Ларды орындау оқу құралы Алматы 2014 2



жүктеу 3,69 Mb.
Pdf просмотр
бет4/30
Дата21.11.2018
өлшемі3,69 Mb.
#23351
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

11

 

 



Менюдің  Palettes  (Палитры)  бөлігінде  бағдарлама  палитралары 

жинақталған: Ribbon (Лента), Properties (Свойства), Layer (Слой), Tool Palettes 



QuickCalc (Быстрый кальк) және т.б. 

Менюдің    New  UCS  (Новая  ПСК)  бөлігінде  пайдаланушы  координат 

жүйелерін  өзгертуге  және  жаңа  координат  жүйелерін  орнатуға  арналған 

командалары бар.   



Drafting  Settings  (Режимы  рисования)  бөлігі  қажетті  сызу  режимдерін 

таңдауға  мүмкіншілік  береді,  Options  (Настройка)  командасы  бағдарлама 

параметрлерін орнататын диалог терезесін ашады;   

7)  Draw  (Рисование)  менюіндегі  командалар  екі  және  үш  өлшемді 

қарапайымдыларды жасауға арналған;  

8)  Dimension  (Размеры)  менюі  көмегімен  сызбаға  әртүрлі  өлшемдер  мен 

шығаруларды түсіруге болады;  

9)  Modify  (Редактирование)  менюіндегі  командалар  объектілерді 

өзгертуге және түрлендіруге  арналған;  

10)  Window  (Окно)  менюі  көмегімен  бірнеше  құжат  ашып,  олардың 

терезелерін орналастыруға болады;  

11)  Express  менюінде  қосымша  командалар  бар,  соның  ішінде    Express 



Tools  FAQ  (Наиболее  часто  задаваемые  вопросы  по  Express  Tools)  бөлігінде 

жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар жинақталған. 



 

1.3 Құрал-саймандар панельдері  

 

Құрал-саймандар  панельдерінде  сәйкес  командаларды  қосуға  арналған 



пиктограммалар,  яғни  графикалық  батырмалар  топтары  орналасады.  Тінтуір 

көрсеткішін  пиктограмма  графикалық  кескініне  жақындатқанда  экранда 

батырмамен  қосылатын  команданың  қысқаша  сипаттамасы  шығады.    Мысал 

ретінде  1.5-суретте    Standard  (Стандартная)  құрал-саймандар  панелі 

көрсетілген,  онда  тінтуір  көрсеткіші  Save  (Сохранить)  пиктограммасына 

жақындатылған. 

Құрал-саймандар  панельдеріндегі  көптеген  пиктограммалар  лентадағы 

және  менюдегі  командаларды  қайталайды,  сонда  кез  келген  команданы  қосу 

үшін пайдаланушы өзіне лайықты тәсілді таңдай алады.  

Кейбір  пиктограммалардың  төменгі  оң  жақ  бұрышында  кішкене  қара 

нұсқамасы  бар.  Тінтуірдің  сол  жақ  батырмасын  оның  үстінен  басып  тұрса, 

экранға  қосымша  элементтер  менюі  шығады.    1.6-суретте  Standard 

(Стандартная)  құрал-саймандар  панелінде  қосымша  Zoom  (Показать)  менюі 

көрсетіліп тұр.  

Құрал-саймандар панельдері бекітілген (үндеместіктен солай көрсетіледі) 

және  жылжыйтын  болуы  мүмкін.  Жылжыйтын  панель  атауы  тінтуір 

көрсеткішін  оған  жақындатқанда  шығады.  Оны  жабу  үшін  оң  жағындағы 

кресті  бар  батырманы  басу  керек.    Бекітілген  панельді  жылжыйтынға 

айналдыру үшін оны тінтуір көмегімен графикалық экран шетінен шамалы бір 

қашықтыққа жылжыту керек. 




12

 

 



 

  

AutoCAD  2009  бағдарламасында  барлығы  38 



құрал-саймандар  панелі  бар,  үндеместіктен  8  жиі 

қолданылатын  панель  көрсетіледі.  Құрал-саймандар 

панелін  көрсету  немесе  жасыру  үшін  олардың  кез 

келгені үстінен тінтуірдің оң жақ батырмасымен шырт 

еткізу  керек.  Экранға  панельдер  тізімі  бар  меню 

шығады,  қажетті  панельді  тізімнен  таңдау  керек.  

Меню төменгі жағындағы Lock Location (Фиксировать 

положение) 

бөлігі 

көмегімен 



құрал-саймандар 

панельдердің орналасуын бекітуге болады.  



 

1.4 Құрал-саймандар палитрасы  

 

AutoCAD  2009  бағдарламасында  лента  мен 



құрал-саймандар  панельдеріне  қосымша  Tool  Palettes 

(Палитра  инструментов)  құрал-саймандар  палитрасы 

көрсетіледі,  ол  сызбада  жиі  қолданылатын  блоктар 

мен сызықтауларды жылдам орналастыруға арналған.  

Құрал-саймандар палитрасын шығару үшін  лентаның 

View  →  Palettes  →Tool  Palettes  (Вид→Палитры→ 

Инструментальные  палитры)  қомандасын  орындау 

керек немесе пернетақтадағы <Ctrl+3> батырмаларын 

басу  керек.    Құрал  батырмалары  арналуына 

байланысты 

палитраның 

сәйкес 

бөліктерінде 



орналасады (1.7-суретті қараңыз).  

Үндеместіктен  құрал-саймандар  палитрасында 

келесі бөліктер бар: 

1.6 сурет  

 

1.5 сурет  



 

1.7 сурет  

 



13

 

 



Modify (Редактировать)  – бөлік үстіңгі жағында редакциялауға арналған 

Erase  (Стереть),  Copy  (Копировать),  Mirror  (Зеркальное отражение)  және  т.б. 

командалар, ал төменгі жағында күрделі объектілерді редакциялауға арналған  



Edit  Hatch  (Редактировать  штриховку),  Edit  Polyline  (Редактировать 

полилинию) және т.б. командалар батырмалары орналасқан; 



Draw  (Чертить)  –  үстіңгі  жағындағы  батырмалар  әртүрлі  графикалық 

қарапайымдарды  жасауға  арналған:  Line  (Отрезок),  Construction  Line 

(Прямая), Polyline  (Полилиния), Polygon (Многоугольник) және т.б.  Төменгі 

жағындағы  батырмалар  күрделі  объектілерді,  соның  ішінде  блоктарды, 

суреттерді және т.б. енгізуге арналған;  

Leaders  (Выноски)  –  мұнда  шығаруларды  жасауға  арналған  батырмалар 

орналасқан;

 

 

Command  Tool  Samples  (Примеры  инструментов  работы  с  командами)  – 



мұнда командалар енгізуді басқаратын құралдар бар;  

Tables (Таблицы) – мұнда кестелерді жасауға арналған құралдар бар

Hatches  and  Filles  (Штриховка  и  заливка)  –  мұнда  сызықтауды,  құюды, 

өрнеуді жасауға арналған құралдар және олардың үлгілері бар;  



Structural (Несущие элементы) – мұнда стандарт құрылымдарды, мысалы 

әртүрлі қималармен арқалықтарды сызуға арналған құралдар бар;  



Civil  (Коммуникации)  –  бөлікте  әртүрлі  белгілер  үлгілері  жинақталған 

(тыйымдар, хабарландырулар);  



Electrical  (Электрическая  сеть)  –  мұнда  электртехникалық  жабдықтарды 

кескіндеуге  арналған  белгілеулер  жинақталған    (айыршықтар,  сигнал  беру 

лампалары және т.б.);  

Mechanical  (Оборудование)  –  мұнда  механикалық  жабдықтарды  кескін-

деуге арналған құралдар жинақталған  (бұрандамалар, сомындар және т.б.);  



Architectural  (Архитектурные)  –  бөлікте  есіктерді,  терезелерді  және  құ-

рылыста қолданылатын басқа құрылымдарды сызуға арналған құралдар бар;  



Annotation  (Аннотации)  –  мұнда  сызбаларда  қолданылатын  түсіндірме 

белгілеулері жинақталған (нұсқамалар, ескертулер);  



Modeling (Моделирование) – бөлікте геометриялық объектілердің күрделі 

элементтері жинақталған (спиральдер, координат жүйелері және т.б.).  

Құрал-саймандар  палитрасының    құрамын  пайдаланушы  өз  қалауы 

бойынша орната алады. Палитраға қажетті бөліктерді шығару үшін оның бос 

жеріне  тінтуірді  оң  жақ  батырмасымен  шырт  еткізіп,  контекстілік  менюді 

шақыру  керек.    Customize  Palettes  (Адаптация  палитр)  командасымен 

шығарылатын  Customize  (Адаптация)  диалог  терезесінде  қажетті  бөліктерді 

палитраға қосуға болады.  



 

1.5 Командалық жол 

 

Командалық  жол  бағдарлама  графикалық  экранынан  төмен  орналасады, 



ол  командаларды  пернетақтадан  енгізуге  мүмкіндік  береді  (1.8-суретті 

қараңыз).  Орындалатын команда, оның қосылу тәсіліне тәуелсіз командалық 




жүктеу 3,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау