Семинарында: «Терең білім-ел дамуының өзегі»



жүктеу 58,5 Kb.
Дата21.12.2019
өлшемі58,5 Kb.
#24728
түріСеминар

Шығыс Қазақстан облысы

Катонқарағай ауданы

Жамбыл ауылы

« Жамбыл орта мектебі» КММ


Аудан көлемінде өтілген:

«Жаңартылған білім мазмұны-заман талабы» семинарында: «Терең білім-ел дамуының өзегі» атты Халықаралық ашық ғылыми конференцияда жасалған оқушының ғылыми жобасы негізінде биология пәні мұғалімдерімен өтілген шебер сынып.

Тақырыбы:
«Ғылыми жоба жұмыстарын жазу кезінде қойылатын талаптар».
Өткізген:

биология пәні мұғалімі

Р.О. Аугонбаева.
2018 жыл. Сәуір айы.
«Жамбыл орта мектебі»КММ. 2017-2018 жыл. 5-сәуір.

Семинар тақырыбы:

«Жаңартылған білім мазмұны – заман талабы».

Мақсаты: «Жаңартылған білім мазмұнындағы критерийлі бағалау және оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалану».
«Терең білім-ел дамуының өзегі» -атты Халықаралық ашық ғылыми конференцияда жасалған оқушының ғылыми жобасы негізінде

шебер-сынып:

Керекті ресурстар:

  1. Корзинаға салынған 4 түсті 20 дана гүл, столға ваза гүлімен.

  2. Слайдтар

  3. А3 қағаз, түсті фломастерлер, стикерлер

  4. Критерий парағы

  5. Ғылыми жоба толық мәтіні

  6. Қосымша мәліметтер

  7. Цифр жазылған карточка


Сабақ тақырыбы:
«Ғылыми жоба жұмыстарын жазу кезінде қойылатын талаптар».

Сабақ мақсаты:
- 1. Оқушы жұмысын таныстыру кезінде ғылыми жобаның жазылу талабын қалай қолданғанын , ғылыми жобаны қорғау әдісін көру.
-2.Ғылыми жоба жұмысының жазу талабының негізгі кезеңдері және жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар критерийі бойынша дескриптор жасап үйрену


Қолданған әдіс-тәсілдер:

  • Постер жасау, топтық жұмыс, дескриптор жасау, кері байланыс,

«Мозайка» әдісі, рефлексия.


1. Ұйымдастыру:

-Келген мұғалімдермен сәлемдесу



  1. Ортаға вазаға салып 4 түсті гүлдерді қою, сыныпқа кірген мұғалімдер таңдаған гүлін алып, таңдаған адамдарымен жұптасып тұрады, бір-біріне тілек айтып, гүлін сыйлайды.

  2. Гүл алған мұғалімдер столға қойылған гүл түстерімен 4 топқа бөлініп отырады.


Сабақ барысы:
1. Сабақ жүргізілу барысын таныстыру:

-Бүгін білім саласында үлкен өзгерістер болып жатыр. Бұл өзгерістер мұғалімдерге міндеттер мен жауапкершілік жүктеуде. Осындай міндеттің бірі, қабілетті оқушыны шағын ғылыми зерттеу жұмысымен айналысуға бағыттау болып табылады. Сол себепті, бүгін өзімнің іс тәжірибеммен бөлісу және шебер сынып өткізу бағытында жұмыс ұйымдастырып отырмын.Бүгінгі сабақта оқушыны ғылыми зерттеу жұмысымен айналыстыруда жұмысты қалай бастап- аяқтау керектігі жайында мұғалім білуге тиісті талаптармен өз білгенім бойынша тәжірибеммен бөлісемін.



  1. Мұғалімдермен жұмыс:

тапсырма:-Постер жасау:

1,2 топқа:



-Ғылыми жоба жұмыстарын жазу кезінде талап етілетін негізгі кезеңдері қандай?
3,4 топқа:

-Ғылыми жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар қандай?

- соған постер жасау


( мұғалімдер алдарындағы А-3 қағазына өз білетіндерін жазады.

Ескерту : жазу кезінде тек көк түсті ғана пайдалану)

(3мин.)

  1. Мұғалімдер өз өнімдерін –постерін- қорғайды.

  2. Сабақ тақырыбын таныстыру (слайд)

Тақырыбы: «Ғылыми жоба жұмыстарын жазу кезінде қойылатын талаптар»

  1. Сабақ мақсатын таныстыру:

- 1. Оқушы жұмысын таныстыру кезінде ғылыми жобаның жазылу талабын қалай қолданғанын , ғылыми жобаны қорғау әдісін көру.

-2.Ғылыми жоба жұмысының жазу талабының негізгі кезеңдері және жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар критерийі бойынша дескриптор жасап үйрену.

6.Сабақ барысы:

а) –Алматы қаласында өтілген «Терең білім-ел дамуының өзегі» -атты Халықаралық ашық ғылыми конференцияда оқушы жасаған жобасымен таныстырады.

Мұғалімдерге тапсырма:

-Оқушы жобасын қорғау кезінде ғылыми жобаға қойылатын талаптар қалай қолданғанын байқау, назар аудару.


7.Оқушының жоба жұмысын таныстыруы және қорғауы.

(10мин.)

8.Мұғалімдермен жұмыс:



-Бүгінгі семинар тақырыбы:

«Жаңартылған білім мазмұны – заман талабы».

Мақсаты: «Жаңартылған білім мазмұнындағы критерийлі бағалау және оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалану». Сондықтан, критерийлі бағалау сабақтың ажырамас бөлігі.Қазір, сіздерге материалдар беремін соны пайдаланып, берілген критерий бойынша дескриптор жасайсыздар.

Ұсыныс: - жазылған ғылыми жобаның толық мәтінін, қосымша материалдар, критерий жазылған беттер тарату, осыларды пайдаланып берілген критерий бойынша,

дескриптор жасайды.

( 5 мин. )

8.Сабақ басындағы постерді қайта беру, соны басқа түспен толықтырады



9. Топтар өнімді «Мозайка»- әдісімен қорғайды.

-әр топқа 1-5-ке дейін цифр жазылған карточка таратам, сосын № 3 не №4 –ші топтан біреуіне 1-5-ке дейінгі аралықта бір сан ата деймін

М: 3 десе №1,2 –ші топта отырған 3-і нөмірлі екі адам бірігіп, 1мин. ақылдасып, өз өнімдерін қорғайды.


- Осы №1,2 топтың атынан шыққан 2-екі мұғалімді №3,4 топ мұғалімдері:

- «Оң қол, сол қол» әдісімен кері байланыс жасайды , яғни бағалайды.

(қосары болмаса, келіссе оң қол, келіспесе қате болса сол қолды көтереді. )
-Дәл осылай №1,2 топтан біреуі бір сан айтады, сонда №3,4 топтан екі адам шығады да өз өнімдерін қорғайды.

- №3,4 топ өнім қорғайды


№1,2 топ «Мадақтау сэндвичі» әдісі бойынша кері байланыс жасайды. (3түсті стикер бірінің үстінде –бірі тұр, қызыл-келіседі,

жасыл-келіседі, бірақ ұсынысы бар,

сары-маған түсініксіз.....)
10. Өз-өзін бағалау яғни өз-өзіне кері байланыс жасайды.

-Ол үшін дайын дескрипторлар, жауаптар беріледі. Салыстырады, неден қателесті, не дұрыс дәлелдейді.



11. Рефлексия:

«3 минуттық үзіліс»: - әдісі арқылы бүгінгі шебер сыныпқа кері байланыс жасаңыздар:

( сабақ бойы не ұққанын ой елегінен өткізуге 3мин. үзіліс беріледі, мына фразалар ұсынылады)-

-Мен....... туралы көзқарасым өзгерді...... .

-Мен ....... жайлы хабардар болдым......... .

-Менің....... жайлы айқын түсінік қалыптасқан тұсы.............. .

-Мені .......... таң қалдырғаны........ .

-Мен............. түсіне алмағаным.......... .

12.Қорытынды (слайдпен)

Бағдарлама-оқу мақсаты-критерий- ДЕСКРИПТОР.

Криитерийлі оқыту дегеніміз- оқушыны білімділік, іскерлік, шығармашылдық әдіске баулу, мұғалім-шәкірт бірлестігі қалыптасу, жаңа педагогикалық технологиялар қолдану, оқуды бағалау, оқу үшін бағалауды ұйымдастыру, оқушы жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі, оқуға алдын ала белгілі критерийлер мен оқушының оқу жетістігін салыстыруға негізделген үдеріс.

«Егер де балаларды -гүл деп елестетсек..... . Онда гүлдер- суммативті бағалауға жатады, себебі біз оны көреміз, өлшейміз. Өлшеу нәтижелерін салыстыру және талдау қызықты болуы мүмкін, дегенмен бұл өсімдіктің өсуіне ықпал жасамайды. Ал, өсімдіктердің қажеттіліктеріне сәйкес күту, жерін жұмсарту және суғаруға эквивалентті болып табылатын бағалаудың түрі, ол –формативті бағалау, бұл болса өсімдіктердің өсуіне ықпал етеді».

(Жаңа Зеландия. Білім беру Миністірлігі 2009ж.)


-Құрметті әріптестер, мен сіздерге «2жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша кері байланыс жасаймын. 1-жұлдыз: -сіздер өте белсенді жұмыс жасадыңыздар, 2-жұлдыз:-ғылыми жоба қорғап, жұлдызы жарқыраған шәкірттеріңіз көп болсын,

1-тілек: іс-тәжірибемен көбірек бөлісейі

1,2 топтың тапсырмасы.




Критериий


Дескриптор


Ғылыми жоба жұмысын жазу талабының негізгі кезеңдерін

білу





  1. Проблеманың өзектілігін табады

(нені зерттейтінін анықтау)


2. Зерттеу саласын анықтайды


3.Зерттеу тақырыбын таңдайды



4.Зерттеу әдісін біледі



5.Зерттеуді жүйелі жүргізеді



6.Ақпарат жинайды


7.Жинақталған материалды талдайды, реттейді


8.Жұмысты рәсімдейді




9.Жұмысты қорғайды, баяндайды


1 топ:



«Ғылыми жоба жұмысын жазу талабының негізгі кезеңдерін білу» - критерийінің бағалау дескрипторы:

Дескриптор:


  1. Ғылыми жобаның 9 кезеңін көрсетеді

  2. Ғылыми жобаның негізгі кезеңдерін ретімен жазады

  3. Сөйлемдер 3-4 сөзден құралады

  4. Әдемі жазумен жазылады

2 топ:

«Ғылыми жоба жұмысын жазу талабының негізгі кезеңдерін білу» - критерийінің бағалау дескрипторы:

Дескриптор:


  1. Ғылыми жобаның 9 кезеңін көрсетеді

  2. Ғылыми жобаның негізгі кезеңдерін ретімен жазады

  3. Сөйлемдер 3-4 сөзден құралады

  4. Әдемі жазумен жазылады

3- топ:



«Ғылыми жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптарды білу» - критерийінің бағалау дескрипторы:

Дескриптор:
1.Рәсімдеудің 12 бөлімін көрсете алады

2. Рәсімдеу талабының жүйелігі сақталады

3. Түсінікті, толық етіп жазылады

4- топ:



«Ғылыми жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптарды білу» - критерийінің бағалау дескрипторы:

Дескриптор:
1.Рәсімдеудің 12 бөлімін көрсете алады

2. Рәсімдеу талабының жүйелігі сақталады

3. Түсінікті, толық етіп жазылады

3,4 топ тапсырмасы.





Бағалау критерийлері

Дескриптор


Жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптарды

білу

1.Жұмыс мәтіні 14 шрифпен теріледі



2.Титул бетінде мекеме, қатысатын орын, тақырыбы, автор, жетекші аты- тегі, жылы көрсетіледі



3.Тезисі 1 беттен аспайды


4.Мазмұны жазылады


5.Аннотация (мақсаты, міндеттері, болжамы, нәтижесі) жазылады


6.Кіріспе 2бет (өзектілігі, зерттеу обьектісі, пәні,жаңалығы,тәжірибелік маңызы, зерттеу материалдары мен әдістері, нәтижесі) болады


7.Жұмыстың негізгі зерттеу бөлігі 15-20 бет, мазмұнға сай жазылады


8.Әдебиеттерге сілтеме нөмірленіп, жақшаға алынады



9.Қорытынды 1-2 бет болады


10.Алдағы жоспар көрсетіледі

11.Әдебиеттер: авторы,шыққан жылы,баспасы,беті, нөмері көрсетіледі


12.Ғылыми жетекшінің рецензиясы 1 беттен аспайды

4- топ тапсырмасы: берілген критерий бойынша дескриптор жаса.





Бағалау критерийлері

Дескриптор


Жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптарды

білу


2- топқа тапсырма: берілген критерий бойынша дескриптор жаса.




Критериий


Дескриптор



Ғылыми жоба жұмысын жазу талабының негізгі кезеңдерін

білу




жүктеу 58,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау