Денсаулық мектептері
Денсаулық мектептері халықтың салауатты өмір салтын қалыптастырудың бірден-бір негізгі түрі болып табылады. Ол денсаулықты нығайту және сақтау мақсатында жеке науқастар тобына жүргізіледі. Біздің емханамызда 9 денсаулық мектебі қызмет жасайды:
— Қант диабеті мектебі
— Бронх демікпесі мектебі
— Жүректің артериалды гипертония және ишемиялық ауруы мектебі
— Босануға дайындық мектебі
— Отбасын жоспарлау мектебі
— Дені сау бала мектебі
— Жас ана мектебі
— Ұзақ өмір сүру мектебі
— Мінез-құлық қауіп-қатер факторлар мектебі
Денсаулық мектептеріндегі сабақты отбасы денсаулығы және участкелік дәрігерлер мен медбикелер, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер өткізеді. Сабақ емханамыздың 1 қабатында орналасқан №39 салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінде жүргізіледі.
Денсаулық мектептерінің жұмыс кестесі.
Мектептердің мақсаты: қауіп – қатер факторларын бағалау, емделушіге салауатты өмір салтын дұрыс жүргізуді үйрету.
Мінез-құлық қауіп қатер фактор мектебі
Мектеп мақсаты: қауіп – қатер факторларын бағалау, емделушіге салауатты өмір салтын дұрыс жүргізуді үйрету.
Оқыту бағдарламасы:
Темекі шегудің зияндылығы;
Тәуелділік;
Маскүнемдік;
Нашақорлық;
Алиментарлық семіздік.
Мектеп жұмысының кестесі:
Күнделікті
10.00-12.00,14.00-16.00
39 каб.
Мектепті жүргізетіндер:
Психологтар: Қайыргалиева Г.М
Тасқалиева Н.Ж
СӨСҚ медбикесі: Жанатова Н
Бронхиалды демікпе мектебі
Мектептің мақсаты: Бронх демікпесінің даму механизмі мен себептері, оны ағымды және емдеу әдістерінің сипаттары туралы науқасқа сипаттама беру. Бронх демікпесін қадағалау дағдыларын жүзеге асыру және өз жағдайын бағалау.
Оқыту бағдарламасы:
Демікпе ұстамасының алдын алу, аллергенді әрекетін жою;
Бронхиалды астма ұстамасы кезінде өздігінен көмек көрсете білуге машықтану;
Бронхиалды астманы емдеудегі заманауи ұстанымдар туралы ұсынымдар;
Мектептің жұмыс кестесі:
Аптаның сәрсенбі күні:
Сейсенбі 14.00—15.30
39 каб.
Мектепті жүргізетіндер:
ЖТД: Хайруллина А.Б
Медбике: Нурмұханбет Ұ.
Қант диабеті мектебі
Мектеп мақсаты: Қант диабеті асқынуының алдын алу, аурудың күшеюіне жол бермеу, ҚД емдеу және тамақтану бойынша ақпараттар ұсыну.
Оқыту бағдарламасы:
Қант диабеті, зәр және қандағы қантты өз еркімен анықтау құралдары мен әдістері;
Диабет кезіндегі тамақтану;
Ем алу бойынша ұсынымдар;
Асқынудың алдын алу.
Мектептің жұмыс кестесі:
Аптаның сәрсенбі күні:
15.00-16.30
39 каб.
Мектепті жүргізетіндер:
ЖТД: Наурызгалиева А.А
Медбике: Татпанова А
Артериалды гипертония және ЖИА мектебі
Мектеп мақсаты: Артерия гипотониясы мен ИБС алғашқы және қайталама асқынудың алдын алу, саламатты өмір салтын қалыптастыру, жүрек – қан тамырларының асқынуы және науқастардың өлім-жітімдерінің күрт өсуін төмендету сұрақтары жөнінде халықтың білімділік деңгейін арттыру.
Оқыту бағдарламасы:
Қан қысымын қалай дұрыс өлшеу керек?
Гипертониялық криз кезінде не істеу керек?
Емдік тамақтану;
Дәрісіз терапия.
Мектеп жұмысының кестесі:
Аптаның дүйсенбі – бейсенбі күндері
15.00-16.30
39 каб.
Мектепті жүргізетіндер:
Кардиолог дәрігер: Бергалиева Г.А
Медбике: Қадерова Н
Егде жастағы адамдар мектебі
Мектеп мақсаты: сауығу, өмірге деген көз – қарасты жақсарту, егде жастағы адамдардың күнделікті өміріндегі қауіпсіздік деңгейін көтеру және заманауи әдістер кешенін қолдана отырып мүгедектер мен қарт азаматтарды сауықтыру, қызығушылықтар мен әуестенуін жүзеге асыру.
Оқыту бағдарламасы:
Жас мөлшеріне және ауруға қарамай қалай толыққанды, белсенді және қызықты өмір сүруге болады?
Артериалды қан қысымын қалай дұрыс өлшеу керек?
Күнделікті өмірде жарақаттан қалай қашу керек?
Дұрыс тамақтану.
Мектептің жұмыс кестесі:
Аптаның Сейсенбі күні
10.30-11.30
39 каб.
Мектепті жүргізетіндер:
Әлеуметтік қызметкер: Джумаева Р
Психолог: Тасқалиева Н.Ж
Отбасын жоспарлау мектебі
Мектеп мақсаты: Әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау, жүктілікті жоспарлау және дені сау сәбиді дүниеге әкелу үшін оңтайлы уақытты таңдау, түсік тастау және ана өлімін азайту.
Оқыту бағдарламасы:
Мектеп жұмысының кестесі:
Аптаның Бейсенбі күні
14.00-14.30
36 каб.
Мектепті жүргізетіндер:
Гинеколог: Батырбек Ж.Б.
Акушерка: Болатова А.
Жүктілікке дайындау мектебі
Мектеп мақсаты: жүкті әйелдерге сәбидің дүниеге келуіне дайындық кезінде физикалық тұрғыдан ғана емес, көңіл – күй және рухани жағынан да көмек беру. Босану кезінде дұрыс демалу мен өзін – өзі дұрыс ұстай білуді үйрету.
Оқыту бағдарламасы:
Болашақ ананың дұрыс тамақтануы;
Босануға психопрофилактикалық дайындау;
Омыраумен емізу;
Мектеп жұмысының кестесі:
Аптаның жұма күні
14.30-15.00
36 каб.
Мектепті жүргізетіндер:
Гинеколог: Батырбек Ж.Б.
Акушерка: Болатова А
Жас аналар мектебі
Мектеп мақсаты: Бала күтімінің ережелерін оқыту.
Оқыту бағдарламасы:
Жас аналардың тамақтануы
Емдік дене шынықтырулармен айналысу
Жас аналар гигиенасы.
Баламен жұмыс жасар алдында психопрофилактикалық дайындық.
Нәрестелерге күтім.
Емшекпен тамақтандыру.
Нәрестелермен серуендеуге дайындық.
Мектеп жұмысының кестесі:
Аптаның Бейсенбі күні
15.00-15.30
23 каб.
Мектепті жүргізетіндер:
Гинеколог: Батырбек Ж.Б
Психолог: Тасқалиева Н.Ж
Акушерка: Болатова А
Дені сау бала мектебі
Мектеп мақсаты: сау балаларды (емшекпен тамақтандыру, тамақтандыру тәртібі, физикалық тәрбиелеу,шынықтыру, күтім жасау және т.б. ) тәрбиелеу ережелерінің негіздеріне ата-аналарады үйрету, қауіптіліктің үрейлену белгілерін анықтау,балаға қатал көзқарас немесе немқұрайлық белгілері кезінде ата-аналарға психологиялық көмек көрсету.
Оқыту бағдарламасы:
Жаңа туған нәрестеге тыныс алдыру және емдік дене шынықтыру
Алғашқы дыбыстар және ойыншықтармен таныстыру.
Баланы 3 жасқа дейін тамақтандыру жөнінде нұсқаулықтар.
Мектеп жұмысының кестесі:
Аптаның Жұма күні
15.00-16.30
23 каб.
Мектепті жүргізетіндер:
ЖТД: Хайруллина А.Б
Медбике:Татпанова А
Достарыңызбен бөлісу: |