26
13) кепілдіктер мен өтемақылық төлемдерге;
14) заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен өзінің құқықтары мен заңды
мүдделерін қорғауға;
15) ешқандай кемсітушіліксіз бірдей жұмысқа тең еңбекақыға;
16) жеке еңбек дауын шешуге ҚР ЕК көзделген тәртіпте келісу комиссиясына,
сотқа жүгінуге;
17) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс
орнына;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, сондай-ақ еңбек, ұжымдық
шарттармен көзделген талаптарға сәйкес жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен,
арнайы киіммен қамтамасыз етілуге;
19) денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде, бұл туралы
дереу тікелей басшыға немесе жұмыс берушінің өкіліне хабарлай отырып, жұмысты
орындаудан бас тартуға;
20) жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайына тексеру
жүргізу туралы еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға және (немесе) еңбек
инспекциясы жөніндегі жергілікті органға, сондай-ақ еңбек жағдайын, еңбек қауіпсіздігі
мен еңбекті қорғауды жақсартумен байланысты мәселелерді тексеру және қарау кезінде
өкілдік қатысуға өтініш білдіруге;
21) еңбек және тікелей сонымен байланысты қатынастар саласында жұмыс
берушінің әрекетіне( әрекетсіздігіне) шағымдануға;
22) біліктілікке, еңбек күрделілігіне, атқарылған жұмыстың саны мен сапасына,
сондай-ақ еңбек жағдайларына сәйкес еңбекақыға;
23) ҚР ЕК, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен көзделген тәртіпте
ереуілге құқығын қосқанда жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешуге;
24) жұмыс берушіде сақталатын дербес деректердің сақталуын қамтамасыз етуге
құқылы.
3.2. Қызметкер:
1) келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға, жұмыс берушінің актілеріне сәйкес
еңбек міндеттерін орындауға;
2) еңбек тәртіптемесін қадағалауға;
3) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, жұмыс орнындағы
өнеркәсіптік қауіпсіздік пен өндірістік санитария жөніндегі талаптарды қадағалауға;
4) жұмыс беруші мен қызметкерлердің мүліктерін ұқыпты ұстауға;
5) адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен қызметкерлердің
мүліктеріне қауіп төндіретін жағдай, сондай-ақ жұмыстың бос тұрып қалуы туралы
жұмыс берушіге хабарлауға;
6) мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді, еңбек міндеттерін орындаумен
байланысты оған белгілі болған қызметтік, коммерциялық немесе өзге де заңмен
қорғалатын құпияларды жария қылмауға;
7) жұмыс берушіге келтірілген шығынды ҚР ЕК және Қазақстан Республикасының
өзге де заңдарымен белгіленген мөлшерде өтеуге міндетті.
3.3. Педагог қызметкерлер:
3.3.1. оқыту еркіндігіне, өз пікірін еркін білдіруге, кәсіптік қызметке араласудан
еркіндікке;
3.3.2. оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық негізделген нысандарын, құралдарын,
әдістерін таңдау мен қолдану еркіндігіне;
3.3.3. жүзеге асырылатын білім бағдарламасының, білім стандартының шегінде
шығармашылық бастамаға, авторлық бағдарламалар мен оқыту және тәрбиелеу әдістерін
әзірлеу мен қолдануға;
3.3.4. оқулықтар, оқу құралдарын, материалдар мен білім бағдарламасына сәйкес
және білім туралы заңнамамен белгіленген тәртіпте өзге де оқыту және тәрбиелеу
27
құралдарын таңдауға;
3.3.5. білім беру бағдарламаларын, соның ішінде оқу жоспарларын, күнтізбелік оқу
кестелерін, оқыту жұмыс сабақтарын, курстарын, пәндерін (модульдерін), әдістемелік
материалдары мен білім беру бағдарламаларының компоненттерін әзірлеуге қатысуға;
3.3.6. ғылыми, ғылыми-техникалық, шығармашылық, зерттеу қызметін іске
асыруға, тәжірибелік және халықаралық қызметке, инновацияларды әзірлеуге және
енгізуге қатысуға;
3.3.7. кітапханаларды және ақпарат қорларын тегін пайдалануға, сондай-ақ білім
беру қызметін жүзеге асыратын ұйымдарда жұмыс берушінің актісімен белгіленген
тәртіпте педагогикалық, ғылыми немесе зерттеу қызметін сапалы іске асыруға қажетті
ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер мен деректер базасына, мұражайлық
қорларға, білім беру қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету құралдарына қол
жеткізуге;
3.3.9. білім беру ұйымын басқаруға, соның ішінде осы ұйымның жарғысымен
белгіленген тәртіпте басқарудың алқалы органдарына қатысуға;
3.3.10. білім ұйымының қызметіне қатысты мәселелерді талқылауға, соның ішінде
басқару органдары мен қоғамдық ұйымдар арқылы қатысуға;
3.3.13. кәсіптік абырой мен намысты қорғауға, педагог қызметкерлердің кәсіптік
этика нормаларын бұзушылықты әділ және дәлелді тексеруге құқылы.
3.4. Педагог қызметкерлер:
3.4.1. өз қызметтерін жоғары кәсіптік деңгейде жүзеге асыруға, дәріс беретін оқу
сабақтарын, курстарын, пәндерін (модульдерін) бекітілген жұмыс бағдарламасына сәйкес
толық көлемде қамтамасыз етуге;
3.4.2. құқықтық, адамгершілік және әдептік нормаларын қадағалауға, кәсіптік әдеп
талаптарына сай болуға;
3.4.3. білім алушылар мен білім қатынасының басқа да қатысушыларының
абыройы мен намысын сыйлауға;
3.4.4. тәрбиеленушілер мен білім алушылардың танымдық белсенділігін,
дербестігін, ынтасын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, азаматтық ұстанымды,
қазіргі заман жағдайында еңбекке және өмірге қабілеттерін қалыптастыруға, білім
алушылардың салауатты және қауіпсіз өмір салтының мәдениетін қалыптастыруға;
3.4.5. педагогикалық негізделген және білімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететін
оқыту мен тәрбиелеу нысандарын, әдістерін қолдануға;
3.4.6. білім алушылардың психофизикалық даму ерекшеліктері мен олардың
денсаулығының жағдайын ескеруге, мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың білім алулары
үшін қажетті арнайы жағдайды қадағалауға, қажеттілік кезінде медициналық ұйымдармен
бірлесіп әрекет жасауға;
3.4.7. өз кәсіптік деңгейін жүйелі түрде арттыруға;
3.4.8. білім туралы заңнамамен белгіленген тәртіпте атқаратын лауазымына
сәйкестікке аттестациядан өтуге;
3.4.9. жұмысқа қабылдау кезінде еңбек заңнамасына сәйкес міндетті алдын ала
және мерзімдік медициналық тексерулерден, сондай-ақ жұмыс берушінің жолдамасы
бойынша кезектен тыс медициналық тексерулерден өтуге;
3.4.10. заңнамамен белгіленген тәртіпте еңбекті қорғау саласында білім мен
дағдыға үйрету мен тексеруден өтуге;
3.4.11. ұйым жарғысын, ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелерін қадағалауға
міндетті.
3.5. Жұмыс беруші:
1) жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне;
2) ҚР ЕК белгіленген тәртіп пен негізде қызметкерлермен еңбек шартын өзгертуге,
толықтыруға, тоқтатуға және бұзуға;
3) өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға;