1.4 Мұғалжар ауданының экономикалық-географиялық жағдайлары
Аудан облыстың индустриалды - дамыған аумағы, өнеркәсіптік өндіріс аудан экономикасының негізі болып табылады.
2018 жыл бойынша өнеркәсіп өндірісі өнімінің көлемі 431 662,7 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі-106,3% (облыс бойынша нақты көлем индексі-106,3%) [10, 1-б.].
Өнеркәсіп жұмысының негізгі көрсеткіштері
|
2010
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
Өнеркәсіп кәсіпорындары мен өндірістерінің саны
|
51
|
55
|
58
|
57
|
60
|
75
|
79
|
87
|
78
|
Өнеркәсіп өндірісі нақты көлемінің индексі, өткен жылға пайызбен
|
105,4
|
110,5
|
87,3
|
83,5
|
101,2
|
100,4
|
100,0
|
104,5
|
106,3
|
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі, млн. теңге
|
400,9
|
575,5
|
530,0
|
413,0
|
391,4
|
279,9
|
300,0
|
346.0
|
431,6
|
Аудан экономикасының жағдайы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру барысында жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда, аумақ территориясында орналасқан табиғи қорларды қолдана отырып дамыту мүмкіндігі бар өңдіру,өңдеу өнеркәсіптері және шаруашылықтың даму кезеңінде алғашқы секторы саналатын ауыл шаруашылығын дамыту басты назарда болып отыр.
Өнеркәсіп аумақтың экономикасының негізгі саласы болып табылады. Аймақтың өнеркәсіп дамуының позитивті тенденциялары соңғы бес жылдар аралығындағы өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсуімен байланысты. Өндірілетін өнеркәсіп негізін мұнай-газ өнімдерін өндіру қамтиды, аумақтың өндіріс потенциалының жалпы көлемінің ішінде өңделетін өнеркәсіптің еншісі 17,5% құрайды.
Жалпы, облыс аралық үлес көлеміндегі аудан өнеркәсібі көлемінің дара салмағы-28,5 пайыз, бұл деңгей облыстағы басқа аудандармен салыстырғанда аймақтың жоғары деңгейлі орындарды иеленуге мүмкіндік туғызып отыр [11, 216-б.].
Аудан үлкен аумақты алып жатқандықтан жер бедері күрделі,табиғи және шаруашылық жағдайы да сан қырлы. Аудан аумағы табиғи климат жағдайына қарай 2 табиғи зонаға бөлінеді:
І. Құрғақ далалық зона. Ауданның солтүстік бөлігінде, оған-Ақкемер, Еңбек, Ащысай, Жұрын, Талдысай, Қ.Жұбанов атындағы, Егіндібұлақ ауылдық округтері кіреді.
ІІ.Жартылай шөлейтті зона. Ауданның оңтүстік бөлігінде, оған – Батпақколь,Мұғалжар, Құмжарған, Құмсай, Қайынды өңірлері тек мал шаруашылығымен айналысады [13, 138-140-б.].
Ауданның ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2018 жылда өндірілген өнім көлемі 16 462,4 млн.теңге,оның ішінде мал шаруашылығы өнімінің көлемі 11450,8 млн.теңге болса, егіс шаруашылығының өнімі 5011,6 млн.теңгеге жетіп,нақты көлем индексі 103,8 пайызды құрады.
Ауыл шаруашылығының негізгі көрсеткіштері
|
2010
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметінің) нақты көлем индекстері
|
104,5
|
103,6
|
104,0
|
101,3
|
104,6
|
103,4
|
104,5
|
103,8
|
103,8
|
Ауылшаруашылық өнімдері,млн. теңге
|
6587,2
|
8498,9
|
9031,6
|
10363,0
|
10609,6
|
10300,4
|
9038,1
|
14153,6
|
16462,4
|
Егін алқабы, мың га
|
41,7
|
22,9
|
22,7
|
16,6
|
17,2
|
14,7
|
15,2
|
10,5
|
22,6
|
оның ішінде:
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
дәнді дақылдары
|
35,8
|
16,7
|
15,0
|
10,6
|
9,7
|
7,5
|
7,7
|
9,9
|
12,0
|
картоп
|
633,0
|
633,0
|
635,0
|
313,3
|
319,0
|
319,0
|
329,0
|
317,7
|
358.0
|
көкөніс
|
245,0
|
250,0
|
250,0
|
189,9
|
193,2
|
232,0
|
250,0
|
270,0
|
240,0
|
жем-шөп дақылдары
|
4,5
|
4,5
|
6,0
|
5,1
|
6,9
|
6,3
|
6,9
|
8,0
|
9,1
|
күнбағыс
|
550,0
|
700,0
|
800,0
|
346,0
|
100,0
|
300,0
|
6100
|
700,0
|
700,0
|
Мал шаруашылығының салалары
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ірі қара басы
|
42000
|
41208
|
41076
|
42716
|
42480
|
42600
|
42682
|
49124
|
49131
|
соның ішінде: сиырлар
|
18496
|
18500
|
19501
|
27000
|
25630
|
25700
|
25716
|
25716
|
25134
|
қой мен ешкілер
|
126000
|
128000
|
104669
|
119223
|
124955
|
125000
|
132400
|
152887
|
154063
|
шошқалар
|
1200
|
800
|
670
|
680
|
338
|
400
|
500
|
284
|
252
|
жылқылар
|
9900
|
10000
|
7883
|
8427
|
11508
|
11500
|
12300
|
12463
|
13196
|
түйелер
|
458
|
480
|
263
|
280
|
260
|
300
|
300
|
270
|
296
|
құс
|
53000
|
57000
|
56838
|
61000
|
64300
|
64300
|
64943
|
69570
|
68487
|
Өндірілген өнім, тонна
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
дән (тазалағаннан кейінгі салмағы)
|
-
|
6053,6
|
1963,0
|
2301,0
|
1485,0
|
1200,0
|
8229,4
|
8913,6
|
10693.1
|
картоп
|
7500,0
|
7278,0
|
7239,0
|
3941,1
|
4083,0
|
4000,0
|
4000,0
|
4013,0
|
4548
|
көкөніс
|
3733,3
|
2854,4
|
2726,8
|
2409,9
|
2459,1
|
2400,0
|
2440,0
|
2800,0
|
3066
|
күнбағыс
|
18,0
|
40,0
|
-
|
-
|
20,0
|
45,0
|
396,5
|
439,2
|
491
|
ет (сойыс салмағымен)
|
4185,2
|
4233,3
|
4455,5
|
4758,1
|
4856,8
|
5000,0
|
6018,0
|
8229,4
|
8913,6
|
сүт
|
28100,0
|
28500,0
|
28810,2
|
29133,7
|
29854,7
|
31000,0
|
40800
|
31807,6
|
32532,6
|
жұмыртқа, мың дана
|
5150
|
5188
|
5366
|
5346
|
5499
|
5700
|
6359
|
6366
|
6553
|
жүн
|
263
|
271
|
282
|
282
|
300
|
350
|
350
|
380
|
367
|
Мал басы бойынша 2018 жылы 49 131 мың бас ірі қара, 154 063 мың бас қой, 13 196 мың бас жылқы, 296 бас түйе, құс 68,5 мың бас құс және 252 бас шошқа саны тіркелді.(шошқабасы санының азаю себебі, бұл өнімге тұрғындар сұранысының төмендеуі) [14, 17-27 б.].
Бұл көрсеткіштердің былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғандағы өсімі, оның ішінде мал түрлері бойынша - ірі қара малы – 100%, қой-ешкі – 0,8%, жылқы - 5,9 %, түйе – 7,9% және құс саны 2,2 пайызды құрап отыр. Осы есепті кезең ішінде жалпы аудан бойынша 8 913,6 тонна ет, 32 532,6 тонна сүт, 6553,1 мыңдана жұмыртқа және 366,8 тонна жүн өнімдері өндірілді, барлық өндірілген өнімдер түрлері бойынша былтырғы жылдың сәйкес кезеңіменсалыстырғандағы өсімі тіркелді, оның ішінде ет көлемі - 8,3 %, сүт- 2,3 %, жүн 1,2% және жұмыртқа өнімдері - 2,9 пайызға жетіп отыр. Жалпы аталған сала бойынша ауданның барлық индикативтік жоспарлары толығымен орындалуда.
2018 жылдың ішінде 24 ірі қара мен 5 қой шаруашылықтары құрылып, 1029 бас ірі қара (102,9%), 1825 қой (60,8%) және 1123 бас (59,1%) бұқашықтары тапсырылып отыр. Ауданның ауыл шаруашылығына 368,1 млн.тенге инвестиция салынып, 2017 жылдың осы кезенімен салыстырғанда 3,5 есе артық салынып отыр.
Талдысай ауылдық округінде 3,0 мың бас ірі қара бордақылайтын алаңы (217,0 млн.тенге), мал сою алаңы (10,0 млн.тенге) ашылып қызмет көрсетуде.
Сонымен қатар сүт мал шаруашылығын дамыту мақсатында Ақкемер ауылдық округінде 50 басқа арналған сүтті-тауарлы ферма (50,0 млн.тенге) ашылып жұмыстарын жүргізуде. Келесі жылға осы округте шағын сүт өңдеу цехы ашылуы жоспарлануда.
Ауыл шаруашылық техниканы жаңарту барысында осы жылы 8 трактор,15 дана мал азығын дайындайтын ауыл шаруашылық техникалары сатып алынып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |