Ұлттық ТӘрбие негізі -балабақшада әдістемелік қҰрал



жүктеу 0,66 Mb.
Pdf просмотр
бет22/25
Дата19.11.2018
өлшемі0,66 Mb.
#21015
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

Мына жерде жылқы бар 
 
Мына жерде жылқы бар 
 
Мына жерде түлкі бар - деп баланың білегінен қолтығына дейін түртіп ең соңында мына жерде 
күлкі бар –деп сәл ғана қытық-қытық! Қытықтайды 
 
 
Хан талапай. 
 
Бұл отырып ойналатын,негізінен қыз балаларға арналған ойын.Оған төрт-бес үміткерден 
қатысады.Ойын үшін он асық таңдап алынады.Он бірінші асықтардан ерекше өзге түске (қызыл,не 
көк) боялған болуы шарт бір-бірден асық үйірусіудің қорытындысы бойынша ойыншылар 
кезектерін бөліседі.Бұдан соң алғашқы ойыншы қос уыстай ұстаған бар асықты ортаға үйіруі 
керек.Қалған ойыншылар аңдысын аңдап өзге асықтардан ерекшеленген «ханға» 
қадалады.Себебі,хан алшы түссе,барлығы тарпа бас салып, ортадағы асықтарды,хан талапай 
жасауы тиіс.Хан кімнің қолында кетсе,келесі үйірі кезегі соған беріледі екен,хан мен бірге қолына 
ілінген асықтардың санына қарай ұпай жазылады. 
 
Хан алшы түспеген жағдайда үйірген ойыншы шашылған асықтардың бүгі мен бүгін, шігі мен шігін 
,алшысымен-алшысын тәйкесімен мен тәйкесін бір-біріне соғып,кенейлер бір-біріне тимей 
қалғанша ұпай жинайды.Көздеген асығы үшінші бір асыққа тиіп кетсе,немесе бөгде асықты қозғап 
қалса да,ойынның бұзылғаны.Онда кезек келесі ойыншыға беріледі.Осы ретпен әр ойыншы 
жинаған асығының санына қарай ұпай жинайды. 
 
Межелі ұпай санын (100 не 50 немесе 80-40) ойын жүргізуші алдын ала белгілейді.Межеге бұрын 
жеткен ойыншы жеңімпаз болып саналады. 
 
Ескерту: Асықтарды бір-біріне тигізу кезінде қолмен сүйретіп апаруға ,орыннан қозғап түзетуге бол 
майды.Ойынның соңына дейін ханға бірде- бір асық тимеуі керек.Себебі ол –хан. 
 
 
Аударыспақ 
 
Қазақтың кәдімгі ұлттық ойын спорт ойыны.Қарапайым бөренеден «ағаш ат» жасаудың еш 
қиындығы жоқ.Екі жақ басы берік тұғырға бекітілген биіктігі бір-бір жарым метрдей (балалардың 
жасына қарай) ұзындығы 70-80 сантимертдей бір –біріне қапталдас орыналасқан «ағаштардың» 
ара қашықтығы екі жақтан созылған қол ерін жектетіндей болса жеткілікті..Оларға мінген 
«шабантоз» балалар бір-біріне қарама қарсы отырып қол ұсасады.Төрешінің белгісімен бірі-бірі 


тартып,не итеріп,әйтеуір қай айласын,не күшін асырғаны қарсыласын»ағаш аттан» аударып түсуі 
шарт.Аяқты жерге ағаш атқа тіреуге болмайды.ойын шарты бұзылады.Ағашаттын құлағанда 
айналасына құм немесе ағаш үгінділері төселу керек. 
 
 
Теңге ілу. 
 
Ойынға қатысушылар тепе-тең екі топқа бөлінелі.Әр қайсысы жеке-жеке шыбықтан ат мінеді. 
 
Ойын кезгі басталатын жерге сызық сызылады.Одан әрі 20-30 метрдей жерден тереңдігі бір 
қарыстай екі шұңқыр қазылады.Шұңқырға он-оннан тас салынады.Содан екі топтан екі саыскер 
шығады.сызыққа келіп қатарласып тұрады.Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын 
құйыңғытып,шаба жөнееді.Сол беттерімен әлгі шұңқырға тжетіп қол соғып жібереді де, тасты іліп 
алып,әрі қарай шауып кете барады, шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды. 
 
Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі.Қай топ көп ұпай жинаса,сол 
топ жеңеді 
 
 
Санамақ 
 
Көпшілік қатысады.Ойынның шарты: ойын бастаушы қатысушы бір адамды ортаға алып 
шығады.Ол адам бір тектес атау сөзден жаңылмай,кідірмей аттап жүріп айтуы керек.Тоқтамай 
қателеспей айтып шықса,жүлде алады.Егер қателессе ойыннан шығады.Мысалы: жаңылмай 10 
ақынның немесе 10 өзеннің атын атауы керек. 
 
 
Орын тап. 
 
Екі жұп арқасын түйістіріп қойған екі орындыққа айналып музыканың сүймелдеуімен 
билейді.Музыка кілт тоқтағанда, тұрған екі орындыққа отырып үлгеруі керек,орын алмай бос 
қалған екі адам айып төлейді, ән салу,би билеу, жұмбақ , жаңылтпаштар қайту. 
 
Ата анаға ұлттық тәрбиеден кеңес 
 
Әр шаңырақтың қарапайым, салтанатты түрде атап өтетін мереке, тойлары бар. Олардың 
кейбіріне көп қонақ шақырылса, кейбіріне ең жақын туған-туыс, көрші-көлем ғана келеді. Той – 


қуаныш-қызықты бірге бөлісу үшін ағайынның басын қосу, туған-туысты ынтымақ-ырысқа шақыру, 
өзара қарым-қатынасты нығайту, ұлттық салт-дәстүрді ұлықтау. Алайда мал-мүлік шашып, атын 
шығару үшін көл-көсір той жасау – астамшылық, ысырапқорлық. Тек, Аллаһ Тағала әр шаңырақты 
«Баласына бір той жасап бере алмай, бұл өмірден өтіп кетті-ау, қанша адам!», - деп ақын 
жырлаған өкініштен сақтағай! 
 
Тілашар (дәстүр). Тілашар тойына арнап шашу шашады. (Қазақ халқының салт – дәстүрлері). Әр 
отбасы баласы 7 жасқа толған соң медіресеге, мектепке оқуға береді. Бұл да бала өміріндегі 
елеулі оқиға, есте қаларлық елеулі кезең болып табылады. Осы күні балаға жаңа киім кигізіп, оқу-
жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді. Мұны дәстүрлі «тілашар» тойы деп атайды. Үлкен-
кішілер балаға өсті, азамат болды, «ғалым бол» деген сияқты тілек білдіріп бата береді. Жаңа 
киіміне байғазы, тағымдар ұсынады. Бұл тәрбиеден бала өскендігінің белгісін сезінеді, оқуға 
құмарлығы артады. Жақын – жуық адамдар баланың ата – анасына құтты болсын айтып, балаға 
сәт-сапар тілейді. 
 
Көгентүп (салт). Туыс, ілік, жұрағат адамдардың қонаққа келгенде оның баласына ескерткіш, сый 
ретінде берілетін мал: (қозы, қой, бұзау, құлын, тай, бота, тайлақ, ат). Бұл бала үшін сый, қуаныш 
болса, оның ата-аналары үшін құрметтеудің белгісі десе де болады. Көгентүп беруді малды 
ауылдардың әлі де пайдаланып жүргені жақсы, жарасымды салттарының бірі. 
 
Базарлық (дәстүр). «Күйеуінің базарлығы екен ғой, - деді Ақбала ішінен» (Ә.Нүрпейсов). – Алыс 
сапарға саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көрші – көлемдеріне, сыйлас 
адамдарына, жас балаларға ірілі – ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «базарлық» деп атайды. Бұл 
жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі және ескерткіш ретінде қабылданады. 
 
Байғазы (дәстүр). – Уа сатира сарбазы, Адырнаңа байғазы! (С.Әбілкәкімов). Байғазы балалардың, 
жастардың жаңа киімі үшін (мысалы: қамшы, шана, ер-тоқым) берілетін ақшалай, заттай сый. 
Байғазы сұраудың еш артықтығы жоқ. Жеңгелері, шешелері «байғазыға байдың қызы» деп те 
атайды. Байғазы балалардың көңіл – күйін көтеретін дәстүр. 
 
Бастаңғы (салт). ... Жастар «бастаңғы» деп аталатын тамақ істеп бас қосады. (К.Сегізбаев). Үйдің 
үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, «жолаушылардың жолда басы 
ауырмасын, бастаңғы жаса» дейді. Бастаңғының мәнісі – жастардың сол үйде ойын - сауықта бас 
қосуы.Дәстүр бойынша бұған тиым салуға болмайды. Бастаңғыны жастар жасайды. 
 
Бәсіре (дәстүр). «Жастайынан бағып ем, Бәсіре ғып торы тайым» (Х.Талғаров). Бала туған кезде 
немесе есі кіріп, оң – солын таныған соң, «сүндет тойына» немесе мектепте барғанда атасы 
немесе өз әке – шешесі оған тай атайды. Оны «бәсіре» тай дейді. Бала оны ерекше күтімге алады, 
бағады, үйретеді. Және сол арқылы мал бағуға, еңбекке үйренеді. «Бәсіре» атау баланың көңілін 
өсіреді, өмірге бейімделеді. Өз қатарына «бәсіре тайым бар» деп мақтанып, өсіп жүреді. Мұның 
бәрі баланың көңілін өсіріп, ынталандырып тәрбиелеудің бір жолы. 
 


жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау