Ұлттық ТӘрбие негізі -балабақшада әдістемелік қҰрал



жүктеу 0,66 Mb.
Pdf просмотр
бет14/25
Дата19.11.2018
өлшемі0,66 Mb.
#21015
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25

 
-3 асықтың тапсырмасы: Сүт тағамына байланысты ырымдар мен тыйымдар. «Жерге төгілген ақты 
басуға болмайды, егер төгілсе ол жерге тұз себеді», «Сүтті, қымызды үрлеп ішпейді, майлылығы 
азаяды» 
 
4 асықтың тапсырмасы: Ыдысқа байланысты ырымдар мен тыйымдар. 
 
«Қонаққа сынық кесемен шай құюға болмайды», «Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды», 
«Тағам салынған ыдыстың бетін ашық қалдыруға болмайды» т.б. 
 
Жұмыс барысы түсіндіріледі: Ендеше қазір біздің бейнелейтін суретіміз торсық. Суретін көрсету. 
Торсық суретінің салу жолы түсіндіріледі. 
 
-Трафареттің көмегімен бастырамыз. Ақ парақты тігінен қойып, сол қолымызбен трафаретті басып 
отырып, қарындашпен жиектеп жүргіземіз. 
 
Торсықтың ішіне ботакөз оюын саламыз. (ою суреті көрсетіледі) 
 
«Ботакөз» оюы ботаның көзіндей мөлдіреген, геометриялық пішінде ромбқа ұқсас пішін. Жеңіл 
жағыс түрін пайдалану. Салған суретіміз әдемі, таза болу керек. Енді, балалар шаршаған 
боларсыңдар, бой сергітіп алайық. 
 
Орнымыздан тұрайық 
 
Қолымызды созайық 
 
Оңға қарай иіліп 
 
Солға қарай иіліп 
 
Белімізді жазайық 
 
Айналаға қарайық 
 
Біз тынығып алайық 


 
Әсем сурет салайық 
 
-Балалар саппен жүріп сурет сабағына отырады. Осы кезде «Ата толғауы» күйі орындалып тұрады. 
Балалар жұмысқа кіріседі. Сурет салып болған соң балалар, әр бала өз суреті жайлы сөйлейді. 
Мысалы: Ұшақ суретін салып, аспанға ұшар едім. Аттың суретін салып, алысқа атпен шабар едім 
деген сияқты. т.б. 
 
-Суретке қандай түс пайдаландың? 
 
-Сурет саған несімен ұнайды? 
 
-Бұдан басқа қандай сурет салар едің? 
 
-Сендерге сурет салған ұнай ма? т.б 
 
Қорытындылау: Балалар тостаған, торсық деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр? ( Т –
дыбысы) Дауысты ма, дауыссыз ба екенін ажыратады, Т –дыбысына байланысты сөздер келтіреді. 
 
Дидактикалық ойын: «Өрнектерді кім тез тауып айтады»? 
 
 
Тәрбие сағаты Салт –дәстүр алтын қазына 
 
 
Мақсаты: 
 
    Балалардың бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіру,ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі 
алдыру 
 
    Ана тіліне деген қызығушылықтарын арттыру 
 
    Балаларды ұлттық салт дәстүр үлгісінде тәрбиелеу. 
 


 
Көрнекілігі: нақыл сөздер, мақалдар, жұмбақтар 
 
Түрі: дәстүрден тыс сабақ 
 
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі 
 
Құрметті қонақтар балалар ! Бүгінгі тәрбие сағаттының негізгі мақсаты-өз халқымыздың салт-
дәстүрлері ,асыл қазыналары туралы балаларымызға ,түсіндіріп,бойларына сіңіру. 
 
Бала тәрбиесіне жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп,оның сәтті қағидалары мен ережелерін 
жасағандардың бірі –өзіміздің қазақ халқы.Қай сөзін оқып мән берсек ,астарында терең ой 
жатады.халқымыздың көнеден келе жатқан салт –дәстүр әдет ғұрып үлгілері мен өнері соның 
айғағы.қазір сіздер осы айтылғандарыдың шағын болса да куәсі боласыздар. 
 
 
1-бала: 
 
Туған соң адам боп, 
 
Білімсізден жаман жоқ 
 
Ел дәстүрін білмесең 
 
Жұрт айтады надан -деп 
 
 
2-бала : 
 
Ата-бабаң ардақты 
 
Жамандыққа бармапты 
 
Ардай тұтып үлкенді 


 
Ата жолын жалғапты 
 
3-бала 
 
Бауырласқан тәніміз 
 
Бұзылмаған антымыз 
 
Кең даланың ежелгі 
 
Қазақ дейтін халқымыз 
 
Өзге ұлттай біздің де, 
 
Бар дәстүр мен салтымыз 
 
 
Би: «Киіз басу» 
 
 
Көрініс : «Сүйінші!» 
 
 
Қуанышты жеткізуші бала «Сүйінші! Сүйінші! –деп келеді. Мұндайда қуанған бала,үй иесі 
:«Қалағаныңды ал!»-дейді Бұл шын қуануды ризашылықты білдіреді. 
 
Ендігі кезекте салт –дәстүр туралы әңгімені балалардың ата –аналары баяндайды. 
 
 
1.Ата-ана : 
 
 


Шашу –қуаныш хабар ретінде жасалатын салтанатты дәстүр Бала дүниеге келгенде келін түскенде 
,құда кеогенде осындай қуанышты кезде әжелеріміз тәттілер шашады. 
 
 
2. Ата-ана: 
 
 
Үйге келген қонақты құрметтепқарсы алып,мал сойып,қонақақсы беру-жомарттықтың,елдіктің 
белгісі. 
 
3.Ата ана : 
 
Сәлем беру Алыс жолдан келген жолаушы немесе сол елдің баласы ауыл ақсақалдарына немесе 
белгілі адамдарға әдейі іздеп келіп сәлем береді. 
 
Енді ата –аналар тобы дайындаған «Тұсау кесу» рәсімінен көрніс. 
 
 
 
Тақырыбы: «Босағана қонақ келсе, бақыт төрге шығады.» 
 
Мақсаты: 
 
Білімділік –балалардың тіл дамыту сабағында алған білімдерін тәлім- тәрбие мақсатында 
жасалатының ескере отырып, халықтық салт-дәстүрлерді еске түсіріп, оларды жандандыра шығу. 
 
Дамытушылық – балалардың сөздік қорларын байыта отырып, іс –әрекетінде, өз –ара қарым – 
қатынастарында сөйлесу әрекеттерін дамыта отырып, дүние тану көзқарастарын қалыптастыру. 
 
Тәрбиелік- балаларды туған жердің салт- дәстүрлеріне, қонақжайлыққа тәрбиелеу. Қазақ 
халқының тұрмыстық мәдениетінің ізгілікті рухын сезіндіру. 
 
Сабқтыңтүрі: Дәстүрлі емес, театрланған, интеграциялы, жанды сабақ. Сабақтың типі : Аралас. 
 


Көрнекілігі : Ұлттық дәстүрде безендіру, ұлттық ыдыстар, тағамдар, суреттер, плакаттар, 
балалардың ұлттық үлгіде киімдері, ұлттық әшекейлер,бұйымдар. 
 
Сабақтың барысы: І –тәрбиешінің кіріспе сөзі: 
 
а)ұйымдастырылған іс-әрекеттің барысымен, мақсатымен таңыстыру 
 
б) рольдерді бөліп беру.. 
 
ІІ Қонақтарды қарсы алу дәстүрі. 
 
а) амандасу, қонақтарды жайғастыру 
 
ІІІ –« Сусын ішкізу» 
 
ІҮ- «Табақ тарту» 
 
Ү- « Домбыра шерту» 
 
ҮІ- Қонақтарды шығарып салу. 
 
а)Сый-сипат көрсету. 
 
б) қоштасу. 
 
ҮІІ – Балаларға үй тапсырмасын беру. 
 
ҮІІІ - Қорытындылау, бағалау 
 
І –тәрбиешінің кіріспе сөзі: 
 


жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау