Балаларды тәрбиелеудегі ата-аналардың ролін арттыру жөніндегі ұсынымдамасы



жүктеу 132,68 Kb.
Дата16.05.2018
өлшемі132,68 Kb.
#14150
түріСабақ

1

Балаларды тәрбиелеудегі ата-аналардың ролін арттыру жөніндегі ұсынымдамасы
Қазақстанның отбасы институтын нығайту, балаларды тәрбиелеудегі ата-аналардың рөлін арттыру жөніндегі мемлекеттік саясаты ұрпақтардың әлеуметтік және мәдени сабақтастығын қамтамасыз етіп, қоғамның тұрақты әрі орнықты дамуына ықпал етеді.

Отбасы институтын нығайтуда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы айтарлықтай роль атқарады.

Республикада 2006 жылдан бастап Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жұмыс жасауда, оның негізгі міндеттерінің бірі адам және жанұяның адамгершілік- рухани дамуы болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасында Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген. Қазақстандық отбасы үлгісінің жобасы және 2010-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының отбасы-демографиялық саясаты тұжырымдамасы әзірленді.

Қазақстан Республикасының Конституциясына (27-бап) сәйкес «Неке және отбасы, ата-аналар және балалар қоғам мен мемлекеттің қорғауында болады». «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы неке-отбасылық қарым-қатынастарын белгілейді және реттейді.

Осы мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған шаралардың барлығы отбасы және отбасылық тәрбиені қолдау мақсатында.

Халық санағы бойынша 2009 жылдың басына сәйкес Қазақстан Республикасында жалпы халық саны 15 776 492 адам. Отбасы құрамының орташа статистикалық саны - 4 адам, оның ішінде, ауылдық жерде — 4,6 адам, қалалық жерде — 3,6.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 5 миллионнан астам бала тұрады, олардың ішінен 2,5 милионнан астам балалар республиканың мектептерінде білім алуда, дамуында мүмкіндігі шектеулі балалардың 149 мыңнан астамы анықталған, ішкі істер органдарының есебінде 13 мыңнан астам жағдайы ауыр отбасылар және 27 мыңнан астам балалар тіркелген, шамаман 16 мыңға жуық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар толықтай мемлекет қамқорлығына алынған. Жыл сайын кәмелетке толмағандарға арналған уақытша оқшаулау және бейімдеу орталықтарына шамамен 10 мыңға жуық қараусыз қалған балалар түседі, олардың әрқайсысы мемлекет, қоғам және бірінші кезекте ата-аналар тарапынан берілетін қамқорлығына, тәрбиесіне және қолдауына құқықтары бар.

Отбасы саясатын қалыптастырудың негізгі қағидалары отбасы берекесіне, отбасылық тұрмыс салтын нығайту және дамытуға негізделеді.

2

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі тапсырысымен 2007 жылда жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің қорытындысы бойынша отбасы адамның өмір қажеттіліктерін қанағаттандыратын адамзат тіршілігіндегі ең негізгі сала болып табылады. Қазақстандықтардың 44 % отбасы — жалғыздықтан құтылудың жолы; қатысушылардың 28 % отбасы — бұл балалар, оларды тәрбиелеу деп есептейді. Әрбір оныншы қазақстандық отбасында өзара түсінісушілік және психиологиялық қолдау табады. 22 % қазақстандық отбасы өмірдегі табыстарға жетудің негізгі ынталандыру жолы деп есептейді.



Отбасы бала тәрбиесіндегі негізгі әлеуметтік институттардың бірі болып табылады. Балаға алғашқы қоғамдық орта құрайтындықтан, әрбір адамның өмірінде ата-ананың жеке тұлғасы маңызды роль атқарады. Баланың жеке басын және оның психофизикалық ерекшеліктерін бірлесіп тексеру үшін, тәрбиеге жалпы көзқарасты қалыптастыру мақсатында педагогтардың жұмысы отбасымен ынтымақтастық орнатуға бағытталуы тиіс.

Ата-ана өз балаларының тәрбиесіне және дамуына жауапты. Оларға қоғам үшін толыққанды тұлға дайындау, қоғамда өмір сүруі үшін балаға қажетті негізгі әлеуметтік білімді беру, рухани-адамгершілік шеберлік пен дағдыларды, құндылықтар мен идеяларды дамыту міндеттері жүктелген.

Бала тәрбиесі процесінде ата-аналардың пікірі бірінші кезекте тұрады. Яғни, педагогтар, бала тәрбиесіне жауапты басқа тұлғалар ата-аналардың пікірін және олардың ұсыныстарын мүмкіндігінше назарға алулары қажет.

Ата-аналармен жұмыс, оларды балалармен бірге жалпы мектеп іс-шараларына тарту бала тәрбиесінде олардың маңыздылығын айтарлықтай арттырады. Отбасы мен мектептің өзара іс-қимыл процесі ата-аналарды тәрбие процесіне және сабақтан тыс бос уақыттағы жұмысына белсенді қатыстыруға бағытталуы тиіс.

Ата-аналардың психологиялық-педагогикалық ағартуға назар аудару керек (консультациялар, лекциялар, ата-аналар клубтары, университеттері және т.б.). Осының барлығы ата-аналардың балалармен олардың кез-келген жасында тұрақты тығыз психиологиялық байланыста болуына ықпал етеді, бұл тәрбиеге әмбебап талап болып табылады. Атап айтқанда, балалардың ата-анамен жақындығын сезіну балаларға ата-ана махаббатын, үйірлігі мен қамқорлығын сезінуге мүмкіндік береді.

Отбасы әрқашанда өзара түсінісушіліктен құралады. Отбасылық қарым-қатынастың негізгі қағидалары — жұбайлардың отбасында тең құқығы, балаларды отбасылық тәрбиелеу басымдығы, отбасының кәмелетке толмаған және жұмысқа жарамсыз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау.

Қазіргі қоғамның жаҺандануы және енуі неке, балалы отбасы 3 құндылықтарының, барлық ұрпақ тұтастығының, балаларды тәрбиелеудегі ата-аналар ролінің төмендеуіне әсер етеді.

Бүгінгі күні отбасыға жоғары талаптар және үміттер жүктеледі, бұл адамның түсінушілік пен жұбаныш табатын, көптеген мәселелерді шешуге көмек және қолдау алатын ортасы болып табылады.

Қазақстандық отбасыға жоғарғы беделін қайтару үшін ата-аналарды ерікті экономикалық нарықтың қажеттіліктеріне сәйкес балаларды тәрбиелеу қажеттілігіне сендіру қажет. Ата-аналар еңбек этикасының құндылықтарының жолбасшылары болу үшін өзінің өркендеуін қамтамасыз ете алатын адамдарды тәрбиелеу және басқалармен бірлесіп барлық қоғамның өмір сүру деңгейін жоғары ұстау қажет.

Осы жағдайда балаларды тәрбиелеу мен оқыту барысына ата-аналардың қатысуын ынталандыру мен белсендіруге бағытталған ұйымдар мен органдардың жұмыстарын күшейту қажет. Осыған байланысты білім ұйымдарда “Жас ата-аналардың клубы” сияқты ата-аналардың бірлестіктері мен одақтарын құруға, денсаулық сақтау, әділет, әлеуметтік қорғау, ішкі істер органдарды тарту арқылы қоғамдық ата-аналардың университеттерін ұйымдастыруға, ең жақсы ата-аналарға арналған құрмет тақтасын құруға бастамашылық ету қажет.

Сонымен қатар, толық ашық ақпараттық саясатты ұстану қажет: ата-аналарға барлық қажетті және маңызды ақпаратты жеткізу. Білім беру саласындағы қызметкерлерінің тапсырмасы – қоғамға негізгі қағиданы жеткізу: мектеп және отбасы – үздіксіз білім беру тізбегіндегі қос байланысқан буын.

Сөзсіз, қазіргі уақытта барлық педагогикалық ұжым толық шамада ата-аналарды бала тәрбиесіне тарту қызметіне дайын емес .

Сондықтан педагогикалық ұжымды оқытудан бастау, соның ішінде осы қызметті ұйымдастыру мәселесі бойынша әдістемелік семинарларды өткізу қажет. Әдістемелік жұмыс жоспарына конференциялар, педагогикалық оқыту, “дөңгелек үстелдер” және т.б. енгізу мүмкін. Осындай амалмен, педагогикалық ұжымның мүшелері алдағы жұмыста теоретикалық білім білу тиіс.

Оқыту семинарларының барысында педагогтар толықтай және соның ішінде сыныптық ұжымда тәрбие беру жүйесінің жетілдіру әдістерімен танысу тиіс. Іскерлік ойын барысында ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі ролін жоғарлатуға бағытталған әлеуметтік жобаларды жасау бойынша жобалы әдісті пайдалануға ата-аналар мен мұғалімдер құрамына кіретін уақытша шығармашылық ұжым қолдануға болады. Одан басқа, ата-аналармен оқыту семинарлар ұйымдастыруға болады. Семинарлардың тақырыптары “Тәрбие - әлеуметтік мәселе ретінде”, “Мансап мектептен басталады”, “Қазіргі баланың әлеуметтік белсенділігі – ертеңгі әлеуметтік жетістік” және т.б. тақырыптарда болу мүмкін. Семинарларға психологтарды, осы саладағы беделді педагогтарды, ғалымдарды, кәсіпкерлерді, жұмыспен қамту 4 қызметкерлерді шақыртумен ұйымдастырылуы тиіс.

Ата-аналар жиналысы – бұл ата-аналармен бірлесіп жұмыс істеудің негізгі және дәстүрлі түрі, оның барысында аса маңызды сынып қоғамының тіршілік әрекеті, мектеп және үй жағдайында оқушылардың тәрбиесі мәселелерінің шешімдері талқыланады және қабылданады. Басты оның тағайындалуы баланың рухани байлығын, адамгершілік тазалығын, физикалық денсаулығын дамытуға жағдайлар жасау үшін мектеп және отбасылық күштерді келістіру, үлестіру және біріктіру болып табылады. Ата-аналар жиналысы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, олардың сынып өміріне белседілігін арттыруға, балалардың тәрбесіне жауапкершілік сезінуге өткізіледі.

Осыған байланысты, білім беру ұйымдарда ата-аналардың, балалар мен мұғалімдердің арасындағы қарым-қатынасы негізгі болатын сынып жиналыстарын өткізу төмендегі әдістерін қарастыруды ұсынамыз:

- Ата-аналар және балалар: сенім мен махаббат (жақсы және тату жанұялық атмосфераны жасау, баланың сүйікті болу сезімін ұялату, бала өмірінде ата-аналардың рөлі, бала өмірінде ата-аналардың ролі жөнінде);

- Ата-аналар және балалар: отбасында жауапкершілік (бала және ата-ана не үшін жауап береді; жанұяда барлық тапсырмалар мен қиыншылықтар бала өзі жеңіп шыға алатын және ата-анасының көмегі негізінде жеңе алатындарға бөлінеді);

- Ата-аналар және балалар: бала тәрбиелеуде қиындықтар (оны еркелетіп жібермей, тек қолдау үшін оған қалай көмек беру? Баланы дербестікке қалай тәрбиелеу? Баланы қалау тындау қажет? Жасөспірімдерге қалай кеңес беру қажет?);

- Ата-аналар және балалар: баламен жанжалдар (жанжалдардың пайда болуынан сақтану, баламен жанжалдарды сауатты және нәтижелі реттеу жөнінде. Өзіңіз кінәлі болғанда не істеу қажет? Бала кінәлі болса, не істеу қажет?);

- Ата-аналар және балалар: бірге тұрамыз: (Барлықтарға пайда әкелу үшін немен айналысу керек? Баланы немен қызықтыру және оған қалай қызықты болу керек, қажетті және пайдалы дағдыларды қалай құру? Балалармен бірге демалысты қалай өткізу? Баланы компьютер мен телевизордан “алаңдату” үшін не жасау қажет? Қайда оқуға баруға ақыл айту? Баланы мектепке дайындауда ата-аналарға не білу қажет?) және т.б.

Баламен қалай дұрыс сөйлесіп және отбасындағы келеңсіздіктерді қалыпқа келтіруге болады, қазіргі уақытта баланы азғыру мен қауіптен қалай сақтап және жеке дербес жауапты тұлғаны қалай тәрбиелеп шығуға болады деген сауалдарға құрамында белсенді ата-аналар мен кәсіптенген педагогтар, психологтар мен әлеуметтік педагогтары бар білім ұйымдары жанындағы «Ата-аналар кеңесі»мен «Ата-аналар клуб» мүшелері осы шешімдермен қатар басқа 5 мәселелерді шешуге көмектеседі.

Бұдан бұлай білім органдары мен ұйымдарының қызметі қазіргі қазақстандық отбасының мәртебесін көтеруге, отбасы институтын бекітуге, баланы тәрбиелеуде ата-ана ролін көтеруге, қоғамда отбасы, адамгершілік құндылықтарының басымдықтарын қалыптастыруға бағытталуы тиіс.

Дәл қазіргі уақытта отбасы институт ұстанымы әлсірегенде әр отбасы мүшесі көмек пен қолдау таба алатындай қоғамдастықты құрып, осы маңызды қоғам ұяшығын бекіту аса қажет болып табылады. Оның ішінде әр-түрлі психологиялық көмекті қажет ететін барлық отбасы мүшелеріне отбасы орталығының құрылу қажеттілігі туды. Мектеп ата-аналар үшін-жас ата-аналармен тұрақты ағартушылық дәріс өткізу қажет.

Үздік отбасылардың оң мысалдарына сүйеніп, міндетті түрде халықты ағарту, үйрету қажет. Отбасы құндылықтарын қолдау және насихаттау, ата-аналардың үзік тәжірибесі бойынша арнайы бағдарламаларды жасау, күмәнсіз, жоғары деңгейдегі азаматтық бағытымен жүретін адамның тәрбиесіне, өмірі мен іс-әрекетінің жауаптылығына, өз мемлекетінің азаматы болуы сезіміне ықпал етеді.

Үздік ата-аналар мен сәтті отбасылардың оң бейнесін кең насихаттау, органдар мен білім беру ұйымдарының үздік ата-аналарды марапаттау мақсатында облыстық баспа және электронды БАҚ-та «Отбасы және қоғам», «Мен және менің отбасым», т.б. шығарылымын және рубрикаларын ашу қажет.

Отбасы өте көп жақты. Бүгінгі күні отбасы құрушы адамға адам болмысының түрлі саласынан білім алу керек. Жақсы отбасшыға психологиялық және этикалық, педогогикалық және экономикалық, физиологиялық және сексологиялық, медициналық, үй шаруашылығын білу және эстетикалық білімдер қажет.

Бұл «Отбасы өмірінің этикасы және психологиясы» атты мектеп курсының ерекше мәнін көрсетеді. Әрбір курстың сабағы отбасы өмірінің тек анықталған жақтарын ұйымдастыруға ғана емес, болашақ жұбайлардың, ата-аналардың, қарапайым мемлекет азаматтарының орнықты белгілеріне бағытталған.

Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақстандық қоғамның алдында жаңа ұрпақтың адамгершілік-рухани тәрбиесі, азаматтар арасында жақсылық, әділеттілік, өзара көмек, төзімділік орнықтыратын құндылықтарды іздеу мәселесі қалыптасты.

Бүгінгі балалардың бойында руханилылықтың жоқтығына байланысты ерекше алаңдаушылық білім беру жүйесінде жалпы адамзаттық рухани-адамгершілік құндылықтарды оқытуға бағытталған «Өзін-өзі тану» бағдарламасын енгізуге негізгі себеп болып отыр.

Рухани-адамгершілік жөніндегі жаңа тәртіп балаларда (мектепке дейінгі кезеңнен жоғары оқу орнына дейінгі деңгейде) жеке ерекшеліктері мен халықтық педагогика әдісін, қазақ халқының ұлы мұрасы, сонымен 6 қатар әлем тәжірибесіндегі жалпы адамзаттық құндылықтарын есепке ала отырып адамгершілік және руханилық сапасын дамытуды жорамалдайды. Жоба авторы Сара Алпысқызы Назарбаева есептегендей «әрбір адам туғаннан қалыптасқан қабілеттіліктерді толықтай мүмкіндігінше іске асыру үшін, сонымен қатар тек мемлекетке ғана емес Жердегі барлық адамдарға пайда әкелу үшін білім арқылы біз өз коғамыңызда адамгершілік-рухани құндылықтарды жаңартуды тілейміз».

Осы пәнді енгізу мектептік оқытудың нақты мақсаты ретінде өзін-өзі тәрбиелейтін және дамытатын адамды қалыптастыру тапсырмасын ұсынуға мүмкіндік берді.

«Өзін-өзі тану» педагогтар мен ата-аналардың қызметін жастарды әлеуметтендіруге, балалардың өз мінез-құлықтары мен өмірлік іс-әрекеттерін қайта ойлауға бағыттайды.

Балаға ата-аналардың беделі, білімге және рухани құндылықтарға негізделген ата-ананың ықпалы тәрбиенің маңызды жағдайы болып табылады.

Сондықтан да өзін-өзі тану мұғалімдері ата-аналармен жұмыс жоспарлағанда отбасы ролінің қалыптасуын және оның мүшелерін бағалаудың маңыздылығын ескеруі тиіс. Осындай ақпаратты білу мұғалімдерге отбасының баланың жеке дамуына, оның мінезіне, тәртібіне ықпалын алдын-ала білуге мүмкіндік береді. Осы факторларды есепке ала отырып, педагогтар ата-аналармен өзара әрекеттердің ең әсерлі үлгілерін таңдай алады.

Бала тәрбиесінде ата-аналардың жүріс-тұрысы шешуші роль атқарады. Ата-аналардың әрбір ойлаған сөздері және қылықтары өз отбасы мүшелерін құрметтеу - ең бастысы және маңыздысы тәрбие үрдісі болып табылады.

Күн сайын балалар сынып жетекшілерінің қарауында ғана емес, сонымен қатар мұғалімдердің қарауында болғандықтан, мектеп ата-аналарға қарағанда балаға үздіксіз үрдіс түрінде тәрбие береді. Атап айтқанда, болашақ адамның тәрбилесі оларға байланысты. Олардың әр оқушыға ықылас бөлуі, баланың мектептегі жетістіктеріне, оның рухтық және зерделілігінің дамуына байланысты.

Халықаралық және республикалық жобалардың («Балаға тілектестік қарым-қатынас мектебі», «Балаға мейірімді қала», Еріктілер мектебі) ресурстарын оқу мен қолдану жалпы адамгершілікке, ұлттылыққа, этномәдениетке жеке тұлға құндылықтарына мектепте, жанұяда басқа да мүдделі құрылымдарда білім кеңістігінің дамуына көмек болып табылады.

Баяндалғанды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынады:

7

Республикалық біліктілікті арттыру институты


1. Сыныптық жиналыстардың интерактивтік түрлерін әзірлеу.

2. «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын кеңінен насихаттау жөнінде облБАИ-ға тапсырма беру.

3. «Отбасылық тұрмыстың этикасы мен психологиясы» пәнінің мұғалімдерінің қайта даярлау курсын ұйымдастру.

4. «Отбасылық тұрмыстың этикасы мен психологиясы», «Өзін-өзі тану» пәндерін оқытатын оқытушылардың үздік тәжерибесін зерделеу.

5. Адамгершілік – рухани оқыту және тәрбиелеу, отбасылық тәрбие мәселелері бойынша халықаралық тәжерибиені зерделеу және әдістемелік ұсынымдар басып шығару.


Білім басқармаларына

Балалардың құқықтарын қорғау департаменттеріне

1. Балалы отбасының құқығын қорғау және оларға әлеуметтік кепілдеме беру саласындағы мемлекеттің халықаралық міндеттердің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету.

2. Әлеуметтік қорғау органдарының, сондай-ақ медициналық, педагогикалық, құқықтық, бос уақыттық, қоғамдық және басқа да ұйымдардың ұйымдардың барлық санаттағы балалардың білім алуымен, медициналық, әлеуметтік қызметтер алуға, демалуға және қоғамның мәдени және шығармашылық өміріне қатысу құқықтарын қамтамасыз етудегі ведомствоаралық өзара іс-қимылды жүзеге асыру.

3. Отбасылық тәрбиелеу, ата-аналық, және отбасылық құндылықтарды қалыптастыру саласындағы басқа да бастамалардың тиімді қолданыстағы жобаларына қолдау көрсету.

4. Негізгі мақсаты қатысушылардың отбасы құндылықтарын түсінуі болып табылатын отбасыны қолдайтын арнайы жобаларды әзірлеу және тарату.

5. Отбасы мен балаға әлеуметтік қызмет көрсететін мемлекеттік емес мекемелер желілерінің дамуына жәрдем беру.

6. Қоғамдық санада толық және салауатты отбасының дәстүрін қалыптастыру үшін мемлекеттік құрылымдардың, білім беру мекемелері мен қоғамдық ұйымдардың күшін біріктіруге бастама жасау.

7. Ата-аналарға көмек қызметін, ата-аналар кеңесін, ата-аналар клубын, құруға ықпал ету.

8. «Отбасылық күндер», «Жас әке мектебі», «Ата-аналар жиналысы» отбасылық тақырыбында радио, және телехабарлар, жариялымдар арқылы белсенді ақпараттық қолдау көрсету жолымен салауатты және толыққандыотбасы үлгісін қоғамдық санаға енгізуге ықпал ету.

9. Ғылым және мәдениет қайраткерлерімен педагогикалық және ата-аналар қоғамдастығының өкілдерінен, этика бойынша теле және 8 радиоарналары жанында қадағалаушы қоғамдық кеңестер құруға ықпал ету.

10. Әкенің бала тәрбиелеу проблемасы бойынша өңірлік газеттерде кең пікірталас ұйымдастыру.

11. Өз балаларының тәрбиесімен айналысатын жұмыс істейтін ата-аналарды көтермелеу шараларын қарастыру.

12. Ең үздік ата-аналарды көтермелеуге мүмкіндік беретін меценаттар дерекқорын құру.

13. Қоғам алдында мектеп пен оқытушының жағымды бейнесін қалыптастыруға ықпал ету.

14. Корпоративтік іс-шаралар (спорттық іс-шаралар, Балаларды қорғау күні - 1 маусымды мерекелеу, 15 мамыр - Бүкіләлемдік отбасы күні, ең үздік отбасылардың әжелері, аталар, аналар, әкелер, мерекелеуі сал құруы) шеңберінде жұмыс істейтін ата-аналар мен олардың балалардың бірге демалуын ұйымдастыруды барынша насихаттау және көтермелеу.

15. Оқушылардың профориентация бойынша жұмыстарына белсенді ата-аналарды қатыстыру (жұмыс орнына саяхат жасау, дәріс алу, әңгіме-дүкен құру, кәсіптік саласында жетістікке жеткен ата-аналардың «дөңгелек үстел» отырысы).



16. Ең үздік ата-аналар жұмыс істейтін ұйымдарға алғыс хаттар жіберу.

17. Тамыздық конференция шеңберінде отбасылық тәрбиелеу секцияларын өткізу.
жүктеу 132,68 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау