34
асқаннан кейін, ал ревизия, қаржы-шаруашылық қызметін тексеру немесе аудиторлық
тексерулер нәтижелері бойынша - тәртіптік теріс қылық жасалған күннен бастап бір
жылдан асқаннан кейін қолдануға болмайды. Көрсетілген мерзімдерге қылмыстық іс
бойынша өндіріс уақыты қосылмайды.
6.7. Әрбір тәртіптік теріс қылық үшін бір тәртіптік жаза ғана қолданыла алады.
Тәртіптік жаза қолдану туралы жұмыс берушінің бұйрығы (өкімі) ол шығарылған
күнінен бастап қызметкердің жұмыста болмаған уақытын есептемегенде, үш жұмыс күні
ішінде қызметкерге қолын қойғызып хабарланады. Егер қызметкер аталған бұйрықпен
(өкіммен) қол қойып танысудан бас тартса, онда тиісті акт жасалады.
6.8. Егер тәртіптік жаза қолданылған күннен бастап алты ай ішінде қызметкер
жаңа тәртіптік жазаға тартылмаса, оның тәртіптік жазасы жоқ деп есептеледі.
Қызметкерге тәртіптік жаза қолданған жұмыс беруші өзінің бастамасымен,
қызметкердің, оның тікелей басшысының немесе бастауыш кәсіподақ ұйымының
сайланбалы органының өтініші бойынша тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып
тастауға құқылы.
6.9. Жазалар туралы мәліметтер, тәртіптік жаза болып табылатын жұмыстан
босатуды қоспағанда, еңбек кітапшасына енгізілмейді.
6.10. Қызметкер тәртіптік жаза жөнінде мемлекеттік еңбек инспекциясына және
(немесе) еңбек даулары жөніндегі келісу комиссиясына шағым жасай алады.
VII. Қорытынды ережелер
7.1. Ішкі еңбек тәртібі ережесінің мәтіні көзге түсетін жерге ілінеді.
7.2. Ішкі еңбек тәртібінің ережесіне өзгертулер мен толықтырулар жұмыс
берушінің актілерді қабылдау үшін белгіленген тәртіпте жұмыс берушімен енгізіледі.
7.3. Қайта қабылданған ішкі еңбек тәртібінің ережесімен, оған енгізілген
өзгертулер және толықтырулармен жұмыс беруші қызметкерлерді таныстыру күнін
көрсете отырып қолын қойғызып таныстырады.
35
№ 2 қосымша
ЖЕКЕ ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ШЕШУ ЖӨНІНДЕГІ КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫ
ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ережелер
1. Жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссиясы тұрақты қызмет
атқаратын орган болып табылады және кәсіподақ комитеті мен ұйым әкімшілігі
өкілдерінің бірдей санынан жасалады.
Келісу комиссиясы мүшелерінің саны әрбір тараптан __ адамнан тұрады.
2. Кәсіподақ мүшелерінің қатарынан кәсіподақ өкілдері комиссияға кәсіподақ
комитетінің қаулысымен, ал әкімшілік өкілдері – ұйым басшысының бұйрығымен
бөлінеді.
3. Келісу комиссиясының құрамы қызметкерлерге мәлімет үшін көзге түсетін жерге
орналастырылады.
4. Жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссиясы 3 жылға дейінгі
мерзімге, яғни ұжымдық шарттың немесе әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің әрекет
ету мерзіміне құрылады. Осы мерзім ішінде тараптар өз өкілдерін комиссия құрамын
қалыптастыру үшін белгіленген тәртіпте алмастыра алады, барлық өкілдердің
өкілеттіктері комиссияның құрылған мерзімінің аяқталуымен бірге аяқталады.
5. Келісу комиссиясының әрбір отырысында төраға мен хатшының міндеттерін
кәсіподақ комитетінің өкілі мен жұмыс берушінің өкілі кезектесіп атқарады. Бір
отырыстағы төраға мен хатшының міндеттерін бір тараптың өкілдері атқара алмайды.
Комиссияның әрбір отырысында тараптармен келесі отырыстың төрағасы мен
хатшысы тағайындалып, оларға отырысқа дайындық пен шақыру жүктеледі.
6. Еңбек даулары жөніндегі комиссияны техникалық қамтамасыз етуді (іс жүргізу,
істерді сақтау, мәжіліс хаттамаларынан көшірмелер дайындау мен беру және т.б.) жұмыс
беруші жүзеге асырады. Ұйым басшысы өз бұйрығымен комиссияны техникалық
қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жүктелетін қызметкерді тағайындайды.
7. Келісу комиссиясының іс жүргізуі жалпы іс жүргізуден бөлек істер
номенклатурасының ерекше бөлімінде жүргізіледі.
II. Келісу комиссиясымен қаралатын мәселелер
8. Келісу комиссиясы қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы ұйымда
туындайтын жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі сотқа дейінгі міндетті бастауыш орган
болып табылады. Келісу комиссиясы ешбір ерекшеліксіз туындаған барлық жеке еңбек
дауларын қарауға міндетті.
9. Келісу комиссиясы қызметкерлердің еңбек заңнамасын, ұжымдық шартты,
келісімдерді және өзге де жергілікті құқықтық актілерді, еңбек шарттарын қолданумен
қатысты, соның ішінде:
1) еңбекке ақы төлеу;
2) басқа жұмысқа ауыстыру және басқа жұмыс орнына көшіру;
3) еңбекке ақы төлеу, соның ішінде лауазымдарды қоса атқару, уақытша орнында
жоқ қызметкерді ауыстыру кезінде, үстеме жұмыс, түнгі уақыт, демалыс және мереке
күндеріндегі жұмыс үшін еңбекке ақы төлеу;
4) қолданыстағы еңбекке ақы төлеу жүйесімен көзделген қызметкерге тиесілі
сыйақы мөлшері мен оны алу құқығы;
5) жәрдемақылар төлеу мен кепілдіктер беру;
6) қызметкердің жалақысынан ұсталынған ақшалай соманы қайтару;
7) еңбек демалыстарын беру;
8) арнайы киім, арнайы аяқ киім, жеке қорғау құралдарын беру, емдеу-
профилактикалық тамақтану;
9) амалсыз бос жүрген уақытына жалақы төлеу немесе заңсыз ауыстырумен
байланысты төмен ақы төленетін жұмысты орындаған уақытына жалақысының
айырмасын төлеу;