Күйтабақта әуен ырғағы баяу ойналады.бастапқы нұсқау беріліп,балалар іштерінен үшке дейін
санап,көздерін жұмады.
«Бәріміз жайлауға барайық. Біз жайлауда келе жатырмыз. Ауа райы тамаша,күн ашық екен.
Қандай әдемі! Айнала көк орай шөп,әдемі гүлдер.Балалар ,анау жерде киіз үй көрінеді.Сонда
барайық.Қараңдаршы қыздар киіз үйді әдемі оюлармен әшекейлеп жатыр,түстері қандай
әдемі!өздерінің көңіл-күйлеріңе сәйкес ою түстерін естеріне сақтап алыңдар.Жеңіл ,терең және
бірқалыпты тыныс алыңдар.Бізге қайтуға тура келеді.Үшке дейін санағаннан кейін көздеріңді
ашасыңдар»
Міне, балалар,біз жайлауға саяхат жасап келдік.Енді мына үлкен киіз үйді өздерің тандап алған ою
түстерімен әшекейлейік .Үстелдегі қиылып дайын тұрған оюларды алып,киіз үйге жапсырады.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз
Керегені құрамыз
Уықтар боп иіліп
Киіз үйді құрамыз
Мағынаны тану
Тәрбиеші балаларды жұмсақ кілемнің үстіне отырғызып,«қызды сыйлау»төңірегінде
әңгімелесетінін хабарлайды.Балалар қарым –қатынастың маңызы туралы айтылған кездесуден
үйренгендерін естеріне түсіріп,қайталайды.Ұлдар өздерін нағыз ер жігітерше ұстаулары
керек.Қыздарға әркез де көмектес,қызды жәбірлеме,қызға айғайлама, шашынан тартпа,қол
көтерме,қыздар өздерін сыпайы ұстаулары керек: өте қатты айғайлап сөйлеме,қатты
күлме,ұлдардың көрсеткен көмегі үшін ризашылығыңды білдіріп,рахмет айт.Балалар қыздарды
төрге шығарыңдар.Атам қазақ қыз баланы өте құрметтеген.Қыз баланы босағаға
отырғызбаған.Сондықтан қыздарды төрге шығарып ,әруақытта сыйлай біліңдер! Сыйластық деген
жақсы болады.Қыз бала әдепті сақтап бір тізерлеп отырған./тәрбиеші қимылмен көрсетеді/
М.Төрежановтың «Өнегелі қыз»деген әңгімесін оқып береді.
Ребус шешу
Тәрбиеші қыздардың аттары жасырылған ребус шешкізеді.
+
+
Ай +гүл , Алма+гүл
Қыздар туралы қандай мақал мәтелдер білесіңдер ?
Қыз –қуыршақ,
Бала құлыншақ.
Анасы тұрып,қыз сөйлемеген,
Атасы тұрып,ұлы сөйлемеген.
Анаңа ауыр сөз айтпа
Гүл өссе –жердің көркі,
Қыз өссе –елдің көркі
Тәрбиеші
Міне бүгін қыздар жайында «Қызды сыйлау » деген тақырыпта әңгіме құрастырамыз.Көптеген
суреттер көрсетіледі.Сол суреттер бойынша балалар әңгіме құрастырады.
Кездесуде не өткенін қандай жақсы істермен қандай мақалдармен,ребус, тыйым сөздермен
танысқандықтарын сұрап,сабаққа белсене қатысқан балаларды атап өтіп,сабақты аяқтайды.
Тақырыбы: Қазақтың ұлттық зергерлік әшекейлері»
Сабақтың мақсаты : қазақтың ұлттық әшекейлерімен оның жасалу қолдану жолдарымен
таныстыру.Зергер туралы түсінік ,зерлеудің жолдарын игеруге баулу .Белсенді сөздік қорын ,тіл
байлықтарын байыту ,ұлттық өнерді игеру құрметтеу.
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту ,көркем әдебиет ,бейнелеу ,математика еңбек.
Көркіліктер: Ұлттық зергерлік әшекейлер,ұстаның құралдары,түрлі түсті суреттер.
Сабақ барысы:
1.Кіріспе
-Балалар бүгін сабағымыздың тақырыбы: «Қазақтың ұлттық зергерлік әшекейлері»
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі ?
-Көктем мезгілі
-Дұрыс қандай ай?
-Наурыз айы?
-Аптаның нешінші күні?
-Аптаның үшінші күні ,сәрсенбі.
-Балалар өткен сабақта қол өнердің қандай түрімен таныстық?
-зергерлік бұйымдармен таныстық.
-Зергерлік бұйымдардың қандай түрлері бар екен?
-Қамшы,құйысқан,жүген,ер,белбеу.
-зергерлік бұйымдар неден жасалады?
-Қайысмтан
-темірден
-ағаштан
2.Негізгі бөлім
Біз бүгін зергерлік әшекейлермен танысамыз.
Зергерлік әшекейлерге сырға,шашбау,алқа,жүзік,білезік,шолпы жатады.Балалар өзіміз отырған
киіз үйдің ішінен қандай қол өнер бұйымдарын көріп отырсыңдар?
-Тұскиіз
-Сырмақ
-Киіз
-Қоржын
Осы бұйымдар қалай жасалған екен?
-Оюлап жасалынған
-Дұрыс ,енді осы тұскиіздегі сырмақтағы қоржындағы киіздегі оюларды зергерлік әшекейлерге
көшірсек зер болып төгіледі.Зергерлік әшекейлерді зерлеп жасайды екенбізЕнді бізге казір 1ші
топ өзінің зергерлік әшкейлерін көрсетеді.
-Қандай әшекейлерді көрдіңдер?
-Сырға жүзік ,білезік шашбау ,алқа./балалар көрген әшекейлерін айтады/
Балаларға зергерлік әшекейін таратып беремін
-Зергерлік әшекейлердің көлемі қандай екен?
-Дөңгелек
-Үшбұрыш
-Төртбұрыш
-Сопақша
-ромб
-Дұрыс айтасыңдар, әшекейлердің көлемі әр түрлі екен,қандай зер төгілген екен?
-Құс қанаты
-құс тұмсық
Қошқар мүйіз
Сергіту сәтінде балалар киіз басу биін билейді
-Балалар Біз қазір «Шеберхана «ойнын ойнаймыз.Мен шебер боламын,ал сендер менің
шәкіртерімсіңдер.Мен сендерге зергерлік әшекейлерді жасаудың жолын үйретемін?
/Шебердің еңбегін көрсеткеннен кейін,балалардың өздеріне жасауын ұсынады/
-Сендердің жұмыстарыңа көмектесу үшін мен сендерге еңбек туралы өлең айта отырайын.»Ата
толғауы» күйінің әуені бірқалыпта ойнап тұрады.Ал тәрбиеші М.Кәрбозиннің «Бақыт деген не?
«деген тәрбиелік мәні зор өлеңін айтып отырады.Өлеңде сөз болған мамандық иелерін
балалардан сұрау арқылы түсінігін бекіте түседі.
-Құрлысшы.
-Халыққа жылы үй салушы
-Отыншы
-Үйлердің отын жағушы.
-Дәрігер
-Халықтың денсаулығын сақтаушы
-Аспаз
-Дәмді тамақ баптаушы
-Мұғалім
-балаға білім беруші
Достарыңызбен бөлісу: |