Мандибаева Лаура Сагидуллаевна


Мұғалжар ауданының жер бедері



жүктеу 0,78 Mb.
бет7/23
Дата12.04.2023
өлшемі0,78 Mb.
#42118
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
22.06.20 Мандибаева Л.С. диссертация

Мұғалжар ауданының жер бедері. Қазақстанның геоморфологиялық аудандастыруы бойынша қаралып отырған аумақ Орал (Жайық) өзенінің сол саласында, батыс бөлігінің Ор-Елек үстіртінде орналасқан. Эрозиялық тектоникалық ұсақ шоқы, аласа тау мен Мұғалжар, Орал алды денудациялық жазыққа жатады [7, 29-б.].
Ауданның солтүстік-батыс бөлігі палезойдың аяғындағы герцин қатпарлығында пайда болған аласа таулы өлке Мұғалжар тауларынан Орал маңы үстірті аумағында Елек және Темір өзенінің аралығын алып жатыр. Орал маңы үстірті бұйратты шоқылармен, көлденең жатқан палеоген шөгінділерімен қосылып, Елек өзені алабы бағытында эрозиялық денудациялық кертпештермен шектеледі [7, 35-б.].
Мұғалжар - қазақ даласында көптеп кездесетін ұсақ шоқылар секілді шөгінді және магмалық жыныстардан түзілген ежелгі аласа таулы өлке [8, 88-б.].
Палезой эрасының каледон мен герцин тау түзілістерінде мемлекет аумағының көп бөлігі жер қыртысының қатты бөлігі құрлықтық учаскеге айналды. Мұғалжар тауы герцин қатпарлы тау түзілісіне кіреді.Бұл аумақта атпа және шөгінді тау жыныстары жинақталып қабат түзген палеозой жыныстары көмкеріп жатыр. Ескі тау Орал тауының бөлігі болып саналатын Мұғалжар тауының шығыс бөлігі көлбеу, батысы тік екені байқалады. Мұғалжар тауының жоталарымен қосқанда орташа биіктігі – 450 м,тау шыңы – Үлкен Боқтыбай - 657 м биіктігі анықталған [ 8, 93-б.]. (1-сурет)



1-сурет. Мұғалжар тауы




Өзеннің ағысы бойында тік және бүйірлік эрозия салдарынан қалыптасқан жыралар мен [8, 95-б.] құрғақ Елек өзені және оның салалары бастау алатын бұл тау сілемдері Мұғалжар тауының тік беткейінен қарағанда биік пішінді келбетті тау тізбегі болып байқалады. Ор-Елек өзендерінің су айрығы бойында үстірттің батыс бағытында жер бедерінің абсолютті биіктігі біртіндеп 300-320 м, өзен алаптарында 250-280 м дейін төмендейді. Жер бедерінің [8, 97-б.] ең төменгі теңіз деңгейінен есептегенде биіктігі (237 м) Мұғалжар ауданының солтүстік бөлігінде ағып жатқан– Елек өзені және оңтүстік батыс көкжиек бағытында – Темір өзені алаптарында байқалады. Аумақтың солтүстік-шығыс бөлігінде Ор-Елек су айрығының шығыс бөлігінде адырлы-бөктерлі жазық бар.Бұл адырлы-бөктерлі жазықтар шығысқа қарай төмендей береді. Осы жерде ең жоғарғы биіктік (430 м дейін) дейін, ең төмен жатқан биіктік белгі Ақсу өзенінің құяр жерінде (289 м) анықталған. Жер бедерінің ең жоғағы биіктік пен ең төменгі биіктік арасындағы амплитуда 141 м Мұғалжар маңы жазығына сәйкес келеді [ 8, 102-б.]. Ауданның жер сипатының ерекшелігіне қарай солтүстік -шығыс бөлігі Мұғалжар тауларының солтүстік шеті және Мұғалжар маңы жазығы болып жіктеледі. (2-сурет )



2-сурет. Мұғалжар маңы жазығы

Мұғалжар тауларының солтүстік шетінің жер бедері алуан түрлі. Жер бедерінің сипатына қарай төмен төбелі және ұсақ шоқылы тау тізбектері, аңғары үлкен тау аралығында пайда болған тау жоталарының сілемдері және тау аралық төмендеулерге жіктелген. Соның бірі Қаратау тау сілемінің [8, 105-б.] ең биік нүктесі болып табылатын солтүстік шыңы – Жамантаудың биіктігі – 560 м тең. Аласа таулы өлке Мұғалжардың солтүстік-шығыс бөлігінде ең төменгі теңіз деңгейінен есептегендегі биіктігі Ор өзенінің алабында (274 м) байқалған. Теңіз деңгейінен есептегендегі ең биік нүктесі- 560 м және ең төменгі биіктігі – 274 м аралығындағы рельеф амплитудасы 286 м тең.


Оңтүстік-шығыс бөлігіндегі аумақ Мұғалжар таулары шегінде орналасқан, жер бедерінде өзен эрозиясы әсерінен пайда болған жыралар мен бойлық бағытта созылып жатқан шоқылар кең көлемді аумақты алып жатыр. Оңтүстік-батыс бөлігінің аумағы биіктігі аласа жер бедерінің түрі төбелі жазық болып келеді, өзен арнасы кішірейіп, көпшілігінің суы азайып, тартылып бара жатқан өзен-көлдер кесіп өтеді, алайда өзен арналарынан [8, 108-б.] жыл мезгілдеріне сай жауған жауын-шашын суларының әсерінен тілімдеген жыралар мен су жиналуы ықпалынан пайда болған шұңқырларды көптеп кездестіруге болады.Қазақстанның өзен алаптарының бірі - Каспий теңізіне жататын, осы алаптағы суының көлемі жөнінен екінші орынды иеленетін өзен – Ембі өзені Мұғалжар тауының солтүстік-батыс бөлігінен бастау алады. Ембі өзенінің аңғары кең және жайпақ, тек өзеннің жоғары ағысы ғана тік беткейлі болып келеді (3-сурет) [9, 57-б.].



3-сурет. Ембі өзенінің кең және жайпақ аңғары


Мұғалжар маңы жазығы едәуір кең бойлық бағыттағы ойпат болып табылады, ол Мұғалжар алды мегасинклиналіне сәйкес келеді. Мұғалжар маңы жазығының ол бор және палеогенді түзілімдердің біраз қалың қабатты шөгу телімі болып табылады. Мұнда палеозойлық іргетас бедердің дамуына айтарлықтай әсер етпейді және жалпы дара шұғыл шығып тұратын төрткүл тау жұрнақтарымен бірге кең қабаттық денудациялық жазықтардың дамуымен сипатталады. Максимальды абсолютті белгілер (250-400 м) Мұғалжар жотасының маңында, минимальды (200 м дейін) – ауданның оңтүстік-батысында орналасқан. Жергілікті жердің жалпы көлбеулігі оңтүстік-батысқа, Ембі өзені аңғарына қарай бет түзеген. Мұнда ендік бағыттағы аралық жондар, сирегірек шағын қырқалар дамыған. Жеке формалардың салыстырмалы биіктіктері 5-10 м, сирегірек 20 м құрайды. Жыныстар қабаттары көлденең бағытта орналаса отырып, беттің жалпы жазық келбетін жасайды. Жазық бетке біршама әр түрлілікті тау жұрнақты жондар мен қоршаған аумақтан 25-40 м көтерілуі арқылы күмбездер енгізеді. Мұғалжарға жақындаған сайын артатын жыныстардың дислокациялануы бедерде бейнелене отырып, оны біршама күрделендіреді [9, 59-б.].





жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау