20
3) Келесі терезеде бұрыштар өлшем бірлігін және нақтылығын таңдап,
Next (Далее) батырмасын басамыз.
4) Нөлдік бұрышының бағытын таңдаймыз, мұнда East (Восток), North
(Север), West (Запад), South (Юг) бағыттарын таңдауға немесе бастапқы
бұрыштың мәнін беруге болады. Сол кезде бұрыш East (Восток) бағытынан
есептеледі. Таңдаудан кейін Next (Далее) батырмасын басамыз.
5) Енді бұрыш есептеу бағытын береміз: сағат тілі жүрісіне қарсы немесе
оған бағыттас, содан кейін Next (Далее) батырмасын басамыз.
6) Соңғы терезеде сызба жасалатын аймақтың өлшемі орнатылады.
Қажетті параметлерді орнатып, Finish (Готово) батырмасын басамыз.
1.10 Сызбаны сақтау және жұмысты аяқтау
Құжатты сақтау үшін жылдам қосу панеліндегі немесе Standard
(Стандартная) панеліндегі Save (Сохранить) батырмасын басу керек немесе
менюдегі File→Save (Файл→Сохранить) командасын орындау керек. Экранда
Save Drawing As (Сохранение чертежа) диалог терезесі ашылады, онда сақтау
каталогын, файл атауын және оның түрін (.dwg немесе AutoCAD
бағдарламасынан басқа бағдарламаларда ашылатын .dxf түрін) таңдауға
болады. Сонда сызбаны AutoCAD бұрыңғы нұсқаларында да сақтауға
болады.
Файлды басқа атаумен сақтау үшін бағдарлама терезесінің жоғарғы сол
жақ бұрышында орналасқан батырмасын басып, менюдегі File→Save As
(Файл→Сохранить как) командасын орындаңыз.
Файлды жабу үшін
батырмасын басып, менюдегі File→Close
(Файл→Закрыть) командасын орындаңыз немесе сызбаның жоғарғы оң
жағында орналасқан кресті бар батырманы басыңыз. Бағдарлама жұмысын
аяқтау үшін пернетақтадағы <Ctrl+Q> пернелерін басыңыз немесе
батырмасын басып, менюдегі File→Exit (Файл→Выход) командасын
орындаңыз. Бағдарлама терезесінің жоғарғы оң жағында орналасқан кресті
бар батырманы басып та жұмысты аяқтауға болады.
1.11 AutoCAD анықтамалық жүйесімен жұмыс істеу
AutoCAD анықтамалық жүйесінде бағдарламамен жұмыс істеу бойынша
барлық ақпарат келтірілген. Анықтама алудың келесі тәсілдері бар:
1) Ақпаратты бағдарлама анықтамалық жүйесінде іздеу. Анықтамалық
жүйені қосу үшін Windows жүйесінде анықтамаларды ашуға арналған <F1>
пернесін басу керек немесе
батырмасын басып, менюден Help→ Help
(Справка→Справка) командасын орындау керек. Анықтама бөлек терезеде
ашылады, сонда сызбамен де, анықтамамен де біржолы жұмыс істеуге болады.
Анықтама терезесіндегі сол жақ бөлігі қажетті анықтама іздеу үшін, оң жақ
бөлігі – таңдалған ақпаратты көрсету үшін арналған.
21
Терезенің жоғарғы жағында құрал-саймандар панелі бар, онда стандарт
батырмалар орналасқан: Hide (Скрыть), Back (Назад), Forward (Вперед),
Home (Домой),
Print (Печать),
Options (Настройка).
Ақпарат іздеу аймағында үш бөлік бар:
Contents (Содержание) – мұнда анықтама мазмұны стандарт, яғни
каталогтар бұтақтары түрінде көрсетіледі, пайдаланушы қажетті ақпаратты
өзі іздейді;
Index (Указатель) – мұнда ақпаратты арнаулы өріске енгізілетін кілттік
сөздер бойынша іздеуге болады;
Search (Поиск) – мұнда сұраныс бойынша ақпаратты іздеуге болады, ол
үшін сұрақты қойып, <Enter> пернесін немесе Search (Поиск) батырмасын
басу керек.
2) Қосымша ресурстар. AutoCAD пайдаланушыларының Интернет
арқылы техникалық көмек алуға мүмкіншілігі бар. Қосымша AutoCAD
бағдарлама туралы ақпарат алу үшін Help (Справка) менюінде Autodesk
фирмасының сайттарына сілтеушілер бар.
3) Ақпарат орталығы. Бағдарлама басының оң жағында орналасқан
енгізу өрісі мен батырмалар InfoCenter (Инфоцентр) ақпарат орталығына
қатысты. Сұрақты өріске енгізгенде жауабы анықтама ішінде және жәрдем
қызметі көмегімен ізделінеді. Ақпарат орталығы аймағының антенна кескіні
бар Communication Center (Коммуникационный центр) батырмасы
пайдаланушыға Autodesk фирмасының бағдарламалары жөнінде ақпарат
береді.
2 Қарапайым графикалық объектілерді жасау. Нақты сызуды
қанағаттандыратын тәсілдер
Кез келген сызба көптеген қарапайым объектілерден тұрады –
кесінділерден, көпбұрыштардан, шеңберлерден және т.б. Осындай объектілер
AutoCAD жүйесінде примитивтер (қарапайымдылар) деп аталады. Осы оқу
құралы объектілерді екі өлшемді сызбаларда (жазықтықта) жасауға арналған,
сондықтан мұнда тек қана екі өлшемді қарапайымдылар қарастырылады.
Кез келген қарапайымды жасау үшін келесі тәсілдерді қолдануға болады.
Ең оңайы –
Home (Главная) бөлігінің
Draw (Рисование) тобындағы немесе
Draw (Рисование) құрал-саймандар панеліндегі (2.1-суретті қараңыз)
батырмаларды басу.
Қарапайымдыларды Tool Palettes (Палитра инструментов) палитрасының
Draw (Рисование) бөлігінің батырмаларын да басып жасауға болады.
Лентада екі өлшемді объектілер батырмалары көрсетілу үшін
батырмасын басып, Tools→Workspaces→2D Drafting & Annotation (Сервис →
2.1 сурет