27
күй жолындағы
батырма көмегімен объектілік байланыстыру режимін
сөндіру керек. Кейбірде бір жолғы объектілік байланыстыруды қолданған
ыңғайлы. Ол үшін пернесін басып тұрып, графикалық аймақ үстінен
тінтуірді оң жақ батырмасымен шырт еткізу керек. Экранға шығатын
контекстілік
менюден
(2.8-суретті
қараңыз)
қажетті
объектілік
байланыстыруды таңдау керек.
Объектілік байланыстыруды жақсы түсіну үшін 2.9,а-суретте көрсетілген
1, 2, 3, 4, 5 нүктелерді тізбекпен қосатын сынық сызықты тұрғызайық.
Мұндағы нүктелер келесіні білдіреді: 1 – сол жақ кесіндінің оң жақ шеті, 2 –
оң жақ кесіндінің сол жақ шеті, 3 – екі кесінді оң жақ шеттерінің ортасында
орналасқан нүкте, 4 – шеңбердің горизонталь осінде жатқан нүкте, 5 – шеңбер
центрі.
1) Алдымен екі кесінді мен шеңберді 2.9,а-суретте көрсетілгендей
түрғызыңыз.
2) Қалып-күй жолындағы
батырмасы үстінен тінтуірді оң жақ
батырмасымен шырт еткізіп, контекстілік менюден Settings (Настройки)
таңдаңыз. Сонда Drafting Settings (Режимы рисования) диалог терезесі
ашылады (2.7-суретті қараңыз). Жалаушаларды Endpoint (Конечная точка),
Quadrant (Квадрант), Center (Центр) қасында орнатыңыз.
3) Объектілік байланыстыру режимін қосу үшін жалаушаны Object Snap
On (F3) (Включить объектную привязку (F3)) қасына қойып, OK батырмасын
басыңыз.
4) LINE (ОТРЕЗОК) командасын қосып, Specify first point: (Первая
точка:) сұранысына тінтуір курсорын 1 нүктеге жақындатыңыз. Нүкте
қызыл текше түріндегі маркермен белгіленгенде, тінтуірді сол жақ
батырмасымен шырт еткізіңіз, сонда тұрғызылатын кесінді 1 нүктеден
басталады. Келесі сұранысқа тап осылай 2 нүктені көрсетіңіз, нәтижесінде 1-2
кесінді тұрғызылады.
5) > пернесін басып тұрып, тінтуірді оң жақ батырмасымен шырт
еткізіңіз және ашылған контекстілік менюден Mid Between 2 Points (Между
2.9 сурет
Рисунок2.11
а)
28
двумя точками) режимін таңдаңыз.
6) Курсорды 1 нүктеге жақындатып, қызыл текше шыққанда тінтуірді
шырт еткізіңіз. Содан кейін курсорды оң жақ кесіндінің оң жақ шетіне
жақындатып, қызыл текше шыққанда тінтуірді шырт еткізіңіз, нәтижесінде
2-3 кесінді тұрғызылады.
7) Курсорды 4 нүктеге жақындатып, квадрантты белгілейтін қызыл ромб
шыққанда тінтуірді шырт еткізіңіз, сонда 3-4 кесінді тұрғызылады.
8) Курсорды шеңбер сызығына жақындатып, шеңбер центрін белгілейтін
қызыл дөңгелек шыққанда тінтуірді шырт еткізіңіз. Сонда сынық сызық 2.9,б-
суретте көрсетілгендей болады.
2.2.5
Объектілік
байланыстыруларды
қадағалау.
Объектілік
байланыстыруларды қадағалау режимі жаңа объектілерді бар объектілерге
қатысты орналастырып, тұрғызуға мүмкіндік береді.
Режимді қосу үшін қалып-күй жолындағы
Object Snap Tracking
(Объектное отслеживание) батырмасын басу керек.
Қадағалау режимі көмегімен екі кесінді шеттеріне байланысқан нүктені
2.10-суретте көрсетілгендей беруге болады.
2.3 Тікбұрышты және көпбұрышты тұрғызу
RECTANGLE
(ПРЯМОУГ)
командасы тікбұрыштарды тұрғызуға
арналған. Әдетте оның екі қарама қарсы
бұрыштық нүктелерін беру керек. Бірақ
қажетті жағдайда оны басқа тәсілмен,
қосымша
параметрлерді
қолданып
жасауға болады.
Тікбұрышты жасау командасын
Rectangle (Прямоугольник) батырма-сымен қосуға болады. Қарапайым
тікбұрышты жасайтын болсаңыз, команда келесі сұранысына бірінші бұрыш
координаталарын белгілі бір тәсілмен беріңіз:
Specify first corner point or [Chamfer/Elevation/Fillet/Thickness/Width]:
(Первый угол или [Фаска/Уровень/Сопряжение/Высота/Ширина]:)
2.10 сурет
2.11 сурет
1-ші
нүкте
2-ші
нүкте
29
Квадрат жақшалар ішіндегі команда опциялары келесіге мүмкіндік бе-
реді: Chamfer (Фаска) және Fillet (Сопряжение) – тікбұрышты қиықжиекпен
немесе түйіндесімен жасауға, Width (Ширина) – тікбұрыш сызығының
қалыңдығын беруге, Elevation (Уровень) және Thickness (Высота) – үш
өлшемді сызуда қолданылады, мұнда оны қарастырмаймыз.
Бірінші бұрыш координаталары енгізілген соң, келесі сұраныс шығады:
Specify other corner point or [Area/Dimensions/Rotation]:
Второй угол или [Площадь/Размеры/поВорот]:
Екінші бұрыш координаталарын берген соң тікбұрыш тұрғызылады
(2.10-суретті қараңыз).
2-ші сұраныстағы опциялар келесіге мүмкіндік береді: Area (Площадь) –
тікбұрышты берілген ауданмен жасау, Dimensions (Размеры) – тікбұрышты
оның сызықты өлшемдері бойынша тұрғызу, Rotation (поВорот) тікбұрышты
берілген бұрышқа айналдырып тұрғызу.
Енді көпбұрышты жасауын қарастырамыз. POLYGON (МНУГОЛ)
командасы қабырғалары тең, яғни дұрыс көпбұрышты тұрғызуға мүмкіншілік
береді. Команданы қосу үшін
Polygon (Многоугольник) батырмасын басу
керек. Алдымен бағдарлама көпбұрыштың қабырғалар санын сұрайды:
Enter number of sides <4>: (Число сторон <4>)
Қабырғалар санын енгізіңіз (3 пен 1024 аралығында) немесе берілген
санмен келісіп басыңыз, сонда келесі сұраныс шығады:
Specify center of polygon or [Edge]:
(Укажите центр многоугольника или [Сторона]:)
Мұнда Edge (Сторона) опциясы көмегімен көпбұрыш кез келген
қабырғасының екі шеткі нүктесін беріп, көпбұрышты тұрғызуға болады.
Егер опцияны қолданбай көпбұрыш центрін енгізсек, бағдарлама келесі
сұраныс береді:
Enter an option [Inscribed in circle/Circumscribed about circle] :
(Задайте опцию размещения [Вписанный в окружность/Описанный во-
круг окружности] <В>:)
2.12 сурет
Шеңбер центрлері
Шеңбер радиустері
4>4>
Достарыңызбен бөлісу: |