Мандибаева Лаура Сагидуллаевна


Мұғалжар ауданының қалыптасуы



жүктеу 0,78 Mb.
бет6/23
Дата12.04.2023
өлшемі0,78 Mb.
#42118
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
22.06.20 Мандибаева Л.С. диссертация

1.2 Мұғалжар ауданының қалыптасуы

Ақтөбе қаласының іргесі Ақ-төбе қамалы ретінде (ескі жылнама бойынша 1869 жылғы 9 мамыр) қаланғаннан кейін біздің өлкемізге де қоныс аударушылар ағыла бастады. Ақтөбе маңында құнарлы жер бар, және жергілікті тұрғындар диқаншылықпен шұғылданбайды деген қауесет Ресейдің орталық губернияларының шаруалары арасында тез тарап кетті. Бірақ қоныс аудару процестерінің ең басты себебі бұл – патшалық Ресейдің саясаты болды. 1878 жылдан бастап Рязань, Воронеж және Тамбов губернияларынан Ақтөбе жеріне қоныс аударушылар келе бастады [3, 102-б.].


1901-1905 жылдары Орынбор-Ташкент теміржолының құрылысы басталды. Соның нәтижесінде Ақтөбе облысының территориясында халық санының артуына байланысты әкімшілік –аумақтық құрылымдарында өзгеріс бола бастады.


1965 жылы 17 желтоқсанда Ақтөбе облысының құрамында жаңа [4, 157-б.] аудан Қандыағаш деген атаумен құрылып, орталығы ретінде Ембі қалалық поселкесі белгіленді. Қандыағаш ауданының құрамына Темір ауданының құрамында болған ауылдық елді-мекендер Бақтыөзен, Бөрлі, Егіндібұлақ, Еңбекші, Жұрын, Құмжарған, Орқаш, Шилі, және Ембі ауылдық кеңестері мен Шалқар ауданының [4, 201-б.] Мұғалжар ауылдық кеңесі [4, 203-б.] қосылды.


Қазан төңкерісінің жеңіске жету құрметіне орай 1967 жылдың 11 қаңтарында Октябрь революциясының 50 жылдығына байланысты Октябрь ауданы болып өзгертілді [4, 401-б.].

Содан кейін, 1997 жылдың 16 маусымында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызыл-Орда және Қостанай облыстарының әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгеріс енгізу туралы [5, 312-б.] өкімімен Октябрь ауданы Мұғалжар ауданы, ал оның орталығы Октябрь қаласы – Қандыағаш қаласы болып өзгертілді [5, 313-б.].




1.3 Мұғалжар ауданының табиғат жағдайлары


Сақмар құрылымдық-формациялық белдемі палеозойлық офиолитті құрылымының көрнекті өкілі болып табылады, яғни палеозойдың ордовик-силур кезеңдерінде бұл құрылым ауқымында көне мұхиттық қыртыс болғандығы оның формациялық және тектоникалық ерекшеліктерінен аңғарылады. Құрылым ашылымдарының жалпы ұзындығы 300 шақырым шамасында, оның 120 шақырым Қазақстан аумағында. Белдемнің ендік көрсеткіші 30-60 шақырым аралығында өзгереді. Ол батысында Қарғалы-Көкпекті терең жарылымы арқылы Орал алды шеткі ойысына тиесілі зілайыр свитасының жоғарғы девон - төменгі карбондық флиш түзілімдерімен жапсарласады, шығыс шекарасы Батыс Орал жарылымы деп аталатын терең жарылыммен шектеледі. Белдем өзінің солтүстік бөлігінде аталған жарылым бойын жанамалайтын Ор-Елек белдемінің кембрийге дейін тұрақтанған блоктарымен жапсарласса, оңтүстік бөлігінде сол жарылым арқылы Жасылтасты синклинориймен тікелей жанасады. Құрылым ауқымында кеңінен тараған және ірі массивтер құрайтын интрузиялар ультранегізді және негізді таужыныстардың кемпірсай кешеніне біріктірілген. Кемпірсай хромит кен орнының тобы аттас интрузиялық массив қимасындағы серпентиниттерге шоғырланған [6, 400-б.].

жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау