Ұлттық ТӘрбие негізі -балабақшада әдістемелік қҰрал



жүктеу 0,66 Mb.
Pdf просмотр
бет10/25
Дата19.11.2018
өлшемі0,66 Mb.
#21015
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25

 
ІI топ: Амандасу адамгаршіліктің, әдептіліктің бір белгісі болып табылады. 
 
Амандасқан адам қазақ салтында оң алақанын жүрегінің үстіне 
 
қойып, басын изейді. Не болмаса қол беріп амандасады. Ол «Сізді 
 
шын жүректен құрметтеп, амандығыңызды тілеп, өзіңізге бас иемін» 
 
деген мағынаны білдіреді. 
 
ІІІ топ: Сәлемдесу түрлері: 
 
- Сәлеметсіз бе? - Сәлеметте болыңыз! - Аман-саусыз 
 
- Аман-есенсіз бе? 
 
- Бала-шағаңыз, мал-жаныңыз аман ба? 
 
- Үй-ішіңіз аман ба, дені-қарныңыз сау ма? 
 
Әсіресе араб тілінен енген: 
 
- Ассалаумағалейкүм! яғни - Сізге амандық тілеймін! 
 
- Уағалейкумассалам! яғни - Сізге де амандық тілеймін! 
 
Ойын: Ішкі ритм. 
 
- «Сәлеметсіз бе, Ескендір» деген сөзді бірнеше көңіл-күйде айту. 
 
Мысалы: жек көре, қуана, бірқалыпты, таңқала... 


 
- «Үлкен адамға сәлем беру – кіші адамның міндеті» - деген мақал бар. 
 
Ал оған керсінше «Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем берер» - 
деген аталы сөз бар. 
 
Осы аталы сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? 
 
Жасының үлкендігін міндет етпей, алыс жол жүріп келген немесе 
 
ауылға алғаш рет ат басын тіреген адамға жасының үлкендігіне 
 
қарамай жасы үлкен адамдар өздері келіп сәлем береді. 
 
Осы аталы сөзге байланысты мақал-мәтел айтысын тыңдайық: 
 
- Ассалаумағалейкүм «Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы 
 
алпыс жасар қария сәлем береді» -демекші, қалыңыз қалай? 
 
- «Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады» - деуші еді. - 
 
Келіңіз, төрге шығыңыз, қонақ болып кетіңіз. 
 
- «Қонағын сыйласа, төрге шық дер» дегендей, төрге шығайын. 
 
- «Жат асына қарайды, дос басына қарайды» - деуші еді аталарымыз, 
 
асқа отырыңыз. 
 
- Ойбай-ау! «Жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын». 
 
- «Досыңның тамағын қасыңдай іш» - демекші, ала отырыңыз. 


 
- Ой, рахмет! «Досы жоқ адам, тұзы жоқ тағам» - демекші, алла риза 
 
болсын». 
 
- «Қонаққа кел демек бар, кет демек жоқ» - қой қайтайын. 
 
- «Қонағыңнан алтын алма, алғыс ал» демекші жолыңыз болсын. 
 
 
- «Алтыға дейін бала ерке, алпыстан кейін қария ерке» деуші еді 
 
аталарымыз. Сөзімді көңіліңізге ауыр ала көрмеңіз. 
 
- «Кәрі – кәрінің сөзі дәрі» - дегендей о, не дегеніңіз? 
 
- «Бір ауылда мың туысың болғанша, әр ауылда бір туысың болсын» 
 
дегендей, келіп тұрыңыз. 
 
Осы мақал-мәтел айтысынан қандай қорытынды шығаруға болады? 
 
1-оқушы: Алыстан келген адамға сәлем беру тәртібі жасқа, үлкен 
 
кішіге байлансты емес. 
 
2-оқушы: Халқымызда ақ сақалды атаны, ақ жаулықты ананы, ақ 
 
шашты әжені-жалпы үлкенді сыйлап, алдынан қия өтпеу – 
 
ата дәстүріміз. 
 


3-оқушы: Қарттарға амандасудың қарапайым түрінде қанша мейірім, 
 
қамқорлық, әдемі жарастық жатыр. 
 
Ал, енді ата мен жігіттің, әже мен қыз баланың сәлемдесу түрін көріп, салыстырайық. (екі бала 
шығып, қарт пен жігіттің сәлемдесуін көрсетеді): 
 
Жігіт: Ассалаумағалейкум, ата! 
 
Ата: Уғәлейкумассалам, балам! 
 
Жігіт: Деніңіз сау ма, аман-есенсіз бе? 
 
Ата: Құдайға шүкір, балам, жүріп жатырмыз. 
 
Жігіт: Бала-шағаңыз есен-сау ма? 
 
Ата: Тегіс аман-есен өсіп-өніп жатыр. 
 
Жігіт: Өзіңіз күйлі қуаттысыз ба? 
 
Ата: Балалардың қамқорлығында жағдайым жақсы. 
 
Енді екінші көрініс. Әже мен қыз бала болып екі бала . 
 
(Әже мен қыз баланың сәлемдесуі):   
 
- Армысыз әже? 
 
- Бар бол, балам! 
 
- Үй-іші, бала-шағаңыз аман ба? 
 


- Тәңірге тәубә, барлығы күйлі-қуатты, аман-есен. 
 
- Ылайым жақсы болсын. 
 
- Өзіңе де Алланың нұры жаусын, балам! 
 
Осы екі көріністі салыстырып, айырмашылығын, ұқсастығын айтыңдар. 
 
 
Қайырымдылық 
 
Сабақтың мақсаты 
 
А) Адамзат пен қоршаған ортаға қайрымдылықпен қарауға үйрету; 
 
Ә) Мәдениет дағдыларын қалыптастыру; 
 
Б) Қайрымдылыққа сүйіспеншілікке тәрбиелеу; 
 
Әдіс-тәсілдер:әңгімелесу,түсіндіру,сұрақ-жауап,ұжымдық жұмыс,ойын,мәтінмен жұмыс. 
 
Сабақ барысы 
 
Амандасу рәсімі 
 
Армысың, қайырымды Аспан –ата! 
 
Армысың, мейірімді Жер- ана! 
 
Армысың, шұғылалы алтын күн! 
 
Кішіге ізет,үлкенге –құрмет; 


 
-үлкен кісіге орын бер сыйла; 
 
-адамдықтың белгісі иіліп сәлем бергені; 
 
-шын достықтың белгісі-көп кешікпей келгені. 
 
Көңіл күйді көтеру 
 
Баяу әуен ырғағы ойналады.3-ке дейін санап көздерін жұмпады. 
 
Тәрбиеші «Бәріміз орманға барайық. Ауа райы тамаша,күн ашық екен.Орманда ағаштар өте 
көп.Құстардың сайраған дауыстарын тыңдайықшы ! Олардың бәрі балапандарына қамқорлық 
жасап,тамақ беріп жатыр.Қандай тамаша! Қайтатын уақыт келді.1,2,3 көзімізді ашайық» 
 
Ұжымдық жұмыс 
 
Балалар өздері көрген ғажайып құстардың бейнесін салады. 
 
Қимыл қозғалыс ойыны: «Ұшты-ұшты» 
 
Мақсаты : балаларды тапқырлыққа қырағылыққа тәрбиелеу 
 
Мағынаны тану 
 
Қайырымдылық әңгімесін оқып беру. 
 
 
-Жаздыгүні кешке қарай үй ішімізбен аулада демалып отырғанбыз. Ілияс шемішкесінің 
шағылмағанын торғайларға лақтыра бастады.Бір кезде торғайлар таласа тармаса қонып 
жатты.Ішіндегі ересек торғайға назар аудардық.Ол шиқ-шиқ етіп,шемішкені шағып ,дәнін тістеген 
күйі,кішкентай балапаның ауызына салды.Інім қызығып кетіп ,шемішкені үсті –үстіне тастай 
берді.Торғай дәннің барлығын балапанның аузына тосты. Сонда әжем: «көрдіңдер 
ме,балаларым,торғай екешторғайда өз балапандарының өсіп-жетілгенін қалайды.Біздер де 
сендерді азамат болсын депоқытып,тәрбиелеп,жылы жұмсақты ауыздарыңа тосамыз.Сондықтан 


жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау