Ұлттық ТӘрбие негізі -балабақшада әдістемелік қҰрал



жүктеу 0,66 Mb.
Pdf просмотр
бет17/25
Дата19.11.2018
өлшемі0,66 Mb.
#21015
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25

 
Жүр: Енді әділқазылар сіздерден ұпай санын сұраймыз. Қадыш әженің ұпай саны берсеңіздер. 
(қалған әжелердің ұпай санын хабарлау) 
 
Жүр: Ал кімнің өнері бар қаншалықты 
 
Би билеп, ал біреу ән салады 
 
Бүгінгі сайыста бәйге алуға 
 
Әжелер бар өнерін салыпты –дей келе, сайысымыздың екінші бөлімі «өнер» сайысы. Халқымызда 
сегіз қырлы бір сырлы деген мәтел бар. Енді әжелеріміз өз өнерлерін көрсетеді, тамашалайық. 
 
(Әр әже өз өнерін көрсетеді, біреуі ән, екіншісі би.т.б) 
 
Жүр: Шеберлерім өнер тамып қолынан 
 
Жаңылмаған ата –баба жолынан –деп үшінші тапсырма бойынша әжелерге үйге тапсырмасы 
берілген болатын. «Бір қол өнер бұйымын әкелу» (әкелген қөл өнерін сипаттап, түсіндіріп береді) 
 
Жүр: Төртінші тапсырма «Жарасып тұр –дәстүріміз» деп аталады. 
 
Бұл бөлімде қазақтың салт –дәстүрлері көрсетіледі. Әжесі не болмаса анасы тал бесікті тербете 
отырып, өздерінің шынайы сүйіспеншілігін, махабатын, ақ тілегін, келешекке артар үмітін сенімін, 
аманатын, сәби құлағына құюды дәстүрге айналдырған соның бір көрінісін тамашалайық. 
 
«Қызғалдақ» тобы: «Бесікке салар» рәсімін көрсетеді. Жүр: Бауырласқа тәнтіміз 
 
Бұзылмаған антымыз 
 
Кең даланың ежелгі 
 
Қазақ дейтін халқымыз 
 


Өзге ұлтттай біздің де 
 
Бар дәстүр мен салтымыз – деп «тұсау кесу» рәсімін (Балдырған тобының әжелері көрсетеді) 
 
Жүр: Қазақтың түрлі –түрлі дәстүрі бар 
 
Оның сырын ашқан жұрт қызығар 
 
Жауаптарын табар ма екен бұл сайыскерлер 
 
Сол себептен қоятын сұрақтар бар –демекші, келесі бөліміміз. 
 
«Сөзің көркі –мақал, «Дәстүріңді сақтай біл» (мақал жалғасын тап, жақсы сөз жарым ырыс, ақыл –
ой сайысы) деп аталады. Сөзді Бақытжан Жаңбырбайқызына беремін. 
 
-Құрметті қонақтар, әжелер! Қош келдіңіздер! 
 
Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт –дәстүрлері, тілі болатыны белгілі. Біздің тәрбиемізде 
ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Ата –бабаларымыздан 
бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлық, тамашаа тәлім-тәрбие берерлік өсиет сөздер бар. 
Халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің 
нәрлі қайнарына айналдыру –біздің азаматтық борышымыз. Сіздермен «Дәстүріңді сақтай біл» -
атты сұрақ –жауап сайысымызды бастайық. 1 кезең: Мына салт –дәстүр сөздердің мағынасын 
ашып беріңіз. «Бастаңғы», «Ерулік», «Сыбаға», «Тоқымқағар», «Аманат», «Енші». 2 кезең: «Қонақ 
күте білеміз бе?» (Еттен табақ тарту дәстүрі) 
 
    Жасалынатын табақ түрін атаңыз? 
 
    Келін табаққа салынатын ет мүшелерін атаңыз? 
 
    Күйеу табаққа салынатын ет мүшелерін атаңыз? 
 
    Бас табаққа салынатын ет мүшелерін атаңыз? 
 
    Қыздар табағына салынатын ет мүшелері 


 
    Құдағилар табағына салынатын ет мүшелерін атаңыз? 
 
3 кезең: «Дәстүрімізді кім жақсы біледі?» 
 
1) Қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін атап шығыңыз? 
 
2) Ұлттық ет тағамдарын атаңыз? 
 
3) Ұлттық сүт тағамдарын атаңыз? 
 
4) Наным, сенім, тыйым сөздерді білесіздер ме? 
 
5) Қазақ әйелдерінің айналысатын ұлттық өнерлерін атаңыз? 
 
6) Зергерлік бұйымдарға не жатады? 
 
4 кезең: «Сөздің көркі –мақал» деген ұғым бар. Мақал –мәтел, аталы сөздердің пайда болу 
тарихын, қай кезде, кім айтқанын білу қиын. Демек, мақал-мәтел, ақыл –нақыл, аталы сөздердің 
адам баласы өміріне араласпайтын саласы жоқ дегеніміз дұрыс –ау. Олай болса, сергіту сәтін 
ұйымдастырып, сайысымызды мақал-мәтел айту түрінде жалғастырамыз. 
 
1) Әке .............(асқар тау) 
 
Ана .............(бауырындағы бұлақ) 
 
Бала ............(жағасындағы құрақ) 
 
2) Ата –ананың қадірін - ..................(балалы болғанда білерсің) 
 
Ағайынның қадірін - ....................(жалалы болғанда білерсің) 
 
3) Немере етін жеп - .................(сүйегін берер) 


 
4) Ұл бала - ............(қонысың) 
 
Қыз бала - ............(өрісің) 
 
5) Баланың ұлты - ..........(әкеге) 
 
Қыздың ұлты - ...........(шешеге) 
 
    Шешесін көріп - ...............(қызын ал) 
 
Аяғын көріп - ....................(асын іш) 
 
5 кезең: Адамның мінезіне, қылығына байланысты атаулар айтам, мағынасын түсіндіріп 
беріңіздер? 
 
1) Кісілік - (тағы, жабайы) 
 
2) Еркекшора – (ұл балаша киініп өскен қыз бала) 
 
3) Тақуа – (дін қағидаларын шын пейілмен істейтін адам) 
 
4) Шоя – (ашуланшақ, ызақор) 
 
5) Шерменде – (қайғы басқан, мұңды, шерлі) 
 
6) Бұлаң – (Еш қиындық көрмей, бұла боп, еркін өскен ерке) 
 
6 кезең: «Нағыз әже -әже екен» демекші барлық қатысушы әжелерге ортақ сұрақ –«Ой түрткі» 
 
1) Неше жасыңызда «Әже» атандыңыз? Қандай күйде болдыңыз? 
 
2) Әжелік мейірімді немереңізге қалай бересіз? 


 
3) Әжеліктен қашатын мінезіңіз бар ма? немесе әжеліктен қашу деген сөзді қалай түсінесіз? 
 
4) Әжелер ертегі айта ма? немесе бесік жырын айтасыз ба? 
 
5) Нағыз әже болу үшін рухани әлеміңізді қалай толтыру керек? 
 
6) Немереңізді қандай сөзбен, қалай еркелетесіз? 
 
7 кезең: «Батаменен ел көгерер» Қазақтың қандай жиын тойы болсын бата берілмей 
басталмайды, не бата сұрамай аяқталмайды. Киелі тілеу саналатындықтан негізінен ел 
қадірлейтін ақсақалдар, ер кісілер жасайды, сондай –ақ ер адамдар болмаған жағдайда елге 
сыйлы, аузы дуалы ақ жаулықты әжелерімізден, қазір бата сұраймын. 
 
1) Дастархан батасы 4) Жастарға беретін бата 
 
2) Наурыз батасы 5) Көпшілік батасы 
 
3) Тұсаукесер батасы 6) Шілдехана батасы 
 
(әр әже батаны айтып шығады) 
 
    Кезінде қазақтың біртуар азаматы, қахарман батыры Бауыржан Момышұлы ағамыз өзінің үш 
қорқынышын ортаға салып, болашаққа байланысты былай деген екен: Біріншіден –сәбиіне бесік 
жырын айтып бере алмайтын аналардың көбейіп бара жатқанынан қорқамын.Екіншіден 
немерелеріне ана тілінде ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан 
қорқамын. Үшіншіден салт –дәстүрін қадірлемейтін жас ұрпақтың өсіп келе жатқанынан қорқамын 
–деп. Сондықтан бала тәрбие ұйымының басты мақсаты –болашақта ұлтын, тілін, елін қадірлейтін, 
салт –дәстүрін бойына сіңіре білген, ұрпақ тәрбиелеу. Бүгінгі өткізіліп жатқан шарамыз, ұлттық 
дәстүрімізді наихаттау. 
 
Жүр: Бармақтары майысып, түрлі ою ойысып, 
 
Шебер қол әжелер, ою түрін ояды –деп келесі тапсырмамыз, қағаздан 
 
ою оясыздар, оюдың аты қалай аталады, қандай бұйымдарда қолданады, 


жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау