17
Preview (Предварительный просмотр) – таңдалған объект кескінін
көрсетеді. Мұнда команда пиктограммасын өзгертуге болады. Ол үшін
Command List (Список команд) немесе
Customizations in All CUI Files
(Адаптации: Все файлы АПИ) тізімінде команданы таңдап алып, Button Image
(Значок кнопки) аймағында берілген батырмалардың біреуін таңдау керек.
Батырма суретін жасауға да болады, ол үшін Edit (Изменить) батырмасын
басып, ашылған Button Editor (Редактор кнопок) терезесінде суретті салу
керек;
Properties (Свойства) – таңдалған объектілердің қасиеттерін өзгертуге
арналған.
1.9 Сызба файлдарын орнату
AutoCAD бағдарламасында жасалған сызбалар .dwg файлдарында
сақталады. Сонда файлда сызба жөнінде толық ақпарат сақталады: өлшем
бірліктері, сызу режимдері, стильдер және т.б. параметрлер. Бағдарлама
дамуына байланысты файл форматтары өзгеріп тұрады, сондықтан соңғы
нұсқаларда жасалған сызбалар бұрынғы нұсқаларда ашылмайды.
1.11 сурет
1.15
18
Жаңа файлды екі тәсілдің біреуімен жасауға болады:
а) жұмыс бастау терезесін ашпай (үндеместіктен қолданылады);
б) жұмыс бастау терезесінде параметрлерді беріп.
Файлды бірінші тәсілмен жасау үшін келесіні орындау керек:
1) Жылдам қосу панеліндегі QNew (БСоздать) батырмасын басыңыз
немесе менюдегі File→New (Файл →Создать) командасын қосыңыз. Экранда
Select template (Выбор шаблона) терезесі ашылады, онда
Template (Шаблон)
каталогындағы .dwt файлдары, яғни сызба негізі ретінде қолданылатын
дайын шаблондар бар.
2) Қажетті шаблонды таңдаңыз, сонда терезенің Preview (Образец)
аймағында таңдалған шаблондағы объектілер көрсетіледі.
3) Шаблонды таңдаған соң Open (Открыть) батырмасын басыңыз.
4) Егер жаңа сызбада шаблон қол-
данбайтын
болса,
Open
(Открыть)
батырмасының оң жағындағы нұсқаманы
басып, төмен түскен менюден (1.12-суретті
қараңыз) сызба өлшем бірліктерін таңдау
керек (метрикалық немесе британдық). Егер
менюден Open (Открыть) таңдалса, файл белгіленіп тұрған шаблон негізінде
жасалады.
Жаңа файл жасағанда жұмыс бастау терезесі ашылу үшін STARTUP
жүйелік айнымалысына 1 мәнін беру керек. Ол үшін келесіні орындау керек:
1) Командалар жолына айнымалы атауын енгізіп, <Enter> немесе <Про-
бел> пернесін басыңыз. Сонда сұраныс шығады:
Enter new value for STARTUP <0>:
(Новое значение STARTUP <0>:)
2) 1 мәнін енгізіп, <Enter> немесе <Пробел> пернесін басыңыз.
3) Жылдам қосу панеліндегі New (Новый) батырмасын басыңыз немесе
менюдегі File→QNew (Файл→БСоздать) командасын қосыңыз. Сонда экранда
Create New Drawing (Создание нового чертежа) терезесі ашылады (1.13-
суретті қараңыз).
Терезенің негізгі элементтерін қарастырайық:
а) бірінші батырма – Open a Drawing (Открытие чертежа), ол белсенді
емес болып тұр. AutoCAD бағдарламасынан шығып, оны қайта қосыңыз. Енді
жылдам қосу панеліндегі New (Новый) батырмасын басқанда немесе
менюдегі File→QNew (Файл→БСоздать) командасын қосқанда Startup (Нача-
ло работы) терезесі ашылады, онда Open a Drawing (Открытие чертежа)
батырмасы белсенді болады (1.14-суретті қараңыз). Батырманы басқанда
терезе ішінде Select a File (Выберите файл) аймағы көрсетіледі, одан қажетті
файлды ашуға болады. Егер қажетті файл аймақта болмаса, оны Browse
(Обзор) батырмасы көмегімен табуға болады;
б) екінші батырма (1.13-суретте басылып тұр) – Start from Scratch
(Простейший шаблон), оның көмегімен сызба шаблонсыз жасалады;
1.12 сурет
Рисунок 18
19
в) үшінші батырма –
Use a Template (По шаблону), оның көмегімен
шаблонды таңдауға немесе шаблоннан бас тартуға болады;
г) төртінші батырма – Use a Wizard (Вызов мастера), ол жаңа сызба
параметрлерін орнатуға арналған сызба жасау меңгергішін шақырады.
Меңгергіш екі режимде жұмыс істей алады: Quick Setup (Быстрая подготовка)
және Advanced Setup (Детальная подготовка).
Жаңа сызбаны Advanced Setup (Детальная подготовка) режимінде
жасайық:
1) Startup (Начало работы) терезесінде Use a Wizard (Вызов мастера)
батырмасын басып және Select a Wizard (Выберите мастер) аймағында
Advanced Setup (Детальная подготовка) таңдап,
OK батырмасын басамыз.
2) Меңгергіштің бірінші терезесінде (1.15-суретті қараңыз) өлшем
бірліктерін және төмен түсетін тізімнен мәндер нақтылығын (үтірден кейін
қойылатын белгілер санын) таңдап, Next (Далее) батырмасын басамыз.
1.13 cурет
1.14 cурет
1.15 cурет