-Құрметті балалар, бүгін біздің ұлттық дастарханымызға қонақтар келгелі отыр.Қазақтың киелі ақ
дастарханы біздің алдымызда жайылып, түрлі тәтті тағамдарын сыйлап тұр.Қонақтарды қарсы алу
үшін біз үй иестерінің рөлдерін бөліп алуымыз керек.
Сонымен, үй иесінің рөлін –Арманға тапсырамыз. Үйдің анасы - Айнұр болады, ал балалары –
Меруерт пен Жанас боласындар.
Қазақ халқы кім келсе де дастархан жайып, құшағын кең ашып, қонақтарды жақсы қарсы
алады.Қазақ халқы – мейрімді,кішіпейіл, инабатты халық. Ал, біздің қонақтар келіп жеткенше , «
Қонақ» деген тақырыпқа байланысты мақалдарды еске түсірейік.
1.Қонақ қойдан .......... ( жуас)
2.Қонақ бір күн қонса............(құт)
Екі күн қонса ..................(жұт)
3.Құтты қонақ келсе .........(қой егіз табады)
4.Құс қонған жеріне қонады
Қонақ ...........................(жеткен жеріне қонады)
ІІ. Ал,енді қонақтарды қарсы алайық.Үй иелері алға шығып қонақтармен амандасып,
жайғастырады.
Арман : - Қош келіпсіздер.Төрлетініздер. Жоғарыға шығыңыздар.
Айнұр : - Келген қадамдарыныз құтты болсын, құрметті қонақтар!
Жайғасып отырыңыздар.
ІІІ. Тәрбиеші : -Қымыз – қазақ халқының ең сүйікті сусындарының бірі. Қонақтарға қымыз
әкеліндер.Ал алдарыңызға қымыз жеткенше,сіздерге «Қымыз» туралы әңгіме айтып берейік.
Бала : -Қымыздың алғашқысын сүр қазы, жал- жая салған бие сүтіне 2-3 литр ескі қымыз қосып
ашытып алады. Оны қымыздың «қоры» дейді. Соңынан осы қорды үзбей, әрбір 2-3 сағатта жаңа
сүт құйып отыру керек.Саба түбінде әр күнге жаңа қымыздың қоры қалып отыруы шарт.
Тәрбиеші : - Мына қымыз құйылған пиалаларды ішіп қоюдің алдында жұмбақтарды шешу керек.
1.Дос үйіне түстін бе
Түгел соның үстінде ( дастархан )
2 . Асты тас, үсті тас
Ортасында піскен ас. ( таба нан)
3. Онсыз астың дәмі жоқ
Ассыз оның мәні жоқ. (тұз)
4. Алыстан қарасан аппақ,
Татып көрсең тәтті – ақ ( қант)
5. Бір сусын бар жұртымда,
Ішсен уыз ұртымда.
Бәрі содан шығады
Ірімшік, май, құртың да. (сүт)
6. Бір үйім бар ақ тас,
Есігін ешкім ашпас. (жұмырқа)
Рахмет , балалар, жұмбақтарын өте ұнады. Енді алдарыныздағы қымызды ішіп, рахаттанып,
демалып отырыңыздар.
ІҮ тәрбиеші : - Міне құрметті ,қонақтар, аста пісіп қалды « Табақ тартайық»
1- табақ «Сыйлы табақ» оған ең сыйлы мүшелер салынады және оны , дастархан басындағы ең
құрметті қонақтарға әкеледі.
Бас- ең сыйлы мүше болып есептеледі, оны қонақтар арасында ең құрметті қонаққа беріледі.
Жаңбас- қонақтар ішінде жасы үлкен кісіге береді.
Омыртқа – әйелдердің арасында жасы үлкен қонаққа беріледі.
Жілік – ер азаматқа беріледі.
Төс – сол үйдің киү балаға беріледі.
-Кәнеки, құрметті қонақтар, дәмнен алып отырыңыздар.- Астарыныз дәмді болсын!
Ү. – Ал,енді кезекті ән мен күйге және домбыра шертуге берейік.Кең даланы мекен еткен қазақ
жұрттың ең аяулы қасиетті аспабы –Домбыра. Домбыра елдің көнекөзі, шежіресі, көпті көрген
карияның көңіл- күйі.!
Балалар домбыра туралы аңыз айтады: «Домбыра – дастан».
Ертеде қылышынан қан тамган, қаһарлы ханның жалғыз бойжеткен қызы бір хан баласына
атастырылып қойғанына қарамастан кедей жігітке ғашық болып, көңіл қосып жүреді екен.Мұны
біліп қойған хан жігітті дереу дарға астырады.Ал мыстан кемпір өмірге жаңа келген сәбилерд
іжапан түзге апарып , жап- жасыл мәуелі қарағаштың басына қызды шығысқа қаратып, ұлды
батысқа қаратып, іліп кедтеді.Нәрестелердің көз-жасы тамған ағаш бұтақтары бірте-бірте суалып,
қуара бастайды.Қос жүрек соғуын тоқтатқанда бәйтерек те өсуін доғарады. Самал –жел тұрған
кезде ағаштың қуысынан жүректі жылататыңдай үн шығады....Дастархан басындағы қонақтар
өлен айтып, ән шырқайды.
ҮІ.Тәрбиеші : Қазақ халқы қонақты үш түрге бөлген екен
1. «Арнайы қонақ»- әдейі шақырумен келген қонақ.
2. «Құдайы қонақ» – кездесоқ келіп қалған қонақ.
3 «.Қыдырма қонақ»- жақын, ағайын- туыстар күнара үйге қыдырып келетін қонақтарды айтамыз.
Бірақ қазақ халқы, қандай қонақ келседе, оны күтіп, шын көңілімен шығарып салады.Бұл жайлы
қазақ халқы былай деген: -« Қонақта отырсанда, үйің жайлы ұмытпа» деген екен.Сондықтан да,
құрметті қонақтар, бүгінгі біздің тәрбие сағатымызға келгендеріңіз үшін көп рахмет айтамыз. Ал,
біздің балаларға сіздерге дайындаған сыйлықтарын тапсыруға рұқсат етіңіздер.
Үй иелері қонақтарды шығарып салады: - Қош, сау болыңыздар! Амандықта жүздесейік!
Келгендеріңізге көптен көп рахмет айтамыз.
ҮІІ.Қорытындылау.Бағалау.
Тақырыбы : Жұма күннің ерекшелігі
Мақсаты :Балаларды имандылыққа тәрбиелеу және олардың ақыл-ой өрісін дамыту,есте сақтау
қабілетін арттыру сөздік қорын молайту
Көрнекілік: ойын бұрыш дастархан,құман сүлгі арнайы пісірлген шелпек
Әдісі: көрнекілік,сұрақ –жауап,
Өту барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Қуан шаттан ,алақай!
Қуанатын келді күн!
Қайырлы таң!
Қайрлы күн!
Күліп шықты күн бүгін.
Тәрбиеші:
Ал,енді балалар біз бүгін «Жеті шелпек» деп атиалатын имандылық оқу іс-әрекетінен өтеміз.Апта
деген атайдың жеті ұлы бар екен.Қане,балалар атайдың ұлдарының атын атап бере аласыңдар
ма?
Балалар:
Дүйсенбі ,сейсенбі,Сәрсенбі,Бейсенбі,Жұма,Сенбі,Жексенбі.
Тәрбиеші:
Бүгін аптаның нешінші күні?
Балалар:
Жұма.
Тәрбиеші:
Балалар жұма күні апа-әжелеріміз жеті шелпекті не үшін пісіретінін білесіңдер ме? Қазір бәріміз
Ақырыс деген әженің ауылына барамыз.Балалар әженің ауылына қарай жолға шықты.Жолымыз
ұзақ оны қысқарту үшін мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Самғайды өзі қанатсыз,
Зулайды өзі аяқсыз.
Достарыңызбен бөлісу: |