Мандибаева Лаура Сагидуллаевна



жүктеу 0,78 Mb.
бет1/23
Дата12.04.2023
өлшемі0,78 Mb.
#42118
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
22.06.20 Мандибаева Л.С. диссертация


Мандибаева Лаура Сагидуллаевна


АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ, МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
КІРІСПЕ

Республикамыздың экономикасында шаруашылық жүйесінің дамуы аса маңызды, өйткені уақыт талабымен шаруашылықтың даму кезеңдеріндегі экономикалық дағдарысты жоя отырып, саяси – әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы – бұл еліміздің экономикасын бірден-бір көтеретін салалар екені белгілі. Ең бірінші өнеркәсіп дегенде жер қойнауы табиғи қорларға бай, сол байлығымызды өңдіріп және өңдеп жатқан салалар, ауыл шаруашылығы десе, ұлан-ғасыр, кең аумақ ата-бабадан қалған жеріміз, сонда түлеп, өсіп-өніп жатқан малымыз мен табиғи қуаты мол ұлттық дәміміз еске түседі. Инновациялық қызмет, ғылым, техника мен технология және жаңа ақпарат әлемі экономикалық дамудың ұстанымы. Сол себептен ғылыми білім негізінде жүргізілген зерттеулер шаруашылықтың келешекте стратегиялық ресурс ретінде, инновациялық және ғылыми-техникалық дамуын тездетеді.


Өнеркәсіптік жүйе нарық сұранысын қамтамасыз ететін, экономикалық-әлеуметтік дамуды тұрақтандыратын кешен. Бұл кешен қоғамның қажеттілігін қанағаттандыратын, тіршілік үшін маңызды өнімдер өндіретін және экономикалық инновацияның шоғырлануы нәтижесінде күрделі даму жолынан өтіп келе жатқан шаруашылықтың түрі. Мемлекет экономикасының жағдайы, қоғамның әлеуметтік ортасының ахуалы және экономикалық ілгерілу бағыты өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуына тікелей байланысты. Экономикалық жүйені тұрақтандыру және индустриалды-инновациялық даму шаруашылық жүйесін қайта қалыптастырудың негізі. Сондықтан өнеркәсіп және ауыл шауашылық салаларын нарық сұранысына сай инновациялық дамыту жолдарын іздестіруге бағытталған зерттеу жұмыстары өзекті болып табылады.


Тақырыптың өзектілігі. Әлеуметтік - экономикалық даму жолындағы айырмашылықтарды жою, маңызы бар инвестициялық жобаларды іске асыру мемлекет құрамындағы әр облыс және сол облыс аумағындағы аудандар мен ауылдардың үлесі арқылы жүзеге асатын әрекет жүйесі. Инновациялық инфрақұрылымды инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы дамытады, бұл өз кезегінде әлеуметтік-экономикалық дамудың деңгейін көтереді және шаруашылық жүйесінің іс-әрекетін жақсартады. Қазақстан Республикасының бірінші Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың ең басты мақсаты» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында: «Қуатты Қазақстан дегеніміз - бұл ең әуелі өңірлердің қуаттылығы. Елдің болашағы экономикадағы келешегі зор салалардың дамуымен байланысты»- деп көрсеткендей мемлекетте жүргізілген саясаттың нәтижесінде Қазақстанның облыс және сол облыстағы аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуы ілгерілей бастады.
Республикамыздың әрбір облысы еліміздің шаруашылық жүйесінде белгілі бір орынды ала отырып, осыған қоса облыс аумағына кіретін аудандармен бірлесе экономикалық кешенді қалыптастырады. Облыс және облыс аумағындағы аудандардың географиялық, әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін, мемлекеттік саясат негізінде оның жүзеге асырылу бағыттарын, облыс және облыс аумағындағы аудандардың экономикасын тиімді басқару арқылы әлеуетін көтеру бүгінгі күнгі өзекті мәселе.
Қазіргі уақытта аудандардың дамуына көп мән беріледі, себебі сол аудандардың Қазақстан Республикасының экономикалық-әлеуметтік дамуына тигізетін үлесі зор. Елбасымыз Н.Назарбаевтың "Қазақстан -2030" стратегиясы мен жыл сайынғы жолдаулары, "Аймақты дамыту" бағдарламасы, "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы, "Даму-аймақтар ІІ" бағдарламасы, "Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы" сынды жобалар аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамыту жолдарын қарастырады.
Елбасымыз "Қазақстан-2050" стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа бағыты", атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке 2013 аудандарды дамыту негізін әзірлеуді тапсырды. "Рухани жаңғыру" және "Ұлы даланың жеті қыры " атты мақалалар да ел болашағын дамытуда маңызды істерді жүзеге асыруды көздейді.
Шекарамен шектес аудандарды, ауылдарды дамыту - бұл ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Шекарамен шектес аудандардың жағдайы нашар болса, тұрғындар басқа жаққа көшіп кетуі мүмкін. Сондықтан да аудан тұрғындарын ұстап қалу үшін аудандарды дамыту қажеттілігі туындап отыр.
Аудандардың дамуы, көркеюі, жаңа моноқалалардың пайда болуы Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері экономикалық жағдайлар жүйесіндегі шешуді қажет ететін проблема болып отыр.



жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау