/жол/
Аспанда алып доп
Жарқырай ды жарық боп.
/күн/
Тәрбиеші:
Міне әженің де ауылына келіп қалыппыз.Әже саламатсыз ба? Әже бүгін жұма күні балалар сізден
жұма күні неліктен жеті шелпек пісіретініңізді білуге келді.Мына тұрған балаларға осының мәнін
түсіндіріп беріңізші?
Әже: Әрине,қарағым «Өлі риза болмай,тірі байымайды»,-деген аталы сөз бар халқымызда. Сол
ата-баба дүниеден өткенде жақын туыстарыдың әруағына бағыштап жеті шелпек пісіріп
таратады.,оны «Құдайы күлше» -деп атайды. Жеті шелпектен екі қолмен үзіп,ауыз тиерде «қабыл
болсын» деп жеулерің керек.
Тәрбиеші:
Әже ,сізге үлкен рахмет,бізге келер салауыңыз бар ма?
Әже:
Мына балардың қайсы алғыр,жылдам ойлайды екен,соны білейін деп жұмбақ жасырғым келіп
отыр.
Балалар:
Әжей айтыңыз,шешуін тауып көрейін
Табақта бес алма,
Қолымда екі алма,
Барлығын қосқанда
Болады неше алма?/жеті алма/
Бір алманы беремін атаңа
Біреуін беремін апаңа
Екеуін беремін апаңа
Екеуін беремін әпкең мен ағаңа
Нешеуін алады,нешеуі қалады?
/төртеуін алады,үшеуі қалады/
Сергіту сәтінде
тақпақтың мазмұнына сай қимылдар жасалады.
Дүйсенбіде доп ойнадық қорада
Сейсенбіде серуен құрдық далада.
Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп,
Бейсенбіде би биледік әндетіп,
Жұма күні жидек тердік қорықта
Сенбі күні кино көрдік клубта
Жексенбіде үйде болдық дем алдық,
Осылайша өте шықты бір апта.
Әже тәрбиесші мен балаларды дастархан басына шақырады.бір бала құманмен су әкеліп,әже мен
балалардың қолына су әкеліп құяды.
Әже:
Өркендерің өссін,
Үлкен жігіт болыңдар-деп ризашылығын білдіріп,балаларға шелпек таратады.
Балалар
«Біссімілә,қабыл болсын ,-деп шелпекті үзіп жейді.
Тәрбиеші
Ал,балалар бүгін біз «жеті шелпек» ұғымның мәнісін түсіндік Яғни имандылық дегеніміз-жаман
әдеттен арылужақсылыққа жол ашу.әдепсіздіктен аулақ болып,әдептіллікке үйрену екен. Әже біз
енді дастархан басынан тұрып,балабақшамызға қайтамыз.
Бізге бата беріңіз. Дастарханнан дәм кетпесін
Көңіліңнен сән кетпесін.
Ұрпақ ұлыс ел аман бол,
Өміріңнен мән кетпесін.
Әумин!!!
Балалр әжемен қоштасып жолға шықты
Тақырыбы: «Асыл әжем –ғасыр әжем» /сайыс/
Топ ата-аналарымен ынтымақтастықта өткізілген іс-шара
Мақсаты : Ұлттық салт –дәстүрді жаңғырту.
Барысы :
Жүр: Қош келіпсіздер, ақ жаулықты әжелер! Жүздеріңізден мейірім мен нұр тамар
Жауқазындай құлпырған әжелерді
Ду қол соғып ортаға шақырайық ! (Әжелерді жеке-жеке атап шақыру)
1) «Айханым» деп үнемі Оған артып бар үміт
Сыздайтұғын жүрегі Орынтай әжедей данасын
Құлап қалса сүрініп
Қадыш әже кеп отыр
Қамқор болған балаға
Әжесі мен Айханымды
Шақырамыз ортаға
2) Немерелерге әрқашан
Арқа тұтар панасыз
Олар үшін қашанда Қамқор болып жанына
Теңдесі жоқ данасыз Бауырдың бәрін жиятын
Аружан, Алуа қолтықтап
Алып шықсын Гүлшахар әжесін
3) Альнура деп сүйетін
Жақсы көріп жүретін
Ыстығына күйетін Суығына төзетін
Әлпештеген Альнураны
Күлан әже сізді де
Шақырамыз ортаға
4) Еміреніп «қозым» деп
Күлім қағып қарайтын
«Аумаған» бір өзім деп
Кекілінен тарайтын
Мәпелеп баптап өсірген
Абылайхан немересі
Алып шықсын ол енді
Орынтай әжедей данасын
5) Ойында мейірім ақ тілек
Соққандай бейне тәттілеп
Баян әже кеп отыр
Шақырайық ортаға
Әжесі мен Амираны
6) Немере үшін жанын қиятын
Қамқор болып жанына
Бауырдың бәрін жиятын
Майрадай әже қайда бар
Мақтаудың бәрі сиятын
Мерейлім, қане алып шық
Жанашыр Майра әжеңді
Туысқа бәрін қиятын (әжелер екі топқа бөлініп отырады)
Жүр: Ашық жарқын жүзді
Әділқазылар біздің
Әділ баға берерге
Шақырайық ортаға –деп әділқазыларды сайлап алайық.
Жүр: Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып
Тәрбие, тәлім табар ма?
Кім жүйрік ойға, сол алда –дегендей сайыс жарыс түрінде өтеді. 1-топ «Балдырған» 2 –топ
«Қызғалдақ» болып екі топқа бөлінеді.
Жүр: Сайысымыздың бірінші бөлімі «Жанұяның ажары -әжелер» деп аталады. Өздеріңізді әнмен
бе, тақпақпен бе, таныстырып өтесіздер.
«Қызғалдақ» тобынан бастайық. Ортаға Қадыш әжені шақырайық.
Күлан әже, Баян әже жалғастырады.
«Балдырған» тобынан Майра әже, Орынтай әже, Гүлшахар әже шығып өздерін таныстырады.
Достарыңызбен бөлісу: |