АЙМАҚТАҒЫ ӘСКЕР КҮШІНІҢ АРТУЫ
Сібір қазақ әскерінің полктері: 1-іншісі-Көкшетауда, 2-іншісі-Атбасар, 3-іншісі-Пресновск станциясында, 4-іншісі-Петропавлда, 5-іншісі-Николаевск станциясында, 7-іншісі-Коряковск бекінісінде, 8-іншісі-Семейде, 9-ыншысы Өскеменде орналасты. Әскердің әрқайсысысында сегіз зеңбірегі бар үш батареядан тұратын атты-артиллериялық бригадасы болды. 1880 жылғы 5 шілдеде сібір қазақ әскерінің әскери қызметі туралы кезекті ереже бекітілді. Қызмет ететін бүкіл құрам үш топқа: дайындық, саптағы және запастағы топтарға бөлінді, оларды есептеу жыл сайын 1 қаңтардан бастап жүргізілді. Әскер бейбіт уақытта-18 жүздік, соғыс кезінде 54 атты әскер жүздігін сапқа қойды, 30 қазақ астанаға атты әскер-гренардерлік полктің лейб-гвардиясына жіберілді, Омбыда бір оқу жүздігі болды.
Сібір қазақ әіскері Жетісу мен Солтүстік Қырғыстанды қосып алу мен отарлауға, Оңтүстік Қазақстан мен Орталық Азияны жаулап алуға, Шымкентті, Ташкентті, Хиуаны, Қоқанды, Әндіжанды, Маргеланды, Ошты, Наманганды, Бұхараны, Құлжаны, Ақалтеке жазирасын алуға белсене қатысты. Мысалы, 1-Сібір қазақ полкі қоқан жорығы кезінде Ургаз қыстағы жанындағы шайқаста қоқандықтардың мың адамдық отрядын талқандап, жартысын жайратып салды. Хакы-Хабат қыстағы жанындағы ұрыста қазақтар жергілікті қыпшақтардың 2 мың адамдық жасағын жойып жіберді. Осы ұрыстар үшін полк георгиевті күміс керней және бес киімге тағылатын. «1875 жылғы 3 қазанда Әндіжан қаласына шабуыл жасағаны үшін» белгілерін алды.
1871 жылдың жазында Жетісу қазақтарының отряды Қытайдың Құлжа қаласыны басып алып, онда 1883 жылға дейін болды. 1873 жылғы Хиуа жорығында 1-Жетісу полкінің бесінші жүздігі ерекше «көзге түсті», онда Әмудариядағы батпаққа 2 мың әйелдер, балалар мен қарттар қуып тығылып, аяусыз кескілеп өлтірілді. Әскери тарихшының жазғанындай, «қазақ жүздіктері лап қойып, ешкімді аямастан, өз жолындағылрдың бәрін жайпап өтті». Қазақтарға әскери бас киімдеріне тағатын «1873 жылғы Хиуа жорығында көзге түскені үшін» деген жазуы бар 200 белгі берілді.
Сөйтіп XIX ғасырдың 60-90 жылдарында патша өкіметі Қазақстанда оны әскери отарлауды түпкілікті орнықтыру, халық көтерілістері мен қозғалыстарын басу үшін тұрақты да тұрақты емес те әскерлерді қамтитын қуатты әскери ұйым құрды.
XIX ғасырдың аяғы-XIX ғасырдың басында Қазақстан аумағында Түркістан, Қазан және Омбы әскери округтерінің қрамына кірген мынадай әскери бөлімдер орналасты:
Уездік Ақмола, Ақтөбе, Верный, Гурьев, Жаркент, Зайсан, Ырғыз,
Қостанай, Көкшетау, Лепсі, Перовск, Аягөз, Темір, Торғай, Ойыл, Өскемен, Черняев және Форт-Александровск қалаларында-жергілікті жаяу әскерлер, қазақтардың, айдауылдық, қарауылдық және жасақтық командалар, отрядтық дружиналар, мемлекеттік отряд роталары және басқа да көмекші бөлімдер.
Зор әскери –стратегиялық маңызы бар облыстық және уездік ірі
орталықтарда атқыштар полктерінің запастағы құрамалары орналасты. Мысалы, Әулиеатадан-3 Сібір запастағы полкінің екі ротасы; Қазалыда-4-Сібір запастағы атқыштар полкі, 1-Сібір запастағы атқыштар полкінің 5-ротасы, Сібір запастағы атқыштар полкінің 12-ротасы, 4-Түркістан атқыштар батальоны, 31-Түркістан оралымды жеңіл батареясы; Қостанайда-246 запастағы жаяу әскер полкі; Перовскіде-3 Сібір запастағы атқыштар полкі; Петропавловскіде-33 Сібір запастағы атқыштар полкі; Семейде-24 Сібір запастағы атқыштар полкі; Түркістанда-242 Самара жасағы; Черняевта-4 Сібір запастағы атқыштар полкі; Верныйда 20-ға жуық әр түрлі әскери бөлімдер, соның ішінде 27-Түрістан оралымды жеңіл батареялы артиллериялық команда және жергілікті артиллериялық команда және жергілікті артиллериялық қойма, 240-Симбирск мемлекеттік жасақ дружинасы; Ырғызда-13-Орынбор атқыштар полкі; Аягөзде-240-Симбирск жаяу дружинасының 4 ротасы және Сергиопль атты әскери жазалау командасы.
Қазақтардың полктері мен жүздіктері өлкенің мына мекендерінде орналасты:
Оралда –Орал қазақ әскерінің әскери штабы, осы әскердің бір бөлімі,
әскердің 1, 2 және 3 запастағы жүздіктері бірінші Орал запастағы қазақ полкі, 10 Орал запастағы қазақ полкі, 2-Орал қазақ баратеясы және Орал қазақ әскерінің 5-ерекше жүздігі. Калмыков пен Гурьевте Орал қазақ әскерінің 2 және 3 бөлімдерінің штабтары орналасты, ал Темір мен ойылда Орал әскерінің жергілікті атты әскер командалары тұрды.
Верныйда-Жетісу қазақ әскерінің әскери басқармасы, 3-Жетісу азақ
полкінің штабы запастағы жүздік, қару –жарақ шеберханасы. Жаркентте-1-Жетісу қазақ полкі және штаттан тыс атты артилерия взводы. Лепсіде-4 Жетісу жасақтық қазақ жүздігі, Бақтыда 3 Жетісу қазақ полкінің бірінші жүздігі.
Сібір қазақ әскерінің бөлімдері мыналар болды; Зайсанда-3 Сібір
қазақ полкі, Қапалда-9Сібір қазақ полкі және 3-Орынбор қазақ батареясы, Өскеменде-Сібір қазақ әскерінің 3-бөлімі.
Сонымен Қазақстандағы патша саясаты солдаттардың найзалары мен қазақтардың қылыштарына сүйенеді, әскери –оккупациялық сипатта болды. П.Г. Галузоның пікірінше, Жетісу қазақтары Ресей әскери феодалдық империялизмнің көк найзасы рөлін атқарды, Т. Рысқұлов жергілікті қазақтарды патша әкімшілігінің әскери-күзет күші деп санады.
Достарыңызбен бөлісу: |