Мемлекеттік коммуналдық Қазыналық КӘсіпорнының



жүктеу 0,63 Mb.
Pdf просмотр
бет19/28
Дата25.12.2019
өлшемі0,63 Mb.
#24949
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28

 

38 


толмағандардың  еңбегін  қолдануға  тыйым  салу)  денсаулық  жағдайына  байланысты 

қарсылық тудыратын болса, заңсыз болып есептеледі.  

Қызметкер  заң  бұзушылықпен    ауыстырылған  жұмысына  шығудан  бас  тартса,  ол 

дәлелсіз жұмыстан қалған болып есептелмейді.   

Негізделген  өндірістік,  ұйымдастырушылық  немесе  экономикалық  себептерді 

растайтын  дәлелдер  болмаған  жағдайда,  еңбек  жағдайын  елеулі  өзгерту  заңсыз  болып 

табылады.    

28. Еңбек даулары жөніндегі комиссия жұмысқа қайта алу туралы шешім шығарған 

кезде,  қызметкерге    амалсыз  бос  жүрген  уақытына  орташа  жалақы  немесе  төмен  ақы 

төленетін  жұмысты  орындаған  уақытына  жалақысының  айырмасын  төлеу  туралы 

шешімді де қатар қабылдайды.  

29.  Қызметкерге  тәртіптік  жаза  шарасын  қолдану  туралы  дауды  шеше  отырып, 

еңбек даулары жөніндегі комиссия заңсыз салынған немесе теріс қылықтың қатаңдығына 

сәйкес келмейтін жазаны жоя алады.   

Дегенмен  комиссия  бір  жазаны  екінші  жазалау  шарасымен  алмастыра  алмайды, 

өйткені  ҚР  ЕК  65-бабына  сәйкес  тәртіптік  жаза  шараларын  таңдау  құқығы  Жұмыс 

берушіге тиесілі.  

30.  Басқа  жұмысқа  заңсыз  ауыстырылған  қызметкерді  жұмысқа  қайта  алу  туралы 

шешім дереу орындалуға тиіс.   

31.  Ақшалай  соманы  өтеу  туралы  дауды  қарау  кезінде  еңбек  даулары  жөніндегі 

келісу комиссиясы қызметкерге келісу комиссиясына жүгінбеген кезге дейінгі үш жылдан 

аспайтын мерзімге төленбеген және заңсыз ұсталынған сомаларды қайтару туралы шешім 

қабылдай алады.   

32.  Жұмыс  берушіден  өндірілген  сомалар  қызметкерге  комиссия  шешім 

шығарғаннан кейінгі жалақы төлеу үшін белгіленген мерзімге жақын уақытта төленеді.   

 

 



V.  Еңбек даулары жөніндегі комиссия мүшелері жұмысының кепілдіктері 

 

33.  Еңбек  даулары  жөніндегі  комиссияның  құрамына  сайланған  қызметкерлерге 

комиссия жұмысының уақытында орташа жалақылары сақталады.   

34.  Еңбек  даулары  жөніндегі  комиссия  мүшелерін  (егер  олар  кәсіподақ  мүшелері 

болса)  жалдаушының  бастамасымен  жұмыстан  шығаруға  және  тәртіптік  жаза  қолдануға 

тек кәсіподақ комитетінің алдын ала келісімімен ғана жол беріледі.    

 35.  Еңбек  даулары  жөніндегі  комиссия  мүшелерімен  еңбек  шарттарын  жасасу 

(ұзарту) олардың өкілеттік мерзімінен кем болмайтын мерзімге жасалады.   



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

39 


№ 3 қосымша 

 

Жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзу және жұмыс берушінің  

актілерін қабылдау кезінде сайланбалы кәсіподақ органдарының дәлелді 

пікірін алу тәртібі 

 

1.  Жұмыс  беруші  осы  ұжымдық  шартпен,  сондай-ақ  осы  шарттың  тараптарына 



таратылған  келісімдермен  көзделген  жағдайларда,  кәсіподақ  органының  дәлелді  пікірін 

ескере  отырып  немесе  онымен  келісім  бойынша  қабылданатын  шешімді  қабылдар 

алдында,  шешімнің  жобасын  және  оның  негіздемесін  кәсіподақ  ұйымының  тиісті 

сайланбалы органына жібереді.       

2.  Кәсіподақ  ұйымының  сайланбалы  органы  аталған  шешімнің  жобасын  алған 

күннен  бастап  бес  жұмыс  күнінен  кешіктірмей  жоба  бойынша  дәлелді  пікірін  жазбаша 

нысанда жұмыс берушіге жібереді.  

 3. Егер кәсіподақ ұйымының сайланбалы органының дәлелді пікірі жұмыс беруші 

шешімінің  жобасымен  келіспесе  немесе  оны  жетілдіру  жөнінде  ұсыныстары  болса,  онда 

жұмыс беруші қызметкерлердің өкілдерімен кеңес жүргізуге құқылы.   

4.  Келісімге  қол  жеткізілмеген  жағдайда,  жұмыс  беруші  тиісті  мемлекеттік  еңбек 

инспекциясында  немесе  сотта  сайланбалы  кәсіподақ  органымен  шағымдалуы  мүмкін 

болатын  шешім  қабылдауға  құқылы.  Кәсіподақ  ұйымының  сайланбалы  органы  да  ҚР 

Еңбек  кодексімен  белгіленген  тәртіпте  ұжымдық  еңбек  дауының  тәртібін  бастауға 

құқылы.  

5.  Кәсіподақ  мүшесі  болып  табылатын  қызметкермен  еңбек  шартын  бұзу 

мүмкіндігі  туралы  шешім  қабылдау  кезінде,  жұмыс  берушінің  өкілі  (бұдан  әрі-  Жұмыс 

беруші)  тиісті  сайланбалы  кәсіподақ  органына  (бұдан  әрі  –  Кәсіподақ  комитеті) 

бұйрықтың  жобасын,  сондай-ақ  аталған  шешімді  қабылдау  үшін  құжаттар  көшірмесін 

жібереді.  

6.  Кәсіподақ  комитеті  бұйрықтың  жобасын  және  құжаттар  көшірмелерін  алған 

күннен  бастап  бес  жұмыс  күні  ішінде  бұл  мәселені  қарап,  Жұмыс  берушіге  жазбаша 

нысанда  өзінің  дәлелді  пікірін  жібереді.  Жеті  күн  мерзімде  жіберілмеген  пікір  немесе 

дәлелсіз пікір жұмыс берушімен ескерілмейді.     

7.  Дәлелді  пікір  туралы  шешімді  кәсіподақ  комитеті  алқалы  өз  отырысында 

кәсіподақ комитетінің жартысынан кем емес мүшелерінің қатысуымен, көпшілік дауыспен 

қабылдайды.  

8.  Кәсіподақ  комитетінің  отырысы  хаттамамен  ресімделіп,  оның  құрамына 

сайланған  мүшелер  саны,  отырысқа  қатысушылар  саны  көрсетіліп,  отырыстағылардың 

пікірі мен оның негіздемесі (дәлелдеме) айқындалады.  

9.  Өз  пікірін  негіздеу  кезінде  кәсіподақ  комитеті  қолданыстағы  заңнамаға, 

ұжымдық  шартқа,  келісімдерге,  белгілі  жағдайларда  нақты  қызметкерлердің  еңбек 

шарттарына,  сондай-ақ  Жұмыс  берушімен  және  Кәсіподақ  комитетімен  шешімдер 

қабылдау кезінде білім ұйымында нақты туындаған жағдайларға  сүйенуі мүмкін.  

10.  Жұмыс  берушінің  алдағы  қабылданатын  шешіміне  байланысты  барлық 

жағдайларды  анықтау  қажеттігі  кезінде,  Кәсіподақ  комитеті  өз  отырысына  Жұмыс 

берушінің өкілдерін, өзге де мамандар мен сарапшыларды шақыруға құқылы.   

11.  Егер  Кәсіподақ  комитеті  жұмыс  берушінің  болжанған  шешімімен  келіспеген 

жағдайда,  ол  үш  жұмыс  күні  ішінде  Жұмыс  берушімен  немесе  оның  өкілімен  қосымша 

кеңестер  жүргізеді,  нәтижесін  хаттамамен  ресімдеп,  оған  Жұмыс  беруші  мен  Кәсіподақ 

комитеті қол қояды.  

12.  Ортақ  шешімге  келмеген  жағдайда  Жұмыс  беруші  кеңес  нәтижесі  бойынша 

соңғы шешімді қабылдауға құқылы. 

 

 




жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау