Ларды орындау оқу құралы Алматы 2014 2



жүктеу 3,69 Mb.
Pdf просмотр
бет3/30
Дата21.11.2018
өлшемі3,69 Mb.
#23351
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

8

 

 



орналастыру және экспорт командалары бар.  

Кейбір  объектілерді  таңдаған  кезде  лентада  қосымша  бөліктер  шығуы 

мүмкін.  Мысалы,  кесте  енгізгенде  лентада  кестені  редакциялауға  арналған 

құралдары бар Table (Таблица) бөлігі орналасады.  

Бөлікті  лентадан  алып  тастау  үшін  лента  үстінен  тінтуірдің  оң  жақ 

батырмасымен шырт еткізіп,  Tabs (Вкладки) менюінде алынатын бөлік атауы 

қасындағы  жалаушаны  алып  тастау  керек.  Командалар  тобын  бөліктен  алып 

тастау үшін сол бөлік үстінен тінтуірдің оң жақ батырмасымен шырт еткізіп,   



Panels (Панели) менюіне сәйкес топ атауы қасындағы жалаушаны алып тастау 

керек.  


Лента үстінде   батырмасымен белгіленген  Menu Browser (Обозреватель 

меню)  орналасады.  Онда  AutoCAD    алдыңғы  нұсқаларында  лента  орнына 

қолданылған    меню  бөліктері және басқа  элементтер бар. Жақында ашылған 

құжаттар тізімінде олардың ішіндегі кескіндер көрсетіледі.  



Menu  Browser  (Обозреватель  меню)  батырмасы  қасында  жылдам  қосу 

панелі  орналасады.  Үндеместіктен  онда  жиі  қолданылатын  командалар 

батырмалары  бар:  QNew  (БСоздать),  Open  (Открыть),  Save  (Сохранить),  Plot 

(Печать), Undo (Отменить), Redo (Повторить). Қажетті командаларды жылдам 

қосу  панеліне  шығару  үшін  оның  үстінен  тінтуірдің  оң  жақ  батырмасымен 

шырт  еткізіп,  Customize  Quick  Access  Toolbars  (Адаптация  панели  быстрого 

доступа) таңдау керек. Сонда Customize User Interface (Адаптация интерфейса 

пользователя)  терезесі  ашылады,  оның  негізгі  бөлігінде  AutoCAD  2009 

командаларының толық тізімі  келтірілген. Қажетті команда үстінен тінтуірдің 

сол жақ батырмасын басып тұрып, оны  панельге шығару керек, содан кейін 

тінтуір  батырмасын  жіберіп  Customize  User  Interface  (Адаптация  интерфейса 

пользователя) терезесінде ОК басу керек. 

Графикалық экранның төменгі сол жақ бөлігінде пайдаланушы координат 

жүйесінің белгісі орналасады. Үндеместіктен  WCS – World Coordinate System 

(МСК  –  мировая  система  координат)  қолданылады,  оның  белгісі  (0;  0;  0) 

координаталарымен берілген нүктеде орналасады.  

Терезенің ең төмен бөлігінде сызба көрсетілуін басқаратын батырмалары 

бар қалып-күй жолы орналасады.   

AutoCAD  бағдарламасы  пайдаланушыға  жұмыс  терезесі  элементтерінің 

түстерін орнатуға мүмкіндік береді. Ол үшін келесіні орындау керек:  

1)  Бағдарламаның  сол  жақ  үстіңгі  бұрышында  орналасқан  «

А

»  әрпі  бар 

батырманы басып, бағдарламаны басқару командалар менюін қосыңыз.  

2) Tools →Options (Сервис→Настройка) командасын таңдаңыз.    

3)  Ашылған  Options  (Настройка)  диалог  терезесінде  Display  (Экран) 

бөлігін таңдаңыз. 

4)  Window  Elements  (Элементы  окна)  аймағында  Colors  (Цвета) 

батырмасын басыңыз.  

5)  Ашылған    Drawing  Window  Colors  (Цветовая  гамма  окна  чертежа)  

терезесінде  (1.3-суретті  қараңыз)  Context  (Контекст)  тізімінен  терезе  түрін,   




9

 

 



Interface  element  (Элемент  интерфейса)  тізімінен  –  элементті,  төмен  түсетін 

Color (Цвет) тізімінен - түсті таңдаңыз.  

6)  Осы  терезедегі  Apply  (Принять)  батырмасын  басып,  қайта  ашылған 



Options  (Настройка)  терезесінде  өзгерістерді  сақтау  үшін  Apply  (Применить) 

батырмасын және диалог терезесінен шығу үшін OK басыңыз.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Бағдарлама  жұмыс  терезесінің  классикалық  түріне  көшу  үшін 

 

батырмасына басып  Tools→Workspaces→AutoCAD Classic (Сервис→ Рабочее 



пространство→Классический  AutoCAD)  командасын  қосыңыз.    Сонда 

бағдарлама  терезесі  AutoCAD  алғашқы  нұсқалары  түрінде  көрсетіледі  (1.4- 

суретті қараңыз). 

 

1.2 Меню және оның құрамы  

 

Үндеместіктен  AutoCAD  2009  бағдарламасында  меню  қатары 



көрсетілмейді.  Кез  келген  құралды  қосу  үшін  лентаны  немесе  құрал-

саймандар  панелін  немесе    батырмасы  қосатын  менюді  қолдануға  болады.  

Бірақ AutoCAD бұрыңғы нұсқаларына үйренген пайдаланушылар үшін  меню 

қатарын қолданған ыңғайлы болып келеді, өйткені ол көп орын алмайды және 

жиі  қолданылатын  құралдарды  жылдам  қосуды    қанағаттандырады.    Меню 

қатарын  көрсету  үшін  жылдам  қосу  панелі  үстінен  тінтуірдің  оң  жақ 

1.3 сурет  

 



10

 

 



батырмасымен шырт еткізіп, ашылған контекстілік менюіндегі Show Menu Bar 

(Показать строку меню) жолын таңдау керек.   

Меню қатарындағы пункттерді қарастырайық:  

1) File  (Файл)  –  мұнда  файлдармен  жұмыс  істеу  (ашу,  сақтау,  қайта 

орнына келтіру) және құжаттарды басып шығару командалары бар; 

2) Edit  (Правка)  –  мұнда  айырбастау  буферімен  жұмыс  істеу  (қиып  алу, 

көшірмесін жасау, енгізу) және іздеу, бөліп шығару, алып тастау командалары 

бар;   


3) View  (Вид)  –  мұнда  объектілердің  экранда  көрсетілуін  басқару 

командалары жинақталған, соның  ішінде  Zoom (Зумирование), Pan (Панора-

мирование),  сызбалар  регенерациясын  жасау  командалары  бар.  Мұндағы 

Toolbars  (Панели)  командасын  қосқанда  Customize  User  Interface  (Настройка 

интерфейса  пользователя)  диалог  терезесі  ашылады,  оның  көмегімен 

пайдаланушы  өзінің  менюін,  құрал-саймандар  панельдерін  қалыптастыра 

алады; 


4)  Insert  (Вставка)  –  мұндағы  командалар  сызба  өрісіне  басқа 

бағдарламаларда  жасалған  блоктар  мен  объектілерді  және  AutoCAD 

бағдарламасына әртүрлі файлдарды енгізуге мүмкіншілік береді;  

5)  Format  (Формат)  –  мұндағы  командалар  сызу  параметрлерін 

анықтайтын  диалог  терезелерін  ашады.  Rename  (Переименовать)  командасы 

қабаттар, блоктар және т.б. объектілердің атауларын өзгертуге арналған;  

6)  Tools  (Сервис)  –  осы  меню  көмегімен  бағдарламаның  әртүрлі  қалып-

күйлерін өзгертуге,  қосымша терезелер ашуға, сыртқы бағдарламалар қосуға,  

макростармен жұмыс істеуге болады.  

1.4 сурет  

 

 



жүктеу 3,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау