Атауы
Түсінік
1
Абажа
Ас,тағам салуға арналып жасалған сандықтың (кебеженің)үлкен түрі
2
Абдыра
Киім-кешек,әр түрлі бұйымдар салатын үлкен сандық..
3
Ағаш төсек
Жату үшін пайдаланатын үй жйхазы.
4
Адалбақан
Киім және т.б. үй мүліктерін ілуге арналған жиһазы.
5
Асадал
Тамақ пен ыдыс-аяқ сақтауға арналған үй жиһазы
6
Бөгіре
Кішкене қол сандық(шай жабдықтары үшін)
7
Жағылан
Былғарыдан істелген сандық.
8
Жоза
Жерге отырып,тамақ ішуге арналған аласа үстел.
9
Жүк аяқ
Жүк астына қоятын төрт аяқты бұйым.
10
Кебеже
Ас, тағам салуға арналып, ағаштан жасалған үлкен сандық.
11
Сандық
Әр-түрлі бұйым салуға арналып,ағаштан не металдан жасалатын үй жиһазы.
Киіз үй жабдықтар
Атауы
Түсінік
1
Аяқбау
Көшер кезде уықтардың аяқ жағын буып байлайтын жіп.
2
Бақан
Киіз үй тікенде, шаңырақ көтеруге,үзіктер мен түндіктерді көтеріп жабуға керекті ашалы ағаш.
3
Бас арқан
Киіз үйді желден,дауылдан сақтауүшін,туырлықты бастыра,қазыққа байлайтын арқан.
4
Басар
Қатты жел тұрғанда,киіз үйдің үстіне бастыра,қазықтарға байлайтын ұзын екі арқан.
5
Басқұр
Керегелердің бастарын тартып,үйді айналдыра байлайтын жалпақ бау.
6
Белбау
Киіз үйдің туырлығын керегеге бастыра тартатын ұзын арқан.
7
Белдеу
Туырлықты айналдыра буатын арқан.
8
Дөдеге
Сән үшін үзіктің шетіне айналдыра бастыратын өрнектелген киіз.
9
Жел арқан
Киіз үйдің жел жағына байлайтын арқан.
10
Желбау
Дауылды жел болғанда,шаңырақты тартып байлайтын бау.
11
Құр
Киіз үйдің керегелері менуықтарын және үзіктің ішкі жағын байлайтын ені 2-3 елідей, тоқып
немесе есіп жасалған жалпақтау бау.
12
Тегеріш
Киіз үй керегесі, уығының сыртынан қысып,айналдыра ұстайтын әрі сәндік қызметін атқаратын
жалпақ бау.
13
Туырлық
Уықтың орта тұсынан керегенің үстін жабатын киіз.
14
Түндік
Киіз үйдің шаңырағын жабатын киіз.
15
Уыққап
Көшкенде, сынбас үшін,уықтардың екі басына кигізілетін киіз.
16
Үзік
Уықтың үстіне жабылатын киіз.
Бала тілі-бал...
Қазақ халқының бай салт –дәстүрі мен әдебиетінің келер ұрпаққа берер тәрбиесі көп.Соның
ішінде халық ауыз әдебиетінің маңызы ерекше.Жазу сызу болмаған кезде халықтың ой-
арманынан шыққан әңгімелер жұмбақтап айтқан сырлары,тілдерін ұштаған жаңылтпаштар, өтірік
өлеңдер ұшқыр ойдан шыққан мақал мәтелдер, қиял ғажайып ертегілер баланың тілін ойын
дамытатын санамақтар ұлттық тәрбиені қалыптастыруда ерекше орын алады.халық ауыз
әдебиетінің салалары өте көп.Олар жырлар,мақал-мәтелдер ,жұмбақ ,жаңылтпаш,санамақ өтірік
олеңдер т.босы салаларды балалардың жас ерекшелікітеріне қарай оларды жалықтаырып
алмайтындай сана-сезіміне әсер ету арқылы қызықтыра отырып,бойларына сіңіру,олардың
тілдерін дамыту үлкен жауапкершілікті талап етері хақ. Халық ауыз әдебиетінің үлкен бір тармағы
–тұрмыс салт жырлары.Оның ішінде бесік,тұсау кесер жырлары баланың тіліне жеңіл,жаттауға
оңай әрі қызық болғандықтан сүйсіне жаттайды.
Бесік жыры –бала өміріне бастау болатын арна –ана поэзиясы .ананың арман –тілектерге бай бесік
жырлары сәби жүрегіне аналық махаббаттың сүйіспеншіліктің адамгершіліктің негіздерін
ұялатады.баланың жан дүниесінде әлди жырлар арқылы тәрбие мен ұлттық сана
қалыптасып,этномәдени нәр себеді .»тәрбие тал бесіктен басталады» демекші тәрбие өзегін
адамның сәбилік кезеңінен қолға алып,бесіктегі күнінен ұлттық рухани тәрбиемен сусындату
қажет.бесік жырларының әуені әр балалы отбасында айтылуы –ұлтымызды сақтаудың бірден-бір
тура жолы.
Бесік жырын мазмұнына қарай бесікке бөлеу, жұбату, тілек айту деп топтауға болады.
Тілек
Мойнымдағы маржаным,
Қорадағы мал-жаным:
Бесігіңе жата ғой,
Тәтті ұйқыға бата ғой
Айжан болсын есімің
Құтты болсын бесігің
Әлди,әлди әлди-ай!!!
Жұбату
-Айжан біздің қайда екен?
-Қыздарменен тойда екен.
-Тойда неғып жүр екен?
-Алма теріп жүр екен.
-Алмасынан кәнеки?
Жаңа теріп жүр екен.
Жаңасынан кәнеки?
-Қабы толмай жүр екен.
Әлди,әлди әлди-ай!!!
Жаңылтпаш
Халық баланың тілін ширату үшін ,оған сөз үйретіп ,дүниетанымын дамыту мақсатында
жаңылтпаштар ойлап шығарған.бөбектің тілі шығып,балдырған жасында сөздік қоры молая
бастаған кезде ,кейбір дыбыстарды айта алмай немесе қинала айтады. Тілін мүкістендірмей
мүдірмей сөйлеу үшін ,қиналып айтылатын дыбыстары бар сөздерді бала неғұрлым жиі-жиі
дыбыстап,жаңылмай жаттықса сөйлегенде де мүдірмей өз ойын толық жеткізетін болады.
Жаңылтпаштарды жаттап,жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау сөз қадірін білу сезімі
қалыптасып,ой-қиялы дамиды тәлім алады.
Жаңылтпаштар
Шуақтаған ботамды,
Шуға апарып шуладым.
Шудалағаи шудасын,
Суға салдым,
Судан алдым,
Суға малдым.
* * *
Ай, ай, Айдарбай,
Иір мүйіз сиырды
Үйіңе айдай бар!
* * *
Суда сең келеді,
Сегіз серке тең келеді.
Суға сақалын мала, сілке,
Суға сақалын мала, сілке.
* * *
Есет ағам ет асатар,
Ет асатса, бес асатар.
* * *
Беріп тай, лақты,
Алдым тайлақты.
Беріп тайлақты,
Алдым тай, лақты.
* * *
Топ бала, топ бала,
Ойнап жүр топтала.
Зымырап допты ала,
Қуады көп бала.
Жұмбақ -нақты бір зат туралы тұспалдап ,ұқсатып,бейнелеп айту арқылы баланы ойлату
,танымдық білімдік ұғымдармен түсініктерді ой қиял елегінен өткізіп,тұжырым жасап,шешімге
келуде тапқырлық пен дүниетанымдық дәрежесін байқау үшін айтады.
Заман өзгерген сайын ұлттық тәрбиеде жаңа мазмұнды жұмбақтармен толыса береді.
Жұмбақтарды Аристотель «Жан-жақты жымдасқан метофора»дейді Яғни затты
бейнелеп,баламалапсипаттау арқылы ұқсас заттардың қасиеттері мен түріне аумағына көлеміне
зер салып,жұмбақты шешуші жұмбақты шешеді,әр заттарды салыстыра көз алдына
елестететіпдүниетанымдық қабілетін дамытады.
Жұмбақтар көбінесе үйлесімді ұйқасы әсем де ырғақты өлеңмен құрылады.қара сөзбен жасалған
жұмбақтар бар.Жұмбақтарды жаттап айтумен қатар кез келген айтушы өз ойынан құрастырып та
айта береді ,тек жұмбақтың сөздік қисыны ,өлеңдік үйлесімі болуға тиіс.Жұмбақ айтушы неғұрлым
көбірек күрделірек жұмбақтарды тауыпайтып, шешушіні жеңіуге тырысады. Егер жұмбақ шешуші
мүдірмей айтылған жұмбақтарды дұрыс және толық шеше алса ,оның өзі де жұмбақ
айтыпжұмбақ айтыс жалғасып, айтушы мен шешуші өз білімін сараптайды.
Жұмбақтар
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
(Кун)
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса, аттама,
(Кітап)
Көзіңе көрінбейді,
Қаңғуға ерінбейді.
Шалғынды жапырады,
Жол бойын сыпырады.
(Жел)
Қол созсаң, ақ күміс
Алақанга толады.
Ашып-жұмсаң, із-түссіз
Лезде жоқ болады?
(Қар)
Мақалдар- нақыл өсиет түрінде айтылатын ой түйіндері сөз мәйегі мақалдар көбінесе өлеңдік
өрнекпен сабырлы салмақты ырғақпен айтылады. Қара сөзбен яғни шешендікпен айтылатын
мақалдарда бар.
Мақал негізінен екі бөлімнен құралады.Пайымдау-айтылған ойдың түп негізі.екінші ой
қорытындысы айтылады.
Мәтелдер –негізінен тұжырымы тұспалы өлеңде сыңар тармақты қара сөзде нұсқалы сөз ретінде
пайдаланылады. Мәтелдер тура және ауыспалы мағынада айтылады. Мысалы «Қадіріңді білгенге
жұмса.», «Тікен гүлін қорғайды.» қазақ халқы –сөз қадірін біліп,қасиетті сөзді қастерлеп,ауызынан
тастамай өнеге ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен өрнектеп,терең мағыналы сөздермен
өрнектеп келе жатқан халықМаөалсыз мағынасыз сөйлеген қартадамның сөзінің қадірі
болмайды.қазақтың мақал мәтелдерінің көбірек қамтитын тақырыптары Елдік,ынтымақ,бірлік
туралы мақал мәтелдер.
Мақал-мәтелдер
Ата — асқар тау,
Ана — бауырындағы бұлақ,
Бала — жағасындағы құрақ.
* * *
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз кунің жоқ.
* * *
Ақыл — тозбайтын тон,
Білім — таусылмайтын кен.
* * *
Әдепті бала — арлы бала,
Әдепсіз бала — сорлы бала.
* * *
Өнерлі істе — жеміс бар,
Өрелі істе — жеңіс бар.
* * *
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға келсін кез.
* * *
Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен жоқ болса, кішіден сұра.
* * *
Балапан ұяда не көрсе,
Ұшқанда соны іледі.
Өтірік өлең
Өтірік өлеңдерді дарынды ақындар қиынан қиыстырып,қиялмен әсерлендіріп,қызықты
қисындарға құрып шығарған.өзгеше әсерлі өтірік өлеңдерді халық ықылас қоя жаттап,ұрпақтан –
ұрпаққа жеткізген.Авторы белгісіз болғанмен халық ауызынан жиналған өтірік өлеңдердің
көркемдігі биік,мағынасы терең.өтірік өлеңде әсерлеу бейнелеу шендестіру,салыстыру,тәсілдері
арқылыкөркем бейнелер жасалынады.Ондағы оқиғалар шынайы өмірге сәйкес келмейді әдейі
әсерленіп,шебер суреттеледі.өтірік өлеңдер балалардың ой қиялын ,дүние танымын ,өлең
өнеріне деген ықыласын ,қызығуын дамытады қисынды ойлауға үйретеді,тілдік қорын
молайтады.
Өтірік өлең
Айттым да өтірік өлең айла қылдым
Кесіп ап бетегені найза қылдым.
Торғайды үш қонаққа сойып беріп,
Жарты етін алып қалып пайда қылдым.
****
Дүниеде болады екен қоян мықты ,
Жабылып он бес жігіт зорға жықты.
Соғымға сойған едім семізін ай,
Бүйрек майдан басқасы бес қап шықты.
****
Масаның кішкенесі батыр екен.
Сона деген қансорғыш бақыр екен
Үйіне сол сонаның жетіп барсам
Ас беріп әкесіне жатыр екен.
*****
Санамақ –халық негізінен жас балаға сан үйрету мақсатында айтқызады. Санамақтар әрі сан
үйретеді әрі дүниені танытады. Әр баланың қисынды ойлауы мен матиматикалық логикасын яғни
ойлау қабілетін дамытады.санамақтардың түрлері өте көп оның үстіне замаға сәйкес жаңадан
қосыла береді.
Атау ұйқастырып санау арқылы бала әрі сан үйренеді оның үстіне санға аты ұйқасқан заттарды
танып біледі.Саусақ санау ойыны баланы сан үйретуге ынталандырады.көңілдендіреді.санамақ
айтыста бала санға ұйқас сөз табу арқылы ақындық қабілеті байқалады.Егер ол ұйқас таба алмаса
айтыста жеңілген болып табылады.балабақшадда балаларға санамақтардың сан алуан түрлерін
үйретіп оны айтқызу санамақ шешәмдерән дұрыс шешекендердің білімін бағалап,оларды
мадақтап отыру қажет.кейбір санамақтарды әнге қосып айтуға болады.
Санамақтар
Бір дегенің-білеу
Екі дегенің -егеу
Үш дегенің- үсік
Тқрт дегенің -төсек
Бес дегенің -бесік
Алты дегенің - асық
Жеті дегенің -желке
Сегіз дегенің- серке
Тоғыз дегенің -торқа
Он дегенің -оймақ
Он бір қара жұмбақ.
****
Түйе бота маң басқан
Төрт аяғын тең басқан
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос-қос лақты қос ешкі
Төрт қозылы екі қой
Бірін бірге ойлап қой.
****
Бірім –бірім,
Екім –екім,
Үшім –үшім,
Төртім –төртім,
Бесім- бесім ,
Алтым алтым;
Алты малтам,
Алтын балтам
Сары ала қаз-
Саңқылдауық,
Қырман тауық-
Қырқылдауық
Сен тұр,-
Сен шық!
****
«Алмас Асан келісті ,
Алма жинап бөлісті.
Арасында бір алма,
Айтыс болды бұларға:
Асан берсе алмасы,
Үштен бірі кем болар,-
Алмас берсе алмасы
Асанның да тең болар,-
Алма санап көріңдер,
Екіге тең бөліңдер. »
****
-Бір !
-Бетің кір
-Екі !
-Маңдайынан шекі.
-Үш
-Мені жеңбек күш.
-Төрт!
-Төнбесін өрт
-Бес!
-Белгілі жерден кес.
-Алты!
-Ата-ананың салты.
-Жеті !
-Жетімек қойдың еті.
-Сегіз!
-Қойың тапсын егіз!
-Тоғыз!
-Топас хайуан доңыз
-Он! -Оның кигені тон
Әдебиеттер:
1.Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық мәселелерi және тарихы. – Алматы: “Бiлiм”
2004 ж.
2.Жарықбаев К.Б., Қалиев С. Қазақ тәлiмiнiң тарихы. – Алматы: “Санат” 1995 ж.
3.Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы: “Санат” 2001 ж.
4.Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. “Этнопедагогика” - Астана. 2005 ж.
5.Қалиев С., Оразаев М., Смаилова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлерi. – Алматы: “Рауан” 1995 ж.
6.Жұмабаев.М. “Педагогика” – Алматы: “Ана тiлi” 1992 ж.
7. Бала мен балабақша №1, №2,№3,№4 2011ж
8. Бала тәрбиесі №1, №2,№3,№4 №5 2011ж
9.Отбасы және балабақша №5 2009,№3 2010, №5 2010
10.Бастауыш сынып №1,№2 2010,
11. Ұлттық тәрбие №1,2011
Мазмұны
Алғы сөз________________________________________________ 4
Жеті ата_________________________________________________ 18
Қайырымдылық___________________________________________ 19
Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы-ұлттық тәрбие __________ 21
Иманды болу ____________________________________________ 24
Сыйластық пен достық______________________________________ 24
Бата ___________________________________________________ 25
«Сөз атасы – сәлем»_________________________________________ 28
Қайрымдылық _________________________________________ 32
Әдепті сөйлеуге әдеттен _________________________________ 33
Қызды сыйлау ________________________________ 36
Қазақтың ұлттық әшекейлері ________________________________ 38
Ою өрнек әлемі ________________________________ 40
Торсық___________________________________________________ 42
Салт дәстүр алтын қазына ___________________________________ 45
Босағаңа қонақ келсе бақыт төрге шығады _____________________ 47
Жұма күннің ерекшелігі ______________________________________50
Асыл әжем-ғасыр әжем_______________________________________ 52
Берік болсын босағаң _________________________________________58
Қазақтың ұлттық ойындары____________________________________65
Ата анаға ұлттық тәрбиеден кеңес_______________________________72
Бала тілі бал_________________________________________________ 81
Әдебиеттер ___________________________ 88
Достарыңызбен бөлісу: |