2 Мұғалжар ауданының халқы және шаруашылығының даму ерекшеліктері
2.1 Мұғалжар ауданының халқы
Аймақтың соңғы жылдардағы әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштері анағұрлым жақсарғандымен сипатталады. Ауданның халық саны 2018 жылдың соңындағы деректер бойынша 67,1 мың адамды құрады. Халықтың көші-қон сальдосының жағымды көрсеткіштері орын алды.
Соңғы жылдар ішінде халықтың табиғи қозғалысы тұрақты дамуда [18, 107-120 б.]. Атап айтқанда, халықтың табиғи өсімінің өсу қарқыны жоғары. Мысалы, 2015 жылы табиғи өсім- ең жоғарғы көрсеткіш 1204 адамға жетті.
Негізгі демографиялық көрсеткіштер, адам
|
2010
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
Халық саны (жыл соңына)
|
62770
|
63344
|
64553
|
65649
|
66584
|
66584
|
67 242
|
67346
|
67117
|
Туғандар саны
|
1553
|
1503
|
1568
|
1560
|
1629
|
1632
|
1478
|
1434
|
1442
|
Өлгендер саны
|
511
|
494
|
441
|
454
|
428
|
428
|
432
|
378
|
423
|
Табиғи өсімі
|
1042
|
1009
|
1127
|
1106
|
1201
|
1204
|
1 046
|
1056
|
1019
|
2.1.1-кесте. Мұғалжар аудандық аурухана бойынша 1000 тұрғынға қатысты денсаулықтың 2017-2018 жылдардағы салыстырмалы демографиялық көрсеткіші.
|
№
|
Атауы
|
2017ж
|
2018ж
|
2017ж
|
2018 ж
|
1
|
Туғандар саны
|
863
|
751
|
15,6
|
19,7
|
2
|
Қайтыс болғандар
|
212
|
224
|
4,5
|
5,6
|
3
|
Табиғи өсім
|
651
|
527
|
13,5
|
13,5
|
4
|
1 жасқа дейін қайтқандар
|
1
|
6
|
1,5
|
18,0
|
5
|
Ана өлімі
|
1
|
0
|
1,9
|
0
|
|
|
|
|
|
|
Тұтастай алғанда, табиғи дамудағы оң өзгерістермен қатар соңғы кездері аудандағы демографиялық ахуал да оң өзгерістер басымдылық алып келеді деген тұжырым жасауға болады.
2.1.2-кесте. Ауданның динамикалық миграциясы
Ішкі көші-қон
|
2010
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
Келгендер саны
|
743
|
886
|
1021
|
1590
|
2337
|
1610
|
1888
|
3227
|
3269
|
Кеткендер саны
|
1545
|
1321
|
939
|
1600
|
2606
|
2094
|
2830
|
4512
|
3989
|
айырым
|
-802
|
-435
|
82
|
-10
|
-269
|
-484
|
-942
|
-1285
|
-720
|
Сыртқы көші-қон
|
2010
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
Иммигранттар
|
8
|
2
|
4
|
6
|
3
|
2
|
1
|
1
|
2
|
Эмигранттар
|
33
|
18
|
18
|
6
|
10
|
1
|
2
|
20
|
20
|
айырым
|
-25
|
-16
|
-14
|
-
|
-7
|
1
|
-1
|
-19
|
-18
|
Көші-қон процестері біртіндеп түзеліп келеді. Жыл сайын ауданнан сыртқы және ішкі көші қонда кетушілердің саны өсу тенденциясын сақтап қалып отыр [19, 240-259 б.]. Ең халықтың көп кеткен жылы 2017 жылы 4512 адам кетті. Бірақ та сонымен қатар кері процесс – ауданға сырттан келушілердің көбеюі байқалады. Нәтижесінде ішкі көші – қон сальдосы азайып келеді.
Ауданда 38 мектеп, оның ішінде 24 орта, 11 негізгі және 3 бастауыш мектептері қызмет көрсетеді, оның ішінде шағын жинақты мектептер саны 22 бірлік (мектептердің жалпы санының-57,9%,)
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 1660 бала кезекте тұр. (қамту 1 жастан 3 жасқа дейінгі – 90%, 3 жастан 6 жасқа дейін – 100%).
2.1.3-кесте. Білім беру ұйымдары
Білім ұйымдары
2017 /2018/
|
Атаулары
2017 /2018/
|
Оқушылар саны
2017 /2018
|
39 /38/жалпы білім беретін мектеп -11204 /11571/ оқушы
|
23 /24/орта мектеп
|
10544/10422
|
12/11/ негізгі мектеп
|
613/1123
|
4/3/ бастауыш мектеп
|
47/26
|
|
5/5/ мектеп жанындағы интернат
|
108/119
|
25 /26/ мектепке дейінгі ұйым- 2759/2760/бала.
1-6 жас балалар қамтылуы-90%
3-6 жас балалар қамтылуы-100%
|
21 /21/ мемлекеттік балабақша
|
2209/2686
|
4/6/ жеке балабақша
|
550/570
|
24/23/ мектеп жанындағы
шағын орталық
|
1110 /1099
|
5 қосымша білім беру ұйымдары - 2920/2920/бала
|
3 аула клубы /Қандыағаш, Ембі, Жем қалаларында/
|
1420/1420
|
1 аудандық оқушылар шығармашылығын дамыту орталығы /Ембі қаласында/
|
1200/1200
|
1 саз мектебі /Қандыағаш қаласында/
|
300/300/
|
1 кешкі мектеп
|
1 кешкі (ауысымдық) мектеп
|
42/26
|
Облыс әкімінің бастамасымен 2018 жылы «Бақытты бала» жылы деп жариялануына байланысты [10, 5-б.] аталған жоба бойынша бір спорт алаңының құрылысы салынды (жалпы сомасы 4928,0 мың теңге) және 2849,5 мың теңгеге техникалық жарақтар сатып алынды.
2.2 Мұғалжар ауданының өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы
Дағдарысқа қарсы қабылданып жатқан шаралар нәтижесінде ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайының беталысы тұрақтандырылды, ауданның экономикалық дамуының параметрлері әр саладағы негізгі көрсеткіштердің өсуімен сипатталады. 2018 жылы өнеркәсіп өндірісінің 431 662,7 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі (НКИ)-106,3% (облыс бойынша НКИ-105,7%) оның ішінде тау-кен өнеркәсібі -346 683,2 млн.теңге (НКИ-104,1%), өңдеу өнеркәсібі – 66 336,6 млн.теңгеге (НКИ-116,8%) қол жеткізілді. Жалпы 2018 жылы аудан бойынша өндірілген мұнай көлемі 2 235,9 мың тонна,(облыста өндірілген өнімнің 42 пайызы) ілеспе мұнай газының көлемі 4 806,1 млн. текше метрге (облыстың 80,1 пайызы) жетіп отыр [22, 13-19 б.].
2.2.1-кесте. Өнеркәсіп өнімінің өсімі
Көрсеткіштер атауы
|
өлшем бірлігі
|
|
2018 ж. - 2017 ж.
%-бен
|
2017 ж
|
2018 ж
|
нақты
|
Өнеркәсіптің кірісі
|
млн.тенге
|
346 063,7
|
431 662,7
|
124,7
|
көлемінің индексі
|
%
|
104,5
|
106,3
|
|
Өндіру саласы
|
млн.теңге
|
270 914,1
|
346 683,2
|
128
|
Көлемінің индексі
|
%
|
105,3
|
104,1
|
|
өңдеу салалары өнеркәсібі
|
млн.теңге
|
60 105,4
|
66 336,6
|
110,4
|
Көлемінің индексі
|
%
|
100
|
116,8
|
|
электрмен жабдықтау, газ, су беру және ауа баптау
|
млн.теңге
|
13 861,6
|
17 533,8
|
126,5
|
нақты көлем индексі
|
%
|
103,9
|
114,1
|
|
сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, газ, су беру және ауа баптау
|
млн.теңге
|
1 182,5
|
1 109,1
|
93,8
|
нақты көлем индексі
|
%
|
92,1
|
79,2
|
|
Заттай көріністегі өнеркәсіп өнімдерін өндіру :
|
|
|
|
|
- мұнай (жоба)
|
мың тонна
|
2 371,9
|
2 235,9
|
94,3
|
- ілеспе мұнай газы (жоба)
|
млн. т/метр
|
4 661,3
|
4 806,1
|
103,1
|
Өнеркәсіп аумақтың экономикасының негізгі саласы болып табылады. Аймақтың өнеркәсіп дамуының позитивті тенденциялары өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсуімен байланысты. Бұл көрсеткіштер облыстағы басқа аудандармен салыстырғанда аймақтың жоғары деңгейлі орындарды иеленуге мүмкіндік туғызып отыр. Аудан территориясында жанатын пайдалы қазбалар Жаңажол, Кеңқияқ, Әлібек мола аумағында шоғырланған. Әрине, бұл аудан шаруашылығының бірі өнеркәсіптің өндіру саласының ілгерілеуіне үлкен септігін тигізетіні сөзсіз.
Дегенменде, аймақ бойынша өндірісті диверсификациялау мен инновациялық даму мәселесі толық мәнінде іске асырылмауда, нәтижесінде экономика құрылымы шикізат бағытында сақталып келеді. Өндірілетін өнеркәсіп негізін мұнай-газ өнімдерін өндіру қамтиды, аумақтың өндіріс потенциалының жалпы көлемінің ішінде өңделетін өнеркәсіптің еншісі 17,5% құрайды. Аймақтың өнеркәсіп өндірісін дамыту деңгейлерін анықтайтын жетекші кәсіпорындар «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ мен «ҚазақОйлАқтөбе»ЖШС.Өндiрiстiң алды көбiнесе кен өндiрудегі базалық кәсiпорындарда жұмылдырылған. Атап айтқанда, «Юбилейное» ЖШС Алтынды кен орындағы алтынқұрамды кен өңдеуші байыту фабрикасы және кеніш құрылысы, Қандыағаш қаласындағы «SBS group» компаниясы силикат, газ-бетон блоктарын, базальт талшығын және жылу ұстағыш материалдарын, «Вернал Ойл Қазақстан» ЖШС мұнай өңдеу, «Кентавр»ЖШС этил спиртін өндіру, ЖШС «Базальт» өндірістер өз бағытында жұмыстарын жалғастыруда [26, 4-б.].
2015 жылдың басынан бері аумақтың экономикасында оңды динамика байқалады. Еліміздегі үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында мынадай жобалар іске асырылды, оның ішінде:
- екінші кезек Жаңажол ГТЭС (АҚ «Актобемунайфинанс»), қуаты 110 МВт,16 жаңа жұмыс орыны ашылды;
-қиыршық тастың өндірісі бойынша зауыт (ЖШС «ТемиржолКурылысАтырау»), қуаты 500,0 мың.куб.м.жылына, 39 жаңа жұмыс орыны;
- мұнайды әзірлеу бойынша зауыт №4 (АҚ «СНПС-Актобемунайгаз»), қуат 4,0 млн.тонна жылына,50 жұмыс орыны орналасқан;
- Жаңажол туған жерінде Қабатқа тазаланбаған Газасының үрлеуі бойынша компрессорлық станция (АҚ «СНПС-Актобемунайгаз»), жылына 1,5 млрд.куб.м.қуаты 25 жаңа жұмыс орны;
- Солтүстік Турванын тұрған жеріндегі кешенді толық сығатын сорап
станциясы (АҚ «СНПС-Актобемунайгаз»), жылына қуаты 3,5 млн.тонна мұнай мен 1,5 млрд. метр текше газ және 40 жаңа жұмыс орны;
- газды кәдеге жарату кешені ("ҚазақОйл Ақтөбе"ЖШС), жылына 420 млн.т/м газбен және 144 жаңа жұмыс орыны;
- химиялық реагенттерді өндіру («Аманат-ҚРБК»ЖШС), жылына 8 тонна өнім өнімдерімен және 49 жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді.
Аймақтын әлеуметтік-экономикалық дамуына индустрияландыру карта шеңберіндегі инвестициялық жобаларды іске асыру әсер етеді. Аймақта екінші бесжылдығының бірінші жылы ішінде «КазИнРусс-трейдинг» ЖШС шағын тоннажды мұнай өңдеу зауытын іске қосу жоспарланып отыр. Аймақ үшін негізгі мәселелердің бірі жоғары энергия сыйымдылығы болып қалады. Ірі газ қорлардың болуы, жаңа газтурбиналы электр станцияларының құрылысындағы қажеттік пайда болды. Жергілікті мұнай шығару жерлерінің шикізат ретінде табиғи және жолсерік газ қолданушы газтурбиналы электр станцияларының құрылыс жобаларының қатары осы кезеңде іске асыруда. Әсіресе 127 мегаватт қуатты Қандыағаш қаласындағы газтурбиналы электр станциясының құрылысы. Барлық жобалар экспорттық өнімнің импортты алмастыру және шығарылымына бағытталған. Облыс әкімінің тапсырысымен аумақтық технопоркімен Қазақстан қамқорлығын ұлғайтуға бағытталған бағдарламаны жасау және АҚ «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» зерттеу жоспарлы түрде жүзеге асып келе жатыр.
Агроөнеркәсіптік кешен. Ауданның ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін кешеннің жағдайы ауылдық елді-мекендердің мемлекет саясатының негізінде қаржылық қызметтерінің жетілдірілуімен, сонымен бірге сол елді мекенде өмір сүріп жатқан адамдардың өмір сүру сапасы және тұрмыс жағдайының тұрақтандырылуынан байқалады. 2018 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 16463,9. млрд теңгеге жетіп, өнімнің нақты көлем индексі 103,8 пайызды құрады.
Бұған қоса, салалық бағдарламаларды іске асыру бойынша мынадай нақты жұмыстар жүргізіліп отыр, соның ішінде:
2015 жылдан бері «Алтын асық» бағдарламасы бойынша ауданның кейбір шаруа қожалықтарымен жалпы саны 950 бас қой сатып алынды.
«Құлан» бағдарламасы бойынша 160 бас жылқы сатып алынды
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 350 бас ірі қара малын сатып алу жоспарланған болса, қазіргі кезде соның 176 басы сатып алынды.
Сонымен бірге, аудандағы мал бастарын тұқымдық жаңарту бойынша да тиісті жұмыстар жүргізілуде, қазірдің өзінде асыл тұқымды бұқалар саны 191 басқа жетіп отыр.
Ауданның ауылшаруашылық жерлерінің көлемі 2 млн.613 мың. га, соның ішінде егістік жер 72475 га, пайдаланғаны 58451 га, немесе 80,6 пайыз, суармалы жер 2600 га, шабындық жерлер 54819 га, пайдаланғаны 4,6 мыңга, немесе 8,4 пайызы,жайылым жерлер-2млн.485 мың. га ,пайдаланғаны -674,3 мың га,немесе 27,1 пайыз құрады.
Өсімдік шаруашылығы
Өсімдік шаруашылығында құрылымдық және технологиялық әртараптандыруды, ауданның тұрғындарын азық-түлік қаупсіздігімен қамтамасыз ету үшін, шетелге шығаруға бағытталған бәсекеге қабілетті өнім өндірісін арттыру үшін ауылшаруашылығы дақылдарының егістік алқаптарын кеңейтуде іске асыру бойынша жұмыстар жалғасуда [27, 292-б.].
Ылғал қор сақтау технологиясын ендірген егістік алқаптардың көлемі артуда. 2015 жылы 3524 га жерге қолданды және бұның көлемі алдағы жылдар ішінде де ұлғайтылатын болады.
Ал 2015 жылы дәнді дақылдардың жалпы егісі ауылшаруашылығы дақылдарының егісінің көлемінен 95,2 пайызды құраған мен, өкінішке орай 41073 га жерге егілген дәнді дақылдардың 12774 га егістік алқабы орылмай, күйіп кетті. Орылған жерден алынған егін өнімділігі бір гектардан 5,5 центнер, барлығы 14,7 мың тонна астықты құрады.
Мал шаруашылығы
Ауданның ауылдық елді мекендері егін шаруашылығына қарағанда көбінесе мал шаруашылығы салаларымен айналысуда. Әрине, бұған аудан территориясының географиялық факторлары: жер бердері, топырағы, суы және климат жағдайы әсерін тигізіп отыр.Мал басы бойынша 2018 жылдың басында 49 131 мың бас ірі қара, 154 063 мың бас қой, 13 196 мың бас жылқы, 296 бас түйе, құс 68,5 мың бас құс және 252 бас шошқа саны тіркелді.(шошқабасы санының азаю себебі, бұлөнімге тұрғындар сұранысының төмендеуі). Бұл көрсеткіштердің 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғандағы өсімі, оның ішінде мал түрлері бойынша - ірі қара малы – 100%, қой-ешкі – 0,8%, жылқы - 5,9 %, түйе – 7,9% және құс саны 2,2 пайызды құрап отыр. Осы есепті кезең ішінде жалпы аудан бойынша 8 913,6 тонна ет, 32 532,6 тонна сүт, 6553,1 мыңдана жұмыртқа және 366,8 тонна жүн өнімдеріөндірілді, барлық өндірілген өнімдер түрлері бойынша былтырғы жылдың сәйкес кезеңіменсалыстырғандағы өсімі тіркелді, оның ішінде ет көлемі - 8,3 %,сүт- 2,3 %,жүн 1,2% жәнежұмыртқа өнімдері - 2,9 пайызға жетіп отыр. Жалпы аталған сала бойынша ауданның барлық индикативтік жоспарлары толығымен орындалуда.
2018 жылға жүктелген тапсырмаға сәйкес, 24 ірі қара мен 5 қой шаруашылықтары құрылып, 1029 бас ірі қара(102,9%),1825 қой(60,8%) және 1123 бас(59,1%) бұқашықтары тапсырылып отыр. Ауданның ауыл шаруашылығына 368,1 млн.тенге инвестиция салынып, 2017 жылдың осы кезенімен салыстырғанда 3,5 есе артық салынып отыр.
Сонымен қатар сүт мал шаруашылығын дамыту мақсатында Ақкемер ауылдық округінде 50 басқа арналған сүтті-тауарлы ферма(50,0 млн.тенге) ашылып жұмыстарын жүргізуде.
Асыл тұқымды шаруашылығымен жоғарғы класты асыл тұқымды қой малын ұстауға және өз төлінен өсіруді кеңейту үшін «Құмжарған» ЖШС-не 2015 жылда 3 млн. 165 мың тенге субсидия бөлініп, толығымен игерілді.
Асыл тұқымды мал сату бойынша 2015 жылы ауданнан 26 бас «Мұғалжар» асыл тұқымды жылқылары ( «Көктас» АҚ) басқа облысқа сатылды және «Құмжарған» ЖШС-рі арқылы басқа ауданға 100 бас асыл тұқымды қой сатылды. Осы шаруашылықтармен Үкімет тарапынан асыл тұқымды мал сатқан үшін 1,6 млн.тенге алынды [29, 142-б.].
Мал шаруашылығының маманданған салаларын дамыту, өндірістерге инновация және ғылыми техникалық төңкеріс жетістіктерін енгізу арқылы мал бастарының санын көбейту негізгі мақсат болып отыр.
Ауданда мал шаруашылығы өнімдерімен мен мал санының өсу динамикасы байқалады. Бұл жұмыс одан әрі жалғасын табуда. Ол етті ірі қара малдарды өсіру, етті-майлы қой шаруашылығында жоғары сапалы қой етін өндіру үшін жаңа селекциялық технология және әдістерін енгізуде жоғары өнімді еділбай қошқарын пайдалану есебінен жергілікті қылшық жүнді және жартылай қылшық жүнді қой өнімділігін арттыру.
Табынды жылқы шаруашылығымен айналысу экологиялық таза жылқы еті мен қымыз өндірісін дамытудың өте қолайлы және экономикалық тиімді жағы болып табылады.
2016-2020 жылдары аудан бойынша 5 жылқы фермасы ашуға жоспарланды.
Ауылшаруашылық өнімінің экспорттық үлесінің дамыту барысында ауданда 2020 жылға дейін қосымша 2 ірі қара малын және қой етін экспортқа шығару барысында 3 қой бордақылау аландары құрылады деп жоспарланды
Ауданда ет клластері жұмыс атқаруда. Талдысай ауылдық округінде 3,0 мың бас ірі қара бордақылайтын алаңы(217,0 млн.тенге), мал сою алаңы(10,0 млн.тенге) ашылып қызмет көрсетуде, сонымен қатар Қандыағаш қаласында мал сою пункті ашылды (тәулік құаттылығы 1 тонна) және 5 ауылдық округтерде (Мұғалжар, Ақкемер, Жұрын, Қ.Жұбанов, Ащысай) мал сою аландары ашылып жұмыстарын жүргізуде.
2.2.2-кесте. Ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі көрсеткіштердің орындалуы
Көрсеткіштератауы
|
Өлшем бірлігі
|
2017 ж
|
2018 ж.
|
2018 ж.
өткен жылғы тиісті кезеңімен салыстыру, %
|
|
|
|
|
|
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі
|
млн.тенге
|
14 153,6
|
16 463,9
|
116,3
|
|
|
|
|
|
нақты көлем индексі
|
%
|
103,8
|
103,8
|
|
|
|
|
|
|
Шаруашылық санаттарының жалпы саны:
|
дана
|
419
|
429
|
102,4
|
|
|
|
|
|
- ЖШС
|
дана
|
20
|
19
|
95
|
|
|
|
|
|
- шаруа қожалықтары
|
дана
|
397
|
408
|
102,8
|
|
|
|
|
|
- ауылдық өндірістік кооперативі
|
бірлік (жоспар)
|
2
|
10
|
5 есе
|
|
|
|
|
|
соныңішінде: а/ш. Кооперативтер құру
|
дана (жоспар)
|
2
|
10
|
5 есе
|
|
|
|
|
|
- сүтті-тауарлы фермала рқұру
|
бас (жоспар)
|
50
|
54
|
108
|
|
|
|
|
|
- жылыжай орындарын ашу
|
га (жоспар)
|
1,7
|
|
|
|
|
|
|
|
- көкөніс қоймасын іске қосу
|
мыңтн (жоспар)
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
- суармалы жерлердің көлемін ұлғайту
|
га (тапсырма)
|
583
|
624
|
107
|
|
|
|
|
|
- мал бордақылау алаңдарына бұқашықтар тапсыру
|
бас (жоспар жылдық)
|
1 900
|
1 035
|
54,5
|
|
|
|
|
|
- инвестициялықжобалар саны
|
бірлік (жоспар)
|
4
|
4
|
100
|
|
|
|
|
|
- техникаларсатыпалу
|
дана (жоспар)
|
11
|
7
|
63,6
|
|
|
|
|
|
Салынған инвестициялардың жалпы көлемі
|
млн.тн(жоспар)
|
79
|
347,5
|
4,4 есе
|
|
|
|
|
|
Мал азығының өндірісі
Мал шаруашылығын дамытуда ең маңызды нәрсе уақытында мал азығын дайындап алу. Ауданда мал санының көпшілігі жеке шаруашылықта болғандықтан жаз мезгілінде арнайы техникаларды қолдану арқылы жақын жерлердегі жайылым мен шабындық жерлерден шөп шауып, қысқа мал азығын дайындайды.
2.2.3-кесте. Жайылымдар мен шабындық жерлер
Қалалық, ауылдық округтер атауы
|
Көлемі(мың.га)
|
Соның ішінде
пайдалагғаны
|
пайдалану,%
|
Екпе шөп(мың.га)
|
шабындық
|
Жайы
лым
|
шабындық
|
Жайы
лым
|
шабындық
|
Жайы
лым
|
Көп
жылдық
|
жүгері
|
суданка
|
Күзгі
қара бидай
|
Ақкемер
|
17326
|
125665
|
|
92340
|
|
73,5
|
|
-
|
-
|
-
|
Ащысай
|
4439
|
114468
|
963
|
26948
|
21,7
|
23,5
|
|
|
|
|
Батпақколь
|
873
|
239607
|
873
|
52163
|
100
|
7,1
|
|
|
|
|
Егіндібұлақ
|
569
|
417069
|
569
|
29785
|
100
|
7,1
|
|
|
|
|
Еңбек
|
16008
|
126311
|
195
|
91186
|
1,2
|
72,2
|
825
|
|
|
|
Жұбанов
|
7199
|
143007
|
300
|
62025
|
4,2
|
43,4
|
475
|
|
|
|
Жұрын
|
2850
|
185821
|
24
|
73245
|
0,8
|
39,4
|
|
|
|
|
Қайынды
|
611
|
382793
|
611
|
7746
|
100
|
2,0
|
|
|
|
|
Құмжарған
|
-
|
167262
|
96
|
79209
|
|
47,3
|
|
|
|
|
Құмсай
|
-
|
168872
|
-
|
31856
|
|
18,9
|
|
|
|
|
Мұғалжар
|
|
5169
|
-
|
4493
|
|
86,9
|
|
|
|
|
Талдысай
|
4940
|
85461
|
|
40377
|
|
47,2
|
|
|
|
|
жиынтығы:
|
54,8
|
2485,8
|
4,6
|
674,3
|
8,4
|
27,1
|
1,3
|
|
|
|
Өсімдік шаруашылығында алынған өнімдерді сақтау мүмкіндігінің төмендігі, жоғары сапада даярлау кезеңдері мен тұтынушыға жеткізу уақытының көп болуы, жыл мезгілінің қысқы кезеңінде көкөніс бағасының шамадан тыс қымбаттауы сияқты негізгі мәселе ретінде агроөнеркәсіп кешенінде байқалып келе жатыр. Сонымен бірге мал шаруашылығында асыл тұқымды мал санының аз болуы, механикаландыру мен автоматтандыру деңгейінің төмендігі, мал шаруашылығы өнімдеріне сұраныстың аздығы, малшылардың еңбек ақысының төмен болуы әсерінен ауданның аумағындағы мал басын өсіруге жер ресурстары, жайылым мен шабындықтар толығымен қолданылмай отыр [29, 161-б.].
Мұғалжар ауданының АӨК даму бағыттары:
Мұғалжар аумағы болашақта өндіру және өңдеу өнеркәсіптері бар, инновациялық инфрақұрылымы дамыған және ауылшаруашылық өнімдерін өндіріп оны өндейтін өңірге айналады.
Ауданның ішкі мұқтаждығын жаңа егіс жиналғанша толығымен қамтамасыз ету барысында және бәсекелестікке қабілетті өнімдерді арттыру үшін 2016-2020 жылдары өсімдік шаруашылығында суармалы жерлерді тиімді пайдаланып ,қазіргі талаптарға сай техника, картоп, көкөніс дайындау және сақтау тұрақты жүйесін қолданып жаңа технологиялар еңгізу жұмыстары жүргізілу жоспарлануда. Мұғалжар ауданының экономикасының қазіргі жағдайын одан әрі дамыту барысында өндіру және өңдеу өнеркәсіптерін жаңашаландыру, халықтың әлеуметтік тұрмысын және сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеу салаларын жақсарту басты назарда. Сондықтан, аумақты дамыту мәселесін орындауда мынадай қажеттіліктерді орындау керек:
Ауданда ауыл шаруашылығы салалары мен оның өнімдерін өңдеуде білікті мамандарды жинақтау және кәсіби біліктілігін жетілдіру;
Өнеркәсіп саласына техниканы жақсы меңгерген мамандарды тарту;
2. Ауыл шаруашылық саласы, атап айтқанда ауылшаруашылығы колледжін бітірген мамандардың жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету;
3.Ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша материалдық базаны заманауи үлгіде жетілдіру;
Ауыл шаруашылығының шығарылған өнімдерін базарға өткізу Ақтөбе қаласының жергілікті өңдеуші мекемелер болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |