Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы
Мақпалкөл ауылдық округінің
2018-2020 жылдарға арналған
ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Т.Жүргенов ауылы 2018 жыл
1. Кіріспе
Мақпалкөл ауылдық округі бойынша халық саны 1781 адамды құрайды, оның ішінде ерлер – 863, әйелдер – 913, зейнеткерлер – 176, мүгедектер - 74, 18 бен 29 арасындағы жастар – 358, оқушылар - 371, жұмыс істейтіндер саны - 995, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 463 және жұмыссыздар саны - 5 адам. Ауыл тұрғындарының жеке меншігінде 2017 жылдың 1 шілдесінде мүйізді ірі қара-1349, қой-2100, ешкі-1750, жылқы-205, түйе-13841 бас, тауық-419 бас.
2. Талдау
2.1 Ауылдық округтің экономика және ауыл шаруашылығы
Ауылдық округ көлемі 9206 гектар. Ал, ауыл шаруашылығы жер көлемі 7447 гектарды құрады, оның ішінде егістік жер - 2684 гектар, жайлымдық – 4628 гектар, шабындық - 135 гектар.
Мақпалкөл ауылдық елді мекені аудан орталығынан 47 шақырым қашықтықта, облыс орталығынан 127 шақырым қашықтықта орналасқан. Ауылдық округте 464 орындық орта мектеп, 140 орындық балабақша, 220 орындық мәдениет үйі, 1 кітапхана және күндізгі стационарлы ауылдық дәрігерлік емхана, почта және байланыс бөлімшесі, «Бабағұл ата» атындағы орталық мешіт халыққа қызмет көрсетуде.
Ауылдық округ бойынша тіркеліп тұрған 45 кәсіпкер бар. Жұмыс жасап тұрғаны - 45, оның ішінде 13-і сауда орны, 2- жолаушы тасымалы, 1 - шаштараз, 1-күріш ақтау дирмені, 10-шаруа қожалылғы, 16 –кәсіпкер мал өсіру 1 бал арасын өсіру, 1 аяқ киім жөндеу шеберханасы қызмет көрсету бойынша жұмыс жасап тұр.
Жастар практикасына 5 адам;
Білім жетілдіру курсына 1 адам;
Қоғамдық жұмысқа 28 адам тартылды.
Мақпалкөл ауылдық округінің экономикалық
дамуын шектейтін негізгі факторлар:
1. Ет және сүт өнімдерінің жеткіліксіз рентабельділігі - ет сатып алу бағасының төмендігі, нарықтарға қол жетімділіктің болмауы негізгі шектеу болып табылады.
2. Агроөнеркәсіптік кешендегі кадрлардың айтарлықтай жетіспеушілігі - еңбекақының төмендігі, тұрмыс жағдайының ыңғайсыздығы, облыс орталығынан қашық болуы кадрлардың осы салаға келуіне кері ықпал етеді.
3. Фермерлердің, ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер қауымдастықтарының болмауы ауылдық округтің ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің нарықта бірлескен өндірісіне кедергі келтіреді. Ассоциациялардың болмауы фермерлердің өз мәселелерін өз бетімен шешуге деген ұмтылысы емес, бұл міндеттерді мемлекеттің назарына аудару ниеті болып табылады.
4. Өнімдерді сатуды ұйымдастыруға қолдау болмауы, тауар өндіру перспективті нарықтары бойынша ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне ақпарат жетіспеуі.
5. Жемшөп, тұқым және асыл тұқымды мал сатып алу процестерін ұйымдастыру туралы ресурстар мен ақпараттың жетспеушілігі.
6. Ет және сүт өнімдерін сақтауға арналған үй-жайлар мен тоңазытқыштардың болмауы.
Ауылдық округтің экономикасын келешекте дамыту:
1. Сүт өндірісін сату арналарын ұйымдастыру арқылы дамытуға болады;
2. Ет өңдеу қондырғыларын олардың кірістілігін арттыру үшін дамыту;
3. Күріш сабанын инновациялық жолмен өңдеуді қолға алу;
4. Сауда және тұрмыстық қызмет көрсету жүйесін дамыту;
5. Өнім өндірушілердің ассоциацияларын ұйымдастыру;
6. Ауылдық округтің жоғары транзиттік және көліктік әлеуетін ескере отырып, жол бойындағы қызмет көрсету желісін дамыту;
7. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы кадрларды тарту, соның ішінде мектептерде кәсіптік бағдар беру және ауылдағы еңбек беделін арттыру.
SWOT-талдау
Мықты жақтары:
|
Әлсіз жақтары:
|
-Ауылдық жерлерде жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріледі
-Ауданда жақсы табиғи жағдайлар
- Диверсифицияланған ауыл шаруашылығы (сүт және етті мал шаруашылығы)
|
-Сату арналары жоқтығы
-Ауыл шаруашылығында мамандандырылған қызметкерлердің жетіспеушілігі
-Шикізат сатып алуға, жабдықтарды жеткізуге, өнімдер сатуға арналған логистика жоқ
|
-Экологиялық таза өнімдер
|
-Қауіпті ауыл шаруашылық аймағы
|
Мүмкіндіктер:
|
Қауіптер:
|
-Ірі жобаларды іске асыру, өндіріс нарықтарына бірлесіп шығу үшін фермерлер қауымдастығының ұйымдастыру
|
-АӨК мемлекеттік қолдау көлемін азайту
|
-Мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен шаралары арқылы ауылшаруашылығы техникасын жаңарту
|
-Туризм инфрақұрылымын дамытуға қаражаттың жетіспеушілігі
-Агроөнеркәсіптік кешендегі кадрлардың жетіспеушілігі
|
2.2 Әлеуметтік инфрақұрылым және қызметтер
Мақпалкөл ауылдық округінің әлеуметтік инфрақұрылымы қанағаттанарлық жағдайға ие, сондай-ақ негізгі қызметтер көрсетіледі. Әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылым қалалық инфрақұрылыммен салыстырғанда қанағаттанарлық деңгейде дамыған, бұл ауылдық жерлерге тән инфрақұрылымның төмен деңгейімен сипатталады. Округте 1781 адам тұрады.
Білім
Елді мекенде орналасқан 640 орындық мектеп ғимараты 1987 жылы пайдалануға берілген. №117 Ә.Оңалбаев атындағы орта мектебінде 70 мұғалім еңбек етуде. ҰБТ-ға 9 оқушы қатысып, 6 оқушы гранд иегері атанса,1 оқушы облыс әкімінің грант иегері атанды. 3 оқушы ақылы оқу орындарына түсіп, 2 оқушы бюджеттік бағдарлама арқылы, 1 діни курста білім алуда.
Елді мекенде орналасқан 140 орындық №15 “Балбөбек” бөбекжайы 1988 жылы пайдалануға берілген. №15 “Балбөбек” бөбекжайында 4 топ жұмыс жасап 85 бала тәрбиеленуде. Балабақшада-35 қызметкер жұмыс жасайды.Оның ішінде педагогикалық қызметкерлер саны- 15 (жоғары білімді-10, арнаулы орта білімді -5) техникалық қызметкерлер саны – 20.
Денсаулық сақтау
Ауылдық округте 10 орындық күндізгі стационарлық дәрігерлік емхана 2009 жылы пайдалануға берілген, емхана кіші бу қазандығы қатты отынмен жылытылады. Емханада жатып ем алғандар саны -105 адам.
Онда 1- жоғарғы білімді дәрігер, 10- орта білімді медбикелер, 1- жедел жәрдем көлігі халыққа қызмет көрсетеді. Ауылдық округ 8 учаскеге бөлініп дәрігерлер бақылауында, ересектер 1297, бала 513, жасөспірімдер 92 барлығы 1781 халық дәрігерлер бақылауында тұр. Тегін дәрі-дәрмек алғандар сан -314. 2017 жылы дүниеге келген нәрестелер саны – 31.
Спорт, мәдениет, бос уақыт
Мақпалкөл ауылдық мәдениет Үйі 1990 жылы салынған, сыйымдылығы 220 орындық. Кіші бу қазандығы қатты отынмен жылытылады.Ауылдық мәдениет Үйі бойынша 9 адам жұмыс істейді. 2017 жылдың 12 айы бойынша 17 рет түрлі іс-шаралар мен кездесулерге 1000 мыңнан астам адам қатысқан. Облыстық, аудандық байқаулардан жүлделі орындарға ие. Ауылдық кітапхана бойынша 1 адам жұмыс істейді. Кітап қоры 18570 дана.
Ә.Оңалбаев атындағы №117 орта мектебінің жанынан ашылған спорттық үйірмелер жетекшілерінің ұйымдастыруымен осы спорт алаңында футбол, баскетбол және басқа да түрлі спорттық жарыстар өткізіліп келеді. Ауылдық округ бойынша 42 жасөспірім спорттық үйірмеге қатысса, оның ішінде 5 жас спортшы спорт түрлерінен жүлделі орындарға ие болып жүр. Ауылдық округ бойынша спортпен шұғылданушылар саны - 123 адамды құрап отыр.
Әлеуметтік қызметтер және қамтамасыз ету
Ауылдық округте жұмыспен қамту Жалағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жүзеге асырылады, ол жұмыссыздарды жұмыс іздеуде және бюджеттік қаражат есебінен жаңа мамандық алуда қолдау көрсетеді. Ауылдық жерлерде тұрғын үй жағдайлары ауылдық жерлерге тән. Үйлердің көпшілігі пешпен жылытуға болатын жеке үйлер,азанғы мезгілде 2 сағат түстен кейінгі мезгілде 2 сағат уақытмен ағатын су құбыры бар. Ауылдық округтің 5 көшесінің жолдары жөндеу жұмыстарын қажет етеді.
Мемлекеттік қызметтер
Мақпалкөл ауылдық округінің әкімі аппараты бір мемлекеттік қызмет көрсетеді - «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру», яғни баламалы түрдегі КЕҰ-да және МК-да альтернативті түрде алуға болады. Анықтамада көрсетілген барлық ақпарат әкімдіктен беріледі. Мақпалкөл ауылдық ауылдық округінің әкімі аппаратында нотариалдық әрекеттер 4 қызмет түрі бойынша жүзеге асырылады (сенімхат, ерік, қолтаңбаның түпнұсқалығы және құжат көшірмесінің түпнұсқалығы), қызмет төлемі жекешеленген нотариустерден төмен.
Ауылдық әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудың келешегі:
1. Мәдениет және спорт мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жетілдіру.
2. Ауылға жастарды тарту, әлеуметтік және тұрмыстық жағдай жасау.
SWOT-талдау
Мықты жақтары:
|
Әлсіз жақтары:
|
Білім
|
-Білікті және жоғары негізделген қызметкерлердің болуы
-Мектеп оқушыларының санын көбейту әлеуеті
-Оқудың жоғары тиімділігі, білім сапасы
-Қолжетімді тағамдар
|
-Тұрғындардың тұрақты ауысу ағымы
-Ескірген материалдық-техникалық база
-Төмен жылдамдықтағы интернет
-Асхана бөлмелері жалға беріліп, тамақ құнына әсер етпейді
|
Денсаулық сақтау
|
-Жастарды жұмыс істеуге және арнайы жәрдемақымен өмір сүруге тарту
|
-Медициналық жабдықтардың болмауы (кардиограф жоқ)
|
Спорт , мәдениет және бос уақыт
|
-Ауыл тұрғындарының жаппай спортқа қол жетімділігі
-Халықтың денешынықтыру мен спортқа деген қажеттілігі жоғары
-Мәдениет үйі жұмыс істейді
|
-Т.Жүргенов ауылында спорт клубының жоқтығы
-Жастар үшін инфрақұрылым жоқ
|
Әлеуметтік сала
|
-Мемлекеттік қолдаудың әзірленген шаралары сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді
|
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың үлкен бөлігі, бұл халықтың да, ауылдық округтің да экономикалық әлеуетін азайтады
|
Ауылдық округ әкімдігінің жұмысқа орналастыру бойынша белсенді жұмысы жұмыссыздықты азайтуға мүмкіндік береді
|
Ауылдық округтан шыққан жастардың отандық және экономикалық жағдайларға байланысты кетуі
|
Мүмкіндіктер:
|
Қауіптер :
|
Ауданның медициналық мекемелерінде медициналық жабдықтарды жаңарту және ғимаратқа күрделі жөндеу жұмысын жүргізу
|
Әлемдік қаржы дағдарысы салдарынан әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға мемлекеттік қаржыландыруды қысқарту
|
Дене шынықтыру мен спорт инфрақұрылымын дамыту, бұқаралық спорт пен спорттың жоғары жетістіктерінің қолжетімділігін арттыру
|
Спорт клубының болмауы, жастардың спортқа деген қызығушылығын төмендетеді
|
Достарыңызбен бөлісу: |