ата-ананың қадірін әр уақыт білу керек»,-деді. Сонда ғана мейірімдік пен қамқорлықтың не екенін
түсінгендей болдық.
Ой толғаныс
-Әжесі немерелерімен нені тамашалады?
-Торғай қандай қайрымдылық жасады?
-Қайрымдылық деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Қайрымдылық ісі жоғалмайды,ол саған денсаулық,жақсылық,күтпеген қуаныш түрінде
оралады.Қайрымды жүрек қартаймайды.
Қандай жүрек ? ойыны
Балалар әр түрлді көңіл күй бейнеленген жүректің суреттеріне сипаттама береді.
Қоштасу рәсімі .
Сау болыңдар!
Әдепті сөйлеуге әдеттен
Сабақтың мақсаты:
-Әдептілік туралы түсініктерін бекіту;
-Өзара қарым-қатынаста әдеппен сөйлей білу дағдыларымен тәсілдерін қалыптастыру
-Ойын арқылы бала бойына әдептілікті сіңіре отырып,әдетке дағдыландыру,баулу.
Әдісі : Әңгімелесу түсіндіру желілі ойын көркем шығарма талдау.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру іс-әрекеті
Тәрбиеші: «Білгір қазақ баласы,сәлем-сөздің анасы» деп,балалармен амандасып,хормен тақпақ
айтқызады.
Бақшамызға барғанда,
Жоллыққан бар жандарға.
Ертемен ақ пейілмен:
«Қайрлы таң» деймін мен.
Күндіз де елді елеймін.
«Қайрлы күн!» тілеймін.
Үйге кешке келемін,
Не дерімді білемін:
«Кеш жарық!» деп кіремін
Барысы.
Әрбір айтылған жақсы сөз адамның мерейін өсіреді.Тәрбиеші «сіз» және «сен» сөздерінің
мағынасын түсіндіреді. «Сіз» сыпайы, «сен» оның анайы түрі.Сөз қолданыста сіздің орнына сен
қолданылса,ол сөз айтушының анайылығын, яғни мәдениетсіздігін көрсетеді.
Әнуар дастархан басында анасына :
-Сен шайды көп ішесің-деп кейістік білдіреді.
Сен деме ,сіз деп сөйле-деп оған әкесі Асхат кейіді.
-Үлкен кісге,ата-анасына сіз деп инабат көрсету қажет.Сіз деген сөз құрметтеуді ,сыйластықты
білдіреді.Кез келген үлкен кісіге сіз деп сөйлемесең ,ол сені әдепсіз деп жек көреді.
-Жаңылмас жақ,сүрінбес тұяқ болмайды.-деп мақал айтушы едіңіз ғой,кешіріңіз,-депӘнуар
әкесіне күлімдей қарады.
-Сөз қадірін біле біл балам,-деп асхат баласына
Тәрбиеші сұрақтар қойып,пікірталас ұйымдастырды.
-Сіз бен сен сөзінің айырмашылығы неде?
Бала өз қателігін түсіндіме?
Әкесі недеп жауап берді?
Тағы қандай әдепті сөздерді білесіңдер?
/Рахмет,кешіріңіз,айбы жоқ,қош келдіңіз,қуаныштымын,
сізге қызмет етуге әзірмін,ас болсын,өтінемін айып етпеңіз,
оқасы жоқ,ғафу етіңіз,ризамын,қарсы емеспін/
Тәрбиеші Ә. Дүйсенбиевтің «Не деу керек? деген өлеңін оқып берді.
«Әдепті сөздер дүкені»ойыны
Балалар топқа бөлінеді.1топ-сатып алушы
2-топ сатушылар
3-топ ойыншықтар
3топтағы балалар өздеріне ойыншықтар таңдап аладыолар оының дыбыстарын шығарады
Сатушылар ойыншықтарды рет ретімен қояды.
Ойынның шарты
«сатып алушылар» дүкенге келіп,»ойыншықтар сатып алады.біздің дүкенімізде «ақша»-әдепті
сөздер /ақшаның орнына әдепті сөздерді қолданып ойыншықтарды сатып алады./
Тәрбиеші
-Дүкенге келіңіздер ойыншықтар сатып алыңыздар.Ойыншықтар сатылады.босқа бермейді.Әдепті
сөздерді қолданып сатып алыңыздар.
Сатушылар ойыншықтарды әдепті сөз айтқанда ғана ұсынады.
Сатушыға сұрақтар:
Ойыншықтарды сіз не үшін сатттыңыз?
Сатып алушылар қандай әдепті сөздер айттады?
Сендерге өздеріңнің иелерің ұнай ма,неліктен?
Сендерге қандай жылы сөздер ұнады?
Сатып алушыларға сұрақтар:
-Сатушы сендерге ойыншықтарды неліктен сатты?
«Әдепті сөз» әңгімесін оқып беру.
Сұрақ-жауап.
-Атасы Еділжанға не деді?
-Ағасы әділет қандай әдепті сөздерді қолданды?
-Өнеге сөздер дәптерінде қандай жылы сөздер бар?
-жарайсыңдар ,балалар,әдепті сөздерді естеріңе жақсы сақтапсыңдар.
-Жылы киім тәнді жылытар,жылы сөз жанды жылытар»дегендей ,егер сен бір нәрсе қажет болып
тұрса сұрай қалсаң өтінемін деген ізгі сөзді айтуды ұмытпа.
Мысалы :
Өтінемін,қарындас,
Бере тұршы қарындаш!
-Саған біреулер әлдебір істе қол ұшын беріп немесе дәмді мен тәттісін ұсынып,сыйлап жатса
тілегіңді орындай қалса,оларға алғыс айтып,»рахмет» деуді ұмытпағайсың.Егер сен байқамай
біреуді қағып кетсең немесе ренжітіп алсаң ,сол жерде кешірім сұра.Үйде,балабақшада көшеде
«Сәлем! Сәлеметсіз бе?»,»Қайрлы күн!» деген сияқты ізгі сөздерді айтуды ұмытпа.
Қандай әдепті сөздерді қолдануды үйрендік?/
-астарыңыз дәмді болсын!
Сәлеметсіз бе?
-Сау болыңыз!
-Қайрлы таң!
Қайрлы күн!
Қайрлы түн!
-Кешіріңіз
-Өтінемін!
Қоштасу рәсімі
Ризамыз, Ризамыз!
Өткен күнге ризамыз!
Ризамыз!Ризамыз!
Осы күнге ризамыз!
Қызды сыйлау
Мақсаты:
Балалардың қызды сыйлауға ,құрмет көрсетуге баулу.
-қызды әдептілікке тәрбиелеу.
Әдістер: әңгімелесу,түсіндіру,сұрақ-жауап,көрнекілік,ойын.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру
Сәлеметсіңдер ме балалар?
Сәлеметсіз бе апай?
Тәрбиеші
Қазір бәріміз бүгін күніміз сәтті өту үшін мына өлең жолдарын қайталайықшы
Қуан шаттан алақай !
Қуантантын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін,
Қайрлы таң! қайрлы күн!
-Сендер «Қайырлы таң « «Қайырлы күн!» деген ізгі сөздерді күнделікті қолданып жүрген
боларсыңдар/балалардың пікірін тыңдау/ әрқашан осындай ізгі сөздерді айтасыңдар,ол
сендердің әдептіліктерің.
Көңіл күйді көтеру.
Достарыңызбен бөлісу: |