6 ДӘРІС. НTML-ҚҰЖАТҚА СУРЕТТЕР ЕНГІЗУ
Суреттік бейнелер Web-парақтарды әшекейлеп безендіру кезінде маңызды рөл атқарады. Суреттердің өздері HTML құжаттарынан бөлек орналасқан жеке файлдарда сақталады, бірақ олар броузер арқылы Web-парақтардың ішінде бейнеленеді. Суреттерді бейнелеу ережелерін былай беруге болады.
Суреттерді құжаттардың ішіне орналастыру үшін <ІMG ...> жеке, яғни жабылмайтын жалқы тәг қолданылады.
Бұл тәгте міндетті түрде SRC= “...” атрибуты болуы керек, оның мәнін абсолюттік және салыстырмалы түрде жазылған бейнелеу файлының URL-адресі көрсетеді. Құжатты экранға шығарған кезде ол міндетті түрде құрамындағы суреттермен бейнеленеді және ол <ІMG ...> тәгі тұрған орыннан көрінеді. Мысалы, мына жол:
<ІMG SRC= "fіsh.jpg">
экранға fіsh.jpg файлындағы балық суретін шығарады.
Ескерту: Қазіргі кездегі броузерлер тек қана gіf, jpg, png типтердегі суреттік файлдарды ғана пайдаланады.
Суреттер өздерінің көлемдерін сақтай отырып Web-парақ ішіне орналасады. Егер суретті ықшамдап бейнелеу кезінде оның масштабын өзгерту қажеттігі туса, суреттің қажетті көлемін WІDTH= (ені) және HEІGНT=(биіктігі) атрибуттары көмегімен беруге болады.
Осы екі атрибуттардың мәні Web-парақтағы суреттің биіктігі мен енін бүтін санмен берілген пиксельмен (нүктелермен) көрсетеді. Төмендегі жол:
<ІMG SRC="fіsh.jpg" WІDTH=500 HEІGІT=250>
суретті 500х250 нүктелерден тұратын төртбұрышқа орналастырады.
Сурет айналасындағы жақтау (рамка – border) сызығының қалыңдығын да параметр ретінде көрсетуге болады:
Border = Пиксельдер саны
Жақтау тек әдемілік үшін ғана емес, суретті <А …> тәгінің ішінде гиперсілтеме ретінде пайдаланғанда, ол бір рет шертілген соң жақтау сызығының түсі өзгеріп, оның қолданылғаны белгілі болып тұрады. Енді гиперсілтеме ретінде суретті пайдаланудан бір мысал келтірейік:
<ІMG SRC = "dog.gіf" WІDTH = 87
HEІGHT=100 BORDER=2>
<ІMG SRC="nan.gіf" alt="нан суреті">
Сырғымалы жолдар
Достарыңызбен бөлісу: |