Мемлекеттік коммуналдық Қазыналық КӘсіпорнының



жүктеу 0,63 Mb.
Pdf просмотр
бет14/28
Дата25.12.2019
өлшемі0,63 Mb.
#24949
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28

 

28 


4)  өзінің  құқықтары  мен  мүдделерін  қорғау  мақсатында  бірлестіктер  құрып,  оған 

кіруге;  

5)  қызметкерлерден  еңбек,  ұжымдық  шарттардың  жағдайларын,  еңбек 

тәртіптемесінің  ережелерін  және  жұмыс  берушінің  басқа  да  актілерін  орындауды  талап 

етуге;   

6)  қызметкерлерді  ынталандыруға,  тәртіптік  жаза  қолдануға,  ҚР  ЕК  көзделген 

жағдайлар мен тәртіпте оларды материалдық жауапкершілікке тартуға;  

7)  еңбек  міндеттерін  орындау  кезінде  қызметкермен  келтірілген  шығынның 

өтелуіне;  

8)  еңбек  саласындағы  өз  құқықтары  мен  заңды  мүдделерін  қорғау  мақсатында 

сотқа жүгінуге; 

9) қызметкерге сынақ мерзімін белгілеуге;  

10)  қызметкерлерге  ҚР  ЕК  сәйкес  кәсіптік  даярлауды,  қайта  даярлауды  және 

олардың біліктіліктерін арттыруды қамтамасыз етуге; 

11) ҚР ЕК сәйкес қызметкерді оқытуға байланысты өз шығындарының өтелуіне;   

12) жеке еңбек дауын шешу үшін ҚР ЕК көзделген тәртіпте келісу комиссиясына, 

сотқа жүгінуге құқылы. 

3.6. Жұмыс беруші:   

1)  Қазақстан  Республикасы  еңбек  заңнамасының,  келісімдердің,  ұжымдық,  еңбек 

шарттарының, олармен шығарылған актілердің талаптарын қадағалауға;  

2)  жұмысқа  қабылдау  кезінде  ҚР  ЕК  белгіленген  тәртіп  пен  жағдайларда 

қызметкерлермен еңбек шартын жасасуға;    

3)  жұмысқа  қабылдау  кезінде  ҚР  ЕК  32-бабына  сәйкес еңбек  шартын  жасау  үшін 

қажетті құжаттарды талап етуге;  

4) қызметкерге еңбек шартымен келісілген жұмысты беруге

5)  қызметкерге  Қазақстан  Республикасының  нормативтік  құқықтық  актілерімен, 

еңбек, ұжымдық шарттармен, жұмыс берушінің актісімен көзделген жалақыны және өзге 

де төлемдерді уақытында және толық мөлшерде төлеуге;  

6)  қызметкерді  ішкі  еңбек  тәртіптемесінің  ережелерімен,  қызметкердің  жұмысына 

(еңбек  функциясына)  тікелей  қатысы  бар  жұмыс  берушінің  өзге  де  актілерімен  және 

ұжымдық шартпен таныстыруға;    

7)  қызметкерлер  өкілдерінің  ұсыныстарын  қарауға  және  оларға  ұжымдық 

келіссөздер  жүргізу,  ұжымдық  шарттар  жасасу  үшін,  сондай-ақ  олардың  орындалуын 

бақылау үшін қажетті толық және сенімді ақпаратты беруге;  

8)  ҚР  ЕК  белгіленген  тәртіпте  ұжымдық  келіссөздер  жүргізуге,  ұжымдық  шарт 

жасасуға;  

9)  қызметкерлерді  Қазақстан  Республикасының  еңбек  заңнамасына,  еңбек, 

ұжымдық шарттарға сәйкес еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге;  

10)  қызметкерлерді  жабдықтармен,  құралдармен,  техникалық  құжаттамамен  және 

еңбек  міндеттерін  орындауға  қажетті  өзге  де  құралдармен  өз  қаражаты  есебінен 

қамтамасыз етуге;  

11)  Қазақстан  Республикасының  халықты  жұмыспен  қамту  туралы  заңнамасының 

талаптарына  сәйкес  жұмыспен  қамту  мәселелері  жөніндегі  уәкілетті  органға  ақпарат 

беруге;  

12) мемлекеттік еңбек инспекторларының ұйғарымдарын орындауға;  

13)  егер  жұмысты  жалғастыру  қызметкердің  және  өзге  тұлғалардың  өміріне, 

денсаулығына қауіп төндірсе, оны тоқтатуға;   

14) қызметкерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыруды жүзеге асыруға; 

15)  қызметкерді  оның  еңбек  (қызметтік)  міндеттерін  орындауы  кезіндегі 

жазатайым оқиғалардан сақтандыруға;   

16) қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беруге;  

17)  мемлекеттік  мұрағатқа  қызметкерлердің  еңбек  қызметін  растайтын 




 

29 


құжаттардың және олардың зейнетақылық қамтамасыз етілуіне қаражатт ың ұсталуы мен 

аударылуы туралы мәліметтердің сақталуы мен тапсырылуын қамтамасыз етуге;   

18)қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайы мен кәсіптік аурудың 

мүмкіндігі туралы ескертуге;   

19)  жұмыс  орындары  мен  технологиялық  процестерде  тәуекелдің  алдын  алу 

жөнінде  шараларды  қабылдауға,  өндірістік  және  ғылыми-техникалық  прогресті  ескере 

отырып алдын алу жұмыстарын жүргізуге;  

20)  жұмыс  уақытының,  соның  ішінде  зиянды  және  (немесе)  қауіпсіз  еңбек 

жағдайларында,  ауыр  жұмыстарда  әрбір  қызметкермен  орындалатын  үстеме  жұмыстар 

есебін жүргізуге;   

21) қызметкердің өмірі мен денсаулығына  еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау 

кезінде  келтірілген  зиянды  ҚР  ЕК  және  Қазақстан  Республикасының  өзге  де  заңдарына 

сәйкес өтеуге;   

22)  еңбек  жөніндегі  уәкілетті  мемлекеттік  органның  және  еңбек  инспекциясы 

жөніндегі  жергілікті  органның  лауазымды  тұлғаларын,  қызметкерлердің  өкілдерін, 

еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларды ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі мен 

еңбекті  қорғау  жағдайларын  және  Қазақстан  Республикасы  заңнамасының  қадағалануын 

тексеру үшін, сондай-ақ еңбек қызметімен және кәсіптік аурумен байланысты жазатайым 

оқиғаларды тексеру үшін кедергісіз жіберуге;   

23) реестрлерді немесе он сегіз жастан кіші қызметкерлердің тегі, аты, әкесінің аты 

(егер  ол  жеке  куәлігінде  көрсетілсе)  және  туылған  күні  көрсетілетін  жұмыс  берушімен 

анықталған басқа құжаттарды жүргізуді қамтамасыз етуге;   

24)  Қазақстан  Республикасының  дербес  деректер  мен    оларды  қорғау  туралы 

заңнамасына сәйкес қызметкердің дербес деректерін жинау, өңдеу және қорғауды жүзеге 

асыруға;  

25) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөнінде ішкі бақылауды  жүзеге асыруға 

міндетті.   

3.7. Еңбек шарты тараптарының жауапкершілігі:  

3.7.1.  Еңбек  заңнамасының  ережелерін  бұзғаны  үшін  кінәлі  тұлғаларға  Қазақстан 

Республикасының  заңдарымен  анықталған  тәртіп  пен  жағдайда  тәртіптік,  әкімшілік, 

қылмыстық және азаматтық-құқықтық жауапкершілік шаралары қолданылады.   

3.7.2. Еңбек  шарты  тарапының осы  шарттың екінші тарапына өзі  келтірген залал 

үшін материалдық жауапкершілігі, егер ҚР ЕК және өзге заңдарында өзгеше көзделмесе, 

оның  құқыққа  қарсы  кінәлі  мінез-құлық  (әрекет  немесе әрекетсіздік)  нәтижесінде 

басталады.  

3.7.3.  Екінші  тарапқа  шығын  келтірген  еңбек  шартының  басқа  тарапы  (жұмыс 

беруші немесе қызметкер), сол шығынды ҚР ЕК сәйкес өтейді.   

Еңбек  шартымен  немесе  оған  тіркелетін  жазбаша  нысанда  жасалған  келісімдерде 

осы  шарттың  тараптарының  материалдық  жауапкершіліктері  айқындалады.  Жұмыс 

берушінің қызметкер алдындағы шарттық жауапкершілігі ҚР ЕК көзделгендей төмен, ал 

қызметкердің  жұмыс берушінің алдында – жоғары бола алмайды.  

3.7.4.  Жұмыс  беруші  ҚР  ЕК  сәйкес  қызметкерге  оны  еңбектенуден  заңсыз 

айырудың барлық жағдайында алынбаған жалақысын, соның ішінде жалақысы:  

•  қызметкерді жұмысынан заңсыз шеттету, жұмыстан шығару немесе басқа жұмысқа 

ауыстыру; 

•  қызметкерді  бұрынғы  жұмысына  қайта  кіргізу  туралы  еңбек  дауларын  қарау 

жөніндегі  органның  шешімін  жұмыс  берушінің  орындаудан  бас  тартуы  немесе 

уақытында орындамауы нәтижесінде алынбаса, оны төлеуге міндетті.   

3.7.5.  Қызметкердің  мүлкіне  зиян  келтірген  жұмыс  беруші,  сол  зиянды  толық 

мөлшерде өтейді.  

Қызметкердің  зиянды  өтеу  туралы  өтініші  жұмыс  берушіге  жіберіледі.  Жұмыс 

беруші  түскен  өтінішті  қарауға  және  ол  түскен  күннен  бастап  он  күн  мерзімде  тиісті 




жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау