84
түрлерін таңдауға болады.
Үндеместіктен басу кезінде сызба сол жақ төменгі бұрышына макси-
малды
ауытқиды,
бірақ ауытқуды X
пен
Y
осьтері
бойынша
сәйкес
өрістерге
қажетті
мәндерді
енгізіп,
беруге
болады.
Center
the
plot
(Центрировать) қа-
сына
жалаушаны
қойып, басылатын
объектті
парақ
ортасында орналас-
тыруға болады.
Plot
options
(Опции
печати)
аймағында
Plot
object
lineweights
(Учитывать
веса
линий) қасына жалауша қойылса, басу кезінде сызба сызықтарының
қалыңдығы ескеріледі. Егер Hide paperspace objects (Скрывать объекты листа)
қасында жалауша тұрса, парақ кеңістігінен басқанда көрінбейтін сызықтар
сызылмайды.
Барлық параметрлерді орнатқан соң OK батырмасын басу керек, сонда
Page Setup Manager (Диспетчер наборов параметров листа) терезесі қайта
ашылады. Қажетті жағдайда жасалған параметрлер жиынтығын ағымды
болдыруға болады, ол үшін оны таңдап, Set Current (Установить) батырмасын
басу керек. Close (Закрыть) батырмасымен терезе жабылып, жүйе парақ
кеңістігіне қайтып келеді.
10.3 Парақ кеңістігіндегі көрініс экрандары
Сызбаны парақ кеңістігінде қарау үшін көрініс экрандарын жасау керек.
Үндеместіктен әр парақта бір көрініс экраны болады. Көп жағдайда бірнеше
көрініс экраны қажет, мысалы, техникалық сызбаларда бұйымдар үшін
бірнеше кескін (көріністер, тіліктер, қималар, шығару элементтері) жасалады.
AutoCAD бағдарламасында екі түрлі көрініс экраны бар: жабылып
бітілетін және жабылып бітілмейтін. Жабылып бітілмейтін экрандар тек қана
модель кеңістігінде орын алады. Мұнда парақ кеңістігінде болатын жабылып
бітілетін, яғни жылжыйтын экрандар қарастырылады. Осындай экрандарды
редакциялауға болады.
10.8 сурет
9
85
Экрандар шекараларын кейін өшірілетін бөлек қабатта жасаған жөн.
Экрандармен жұмыс істеу командалары лента View (Вид) бөлігінің Viewports
(Видовые экраны) тобындағы немесе Viewports (Видовые экраны) құрал-
саймандар панеліндегі батырмалар көмегімен орындалады (10.9-суретті
қараңыз).
Парақ
кеңістігінде
Viewports (Видовые экраны)
тобындағы New (Создать)
немесе
аттас
құрал-
саймандар
панеліндегі
Display
viewports
dialog
(Диалоговое окно видовых
экранов) батырмасын басып,
Viewports (Видовые экраны)
диалог терезесін ашу керек
(10.10-суретті қараңыз). Осы
терезені VPORTS (ВЭКРАН)
команда атауын командалық жолда теріп немесе менюден View → Viewports
→ New Viewports (Вид → Видовые экраны → Новые ВЭ) таңдап ашуға
болады.
Мұнда Standard viewports (Стандартные конфигурации) тізімінен
жылжыйтын экрандар санын және олардың орналасуын таңдауға болады, сол
кезде Preview (Образец) аймағында экрандар орналасауы көрсетіліп тұрады.
Viewport Spacing (Расстояние) өрісінде экрандар арақашықтығы беріледі. OK
батырмасын басқан соң диалог терезесі жабылып, командалық жолда бірінші
бұрыштық нүктені беруге сұраныс шығады. Осыған тінтуір көмегімен бірінші
бұрыштық нүктені беру керек немесе экрандар барлық басылатын аймақты
толтыру үшін басу керек. Бірінші нүктені бергеннен кейін екінші
қарама қарсы бұрыштық нүктені беруге сұраныс шығады, оны берген соң
таңдалған аймақта жылжыйтын экрандар орналасады.
Әр жасалған көрініс экранында модельдің бірдей көрінісі көрсетіліп
тұрады. Көріністі өзгерту үшін парақ кеңістігінен көрініс экранына көшу
керек, ол үшін тінтуірді экран үстінен шапшаң екі рет шырт еткізуге болады.
Көрініс экранында модель кеңістігіндей жұмыс істеуге болады, сол кезде
өзгерістер барлық экрандарда көрсетіліп тұрады. Парақ кеңістігіне қайтып
келу үшін тінтуірді экраннан тыс жерде шапшаң екі рет шырт еткізу керек.
10.4 Басып шығару
Басылған сызба түрі парақ параметрлеріне, қосылған басу кестесіне және
10.10 сурет
9
10.9 сурет
86
басу жабдығына тәуелді. Сондықтан алдымен басу стильдері мен басу
жабдықтарын басқаруды қарастырайық.
10.4.1 Басу стильдері. Басу стилі сызық түсі, түрі, қалыңдығы және т.б
параметрлер жиынтығы болып келеді. Басу стилін орнату міндетті емес, бірақ
оны қолданған ыңғайлы,
мысалы, мониторда сызық
бір түспен көрсетіледі, ал
қағазға басып шығарғанда,
оның түсі басқа болуы
мүмкін. Басу стильдерін
арнаулы файлдарда сақта-
латын кестелерде бірікті-
руге болады.
AutoCAD бағдарлама-
сында стильдердің екі түрі
бар:
1) түске тәуелді стиль-
дер
AutoCAD
алдыңғы
нұсқаларынан қалған, олар
.ctb файлдарында сақтала-
ды.
Осындай
стильдер
кемшілігі - бір түсті объек-
тілер
бірдей
сызықпен
көрсетіледі, оларға әртүрлі сызық түрін қолдануға мүмкіншілік жоқ;
2) аталған стильдерді қолданғанда қағаздағы объект түрі оның түсіне
тәуелсіз, әр объектке өз стилін тағайындауға болады. Аталған стильдер
кестелері .stb файлдарында сақталады.
Бағдарламада басу стильдерінің тек
қана бір түрі біржолы қолданылады: түске
тәуелді немесе аталған. Басу стильдерінің
түрін таңдау үшін көрініс экран үстінен
тінтуірдің оң жақ батырмасымен шырт
еткізіп, контекстілік менюден Options
(Настройка) командасын қосып, ашылған
Options (Настройка) терезесінде Plot and
Publish (Печать и публикация) бөлігіне
көшу керек (10.11-суретті қараңыз).
Терезе төмен жағындағы Plot Style
Table Settings (Таблицы стилей печати)
батырмасымен Plot Style Table Settings
(Параметры таблиц стилей печати) диалог
терезесін ашу керек (10.12-суретті қараңыз).
Үндеместіктен айырып-қосқыш Use color dependent plot styles
10.11 сурет
9
10.12 сурет
9
87
(Цветозависимые стили печати) қасында тұр, оны Use named plot styles
(Именованные стили печати) қасына қойып, Default plot style table (Таблица
стилей печати по умолчанию) тізімінен аталған стильдер кестесін таңдауға
болады. Төмен түсетін Default plot style for layer 0 (Стиль печати по
умолчанию для слоя 0) тізімінен жаңа сызбалардағы 0 қабаты үшін стильді
орнатады, үндеместіктен онда Normal (Обычный) тұрады. Жасалатын
объектілер үшін басу стилін Default plot style for objects (Стиль печати по
умолчанию для объектов) тізімінен таңдайды.
Plot Style Table Settings (Параметры таблиц стилей печати) диалог
терезесінде орнатылған параметрлер жаңа сызбалар мен ашылатын сызбалар
үшін қолданылатынын, бірақ ағымды сызбаға әсерін тигізбейтінін атап өту
керек. Сондықтан басу стилінің түрін сызбаны жасау алдында орнатқан жөн.
AutoCAD бағдарламасында түске тәуелді және аталған стильдердің
бірнеше жиынтығы бар. Пайдаланушының бар стильді редакциялауға және өз
басу стильдер кестелерін жасауға мүмкіндіктері бар.
10.4.2 Басу стильдер кестесін сызбаға қосу. Таңдалған стильдер кестесін
сызбаға қосу керек, сонда оны модель кеңістігіне де, кез келген парақ
кеңістігіне де тағайындау болады. Ол үшін келесі әрекеттер орындалады:
1) Сызбаны ашып, қажетті кеңістікке көшу керек.
2) Тінтуірдің оң жақ батырмасымен кеңістік атауы үстінен шырт еткізіп,
контекстілік менюден Page Setup Manager (Диспетчер параметров листа)
таңдау керек. Ашылған терезеде Modify (Изменить) батырмасымен Page Setup
(Параметры листа) терезесін ашу керек (10.8-суретті қараңыз).
3) Төмен түсетін Plot style table (pen assignment) (Таблица стилей печати
(присвоение перьев)) тізімінен басу стиль кестесін таңдау керек. Модель
кеңістігінде Assign this plot style table to all layouts? (Применять ли указанную
таблицу ко всем листам?) сұрағына Да немесе Нет батырмасын басу керек.
Парақ кеңістігінде Display plot styles (Показать стили печати) қасына
жалаушаны қою керек, сонда сызбаны қағазға шығармай тұрып стильді қарап
шығуға болады.
Аталған стильдер кестесі қолданылған жағдайда стильді жеке объектке
немесе жеке қабатқа орнатуға болады. Әдетте стильдер қабатқа орнатылады.
Ол үшін белгілі бір тәсілмен Layer Properties Manager (Диспетчер свойств
слоев) терезесін ашып, қажетті қабаттың Plot Style (Стиль печати)
бағанасында тінтуірді шырт еткізу керек. Сонда Select Plot Style (Выбор стиля
печати) терезесінде қажетті стильді орнатуға болады.
10.5 Басу жабдығын орнату және басып шығару
AutoCAD бағдарламасында Windows жүйесінде орнатылған барлық
принтер мен плоттерларды қолдануға болады.
Бірақ плоттер үшін бағдарлама құрамына енетін арнаулы драйверлерді
қолданған жөн. Сонда үлкен пішінді плоттерлардың барлық мүмкіндіктерін
88
толық пайдалануға болады.
10.5.1 Басу жабдығын қосу. Басу жабдығын қосатын меңгергішті Plotters
(Плоттеры) терезесінде тінтуірді Add-A-Plotter Wizard (Мастер установки
плоттеров) үстінен екі рет шырт еткізіп шақыру керек. Plotters (Плоттеры)
терезесін келесі командалар біреуімен ашуға болады :
а) А →File →Plotter Manager (А→ Файл→Диспетчер плоттеров) коман-
дасымен;
б) лента Output (Вывод) бөлігінің Plot (Печать) тобындағы Plotter
Manager (Диспетчер плоттеров) командасымен;
в) AutoCAD классикалық интерфейсінде Tools → Wizards → Add Plotter
(Сервис → Мастера → Добавить плоттер) командасымен.
Меңгергіштің бірінші терезесінде
оның арналуы және орындалатын
қадамдар жөнінде ақпарат келтіріледі. Мұнда Next (Далее) батырмасын басып,
келесі терезеде айрып-қосқышты My Computer (Мой компьютер) қасына
орнату керек (10.13-суретті қараңыз). Next (Далее) батырмасын басып, Plotter
Model (Модель плоттера)
терезесінде өндіруші мен
плоттер
моделін
таңдау
керек
(10.14-суретті
қараңыз). Егер бағдарлама
ескі нұсқаларында жасалған
плоттер конфигурациясының
.pcp
немесе .pc2 файлы
болса, оны осы кезеңде .pc3
файлына аударуға болады
(10.15-суретті
қараңыз).
Келесі
терезеде
плоттер
қосылатын
компьютер
портын беріп, Next (Далее)
батырмасын
басу
керек.
Ашылған терезеде Plotter
Name
(Имя
плоттера)
өрісінде
плоттер
атауын
енгізу керек (10.16-суретті
қараңыз).
Меңгергіштің
соңғы терезесінде плоттер
конфигурациясын
редакциялауға
арналған
батырмалар
бар
(10.17-
суретті қараңыз).
10.14 сурет
9
10.13 сурет
9
89
Мұнда Finish (Готово)
батырмасымен
плоттер
конфигурация файлын жасау
аяқталады. Конфигурация
файлын File → Plotter Mana-
ger (Файл → Диспетчер плот-
теров) командасын немесе
Plotter Manager (Диспетчер
плоттеров) командасын орын-
дағанда Plotters (Плоттеры)
терезесінде көруге болады.
10.5.2
Конфигурацияны
редакциялау. Конфигурация-
ны
редакциялау
үшін
плоттерді қосу меңгергішінің
10.17-суретте
көрсетілген
соңғы терезесінде Edit Plotter
Configuration
(Изменить
конфигурацию) батырмасын
басу
немесе
Plotters
(Плоттеры)
терезесінде
қажетті
плоттер
үстінен
тінтуірді екі рет шапшаң шырт
еткізу керек. Сонда Plotter
Configuration
Edition
(Редактор
параметров
плоттера)
диалог
терезесі
ашылады
(10.18-суретті
қараңыз).
Терезеде үш бөлік бар.
General (Общие) бөлігінде тек
ғана ақпаратты қарап, қажетті
болса Description (Описание)
өрісінде плоттер сипаттауын
енгізуге болады. Ports (Порты)
бөлігі
плоттерді
компью-
термен
байланыстыратын
порттарды анықтауға арнал-
ған. Device and Document
Settings (Устройство и документ) бөлігінде плоттер параметрлерін өзгертуге
болады. Параметрлер жиынтығы басу жабдығына тәуелді көрсетіледі.
OK басып, редакцияланған файлды сақтау керек. Файлды басқа атаумен
сақтау үшін Save As (Сохранить как) батырмасын басу керек. Сонда бір басу
10.16 сурет
9
10.15 сурет
10.17 сурет
9
90
жабдығы үшін бірнеше конфигурация файлын жасауға мүмкіншілік бар.
Defaults
(По умолчанию)
батырмасы барлық өзгерістерді
болдырмай,
үндеместіктен
қабылданатын
параметрлерді
орнатады.
10.5.3
Сызбаны
басып
шығару. Басу Plot (Печать) диалог
терезесінен орындалады (10.19-
суретті қараңыз), оны лента Output
(Вывод) бөлігінің Plot (Печать)
тобындағы
Plot
(Печать)
батырмасын
басып
немесе
менюден
File→Plot
(Файл→Печать)
командасын
орындап немесе пернетақтадан
басып ашуға болады.
Қосымша параметрлерді орнату
үшін төменде орналасқан
More
Options (Развернуть окно) батырмасын
басу керек.
Plot (Печать) диалог терезесі
10.8-
суретте
көрсетілген
Page
Setup
(Параметры листа) терезесіне ұқсас,
сондықтан парақ үшін басу параметрлері
орнатылса,
олар
Plot
(Печать)
терезесінде көрсетіліп тұрады.
Көптеген жағдайда басуды парақ
кеңістігінен
жасаған
жөн.
Model
(Модель) кеңістігін алғашқы басу үшін
қолдануға
болады.
Сызба
қағазда
экрандағыдай
шықпауы
мүмкін,
сондықтан диалог терезелер біреуіндегі
Preview (Просмотр) батырмасын басып,
сызбаны қағазда қалай басылатынын
алдын ала қарап шығу керек. Қосымша лента Output (Вывод) бөлігінің Plot
(Печать) тобындағы Preview (Образец) батырмасы да басылатын сызбаны
алдын ала қарауға мүмкіндік береді. Алдын ала қарау режимінде тінтуір оң
жақ батырмасымен шырт еткізіп, контекстілік менюден басып шығару,
масштабтау, панорамалау және қарау режимінен шығу командаларын
орындауға болады. Принтердің (плоттердің) басуға дайындығын тексеріп, OK
басу керек.
10.19 сурет
9
10.18 сурет
9
91
Әдебиеттер тізімі
1. Omura D. Introducing AutoCAD 2009 and AutoCAD LT 2009. - Wiley
Publishing, Inc., Indianapolis, Indiana, 2008. – 435 p.
2. Finkelstein E. AutoCAD 2009 & AutoCAD LT 2009 Bible. - Wiley Pub-
lishing, Inc., Indianapolis, Indiana, 2008. – 1274 p.
3. AutoCAD 2009. Руководство пользователя /Корпорация Autodesk. -
Сан-Рафаэль, 2008. - 2016 с.
4. AutoCAD 2009 с нуля!: книга+видеокурс /Савельев Л.А. и др. - М.:
Лучшие книги, 2009. - 272 с.
5. Орлов А.А. Видеосамоучитель AutoCAD 2009. 2 в 1: книга + ви-
деокурс. - СПб.: Питер, 2008. - 377 с.
6. Соколова Т.Ю. AutoCAD 2009. Учебный курс. - СПб.: Питер, 2008. -
576 с.
7. Жарков Н.В. AutoCAD 2009. Официальная русская версия. - СПб.:
Наука и Техника, 2009. - 608 с.
8. Мидлбрук М., Бирнз Д. AutoCAD 2009 для «чайников». Пер. с англ. –
М.: Вильямс, 2009. – 400 с.
9. Погорелов В.И. AutoCAD 2009. Самое необходимое - СПб.: БХВ-
Петербург, 2008. - 544 с.
92
Алмас Даменұлы Дінасылов,
Роза Қайруллақызы Қойлыбаева
AUTOCAD ЖҮЙЕСІНДЕ ЕКІ ӨЛШЕМДІ СЫЗБАЛАРДЫ ОРЫНДАУ
Оқу құралы
Редакторы
2013 ж. жиын.тақ.жоспары, 26 реті
. .14 терілуге берілді
Пішіні 60х84 1/16
№2 типографиялық қағаз
Оқу-баспа таб. – 6,3. Таралымы 300 дана. Тапсырыс . Бағасы 3150 теңге.
Басуға . . 2014 ж. қол қойылды
«Алматы энергетика және байланыс университеті»
Коммерциялық емес акционерлік қоғамының
көшірмелі-көбейткіш бюросы
050013, Алматы, Байтұрсынұлы көшесі, 126
Достарыңызбен бөлісу: |