Мемлекеттік коммуналдық Қазыналық КӘсіпорнының



жүктеу 0,63 Mb.
Pdf просмотр
бет15/28
Дата25.12.2019
өлшемі0,63 Mb.
#24949
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28

 

30 


шешім  қабылдауға  міндетті.    Қызметкер  жұмыс  берушінің  шешімімен  келіспесе  немесе 

белгіленген мерзімде жауап алмаған жағдайда, жеке еңбек дауын шешу жөніндегі органға 

жүгінуге құқылы.   

3.7.6.  Қызметкер  жұмыс  берушіге  келтірілген  нағыз  тікелей  шығынды  өтеуге 

міндетті. Алынбаған табыстар (ұтылған пайда) қызметкерден өтелмейді.  

Егер  залал  еңсерілмейтін  күштің,  қалыпты  шаруашылық  тәуекелдің,  аса 

қажеттіліктің немесе қажетті қорғаныстың не болмаса қызметкерге тапсырылған мүліктің 

сақталуы  үшін  жұмыс  берушінің  тиісті  жағдайларды  қамтамасыз  ету  жөніндегі 

міндеттерді  орындамауы  салдарынан  туындаған  болса,  қызметкердің  материалдық 

жауапкершілігі жойылады. 

3.7.7. Келтірілген зиян үшін қызметкер өзінің айлық орташа жалақысы шамасында, 

егер  ҚР  ЕК  немесе  өзге  де  заңнамалық  актілермен  басқа  жағдайлар  қаралмаған  болса, 

онда материалдық жауапкершілікке тартылады.   

3.7.8. Залал келтірілгеннен кейін еңбек шартын бұзу осы  шарттың тараптарын ҚР 

ЕК көзделген материалдық жауапкершіліктен босатпайды.  

3.8.  Педагог  және  басқа  қызметкерлерге  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  білім 

ұйымдарында және ұйымның аумағында: 

• 

темекі  шегуге,  спирттік  ішімдіктер  ішуге,  сондай-ақ  есірткі  және 



психотроптық  заттарды  алуға,  сақтауға,  дайындауға  (өндіруге),  қолдануға  және      басқа 

тұлғаларға беруге;  

• 

оңай жанғыш және улы заттарды сақтауға тыйым салынады.  



 

IV. Жұмыс уақыты және тынығу уақыты 

 

4.1. Жұмыс уақытының режимі:  

4.1.1.  Ұйымда  жексенбі  бір  демалыс  күні  бар  алты  күндік  жұмыс  аптасы 

белгіленеді.  

4.1.2.  Педагог  қызметкерлердің  жұмыс  уақыты  мен  тынығу  уақыты  режимінің 

ерекшеліктері ұжымдық шарттың ережелерімен белгіленеді.   

Педагог және басқа қызметкерлердің демалыс күндері берілетін жұмыс уақыты мен 

тынығу  уақытының  режимі  ұйым  қызметінің  режимін  ескере  отырып  анықталады  және 

ішкі  еңбек  тәртіптемесінің  ережелерімен,  жұмыс  кестесімен,  ұжымдық  шартпен 

белгіленеді.    

4.1.3.  Басқарушы  органды  қоспағанда,  педагог  қызметкерлер  үшін  аптасына  36 

сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.  

4.1.4.  Ұйым  басшысының,  оның  орынбасарларының,  басқа  да  басқарушы 

қызметкерлердің жұмыс режимі еңбек заңнамасына сәйкес анықталады.  

4.1.5.  Мереке  күнінің  алдындағы  жұмыс  күнінің  немесе  ауысымның  ұзақтығы  бір 

сағатқа азаяды. 

4.1.6. Ауысым бойынша жұмыс істейтін қызметкерлердің жұмыс режимі бастауыш 

кәсіподақ  ұйымының  кәсіподақ  комитетінің  пікірін  ескере  отырып  жұмыс  берушімен 

құрылған ауысым кестесімен анықталады.  

4.1.7.  Жұмыс  жағдайын  жалпы  есепке  алумен  немесе  жұмыстың  жеке  түрлерін 

орындау  кезінде,  қызметкерлердің  белгілі  санаты  үшін  белгіленген  жұмыс  уақытының 

күнделікті немесе апта сайынғы ұзақтығы сақталмаса, есептік кезеңдегі (ай, тоқсан және 

басқа  мерзімдер)  жұмыс  уақытының  ұзақтығы  жұмыс  сағаттарының  қалыпты  санынан 

аспауы үшін жұмыс уақытының жиынтық есебін енгізуге жол беріледі.  

4.1.8.  Педагог  және  басқа  қызметкерлердің  жұмыс  кестелерін  құру  кезінде, 

қызметкерлердің  тынығуымен  және  тамақтануымен  байланысты  емес  жұмыс 

уақытындағы үзілістерге, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен 

көзделген жағдайлардан қоспағанда жол берілмейді.  

Тәрбиешілердің  белгіленген  нормадан  тыс  жұмысты  орындауымен  байланысты 



 

31 


туындаған  жұмыстағы  үзілістер,  оны  бөліктерге  бөлумен  жұмыс  күнінің  режиміне 

жатқызылмайды.  

4.1.9.  Оқыту  сабақтарын  және  оқыту-тәрбиелеу  сипатындағы  басқа  да  шараларды 

жүргізу  кезінде  (құқықтық  актілермен,  ұжымдық  шартпен  көзделген  басқа  жағдайларды 

қоспағанда): 

•  педагог 

қызметкерлерді 

тапсырмаларды 

орындау 

немесе 


олардың 

педагогикалық қызметімен байланысты емес шараларға қатысу үшін алаңдатуға;  

•  жиналыстар,  отырыстар  және  қоғамдық  істер  бойынша  басқа  да  шаралар 

шақыруға жол берілмейді. 

4.1.10.  Ұйымда  оқыту  процесін  бақылау  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыру 

кезінде және басқа жағдайларда:   

•  сабақтарға  жұмыс  беруші  өкілінің  рұқсатынсыз  бейтаныс  тұлғалардың 

қатысуына;   

•  топқа, жұмыс берушінің өкілін қоспағанда, сабақ басталғаннан кейін кіруге;  

•  сабақ  өткізу  кезінде  және  тәрбиеленушілер  қатысып  отырғанда  педагог 

қызметкерлерге олардың жұмысы жөнінде ескертулер жасауға жол берілмейді.    

4.2. Тынығу уақыты:  

4.2.1. Тынығу кезінде қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан бос болуы және 

оны өзінің білгенінше пайдалануы тынығу уақыты болып табылады.   

Тынығу уақытының түрлері:  

•  жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішіндегі үзілістер; 

•  күнделікті (ауысымаралық) тынығу;  

•  демалыс күндері (апта сайынғы үздіксіз тынығу);  

•  мереке күндері;  

•  демалыстар болып табылады. 

4.2.2.  Педагог  қызметкерлердің  тынығумен  және  тамақтанумен  байланысты  емес 

жұмыс  уақытындағы  үзілістерге,  Қазақстан  Республикасының  нормативтік  құқықтық 

актілерімен көзделмеген жағдайларды қоспағанда жол берілмейді.  

Өз міндеттерін үздіксіз жұмыс күні ішінде орындайтын педагог қызметкерлер үшін 

тамақтану үшін үзіліс белгіленбейді. Бұл қызметкерлерге білім алушылармен бірге немесе 

осы мақсатқа арнайы жабдықталған орында тамақтану мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.  

4.2.3. Демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа тыйым салынады.  

Ерекше  жағдайларда  қызметкерлерді  бұл  күндері  жұмысқа  тартуға  қызметкердің 

жазбаша  келісімімен  және  жұмыс  берушінің  жазбаша  бұйрығы  бойынша  бастауыш 

кәсіподақ  ұйымы  кәсіподақ  комитетінің  пікірін  ескере  отырып  жол  беріледі.  Аталған 

шектеу  ауысым  кестесі  бойынша  еңбек  қызметін  жүзеге  асыратын  қызметкерлерге 

таратылмайды.  

4.2.4.  Демалыс  және  мереке  күндеріндегі  жұмысқа  кемінде  бір  жарым  есе 

мөлшерде ақы төленеді.  

Демалыс немесе мереке күндерінде жұмыс істеген қызметкердің қалауы бойынша 

оған  басқа  ақы  төленетін  демалыс  күні  берілуі  мүмкін,  ал  демалыс  немесе  мереке 

күндеріндегі жұмысына бұл жағдайда бір есе мөлшерде ақы төленеді.  

4.2.5. Қызметкерлерге:  

-  Педагог  емес  лауазымдағы  азаматтық  қызметшілерге  жыл  сайынғы  еңбек 

демалысы – 30 күнтізбелік күн ұзақтығымен;   

- Педагог қызметкерлерге жыл сайынғы негізгі ұзартылған ақылы еңбек демалысы 

– 42 күнтізбелік күн ұзақтығымен;   

- Мамандықты қажет етпейтін жұмысшылар - 42 күнтізбелік күн беріледі.  

4.2.6.Еңбек демалысын берудің кезектілігі жыл сайын күнтізбелік жыл басталғанға 

дейін  кемінде  екі  апта  бұрын  бастауыш  кәсіподақ  ұйымы  кәсіподақ  комитетінің  пікірін 

ескере отырып, жұмыс берушімен бекітілген еңбек демалысының кестесімен анықталады.    




жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау