Ларды орындау оқу құралы Алматы 2014 2



жүктеу 3,69 Mb.
Pdf просмотр
бет2/30
Дата21.11.2018
өлшемі3,69 Mb.
#23351
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

5

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Келесіде  AutoCAD  қосқанда  осы  терезе  ашылмау  үшін    айырып-



қосқышты  No, don′t show me this again (Больше не предлагать) жазуына қою 

керек.  OK  батырмасын  басқан  соң  экранда  AutoCAD  2009  бағдарламасының 

жұмыс  терезесі  шығады  (1.2-суретті  қараңыз),  ол  командаларды  енгізу, 

сызбаны  орындау  кезіндегі  ақпаратты  көрсету  және  т.б.  функцияларды 

атқаратын бірнеше бөліктен тұрады. Кейбір құралдар бір бірін толықтырады, 

тіпті орнын баса тұрады. 

Бағдарлама  интерфейсінің  элементтерін  қарастырайық.  Бағдарламаның 

жұмыс  терезесі  орталығындағы  аймақты  графикалық  экран  немесе  сызу 

аймағы  деп    атайды,  мұнда  барлық  тұрғызулар  орындалады.  Графикалық 

экранда  тінтуірдің  көрсеткіші  крест  түрін  алады  және  жобалауда 

қолданылатын  мына  функцияларды  атқарады:  объектілерге  байланыстыру, 

координаттарды  және  бағыттарды  беру.    Графикалық    экраннан  шыққанда 

тінтуір көрсеткіші әдеттегі түрін алады.  

Терезенің  жоғары  бөлігінде    команда  батырмалары  бар  бірнеше 

бөліктерден  тұратын  лента  орналасады.  Лента  алдыңғы  нұсқалардағы 

менюдің  орнын  басып  тұр.  AutoCAD  2009    бағдарламасында  алдыңғы 

нұсқаларда  болған,  классикалық  режим  деп  аталатын  режимге  көшуге 

мүмкіндік бар екенін айту керек.  

Екі  өлшемді  объектілерді  тұрғызуға  арналған  лента  бөліктерін 

қарастырайық.  

1. Home  (Главная)  –  мұнда  сызбалармен  жұмыс  істеу  кезінде 

қолданылатын  негізгі  құралдар  жинақталған.  Бұл  бөлікте  командалардың 

келесі топтары бар: 

а)  Draw  (Рисование)  –  графикалық  қарапайымдыларды  тұрғызуға, 

сызықтауға,  тұйықталған  элементтер  аймақтарын  жасауға  және  т.б. 

мүмкіндіктер береді; 

1.1 сурет 



6

 

 



 

б)  Modify  (Редактирование)  –  мұнда  объектілерді  өзгертуге  арналған 

құралдар бар:  масштабтау, ұзарту, айналдыру және т.б.; 

1.2 сурет 

К

оординат


 ж

үйес


інің пи

ктограмма

сы

 

С



тандарт қ

ұрал


-са

йм

анда



р пан

ел

і 



Ж

ылд


ам 

қосу м


еню

і 

Л



ента бөл

ік

те



рі

ні

ң 



ярлык

та

ры



 

Қ

ұрал



-са

йм

анд



ар

 

лентасы



 

А

нықтамал



ық

 ж

үйен



ің 

сұра


ны

с өр


ісі

 

К



урсор 

координат

ала

ры

 



К

оман


да

лық


  ж

ол 


айм

ағ

ы



 

К

рес



т т

үрі


нде

гі

 к



урсор

 

Қ



алы

п 

–к



үй  ж

олы 


 

К

өз



де

уі

ш



 

А

ғымды



 сы

зб

а терез



ес

ін 


ба

сқ

ару 



ба

тырм


ала

ры

 




7

 

 



в) Layers (Слои) – қабаттармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді; 

г)  Annotation  (Аннотация)  –  мұнда  мәтіндер  мен  кестелерді    жасауға, 

өлшемдерді түсіруге арналған құралдар бар;  

д)  Properties  (Свойства)  –  объектілер  қасиеттерін  басқаруға  мүмкіндік 

береді;  

е) Utilities (Утилиты) – мұнда айырбастау буферімен жұмыс істеу (бөліп 

шығару,  қиып алу, көшірмесін жасау) және масштабтау құралдары бар. 

2.  Blocks  &  References  (Блоки  и  ссылки)  –  бұл  бөлікте  блоктармен  және  

байланыстармен жұмыс істеуге арналған командалардың топтары бар: 

а) Block (Блок) – блокты жасау, енгізу және редакциялау үшін; 

б)  Attributes  (Атрибуты)  –  блоктағы  деректердің  атрибуттарын  жасау 

және редакциялау үшін; 

в) Reference (Ссылка) – байланыстарды басқару үшін; 

г) Import (Импорт) – басқа форматты файлдар импорты үшін; 

д)  Data  (Данные)  –  жаңғырмалы  өрістермен,  OLE  объектілерімен, 

гиперсілтемелермен және басқа объектілермен жұмыс істеу үшін;  

е)  Linking  &  Extraction  (Связывание  и  извлечение)  –  байланыстармен 

жұмыс істеу үшін. 

3.  Annotate  (Аннотации)  –  бұл  бөлікте  құжаттамада  текстілік  жазуларды 

жасауға арналған командалар топтары жинақталған: 

а) Text (Текстовая) – мәтінмен жұмыс істеу үшін; 

б) Dimensions (Размеры) – өлшемдерді орнату үшін; 

в)  Multileaders  (Мультивыноски)  –  шығаруларды  жасау  және  редак-

циялау үшін; 

г) Tables (Таблицы) – кестелермен жұмыс істеу үшін; 

д) Markup (Пометка) – бөліп шығару аймақтарын жасау үшін; 

е)  Annotating  Scaling  (Масштабирование  аннотаций)  –  аннотация 

масштабын өзгерту үшін. 

4.  Tools  (Сервис)  –  бұл  бөлікте  бағдарлама  түрін  өзгертуге,  көмекші 

терезелерді  экранға  шығаруға,  нақты  мәселелер  шешу  мақсатында 

интерфейсті икемдеуге арналған  құралдар және VBA тілінде құрастырылатын 

макростармен жұмыс істеуге арналған қомандалар бар.  

5.  View  (Вид)  –  бұл  бөлікте  объектілердің  экранда  көрсетілуін  басқаруға 

арналған командалар топтары бар: 

а)  UCS  (ПСК)  –  координат  жүйелерін  өзгерту  және  пайдаланушы 

координат жүйесін жасау үшін; 

б) Viewports (Видовые экраны) – көрініс экрандарын жасау және өзгерту 

үшін;  


в)  Palettes  (Палитры)  –  әртүрлі  есептеулер  орындайтын,  объектілер 

қасиеттерін және т.б. басқаратын құрал-саймандар панельдерін жылдам қосу 

үшін; 

г) Window (Окно) – бірнеше ашылған файлдармен жұмыс істеу үшін. 



6.  Output  (Вывод)  –    бұл  бөлікте  басып  шығару  алдында  құжат 

параметрлерін  орнату,  алдын  ала  қарау,  басып  шығару,  Интернетте 




жүктеу 3,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау