Мандибаева Лаура Сагидуллаевна


Зерттеу жұмысының ғылыми-тәжірибелік маңызы



жүктеу 0,78 Mb.
бет5/23
Дата12.04.2023
өлшемі0,78 Mb.
#42118
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
22.06.20 Мандибаева Л.С. диссертация

Зерттеу жұмысының ғылыми-тәжірибелік маңызы. Диссертациялық жұмысты аудан әкімшілігінде жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлер, аудан бойынша білімін жетілдіру мақсатында жергілікті аудан халқы, әлеуметтік-экономикалық география саласында оқитын студенттер мен магистранттар, ЖОО-ның оқытушылары, аудандардың даму проблемаларын зерттеушілер пайдалана алады.


Қорғаyға ұсынылған негізгі тұжырымдар: Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданының дамуы үшін ең басты факторлар талданып, жүзеге асыру мүмкіндігі бар даму мәселелері айқындалды. Ауданның дамуы өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларымен байланыстылығы анықталып, дамыту үшін ұсыныстар жасалды. Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданының экономикалық әлеуетінің айырмашылықтары қаралып, даму келешегі болжалды.


Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Диссертациялық жұмыстың мазмұны М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетіндегі «Әбу Насыр Әл-Фарабидің ғылыми және рухани мұрасы:тарих және заманауи зерделеу» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағында мақала ретінде жарық көрді және халықаралық конференцияда жұмыс басылымға шықты. Диссертациялық жұмысқа қатысты 2 мақала жарық көрді.


Диссертацияның құрылымы кіріспе, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланған деректер тізімінен тұрады.


1 Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданының географиялық даму факторлары


1.1 Мұғалжар ауданының географиялық орны

Ақтөбе облысы солтүстігінде Ресей Федерациясының Орынбор облысымен шектеседі. Облыс аумағының Ресейдің Орынбор облысымен шекаралас болуы шаруашылық жағынан дамуына үлкен әсер етеді. Облыстың мемлекетаралық, республикалық көліктік-экономикалық байланыстары шаруашылықтың барлық салаларының кешенді дамуы үшін қолайлы болып отыр. (1-сурет)


Еліміз егемендік алған алғашқы жылдардың өзінде Ақтөбе облысының экономикалық-географиялық жағдайының артықшылықтары, өнеркәсіптің дамуы, оның жаңа рөлін айқындап берді.
Ақтөбе облысының транзиттік жол торабында жатуы, жер бедерінің басым бөлігінің жазық болуы, минералдық ресурстар қорының молдығы, экономикалық-географиялық жағдайының артықшылығы болып табылады.



1-сурет. Ақтөбе облысының Ресей мемлекетімен шекарасы.


Мұғалжар ауданы облыс көлемінің 9,3 % болып табылатын 27,9 мың шаршы шақырым аумақты құрайды, халықтың 1 шаршы шақырым бойынша орташа тығыздығы-2,4 адам. Өңір облыстың 5 ауданымен атап айтқанда, оңтүстік-батысында Шалқар, Байғанин, Темір аудандарымен және солтүстік-шығысында Алға, Хромтау аудандарымен шектеседі. Аудан орталығы – Қандыағаш қаласы. Ауданның құрамында оның орталығымен қосқанда үш кіші қала, он екі ауылдық округ және отыз сегіз ауылдық елді мекен бар. (2,3-сурет)






7- Мұғалжар ауданы



2-сурет





3-сурет

Мұғалжар ауданының экономикалық-әлеуметтік дамуын көрші аудандармен салыстырмалы түрде қарағанда потенциалы біршама жоғары. Ақтөбе облысының экономикасын көтеруде өзіндік үлесін тигізіп отырған бірден-бір аудан деп айтуға болады. Өндірістік және ауылшаруашылық сала экономикалық аумақтың негізгі бағдары.

Мұғалжар ауданының көрші аудандармен салыстырмалы көрсеткіштері





Аудан атауы

Аумағы(мың,шаршы шақырым)

Халық саны,мың адам /2018ж/

Өнеркәсіп өнімінің көлемі млн.тн/2018ж/

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы млн.тн/2018ж/

Халықтың жан басына шаққандағы орташа облыстық деңгейге,пайызбен

Мұғалжар

27,9

67416

476948

19005,6

97,8

Шалқар

61,9

45996

16863

14517,5

93,4

Байғанин

61,0

22809

223626

11998,0

99,0

Темір

12,6

37740

231239

16389,0

100,0

Алға

7,5

40476

11779

25327,7

100,4

Хромтау

12,9

42951

299116

18474.0

105,5


Ақтөбе облысының жер бедерінің қалыптасуынан бастап, тау жыныстарының таралу заңдылығына сәйкес жер қойнауында пайдалы қазбалардың алуан түрлері кездеседі. Атап айтсақ, кобальт, калий тұздары, асбест, каолин, әйнек және тас түсті шикізат, табиғи әрлеу материалдары, мұнай-битум текті минералдық ресурстар [1, 302-б.]. Минералдық ресурстармен байланысты тау-кен өндіру кәсіпорындарының облыс бойынша үлкен бөлігі Мұғалжар ауданында шоғырланған. Мұғалжар ауданының аумағында орналасқан аласа таулы өлке Мұғалжар тауларында рудалы қазбалар көптеп кездеседі. Кемпірсай кенінде Хромтау, Никельтау шахталары іске қосылды, хромиттік [2, 104-б.] және никель көздері Батамша кентінің жанынан табылды [2, 106-б.].



жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау