ҚАЗАҚСТАННЫҢ XIX ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫНДАҒЫ СОТ ҚҰРЫЛЫСЫ
1886 жылдың 2 маусымындағы Түркістан өлкесін басқару туралы ереже. 1868-1870 жылдардағы көтеріліс патша өкіметінің жергілікті халықтың 1867-1868 жылдардағы «Уақытша ережені» қабылдамауы мүмкін екендігі туралы қаупін қуаттады, рас ол отарлық Қазақстанның әкімшілік-аумақтық, сот және шаруашылық құрылымына аз өзгеріс енгізген жоқ. XIX ғасырдың 80- жылдарының орта шенінде ғана қауырт өскен Ресей өрекәсібінің шикізаттық шылауына айналған Қазақстанның әлеуеметтік-экономикалық дамуындағы өзгерістерді заң тәртібімен нығайту мүмкін болды.
Кең байтақ Қазақстанды асқару жүйесі қуатты Ресейдің жалпы империялық әкімшілік-саяси жүйесіне таңылған болып шықты. Қазақстан көп ұлтты Ресей империясының құрамдас бөлігіне айналып, өз дамуында капиталистік нарықтық экономикаға тән кәсіпкерліктің және жаңа өндірістік үрдістердің бастамасын қабылдады. Бұл тұрғыдан алғанда, негізінен 60-70 жылдардағы әлеуемттік-экономикалық даму деңгейіне, XIX ғасырдың аяғына сәйкес келген «Уақытша ереденің» негізгі бағыттары қоғамдағы терең әлеуметтік саралану, шаруашылықтың басым нысаны-мал шаруашылығындағы, урбанизация үрдісіндегі ғажап өзгерістердің, қала және село халқының әлеуеметтік-экономикалық қалыптарының етене жақындасуының, даланың автохтондық тұрғындары күнделікті номадтар өмірінің ерекшелігіне көзқарастарының өзгеруі салдарынан шын мәнінде ескірді.
Метрополия мен отардың өзара қатынастары болып көрмеген өзгерістерге ұшырады және отаршылдық әкімшілік пен үкіметті көптен ойластырылған өзгерістерді жүзеге асыруға-1867-68 жылдардағы «Уақтыша ережені» елеулі жаңартулар мен толықтырулар қажет етілген бөлімдеріне едәуір түзетулер енгізе отырып, заңдастыруға итермеледі.
Жаңа ережеге сәйкес Түркістан генерал-губернаторлығына үш облыс: Сырдариы, Ферғана, самарқан облыстары кіргізілді. Кейініректе, 1897 жылы, Жетісу облысы да жаңа генерал-губернаторлықтың құрамына берілді.
Бұрынғыша генерал-губернатордың билігі сақталып біршама күшейтілді, ол іс жүзінде дара билеушіге айналды. Облыстардың билігі әскери губернаторларға берілді. Жоғарғы шенеуніктік биліктің осылай құрылуы 20 жыл бойы өзін ақтап, әсерес жергілікті жерлерде өлкені отарлауды жеңілдеткен едәуір сындарлы басқару жүйесін бекіте түсті. Түркістан генерал губернаторлығының барлық облыстары арасынан екі облыстың-Сырдария және Жетісу облыстарының Қазақстанға тікелей қатынасы болды. Өткен уақыт ішінде уездерге бөлу принципі сақталып қалды, саны жағынан және олардың шекараларын тарихи географиялық жағынан межелеуде елеулі өзгерістер болды:Сырдария облысы-5 уезд, оның ішінде Әулиеата уезі-7800 шыршы шақырым, Перовск уезі-105, Шымкент уезі-91025, Ташкент уезі-32100 шаршы шақырым, 2 учаскесімен Әмудария бөлімі: Шурухан-50 500, Шымбай-32800 шаршы шақырым болып бөлінді.
1886 жылғы Ереженің негізгі өзегі бүкіл жер қорын мемлекеттің меншігіне беру болды, ол қазақтардың экономикалық әл-ауқатының негізгі нысаны-мал шаруашылығына орасан нұсқан келтірді.
XIX ғасырдың аяғына қарай сырдария облысында ғана 7727034 бас мал; ал Жетісу облысында 7 млн астам мал болды. Жерді мемлекеттік меншік деп санап, жергілікті халықты жерін беймерзім жалға берушілер деп қараған үкімет, соңғыларына «мал жаюға, топырақ және тас, балшық жинауға» құқық бере отырып, номадтардан құнарлы алаптардың алып қойылуын тездетті, ол XX ғасырдың басында столыпиндік аграрлық реформалардың жүргізілуімен аяқталды. Қоныс аударушы шаруалардың, қазақтардың және басқа да өзге ұлтты көшіп келушілердің мүдделірін көздеп жүзеге асырылған жерді кең көлемде зорлықпен тартып алу саясаты шын мәнінде Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы жер пайдаланудың дәстүрлі нысандарын түп тамырымен қиратуға әкеп соғып, қазақтардың аграрлық қатынастары жүйесін мықтап шиеленістірді. Егер отырықшы халық пен көшпелілердің жерге құқықтарын салыстыратын болсақ, алғашқыларына қарағанда соңғыларына әлдеқайда басыбайлы болғанын мойындау керек деген пайымдауында зерттеуші П.Г. Галузо әбден дұрыс айтқан. 276 бапта сырдария облысының қазақтарына көршілес далалық облыстарға жазғы жайлауға көшіп бару кезеңінде бұрынғы құқықтарды пайдалануға рұқсат берілген, бұл үшін Түркістан генерал-губернаторының рұқсаты талап етілді, ол рұқста беру үшін мұндай мәселелер жөнінде дала губернаторымен «қатынас жасаған». Ереженің мұндай «мырзалығын» Қазақстаннан империяның орталық аудандарына көп көлемде мал өнімдерін әкетуге мүдделі орыс кәсіпкерлерінің экономикалық мүдделерімен түсіндіретін пікірді дұрыс деп санау керек. Оңтүстік аудандарда жерге жеке меншікті енгізуді қарастырған кезінде үкімет көшпелілер өмірінің үш компоненттен-киіз үйден, малдан, даладан тұратын ерекшелігін мүлде ескермеді.
Шаңырақ алымы 4 сомаға дейін көбейтілді. Сірә, 1868-1870 жылдардағы көтеріліс үкіметті қатты қорқытса керек, ол шаңырақ алымының мөлшерін белгілеуге бірден батылдық ете алмады. Бұл үшін ол алым көлемін бірте-бірте көбейтіп бірқатар үстеме шаралар жүргізді.
Сот құрылымындағы өзгерістер Ережеде көрсетілген жаңалықтардың іске асырылуын заң тәртібімен қамтамасыз етуге тиіс болды және ол рыноктық Негізгі үш сот инстанциясы-бітістіруші судья, облыстық сот және үкіметтік Сенат отаршылдық тәртіптер енді ғана орныға бастаған жағдайларда қоғамның тіршілігін құқықтық жағынан қамтамасыз етуді реттеген бұрынғы заң ережелерін жоққа шығарды. 141-бапта христиан нанымына қарсы, басқару тәртібіне мемлекеттік және қоғамдық қызметке қарсы, мемлекеттік міндеткерліктерді, кірістерді, меншікті өтеуге қарсы наразылық бойынша жасалған қылмыстар үшін «бұратаналарды» империялық заңдардың жалпы негіздерінде жауапқа тарту белгіленді. Дегенмен Ресей сот жүйесіне қарыс әрекеттердің барлығы екінші қатарға ығыстырып тасталды. Бұл орайда 3 жылға бекітілетін, «халықтың сеніміне ие болған, 7 күндік қамаудан аспайтын немесе 30 сомнан астам ақшалай жаза алмаған», кез келген адам болуы мүмкін халық судьялары уездік басқармалар бастықтарының жасырын қысым көрсетуі, судья қызметіне өздерінің сенімді адамдарын тықпалауға тырысқан «партиялардың» үздіксіз күресі жағдайында өз мүмкіндіктерін толық көлемінде іске асыра алмады.
Достарыңызбен бөлісу: |