Курстық ЖҰмыс тақырыбы: XIX ғасырдың 60-90 жылдарындағЫ Әкімшілік-саяси рефорамалар



жүктеу 334,5 Kb.
бет5/13
Дата06.02.2022
өлшемі334,5 Kb.
#37362
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Ержан курс

Зерттелу деңгейі: Бұл мәселеге сол уақыттағы орыс тарихнамасында әскери тарихшылар В.Долинский, Н.И. Гродеков, М.А. Терентьев, Д. Романовский, А.К. Гейнс, Л.Ф. Костенко, А.М. Макшеев, сяхатшы П.П. Семенов-Тянь-Шанский отарлық әкімшлік қайраткері И.И. Крафт өз еңбектерінде назар аударған болатын [2; 48б.].

1867-1868 жж реформалардың қажеттілігі А.К. Гейнстің, Н.И. Гродековтың, М.А. Тереньтевтің, Л.Ф. Костенконның, А.И. Макашевтің еңбектерінде дәлелденген [3;87 б.].

Қазақстан жерлері Ресейге толық қосылғаннан кейін мұнда әкімшілік реформа жүргізу қажеттілігі орталық баспасөз беттерніде талқыланды. Ресейдің Әскери министрілігін ресми баспа органы –«Русский инвалид» газетінің пікірінше реформа «...қырғыз даласын басқаруда туған қиыншылықтар мен қолайсыздықтарды жою үшін қажет» [4;16 б.].

XIX ғ 60-шы жылдары ресей үкіметінің Қазақстанда әкімшілік реформалар жүргізудегі мақсаттары мен міндеттері революцияға дейін орыс баспасөз беттерінде және арнайы зерттеулерде жан-жақты талқылау тақырыбы болды. «Русский инвалид» газетінің беттерінде білдірілген әскери баспасөздің пікірінше «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтарының далалық аудандарын басқару туралы Уақытша ереженің» негізгі мақсаты-«қырғыздарды орыс халқымен жақындастыру, ресей әкімшілік органдары арқылы басқаруды біркелкі ету болды» [5;45б.].

Қазақ халқының өзіндік қоғамдық қатынастарын бұза отырып және қазақ қоғамында сұлтандар мен билердің құқығы мен маңызын кемітуге қатысты жүздерді жаңаша басқаруды бірте-бірте еңгізу жолымен жаңа билікті нығайту туралы өз еңбектерінде В.Долинский, Н.И. Гродеков жазды. В.Долинский Ресей империясының Қазақстанда енгізген ерекше басқару жүйесін былай деп сипаттайды: «Шет аймақтарының (яғни Қазақстанның С.Қ) көп бөлігінде үкімет ерекше басқару құрды жергілікті әкімшіліктің генерал –губернаторлықтың үлкен дербестігі, әскери және азаматтық биліктің қосылып кетуі, ал кейбір шет аймақтарда жергілікті ру-тайпалардың басшы топтарын басқару мен соттың жекелеген салаларына тарту оның өзіне тән ерекшелігі болды» [6;61 б.].

Оның ойынша аймақта орнаған жаңа биліктің басты мақсаттыры қазақтарда бірталай ғасыр бойы өмір сүріп келе жатқан шаруашылық механизімін жою, қазақ қоғамында сұлтандардың құқығымен маңызын кғемітіп, оларды шенеуніктер қатарына ауыстыру, қоғамдық қатынастарды реттеуге ауыл билерінің билегін қысқарту, ресей армиясы мен қазақтарға сүйене отырып жаңа ауданда тәртіп пен тыныштық орнату [7;135 б.].

Зерттеуші Д.Романовскийдің пікірінше ішкі проблемаларды шешумен қатар Түркістан облысының әскери губернаторның алдында көршілес мемлекеттермен өзара қарым-қатынасты реттеу мен мемлекеттік шекаралрады қорғауға байланысты міндеттер тұрды. «...Көршілес мемлекеттер мен сауда қатынастарын дамыту есебінен баж салығын ұлғайту жоспарланды»-дейді ол, «дұрысын айтқанда бұл-аймақта орнаған басты биліктің көздеген жаңа мақсаттарының бір болатын» [8;245 б.]. Сырдария облысының әскери губернаторы Н.И. Гродековтың ойынша, бұл реформалардың басты мақсаты-Ресей империясының шет аймақтарындағы оның ішінде Түркістан генерал-губернаторлығының билік органдарының құрылысы мен ұйымдастырылуын мемлекеттің ішкі губернияларындағы билік органдарының құрылысы мен ұйымдастырылуына сәйкестендіру және хандардан кейін саяси аренадан сұлтандарды бірте-бірте ығыстырып, қазақ қоғамындағы олардың маңызын азайту болды [9;94 б.].

Қазан төңкерісіне дейінгі ресей тарихнамасында өзінің объективтік көзқарастырмен көзге түскен Торғай облыстық басқармасының шенеунігі И.И.Крафт болды. Ол қазақ елінің тарихына байланысты орыс үкіметі жариялаған 1500-дей грамоталарды, указдар мен заңдарды жинақтаған «Сборник киргиских степных облостях жинағының құрастырушысы» [10;176 б.]. Ол өзінің жинағында «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтарындағы далалық облыстардың басқарылуының Уақытша ережелері» бойынша қазақ жерлерінің жаңаша әкімшілік бөлшектенуін және нақты Торғай облысының басқарылуын сипаттайды. «1868 ж Батыс-Сібір және Орынбор ведомстволарының жерлері»- дейді ол «әрқайсысы 4 уезден тұратын, 4 облысқа бөлінетін Орынбор генерал-губернаторлығы Орал, Торғай облыстарына бөлігнді. Торғай облысы Илецк (Ақтөбе), Николаев (Қостанай), Торғай және Ырғыз уездерінен тұрды. Торғай облысының басқармасы 1868 ж 2 қаңтарда құрылып, Ресей империясының Ішкі істер қарамағында болды. Ол губернаторлық басқармасының, генерал-губернаторлық концеляриясының, қазна, мемлекеттік меншікті басқару, қылмыстық және азамттық соттар палаталарының қызметін атқарды» [11;134 б.].

Сол заман тұсында өмір сүрген орыс зерттеушілерінің XIX ғ екінші жартысындағы қазақ қоғамының әлеуметтік және саяси құрылысының даму үшін әкімшілік реформалардың салдары туралы мәліметтерінің біз үшін үлкен маңызы бар. XIX 5 60 жж әкімшілік-құқықтық реформаларды қазақ социумының этноәлеуеметтік байланыстарының өзгеруіне ықпал ету проблемасы әскерилердің еңбектері ерекше орын алды. Н.И. Гродековты каракиргизи Сырдарьинской области деп аталған күрделі зерттеуі реформадан кейін жергілікті халықтың саяси және құқықтық жағдайының өзгерін талдауға және қазақтардың тұрмысының құқықтық зерттеуге арналды. Оның пайымдауынша жаңа әкімшілік жүйенің Қазақстан территориясының жекелеген әскери-губернаторлықтар мен уездерге бөлінуі үстемдігін нығайтуға бейімделген әскери-бюрократиялық аппараттық құрылудан жерге қоныстану принципі бойынша емес жергілікті халықтың шаруашылықтарының ортақтығына сәйкес бөлу ұйғарылды. Н. Гродеков атап көрсеткендей: «Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы 1867 көшпелі халықты болыстар мен ауылдарға бөлу қажеттігін құлатты, қырғыз руларының бір-бірінен айыру үшін үлкен руды бір ру басшысының қол астына біріктіру саяси тұрғыда зиян ретінде мойындады» [12;243 б.]. Ол қазақ қоғамының саяси арнасына бұдан бұрын хандар сияқты сұлтандардың да ығыстырғызуын дәл байқады. Зерттеуші «таусыз жер болмайды, сұлтансыз ел болмайды» деген мақал келтіреді, бірақ бұл сөздердің өткен кезеңге қатысты айтылғанын және олар өткен уақыттан қалған есте сақталғанын ескертеді. «1867 жылғы сұлтандар құқығы басқа халық заңда ресми түрде оларға ешқандай құқық берілмейді». Бұдан әрі ол былай дейді мұндай жағдай қазіргі кезде (яғни XIX ғ 70-80) жж ақсүйектер мен қара сүйектер арасындағы некелер кедергізіз қиылумен дәлелденеді. Сонымен қатар ол патша әкімшілік реформаларының аймақтағы сот ісін жүргізуге енгізген сот өзгерістері туралы жазды. Бұл реформаға дейін Қазақстанда билер соты болды. Оның қазақ қоғамында қаншалықты танымал болғандығын Ш.Ш. Уалихановтың сөздері дәлелдейді, ол 1964 ж былай деп жазған болатын: «Қырғыз халқының қоғамдық өміріне көптеген жаңа элементтер енгізген 40 жылдық ресей үстемдігінің ежелгі қырғыз сотына ешқандай ықпалы болған жоқ. Билер соты бізге дейін жүз, тіпті мың жыл бұрынғы түрін сақтады» [13;46 б.].

. Ш.Ш. Уалихановтың бұл сөздерін атақты орыс саяхатшысы П.П. Семенов Тянь-Шанский құптады, ол Тянь-Шаньға саяхаты барысында Ұлы жүз қоныстарына барған болатын. Ол былай деп жазды: «… XIX ғ ортасында Үлкен ордада билерді ешкім сайлап, тағайындамаған екен. Бұлар қоғамдық пікір анықтаған, тәжірибелі және өз әділеттілігімен. Даналығымен және басқа да қасиеттерімен танымал болған халықтың дағдылы құқығын жетік білетін адамдар әділеттілік іздегендер олардың алдына өз еріктерімен барып, істерін қаратты» [14;116 б.]. Ал қазіргі кезде Н.И. Гродековтың ескертуінше ресми топтар билер институтын өз мақсаттарына бейімдеді. Қазақтардың реформадан кейінгі заңға бағыну жағдайларын зерттей отырып, ол мынадай қорытынды жасайды: «Билер соты пара алатын, халықрасында танылмаған және жергілікті жоғарғы қызмет иелеріне бағынышты органға айналды. Халық соты болыс басқарушысына бағынды, оның бұйрығынсыз істі қарай алмады. Халық сотында зергілікті билік органдары бассыз әрекеттерге барды» [15;63 б.].

Орыс үкіметінің Қазақстандағы XIX ғ 60 ж әкімшілік- саяси реформаларын бағалау мәселесі де орыс зерттеушілерінің назарынан тыс қалған емес. Әрине олар бұл реформаларды мадақтады. Тек жекелеген авторлардың еңбегінде ғана ол сыналды. 1886 ж «Исторические очерки» деген жинақта жарияланған «Қырғыз қайсақтардың ежелгі одақтары деген тарихқа аты белгісіз болып кеткен автордың мақаласында Орта жүздегі орыс үкіметінің бұл «Уақытша ережелер» бойынша жүргізілген әкімшілік-саяси реформалары былай деп сыналған еді: «Өнегеліліктің жалпы құлдырауы мен халықтың қайыршылануы мен кедейленуі, царизм жариялаған заңдардың мазмұнының отарлық қоғамның нақты құрылысымен үйлеспейтіндігінен туындайды» [16;98 б.].

Орыс зертеушілері царизмнің бұл әрекеттерін жергілікті халықтың пайдасына шешілетін «ізгі ниет» көшпенділердің көп ғасырлық патриархалдық құрылысының шаруашылық-экономикалық қатынастарын ресей вариантына ауыстыруға тырысу ретінде бағалады, бірақ олар бұл «ізгі ниеттерге» сүйене отырып орыс үкіметінің қазақ даласы халқының көп ғасырлық бастамаларын күш қолдана өзгерткені туралы сөз еткен жоқ. Жалпы алғанда XIX ғ екінші жартысының ресей зерттеушілері «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтарындағы далалық облыстардың басқарылуының Уақытша ережелерін» патшаның қазақ халқына берген «зор рахымы» деп суреттеді. Олардың айтуынша, бұл ережелер жарияланғаннан кейін қырғыз бұратаналары империяның қарапайым ауыл тұрғындарына айналды, Ресей империясының бөтен де халықтарының қатарына қосылады және де бұл халықтың (яғни қазақтардың) енді өзіндік этникалық тарихы болмайды. «Уақтыша ережелердің» өмірге енгізілу күнінен бастап, біз қазақ халқының тарихын жазуды тоғарамыз»-деп жазды П.П. Румянцев, «себебі енді қырғыз халқының тарихы болмайды, ендігі жерде сібір,орта-азиялық даласының ауылдық тұрғындары-бұратаналардың өмірінің тарихын жазамыз» [17;16 б.].

Бірақта шын мәнінде олай болған жоқ. Барлық сословиелерге ортақ сайлаудың енгізілуі қазақ қоғамының рулық негіздері мен менталитетін жойды. Жаңа ереже дәстүрлі әлекеметтік құрылыстың орнына жаңа құрылыс енгізілетінін бекітті. Ресей империясының барлық қазақтары жергілікті халыққа жатты. Бастапқы кезде сословиелік бөліну Ресейден шыққандарға ғана қатысты болды. Қазақтар осы сословиелердің біріне жатқызылуы мүмкін еді. Шаруа қазақтардың көпшілігі, бірқатар көшпенділер ауыл сословиесі ретінде тіркелді. Жас ғалым Сариева Р.Т. дұрыс көрсеткендей: «Қазақ қоғамының билеуші топтарына қолдау көрсетуіне де қарамастан, арнайы, ұйымдастырылып жазылған патша ағзамға бұл «рахымшылығы» үшін рахмет айтқан басиушілік петицияларға қарамастан отарлық әкімшілік шенеуніктерінің бұл рефоормалардың жергілікті халық үшін пайдалылығы мен тиімдігін асыра мадақтауына қарамастан ешқандай әрекеттер бұл рефомалардың қазақ халқының мүдделеріне қарсы бағытталған мәнін, оның нақты өмірден алшақтығын бүркелей алмады. Бұл «Уақтыша ережелердің» баптары қазақтардың этникалық мемлекеттігінің атрибуттарын түбегейлі жойды» [18;87 б.].


жүктеу 334,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау