кейін көз шалымындағы кескіннің анықтылығын винттер жүйесі арқылы реттейді.
Люминесцентті микроскопия. Люминесценция ұлғайтқыш оптикалық аспаптардың көмегімен
байқалатын микроскопиялық объектілердің жарқырауы. Объектердің жарқырауы өзіндік (алдында бояусыз)
және ретке келтірілген (үлгіні бояумен өңдегеннен кейінгі) болуы мүмкін. Көрінбейтін ультракүлгінді
немесе көк күлгінді қысқа толқынды сәулелер объектіге әсер еткенде адам көзіне көрінетін ұзынырақ жарық
толқыны бар люминесценция қоздырылады. Бұл қасиет люминесцентті микроскопияның негізін қалайды.
Люминесцентті микроскопия үшін МЛ және Люмам серияларының микроскоптары қолданылады. МЛ-2
люминесцентті микроскобы өте күшті жарық көзінен (сынапты-кварц шамы), жарық сүзгілерінен және
биологиялық микроскоптан тұрады. Жарық көзі мен микроскоп айнасының ортасында көк күлгін сүзгіш
болады, қысқа толқынды жарық сәулелері препаратқа түскенде жарқырауды қоздырады. Микроскоптың
окулярына сары жарық сүзгісін кигізеді. Ол көк күлгінді сәулелерді (спектрдің қысқа толқынды бөлігі)
шашып, көзге көрінетін ұзын толқында сәулелерді өткізеді.
Люминесцентті микроскопияда зерттеуге алынған объектілерді арнайы бояулармен
(флуорохромдармен) өңдегеннен кейін пайда болатын қосымша люминесценцияның маңызы өте зор.
Флуорохромдардың ұзын толқынды ультракүлгін және қысқа толқынды көк күлгін сәулелердің әсерінен
жарқырайтын қасиеті бар. Флуорохромдардың ішінен қызғылт сары акридин, аурамин, аурофосфин,
родамин, флуоресцин және тағы басқалары жиі қолданылады. Люминесцентті микроскоптың көмегімен
мөлдір емес тірі объектілерді зерттеуге болады. Олар түрлі-түсті, ірі айқын болып көрінеді.
Электронды микроскопия. Микроорганизмдердің, жануарлар мен өсімдіктер клеткаларының
ультра құрылысын зерттеу электронды микроскоптың көмегімен іске асады. Зерттеуге алынған объектінің
кескіні электрондардың тасқыны арқылы алынады. Электронды микроскоп құрылысының прионципі
электрондардың магнит өрісінде магнитті линзалар ауытқу қасиетін қолдануға негізделген. Магнит өрісі
электрон топтарын фокусқа түсіреді. Электрондардың көзң ретінде электр тогымен қыздырылатынвольфрам
сымы қызмет етеді. Объект кескіні электронды микроскоптың көмегімен 500 000-нан аса ұлғайтылады.
Электронды микроскопияның ұлғайту дәрежесі ангстреммен өлшенеді. Қазіргі кезде электронды
микроскоптардың отандық және шетелдік әр түрлі үлгілері бар.
Әдебиеттер:
1 Бұлашев А.Қ., Сұраншиев Ж.А., Жұмабаев Х.Ж. Жалпы микробиология пәнінен ветеринариялық
медицина факультетінде оқитын студенттердің зертханалық тәжірибе сабақтарына арналған әдістемелік
нұсқауы. Астана, 2005ж. 4-9 беттер. 2 Асонов Н.Р. Практикум по микробиологии // Москва,
«Агропромиздат». 1988. С. 5-21. 3 Костенко Т.С., Скаршевская Е.И., Гительсон С.С. Практикум по
ветеринарной микробиологии и иммунологии // Москва, «Агропромиздат». 1989. С. 5-21
Бақылау сұрақтары: 1 Қарапайым, люминесцентті және электронды микроскоптардың құрылымы.
2 Макро және микро бұрағыштармен жұмыс істеу тәртібі. 3 Микроскоптың окуляры мен басқа да оптикалық
бөлімдері, олардың үлкейту дәрежелерін анықтау. 4 Микробиологиялық зертхананың бөлімдері, қауіпсіздік
техникалары.
Екінші зертханалық-тәжірибе сабағы
ШАР ФОРМАЛЫ МИКРООРГАНИЗМДЕР. МИКРООРГАНИЗМДЕРДІ БОЯУДЫҢ ҚАРАПАЙЫМ
ТӘСІЛІ
Сабақтың мақсаты. Микрококк, стрептококк, диплококк, стафилококк дақылдарынан
препараттарды дайындап, Пфейффер фуксинімен, мителен көгімен және т.б. бояулармен бояп, олардың
суретін салып алу. Зат және жамылғы шыныларын өңдеу жұмыстарымен танысу.
Жабдықтар мен материалдар. Тығыз және сұйық қоректік орталарда өсірілген микрококк,
диплококк, стрептококк, стафилококк дақылдары бар шыны түтіктер, штативтер, физиолгиялық ерітінді,
микробиологиялық ілмектер. Пастер пипеткалары, метилен көгі, Пфейффер фуксині және тағы басқа
бояулардың ерітіндісі бар тамызғыштар, жуынды төгетін шыны аяқтар. Жағындыларды шаюға арналған
шыны сауыттардағы дистилденген су, қолданған зат шыныларына және жамылғы шыныларына арналған
дезинфекциялық ерітінділер құйылған ыдыстар. Никифор сұйығындағы зат шынылары. Құм сағаттар немесе
басқа сағаттар. Анатомиялық пинцеттер. Спирт шамдары. Микроскоптар. Бал қарағай майы. Шар формалы
микроорганизмдерден дайындалған көрнекті препараттар.
Препараттарды дайындау.
Зат және жамылғы шыныларын өңдеу. Микроскопиялық препаратты дайындау алдында зат және
жамылғы шынылар өңдеуден өткізіліп, майынан тазартылуы қажет. Су тамшысының шыны бетінде біркелкі
таралуы оның жақсы майсыздандырылғының дәлелі. Қолданылмаған шыныларды әуелі суда жуып, сонан
соң оларды Никифор ерітіндісінде ұстайды. Препараттарды дайындар алдында шыныларды жалынның
үстінде ұстап, қыздырып алады. Жаңа шыныларды 1%-дық натрий гидрокарбонатының (соданың)
ерітіндісінде 10 минут қайнатып, нейтралданған дистилденген сумен шаяды. Қолданылып жүрген шынылар
концентрленген күкірт қышқылының ерітіндісінде немесе оның 5% калий дихроматы қосылған ерітіндісімен
өңделеді (ерітіндіні дайындау тәртібі: 6 г калий дихроматына 100 мл дистилденген су және 100 мл күкірт
қышқылын қосып шайқаған соң бір күнге қалдырады. Ерітінді күңгірт қызғылт сары түске боялады. Хромды
қоспа өте күшті тотықтырғыш болғандықтан органикалық заттармен ластанған жерлерді жақсы кетіреді).
Шыныларды аталмыш ерітіндіде 1-2 сағат ұстап, сумен жуып, 5%-дық натрий гидрокарбонатының
ерітіндісінде 30 минут қайнатады. Одан кейін дистилденген сумен шайған соң кептіргіш шкафта немесе
бөлме температурасында кептіреді. Өңделген зат шыныларын тығыз тығыны бар банкаларға құрғақ түрінде
немесе Никифор ерітіндісінде сақтайды. Шыныларды пинцетпен алған жөн, өйткені қолдың майлы дақтары
шыныны жарамсыз күйге келтіреді.
Жағындыны дайындау. Жағындылар (препараттар) зат шынысының бетінде микробиологиялық
ілмек немесе Пастер пипеткасы көмегімен дайындалады. Материал ретінде тығыз және сұйық қоректік
орталарда өсірілген микроорганизмдер шайындысы, сүт, ірің, қан және т.б. үлгілер қолданылады.
Спирт шамында бактериологиялық ілмекті қыздырады. Сосын тығыз қоректік орталарда өсірілген
микроорганизмдердің дақылдары бар шыны түтіктің тығынын жалынның үстінде қолдың шынашағымен
абайлап ашып, ілмекті шыны түтіктегі конденсатқа немесе қоректік ортаның себілмеген жеріне тигізу
арқылы суытады да, онымен микробтар массасын іліп алып, шыны түтікті жауып, штативке қояды.
Микробиологиялық ілмектегі микробтар массасын физиологиялық ерітінді тамызылған зат шынысының
бетіне жұқалап жағады. Тығыз қоректік орталарда өсірілген микроорганизмдерден жағынды дайындар
алдында зат шынысының бетіне бір тамшы физиологиялық ерітінді немесе су тамызады.
Пастер пипеткасының көмегімен сұйық заттардан және сұйық қоректік ортада өсіп жатқан
микроорганизмдерден жағынды дайындайды. Жалынның үстінде стерильді пипетканың дәнекерлеген ұшын
сындырып, микроб суспензиясынан үлгі алады да, зат шынысының бетіне жағынды жасап болған соң
пипетканы дезифекциялық ерітіндісі бар сауытқа салады. Жағындыны ауада немесе жалын бетіндекептіру
арқылы бекітеді. Жағынды тым қыздырылса, клеткалардың құрылысы өзгерістерге ұшырайды, ал егер
бекітілу жеткіліксіз болса, онда жағынды кейінгі өңдеулерде шайылып кетеді.
Қан жағындысын, қарапайымдылар мен спирохеттердің клеткаларының нәзік құрылымдарын және
т.б. зерттеуде қыздыру арқылы бекіту әдісі қолданылмайды. Мұндай кездерде препараттарды
сұйықтықтармен бекітеді. Бекіткішті (фиксаторды) жағындының үстіне құяды немесе препаратты бекіткіш
сұйықтығы бар ыдысқа белгілі бір уақытқа батырғаннан соң ауада кептіреді.
Микробиологияда мынандай келесі бекіткіш сұйықтықтар қолданылады:
-
Этил спирті 10-15 минут
-
Метил спирті (метанол) 2-3 минут
-
Ацетон 5 минут
-
Этил спирті мен этилді эфирдң қоспалары 10-15 минут
-
Жағындыны сонымен қатар осмий қышқылы мен формалиннің буында да бекітуге болады
(бірнеше секунд ішінде).
Микроорганизмдерді бояудың қарапайым тәсілі жиі қолданылады, өйткені ол микробтардың
морфологиясымен тез және жақсы танысуға мүмкіндік береді. Бояудың қарапайым тәсілінде, тек бір ғана
бояуды пайдаланады. Мысалы, Пфейффер фуксинінің судағы ерітіндісі немесе метилен көгі. Бекітілген
жағындыға тамызғыштың көмегімен бояудың бірнеше тамшысын тамызады. Пфейффер фуксинінің судағы