Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы және ветеринария салалары бойынша 2016 жылдың 11 айында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет
Шымкент қаласы бойынша 4 152 ауыл шаруашылығы кәсіпорындары қызмет етуде. Оның ішінде: 3 908 шаруа қожалықтар болса, қалған 244 ЖШС және ӨК болпы табылады. Сонымен қатар қаланың ауыл шаруашылығы жер қоры барлығы 62 219 га ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлер,Оның ішінде егістік жерлердің жалпы көлемі 39 417 га құрап, оның 30 500 га жерге егіс егілді.
Қалаға берілген 3 жақты келісім-шарттағы 30 тапсырманың бүгінгі таңда 21 тапсырмасы орындалды. Қалған 9 мен жұмыстар жүргізілуде. Бұлар жыл соңына дейін орындалады деп күтілуде.
Қала халқын ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерімен сапалы және толық көлемде қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы және Шымкент қаласы әкімдігі арасында жасақталған үш жақты келісім – шарт негізінде, межеленген жоспардың орындалуын қамтамасыз ету үшін бөлімде мал және өсімдік шаруашылығына ай сайын талдау жасалынып, оның ішінде әсіресе жылыжай, өсімдік шаруашылығында тамшылатып суару әдісін енгізу және т.б. бағыттар бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде, 2016 жылдың 11 айында Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнімнің көлемі 20 159 млн. тг. құрап, тапсырма 116,9 % орындалды. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша – 9 891,0 млн.тг., мал шаруашылығы бойынша – индекс 9 918,3 млн.тг. орындалды.
Еліміздегі агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес 2020» бағдарламасын іске асыру мақсатында ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жатқан жеке және заңды тұлғаларға берілетін жеңілдетілген несиелерді алуына практикалық көмектер көрсетуге бағытталған шаралар жүзеге асырылды.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімі келесідей болуда.
Жеміс-жидек, жүзім, көкөністен алынатын өнім
мың. тн.
1
|
Жеміс- жидек
|
Оның ішінде:
|
Орындалуы
|
|
|
Алма
|
5,7
|
|
|
Жүзім
|
2,10
|
2
|
Көкөністер
|
|
30,6
|
Мемлекет тарапынан агроөнеркәсіп субьектілеріне беріліп жатқан жеңілдіктер бойынша қысқаша айтып өткенде.
Жанар – жағар майдың игерілуі
№
|
Атауы
|
Меже
(тн)
|
Орындалғаны
|
(тн)
|
%
|
1
|
Жанар – жағар май
|
2 655
|
2 655
|
100
|
Тыңайтқыштардың игерілуі
№
|
Атауы
|
Меже
(тн)
|
Орындалғаны
|
(тн)
|
%
|
1
|
Тыңайтқыш
|
1 500
|
1350
|
90
|
2012 жылы Қазақстан Републикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығында «Ветеринариялық қызмет» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны құрылып қазіргі таңда жұмыс атқарады.
2016 жылы «Эпизоотияға қарсы шаралар жүргізу» бағдарламасына сәйкес облыстық бюджеттен 76 012,0 мың тг. бөлініп, қазіргі таңда 75 665,3 мың тг. игерілді.
Жануарлар мен адамға ортақ аса қауіпті 27 түрлі ауруға қарсы диагностикалық зерттеулер мен 15 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық егу жұмыстары атқарылады.
Жыл басынан бері бруцеллез ауруына оң нәтиже берген 40 бас ІҚМ және 77 уақ мал, жұқпалы эпидидимит ауруына оң нәтиже көрсеткен 2 бас уақ мал мал сою бекетіне («Замин» ЖШС) қайта өңдеуге тапсырылды.
Өңдеуге тапсырылған малдардың құнын өтеу үшін 2016 жылға облыстық бюджеттен 14 474,0 мың тг. бөлінген. Қала әкімінің шешімімен құрылған арнайы комиссия шешімімен бүгінгі таңға мал иелеріне 5 631,4 мың тг. көлемінде өтемақы төленді. Қалған 8 842,6 мың тг. малдан бруцеллез ауруы шықпауына байланысты бюджетке қайтарылады.
2016 жылы қаңғыбас ит-мысықтарды аулап жою жұмыстарына жергілікті бюджеттен 49 100,0 мың тг. бөлінді. Қазіргі таңда 42 480,4 мың тг. игерілді. Ауланып жойылған қаңғыбас иттер мен мысықтар 28 733 бас.
2016 жылдың 11 айында Шымкент қаласы бойынша иттерді құтыру ауруына бақылауға алып, 3 363 ветеринариялық анықтама берілген.
Қала әкімінің 2016 жылдың 1 қыркүйек «Шымкент қаласында қаңғыбас ит-мысықтарды аулап жою бойынша комиссия құру туралы» № 81-ө санды өкімімен комиссия құрамы бекітілген.
Қаңғыбас ит-мысықтарды аулап жою жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде, аталған жұмыспен бөлімге қарасты «Ветеринариялық қызмет» МКК – ның арнайы 10 ит аулау бригадалары жұмыс істеуде.
Мәслихатпен бекітілген Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидасына сәйкес қаланың оңтүстік батыс бөлігінен 1 га жер телімі алынып, 2017 жылға бюджетен уақытша ұстайтын орынның ЖСҚ жасатуға 1 200,0 мың тг. өтінім берілді.
Қаламызда 5 беккари және 2 мал өлексесін тастайтын шұңқырлар бар. Қосымша қажеттілікке байланысты тағы 2 беккари және 3 мал өлексесін құрылысын салу үшін жер телімдері бөлініп, бөлімнің атына мемлекеттік акт құжаттары алынды. 1 беккари құрылысын салу үшін бюджеттен 1 050,0 мың тг. қаржы бөлініп, қазіргі таңда құрылыс бөлімімен ЖСҚ жасатуда. Қалған бір беккари және 3 мал өлексесіне арналған шұңқырларды салу үшін 2017 жылдың бюджетінен ЖСҚ жасатуға 4 800,0 мың тг. өтінім берілді.
Кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюджеттен 20 233,0 мың тг. бөлініп, қазіргі таңда 100% игерілді.
Қала бойынша 2016 жылдың күзгі энзоотияға қарсы ветеринариялық іс-шаралардың кестесі бекітіліп, іс- шараларды жүргізуге 30 адамнан құралған 4 бригада, 4 автокөлік, 12 ранцаппараттары, 4 бүркуіш аппараттары жұмылдырылды.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бекіткен жоспарға сәйкес қала бойынша көктем және күз мезгілінде екі қайтара 83092 ірі қара мал, 130215 бас уақ мал, 1 948 631 ш.м қора-жаймен оған жапсарлас аумақтар залалсыздандырылды және 352 350 шаршы метр буферлік аумақ күз мезгілінде бір рет кенеге қарсы өңделді.
Уақ малдарды жылжымалы әуіттерде тоғытып келдік. Осыған байланысты талапқа сай стационарлық әуіттер салу үшін қаладан 11 жер телімдері бөлініп бөлімнің атына мемлекеттік актілері алынды. 2017 жылы құрылысын салу үшін бюджеттен ЖСҚ жасатуға 13 000,0 мың тг. бөлуге өтінім бердік.
Қазіргі таңда бөлімнің теңгерімінде 13 қолдан ұрықтандыру бекеттері бар. Бекеттерді күтіп ұстау мақсатында күзетуге бюджеттен 13 914,0 мың тг. бөлінді. Мемлекеттік сатып алу бойынша 6 606,9 мың тг. жеңімпаз анықталып, күзет жұмыстарына келісім шарт жасалды.
Қолдан ұрықтандыру бойынша 2016 жылға тапсырма - 9296 бас ірі қара мал, нақты орындалғаны – 9296 бас (100%).
2016 жылы дератизациялық жұмыстарға бюджеттік бағдарлама ашылып, бюджеттен 12 513,0 мың тг. қаржы бөлінді. 5 701 040 шаршы аумақты құрайтын қала аумағындағы қоқыс тастайтын контейнерлер алаңшалары, өзендер, каналдар жағалаулары мен қоқыс полигондары егеуқұйрықтарға қарсы дератизация жоспарланып, қазіргі таңда 4 100 484 шаршы аумағы залалсыздандырылып 9 006,9 мың тг. игерілді. Қалған 1 600 556 шаршы аумақ желтоқсан айының 10 жұлдызына дейін аяқталады деп жоспарланды.
2017 жылға көктем және күз мезгілдерінде жүргізу үшін бюджеттен 85 516,0 мың тг. өтінім жасалды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта жүйелі түрде жүргізілетін болады.
Шымкент қаласында орналасқан ішкі сауда объектілеріне ағымдағы жылдың 11 айында 7 676 ірі қара мал ұшасы, 14562 уақ мал ұшасы, 2 898 жылқы ұшасы және 3 339 шошқа ұшасы келіп түскен.
Сонымен қатар, қалада орналасқан жеке кәсіпкер «Сандыбаев» мал базарына 15 437 бас ірі қара мал, 26 084 бас уақ мал, 10 184 бас жылқы және «Иман» ЖШС-нің мал базарына 2 777 бас ірі қара мал, 3 342 бас уақ мал, 314 бас жылқы сатылымға келіп түскен.
Ветеринария саласындағы объектілерге 11 ай көлемінде 57 ветеринариялық-санитариялық қорытынды және 24 есептік нөмірлер берілді.
2016 жылдың 24 тамызында облыс прокурорының міндетін атқарушы Б.Н.Жәнібековтың төрағалығымен облыс көлемінде мал ұрлығына қарсы күрес бағытында әзірленген «Мал ұрлығына тосқауыл» жобасы бойынша қаладағы «Сандыбаев» және «Иман» мал базарларына Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің мамандары, Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасының ветеринария бөлімінің мамандары, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қалалық аумақтық инспекция мамандарымен бірлесіп рейдтік іс-шаралар өткізілуде.
Мал ұрлығының алдын алу жұмыстарын халыққа кеңінен насихаттау мақсатында Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен мал базарға сатылымға келетін малдар сырғасымен, ветеринариялық паспорты және құжатымен келуі керектігі жөнінде, 07.09.2016 жылғы Шымкент келбетінде мақала жарияланып, қаланың 4 кіреберіс жерлеріне билбордтар ілініп, телеарналардан бейнероликтер жарияланды.
Қала тұрғындарына ветеринария саласындағы іс-шараларды жеткізу, түсіндіру мақсатында жергілікті басылым «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттеріне аса қауіпті аурулар, ветеринариялық іс-шаралар туралы 30 дан астам мақалалар, телеранлардың жүгіртпе жолдарына 20 ға жуық хабарламалар және билбордтарға хабарландырулар ілінді.
Сонымен қатар, телерарналарда бейнероликтер жариланып отырды. Кенеге қарсы өңдеу жұмыстары және Жануарларды жануарлардан алынатын өнімдердің сапасын бақылау және қадағалау, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, құтыру ауруының алдын алу туралы бейнероликтер «ТVK» «Қазақстан-Шымкент», «Отырар», «Айғақ» телеарналарында көрсетілді.
Қала әкімдігі, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі, Ветеринариялық қызмет МКК ұйымдастыруымен аса қауіпті аурулар, олардың алдын алу тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып Оңтүстік Қазақстан газетінің 2016 жыл 25 тамыздағы №137 жарияланды.
Қала аумағындағы қаңғыбас иттер мен мысықтар мәселесі және оларды шешу жолдары тақырыбында Қала әкімдігінің, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, «Вторая жизнь» ЖШС жеке қоғамдық қоры, «Ветеринариялық қызмет» МКК ұйымдастыруымен практикалық конференция өткізілді.
Оңтүстік Қазақстан облысында мал шаруашылығын дамыту шараларының Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру бойынша іс-шара жоспарын іске асыру мақсатында халыққа жеткізу мақсатында Абай, Еңбекші, Әл-Фараби және Қаратау аудандарында қала аумағындағы елді мекенде түсіндірме жиналыстары өткізілді.
«Алтын күз» іс-шарасында Шымкент қаласы «Озық инвестициялық жобаларды іске асырушы» ретінде облыс көлемінде 1- ші орын иегері атанды.
Сондай-ақ, қаламыздағы Байжанова Сандуғаш - «Озат сауыншы», Халметова Райхан Жақсылыққызы - «Озат құс өсіруші», Ифтихари Фируз - «Озат жылыжай өнімін өндіруші» номинацияларын иеленді.
Қаламыздағы «Қажымұқан» атындағы спорт кешені алдында әр апта сайын сенбі күні ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіліп, жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз өнімдерін нарықтан 10-15% төмен бағада сатты.
2-3 шілдесінде Астана қаласында Астана күніне өткізілген жәрмеңкеге және 1 қазан күні Алматы қаласында және 15-16 қазан күндері Алматы, Астана қалаларында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткен жәрмеңкелерге қаламыздан ауыл шаруашылық өнімдерін (10 тонна өсімдік майы, қызанақ- 10 тонна, пияз-6 тонна, қияр – 10 тонна т.с.с) апарып, нарықтық бағадан 10-15% төмен бағада сатылды.
Бөлім басшысы Ғ.Құрманбай
Орынд: Ж.Тоғай
Т.Жұбанов
Тел: 39-07-18
Достарыңызбен бөлісу: |