Мемлекеттік коммуналдық Қазыналық КӘсіпорнының



жүктеу 0,63 Mb.
Pdf просмотр
бет25/28
Дата25.12.2019
өлшемі0,63 Mb.
#24949
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

 

52 


№ 8 қосымша 

 

ТОЛЫҚ  МАТЕРИАЛДЫҚ  ЖАУАПКЕРШІЛІК  ТУРАЛЫ  ШАРТ  

 

«___» ___________ 20__ ж.  



 

 ___________________ қаласы  

 

_______________________________________________________________________, 



(мемлекеттік кәсіпорынның толық атауы)  

бұдан  әрі  «Жұмыс  беруші»  деп  аталатын  ,          директор  (меңгеруші)        

________________________ тұлғасында, Жарғы негізінде әрекет ететін бір жақтан және 

                       

(Т.А.Ә.)     

 _________________________ азамат, бұдан әрі «Қызметкер» деп аталатын,  



                       

(Т.А.Ә.)    

 

өз атынан



       

жеке тұлға ретінде әрекет ететін екінші жақтан, бұдан әрі бірге Тараптар деп 

аталып,  Жұмыс  берушіге  тиісті  материалдық  құндылықтарды  сақтауды  қамтамасыз  ету 

мақсатында  және  Қазақстан  Республикасының  Еңбек  кодексіне  сәйкес  төмендегі 

мәселелер  жөнінде  толық  материалдық  жауапкершілік  туралы  осы  Шартты  (бұдан  әрі  – 

Шарт) жасады:  

 

1.  Жұмыс  берушіде  20  __ж.  «___»  ___________    №  ___  еңбек  шарты  негізінде 



(бұдан әрі – Еңбек шарты) қызмет жасайтын _____________ лауазымындағы және Жұмыс 

берушіге  тиісті  тауарлық-материалдық  құндылықтарды  тікелей  қабылдауға,  тапсыруға, 

сақтауға,  өңдеуге,  сатуға  (жіберуге),  тасымалдауға  немесе  өзінің  еңбек  міндеттерін 

орындау кезінде қолдануға байланысты және Қызметкермен жүкқұжат, қабылдау-тапсыру 

актісі,  шығыс  кассалық  ордері  немесе  сенімхат  бойынша  есеп  беру  (бұдан  әрі  –

«Материалдық  құндылықтар»)  арқылы  алынған,  сондай-ақ  ҚР  заңнамасымен  көзделген 

белгілі  бір  лауазымдағы  қызметкердің  материалдық  жауапкершілігі  жағдайында  жұмыс 

жасайтын    Қызметкер  өзіне  Жұмыс  берушімен  тапсырылған  Материалдық 

құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етуге толық материалдық жауапкершілік алады.  

Қызметкердің  материалдық  құндылықтарды  сақтауды  қамтамасыз  ету  жөніндегі 

міндеттері  Жұмыс  берушінің  уәкілетті  өкіліне  қабылдау-тапсыру  актісі  бойынша 

Материалдық құндылықтарды қайтарған кезден бастап тоқтатылады.   

2. Осы шарттың 1-тармағында айтылғандарға байланысты Қызметкер:  

2.1.  материалдық  құндылықтарды  ұқыпты  ұстауға  және  материалдық 

құндылықтарды  жоғалтуға  немесе  бүлдіруге  байланысты  Жұмыс  берушіге  шығынның 

келуін болдырмау шараларын қабылдауға;  

2.2.  оған  сеніп  тапсырылған  материалдық  құндылықтарды  сақтауды  қамтамасыз 

етуге қауіпті барлық жағдайлар туралы Жұмыс берушіге уақытында хабарлауға;  

2.3.  материалдық  құндылықтарды  қолданып  болғаннан  кейін  қабылдау-тапсыру 

актісі  бойынша  немесе  кез-келген  себеп  бойынша  Еңбек  шартын  бұзу  кезінде  соңғы 

жұмыс күнінен кешіктірмей  Жұмыс берушіге уақытында қайтаруға міндетті.   

3.  Жұмыс  беруші  Қызметкердің  өзінің  еңбек  міндеттемелерін  тиісті  атқару 

шартымен  оған  сеніп  тапсырылған  материалдық  құндылықтарды  сақтауды  қамтамасыз 

етуге қажетті жағдайды жасауға міндеттеледі.    

4. - Қызметкердің өзіне сеніп тапсырылған материалдық құндылықтарды қандай да 

бір  себеппен,  Қызметкердің  материалдық  құндылықтарды  ұқыпсыз  ұстауы  нәтижесінде  

сындыруын,  жоғалтуын  немесе  Қызметкердің  қасақана  әрекетін,  материалдық 

құндылықтарды  қасақана  жоюы  немесе  бүлдіруін  қосқандағы  кінәсінен  сақтауды 

қамтамасыз етпеген жағдайда;    

-    Қызметкер  Жұмыс  берушіге  материалдық  құндылықтарды  қайтармаған 

жағдайда; 



 

53 


4.1.  Қызметкер  Жұмыс  берушіге  осы  Шарттың  5-тармағына  сәйкес  анықталған 

мөлшерде  келтірілген  зиянды  өтеуге  міндетті.  Төлем  Қазақстан  Республикасының 

заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.  

4.2.  Қызметкердің  келтірілген  зиянды  өтеуі  туралы  Жұмыс  берушінің  бұйрығы 

Қызметкермен  келтірілген  зиянды  анықтаған  күннен  бастап  екі  аптадан  кешіктірілмей 

шығарылып, тез арада Қызметкерге жазбаша түрде қолын қойғызып таныстырылуы тиіс 

4.3.  Қызметкер  Жұмыс  берушіге  келтірілген  зиянның  мөлшерін  ерікті  түрде 

қайтаруға құқылы, олай болмаған жағдайда Жұмыс берушінің Қызметкерден келтірілген 

зиянның өтелмеген сомасын сот тәртібінде өндіруге құқығы бар.  

4.4.  Егер  Қызметкер  осы  Шартта  көзделген  зиянды  өтеу  мөлшерімен  немесе 

тәртібімен  келіспесе,  және  осы  мәселе  бойынша  Тараптар  арасында  келісімге  қол 

жеткізілмесе,  Қызметкердің  арызы  бойынша  дау  Қазақстан  Республикасының 

қолданыстағы заңнамасымен көзделген тәртіпте қаралады.     

5.  Келтірілген  зиянның  мөлшері  шығындалған  материалдық  құндылықтардың 

құнына  немесе  Жұмыс  берушінің  пікірі  бойынша  қалпына  келтірілуге  тиіс  материалдық 

құндылықтарды қалпына келтіру құнына сүйеніп есептеледі. Шығындалған материалдық 

құндылықтардың  құны  қолданыстағы  заңнамалық  нормалармен  белгіленген  тозуды 

шегергендегі  материалдық  құндылықтардың  баланстық  құнына  (өзіндік  құны)  сүйеніп, 

бухгалтерлік есеп деректерінің негізінде анықталады.   

Сонымен  бірге  Тараптар,  егер  Еңбек  шартын  тоқтату  кезінде  Қызметкер  Жұмыс 

берушіге  соңғы  жұмыс  күні  материалдық  құндылықтарды  қайтармаса,  мұндай 

материалдық  құндылықтар  Қызметкердің  кінәсінен  жоғалған  болып  саналатынын  және 

бұл келтірілген шығын осы Шартқа сәйкес қайтарылуға тиіс екенін мойындайды.   

6.  Материалдық  құндылықтарды  сақтаудың  қамтамасыз  етілуіне  кінәлі 

қызметкердің,  өзін  еңбек  міндеттемелерін    орындаудан  босатуға  негіздеме  ретінде 

олардың бұзылуын немесе болмауын сылтауратуға құқығы жоқ.    

7.  Қызметкер,  егер  материалдық  құндылықтар  оның  кінәсінен  жоғалмаса  немесе 

бүлінбесе, материалдық жауапкершілікке тартылмайды.  

8.  Қызметкер  Қазақстан  Республикасы  Еңбек  кодексінің  120-123  баптарымен, 

сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің 187-189, 195, 202, 204 –баптарымен танысты.  

9.  Осы  Шарттың  іс-  әрекеті  Еңбек  шартының  барлық  іс-әрекет  мерзіміне 

таратылады. Осы Шарттың іс-әрекеті, егер Еңбек шартының іс-әрекеті тоқтатылған кезде 

Қызметкер Жұмыс берушіге ешқандай зиян келтірмесе және Қызметкер Жұмыс берушіге 

тиісті  жағдайда  Материалдық  құндылықтарды  толығымен  қайтарған  болса,  онда  Еңбек 

шартының  іс-әрекетін  тоқтатумен  қатар  тоқтатылады.  Олай  болмаған  жағдайда 

Материалдық  құндылықтарды  жоғалтуға  немесе  бүлдіруге  қатысты  Жұмыс  берушіге 

келтірілген  зиянды  өтеу  жөніндегі  Қызметкердің  міндеттемесі  оларды  толық  көлемде 

орындағанға дейін сақталады.   

10.  Осы  Шарт  заңды  күші  бірдей  екі  данада  жасалады  және  бір-  бір  данадан 

тараптарға беріледі.  

 

Жұмыс беруші 



(Деректемелері, қолы, мөрі, күні) 

 

 

Қызметкер 



(Лауазымы, Т.А.Ә.,қолы, күні) 

 

 

 

 

 



жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау