Нұсқау: «Сізге берілген бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі».
1. x = 100cos4πt тербеліс теңдеуіндегі бастапқы фазасы
A) 4π рад
B) 0,5 рад
C) 100 рад
D) 0
E) 400π рад
|
2. Дене жылдамдығын өзгертпей, массасын 3 есе кемітсек, оның кинетикалық энергиясы
A) 9 есе артады
B) өзгеріссіз қалады
C) 3 есе артады
D) 3 есе кемиді
E) 6 есе артады
|
3. Қыздырғыштың температурасы 500 К , ал суытқыштікі 200 К. Жылу двигателі ПӘК-нің мәні
A) 57 %
B) 70 %
C) 46 %
D) 50 %
E) 60 %
|
4. Шеңбер бойымен қозғалған дененің периоды дегеніміз
A) центрден шеңбердің әр нүктесіне дейінгі қашықтық
B) бір уақыттағы айналым саны
C) шеңбердің жартысын жүруге кеткен уақыт
D) бұрылу бұрышының өзгеру шапшаңдығын сипаттайды
E) толық бір айналымға кеткен уақыт
|
5. Зеңбіректен 4 км қашықтықта тұрған бақылаушы жарқылдан кейін 12 с өткенде жарылыстың дыбысын естиді. Осы мәліметтер бойынша дыбыстың ауадағы жылдамдығы
A) ≈350 м/с
B) ≈333 м/с
C) ≈1500 м/с
D) ≈100 м/с
E) ≈480 м/с
|
6. Жерден Сатурнға дейінгі ең жақын қашықтық 1,2∙1012 м. Жерден жіберілген радиосигналға Сатурн аймағында жүрген ғарышкемеден жауап-хабар жететін уақыт (c=3∙108 м/с)
A) 2000 с
B) 8000 с
C) 5000 с
D) 3000 с
E) 1000 с
|
7. Радиусы 40 м шеңберді велосипедші 2 минут ішінде айналып өтетін болса, велосипедшінің центрге тартқыш үдеуі
A) ≈ 2,15 м/с2
B) ≈ 3,15 м/с2
C) ≈ 1,16 м/с2
D) ≈ 0,11 м/с2
E) ≈ 0,55 м/с2
|
8. 16 мВт қуатта массасы 2 кг денені 40 см биіктікке көтеруге қажетті уақыт
(g = 10 м/с2)
A) 67 мин
B) 0,5 c
C) 50 c
D) 53 мин
E) 500 с
|
9. Серіппедегі жүктің гармоникалық тербеліс кезіндегі ең үлкен потенциалдық энергиясы 40 Дж. Уақыт өтуіне байланысты серіппенің толық энергиясы
A) 20 Дж-ға тең, өзгермейді
B) 80 Дж-ға тең, өзгермейді
C) 0 мен 40 Дж аралығында өзгереді
D) 0 Дж-ға тең, өзгермейді
E) 40 Дж, өзгермейді
|
10. Көлемі л жабық ыдыстың ішінде температурасы болатын идеал газ бар. Егер газдың мольдік массасы болса, онда газдың қысымы ()
A) 5,2 кПа
B) 30 кПа
C) 300 кПа
D) 52 кПа
E) 3 кПа
|
11. Радиусы 8 мм шеңбер бойымен 16 м/с тұрақты жылдамдықпен қозғалған дененің қозғалысының центрге тартқыш үдеуі
A) 180 м/с2
B) 28 м/с2
C) 32 км/с2
D) 367 м/с2
E) 1,25 м/с2
|
12. +6е электр заряды бар су тамшысынан -4е заряды бар тамшы бөлінгенде, тамшының қалған бөлігінің электр заряды
A) -2е.
B) -8е.
C) +10е.
D) +2е.
E) +4е.
|
13. Екі параллель орналасқан өткізгіштер арқылы бір бағытта ток өтсе, өткізгіштер
A) бір-біріне тартылады
B) магнит өрісін тудырмайды
C) электр өрістері арқылы әсерлеседі
D) өзара әсерлеспейді
E) бір-біріне тебіледі
|
14. Индуктивтігі 1 мкГн тербелмелі контур ұзындығы 50 м электромагниттік толқын шығарады. Контур конденсаторының сыйымдылығы (с=3∙108м/с)
A) ≈900 пФ
B) ≈700 пФ
C) ≈400 пФ
D) ≈150 пФ
E) ≈500 пФ
|
15. Суретте шынының сыну көрсеткішін анықтау тәжірибесі келтірілген. Шынының сыну көрсеткіші
A)
B) 2
C)
D) 1,5
E) 0,5
|
16. Рубинді лазер бір импульс кезінде толқын ұзындығы 6,6∙10-7 м болатын
3,5∙1019 фотон шығарады. Импульс ұзақтығы 10–3 с, лазердің сәуле шығаруының қуаты (с = 3∙108 м/с; h = 6,6∙10–34Дж∙с)
A) ≈100 кВт
B) ≈10,5 кВт
C) ≈0,01 Вт
D) ≈0,1 Вт
E) ≈10 Вт
|
17. Тас 140 м биіктіктен вертикаль төмен бағытта 15 м/с бастапқы жылдамдықпен лақтырылды. Тастың түсу уақыты (g = 10 м/с2)
A) 5 с
B) 4 с
C) 3 с
D) 7 с
E) 2 с
|
18. Массасы 20 г материялық нүкте х = 0,05sin 4πt заңымен тербеледі. Нүктеге әсер ететін ең үлкен күші
A) ≈ 0,8 Н
B) ≈ 0,16 Н
C) ≈ 0,6 Н
D) ≈ 0,4 Н
E) ≈ 0,45 Н
|
19. Бір атомды идеал газдың көлемін 4 есе азайтқанда қысымы 25%-ға артса, ішкі энергиясы
A) 1,6 есе артады
B) 2 есе кемиді
C) 1,6 есе кемиді
D) 3,2 есе артады
E) 3,2 есе кемиді
|
20. Индукциясы 0,1 Тл біртекті магнит өрісіндегі ауданы 400 см2 раманың айналу жиілігі 50 с-1. Электр қозғаушы күшінің максимал мәні 63 В болса, орам саны
A) 30
B) 20
C) 40
D) 10
E) 50
|
|