41
қосылған соң келесі сұраныс шығады:
Select objects: (Выберите объекты:)
Пайдаланушы өзгертілетін объектілерді таңдау керек, сонда бағдарлама
басылғанша сұранысты қайталап тұрады. Мұнда таңдаудың кез
келген тәсілі қолданылуы мүмкін.
Таңдау режимінде тінтуір көрсеткіші кішкене тікбұрыш түрін алады, оны
іріктеу рамкасы деп атайды. Іріктеу рамка өлшемін 4.2-суретте көрсетілген
диалог терезесіндегі Pickbox Size (Размер прицела) көмегімен өзгертуге
болады. Таңдалған объектілер үзілмелі сызықпен бөліп шығарылады. Жеке
объектіні таңдау үшін оның үстінен тінтуірді шырт еткізу жеткілікті.
Объектілерді топтап таңдау үшін келесі режимдерді қолдануға болады :
Window
(Рамка), Crossing (Пересечение), Window Polygon (Рамка-
многоугольник), Crossing Polygon (Пересечение с многоугольником), Fence
(Линия выбора), Previous (Предыдущий), Last (Последний), All (Все), Multiple
(Несколько).
Window (Рамка) режимі рамка ішіне толық түскен объектілерді
таңдайды. Рамканы сызу аймағының кез келген жерінде тінтуірді шырт
еткізіп бастайды, содан кейін тінтуірді оң жаққа тарту керек, сонда
командалар жолында қарсы бұрышты енгізуге сұраныс шығады:
Specify opposite corner: (Противоположный угол:)
Осы режимде екінші бұрыш бірінші бұрыштың оң жағында болу керек,
сол кезде рамка көк түсті болады. Осы режимде объектілерді 4.3-суретте
көрсетілгендей рамкамен таңдаса, таңдалған объектілер жиынына тек қана
4.2 Сурет
42
тікбұрыш пен кесінді кіреді, ал шеңбер мен эллипс жиынға кірмейді, өйткені
олардың кейбір бөліктері рамка сыртында қалды (4.4-суретті қараңыз).
Crossing (Пересечение) режимінде рамка ішіне толық түскен және
рамкамен қиылған объектілер таңдалады. Рамканың бірінші бұрышын
көрсеткен соң тінтуірді сол жаққа тарту керек, сонда рамка жасыл түсті
болады. Алдыңғы мысалда осы режим қолданумен таңдалған объектілер
жиынына шеңбер мен эллипс те кіреді, өйткені олар рамкамен қиылып тұр.
Window Polygon (Рамка-многоугольник) режимі Window (Рамка)
режиміне ұқсас, бірақ аймақты көпбұрыш түрінде алуға болады. Көпбұрыш
нүктелерді тізбекпен таңдап, пернесін басу арқылы қалып-
тастырылады. Сонда таңдалған объектілер жиынына көпбұрыш ішіне толық
түскен объектілер кіреді. Window Polygon (Рамка-многоугольник) режимін
таңдау үшін Select objects: (Выберите объекты:) сұранысына wp (рм) енгізіп,
басу керек. Undo (Отменить) параметрі көпбұрыштың соңғы нүктесін
болдырмайды, ол үшін командалық жолда u (о) енгізу керек.
Crossing Polygon (Секущий многоугольник) режимінде көпбұрыш ішіне
түскен және көпбұрышпен қиылған объектілер таңдалады. Осы режимді
таңдау үшін Select objects: (Выберите объекты:) сұранысына сp (см) енгізіп,
басу керек.
Fence
(Линия
выбора)
режимі
Crossing
Polygon
(Секущий
многоугольник) режиміне ұқсас, бірақ мұнда көпбұрышты тұйықтайтын
сызық жоқ. Fence (Линия выбора) режимінде таңдау сызығымен қиылған
объектілер таңдалады. Режимді қосу үшін Select objects: (Выберите объекты:)
сұранысына f (лв) енгізіп, басу керек.
Last (Последний) режимі соңғы жасалған көрініп тұрған объектті бөліп
шығарады. Режимді таңдау үшін Select objects: (Выберите объекты:)
сұранысына l (п) енгізіп, басу керек.
All (Все) режимі сызбадағы барлық объектілерді, соның ішінде
сөндірілген қабаттардағы объектілерді де таңдайды. Режимді таңдау үшін
Select objects: (Выберите объекты:) сұранысына ALL командасын енгізіп,
басу керек немесе Windows барлық бағдарламалары секілді
пернелерін қолдануға болады.
Multiple (Несколько) режимі бірнеше объектіні таңдауға ыңғайлы.
4.3 сурет
4.4 сурет
43
Мысалы, өте жақын орналасқан екі объектке қатысты нүктені қанша рет
басса да, бағдарлама тек біреуін ғана таңдайды, ал Multiple (Несколько)
режимінде бөліп шығарылған объект қайта таңдалмайды. Режимді қосу үшін
Select objects: (Выберите объекты:) сұранысына m (н) енгізіп, басу
керек.
4.2 Таңдаған жиынға объектілерді қосу және одан алу
Объектіні жиынға қосу мен одан алу режимдері үшін сәйкес Add
(Добавить) және
Remove (Исключить) кілттік сөздері қолданылады. Егер
команданың Select objects: (Выберите объекты:) сұранысына r (и) енгізіп,
басса, AutoCAD жиыннан алу режиміне ауысып, келесі сұраныс
береді:
Remove objects: (Выберите объекты для исключения:)
Енді алдында таңдалған объектілерді жиыннан алып тастауға болады.
Объектілерді жиынға қосу режиміне қайта ауысу үшін осы сұранысқа a (д)
енгізіп, басу керек. Сонда сұраныс әдеттегі түрін алады.
Бірнеше объектті таңдағанда, пернесін қолдану режимін орнатуға
болады. Ол үшін 4.2-суретте көрсетілген Options (Настройки) терезесінің
Selection (Выделение) бөлігіндегі Selection Modes (Режимы выделения)
аймағында Use Shift to add to selection (Использовать клавишу Shift для
добавления к набору выделения) қасына жалаушаны қою керек, үндеместіктен
жалауша онда тұрмайды. Сонда бір объекттен артық объектті таңдау үшін
пернесін басып тұру керек. Егер осы режимде объектіні таңдағанда
басылмаса, алдында таңдалған объектілерден таңдау алынады.
4.3
Фильтр
көмегімен
объектілерді таңдау
Объектілерді түсі, объект түрі және
т.б. сипаттамалары бойынша жиынға
кіргізуге болады, ол үшін 4.4 және 4.5-
суреттерде көрсетілген Быстрый выбор
және Фильтры выбора объектов диалог
терезелерін қолдануға болады. Мысалы
сызбада
тек
ғана
қызыл
түсті
шеңберлерді таңдауға немесе керісінше
қызыл
түсті шеңберлерден басқа
барлық объектілерді таңдауға болады.
Осыны қолдану алдында алдымен
барлық объект қасиеттері ПОСЛОЮ,
яғни қабат бойынша болуын тексеру
керек. Мысалы, объект қызыл түсті
болып
тұр,
өйткені
оның
түсі
4.4 сурет