Ларды орындау оқу құралы Алматы 2014 2



жүктеу 3,69 Mb.
Pdf просмотр
бет8/30
Дата21.11.2018
өлшемі3,69 Mb.
#23351
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30

22

 

 



Рабочее  пространство→2D  рисование  и  аннотации)  командасын  орындау 

керек. 


 

2.1 Кесінділерді жасау 

 

Кесіндіні  жасау  үшін  LINE  (ОТРЕЗОК)  командасы  қолданылады,  ол 



 

батырмасымен қосылады. Сонда бағдарлама командалық жолда _line команда 

атауын қайталайды және кесіндінің бастапқы нүктесін беруді сұрайды:  

Specify first point: (Первая точка:) 

Команданы  орындау  үшін  оның  атауын  командалар  жолында 

пернетақтадан теруге де болады (LINE ағылшын тіліндегі нұсқада,  ОТРЕЗОК 

немесе  _LINE  орыс  тіліндегі  нұсқада),  сонда  бағдарлама  команда  атауын 

қайталамай, бірден бастапқы нүкте жөнінде сұраныс береді. 

Қазір  біз  өлшемдері  ескерусіз  кез  келген  кесіндіні    тұрғызамыз, 

сондықтан  графикалық  экранның  кез  келген  жерінде  тінтуірді  сол  жақ 

батырмасымен шырт еткізіңіз.  

Бағдарлама екінші сұраныс береді:  

Specify next point or [Undo]: (Следующая точка или [Отменить]:) 

Кесіндінің  екінші  нүктесінің  орналасуын  беру  керек.  Егер  тінтуірді 

графикалық  аймақтан  шығармай  қозғалтса,  бастапқы  нүктеден  курсор 

крестіне дейін «резеңке жіп» көрсетіледі, ол курсор орналасуына байланысты 

ұзарып  немесе  қысқарып  тұрады  (2.2-суретті  қараңыз),  сөйтіп  бағдарлама 

болашақ кесінді орналасуын көрсетеді.  Кесіндінің екінші нүктесін беру  үшін 

графикалық  аймақтың  қажетті  нүктесіне  тінтуірді  шырт  еткізіңіз.  Сонда 

бастапқы  және  екінші  нүкте  арасында  кесінді  тұрғызылады.    Егер  бір  ғана 

кесінді жасалу керек болса,  немесе > пернесін басып команданы 

аяқтау керек.  

 

LINE  командасы  көмегімен  бірінен  соң  жалғастырып  бірнеше    кесіндіні 

тұрғызуға  болады,      ол  үшін  команда  сұраныстарына  келесі  нүктелердің 

орнын беріп отыру керек (2.3-суретті қараңыз). 

Егер  нүкте  орны    қате    берілсе,  онда  Undo  (Отменить)  опциясын 

қолданып,  соңғы  кесіндіні  жоюға  болады.    Команда  ұсынатын  опциялардың 

біреуін  таңдау  үшін  оның  атауындағы  бас  әріптерді  пернетақтадан  теріп 

(мұнда U ағылшын, ал О  орыс тіліндегі нұсқада),   басу керек.   

Үшінші нүктені берген соң команда сұраныстары келесідей болады:  

2.2 сурет 

 

2.3 сурет



 

Бірінші нүкте 

Екінші нүкте 

Үшінші 


нүкте 


23

 

 



Specify next point or [Close/Undo]: 

(Следующая точка или [Замкнуть/Отменить]:) 

Мұнда  қосымша  Close  (Замкнуть)  опциясы  бар,  оны  таңдағанда 

бағдарлама сынық сызықты тұйықтайды, яғни соңғы нүкте бастапқы нүктемен 

түйіседі.  

Егер  команданы  аяқтаған  соң,  оны  қайта  орындау  керек  болса,    

көмегімен  оны  жылдам  қосуға  болады.  Енді  командалар  жолындағы 

сұранысқа    Specify  first  point:  (Первая  точка:)  қайта      басылса,  жаңа 

кесіндінің  бастапқы  нүктесі  ретінде  алдыңғы  сызықтың  соңғы  нүктесі 

алынады.  



 

2.2 Координаталарды беру тәсілдері   

 

Нақты сызуды қанағаттандыру үшін, яғни барлық нүктелер орнын нақты 



беру  үшін  олардың  координаталарын  пернетақтадан  теру  немесе  қадамдық 

және объектілік байланыстыруды қолданып, тінтуір көмегімен енгізу керек.  



 

2.2.1  Пернетақтадан  енгізу.  Сызба  элементтерінің  координаталарын 

пернетақтадан теріп беруге болады, сонда келесі мүмкіндіктер бар.  

Абсолют  декарт  координаталары.  Декарт  координат  жүйесінде  нүкте 

орны өзара перпендикуляр   және Y осьтеріне қатысты анықталады. Осьтер 

қиылысу  нүктесі  координат  басы  болып  келеді,      нүкте  координаталары  X,Y 

түрінде  жазылады,  мұндағы  X  пен  Y  –  нүктенің  координат  басына  қатысты 

сәйкес  X  және  Y  осьтер  бойымен  ауытқуы.  Абсцисса  мен  ордината  арасына 

үтір, бөлшектерде нүкте қою керек, мысалы, 10.5,-12.  



Салыстырмалы  декарт  координаталары.    Әдетте  барлық  нүктелердің 

абсолют  координаталары  берілмейді,  тек  қана  объектілер  өлшемдері  және 

арақашықтықтары белгілі болады,  сонда координаталарды координат басына 

қатысты  емес,    алдыңғы  нүктеге  қатысты  алған  ыңғайлы.    Осы  жағдайда 

салыстырмалы  координаталар    алдына  @  символы  қойылып,  келесі  түрде 

жазылады:  @X,Y.  Мысалы,  нүкте  үшін  @-4,8  берілсе,  онда  оның  алдыңғы 

нүктеге  қатысты  ауытқуы    X  осінің  теріс  бағыты  бойымен  4,  Y    осінің  оң 

бағыты бойымен 8 бірлігін құрайды.  



Полярлық  координаталар.  Кейбірде  нүктеге  дейінгі  қашықтық  және 

орналасу бағыты (бұрышы) белгілі болады, сонда полярлық координаталарды 

қолданған жөн, олар да абсолют және салыстырмалы болуы мүмкін.  

Абсолют 


полярлық 

координаталар 



қашықтық<бұрыш 

түрінде,  

салыстырмалы  полярлық  координаталар  @қашықтық<бұрыш  түрінде 

жазылады.  Мысалы, нүкте үшін @30<45 берілсе, онда ол алдыңғы нүктеден 



30 бірлікке тең қашықтықта орналасады және алдыңғы нүктеден жаңа нүктеге 

жіберілген вектор X осінің оң бағытымен 45° бұрыш жасайды.  



Арақашықтықтарды  енгізу.  Нүкте  орнын  құрама  тәсілмен,  яғни 

пернетақтаны  да,  тінтуірді  де  қолданып  беруге  болады.  Ол  үшін  тінтуірді 

қажетті  бағытта  қозғалтып,  содан  кейін  алдыңғы  нүкте  мен  жаңа  нүкте 



жүктеу 3,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау