Далалық облыстарды басқару туралы 1891 жылдың 25 наурызындағы ереже. XIX ғасырдың соңғы ширегі қазақстанның әлеуемттік-экономикалық дамуында бетбұрысты кезеңге айналды. Әлеуемттік және шаруашылық салаларда тауар-ақша қатынастарының біртіндеп орнығуы, өлкені мекендеушілердің негізгі құрамы қазақтардың күнделікті өмірінен рулық патриархаттық жүйенің ығыстырылып шығарылуы отаршыл империяның бөлігі ретінде Қазақстан дамуының барлық жақтарын қамтыған капитализмнің ықпалын бастан кешірген оңтүстік аудандарға қарағанда әсіресе далалық аудандарда дәстүрлі өндірістік қатынастарды сипатын қатты өзгертті. Қазақстанды отарлық шет аймаққа айналдырды, барған сайын нығайып келе жатқан рыноктық кәсіпкерлікті заң арқылы қамтамасыз етті. Қазақстанның жалпы ресейлік өмірге тартылуы, осыдан туындайтын барлық зардаптарымен қоса алғанда, бұрынғы заң актілерінің далалық облыстарының қоғамдық саяси шаруашылық өмірінде қалыптасқан өзгерістер мен негізгі сәйкессіздігі туғызған субъективті кедергілерге ұшырады. Оның үстіне оңтүстіктегі екі облыс-далалық аудандармен өте жақын жанасып жатқан Сырдария және Жетісу облыстары өмірінің көптеген салаларында жүзеге асырылып жатқан өзгерістер далалық аудандарды әкімшілік аумақтық басқарудың жаңа сатысына нысанды түрде тартып, қалған төрт облыста реформаны әзірлеу мен қабылдау аса қажеттілікке айналды. Далалық облыстарды басқару туралы «Ережені» әзірлеу және заңдастыру жөнінде ұсыныстар жасау жүктелген Ерекше Комитет: «Қазақтар тілектестікпен қарсы алған жаңа ереже. Батыс Сібір даласында түгелдей енгізілді және оның қолданылуы іс жүзінде ешқандай ерекше қиыншылықтар кездестірген жоқ...»депбаяндаған кезде осы ескертілген еді.
Жаңа реформаны қабылдау уақыты империя халқының саяси белсенділігінің жандануымен, азаттық қозғалысының өрістеуімен ерекшеленді. Халықшылдардың, социал-демократиялық қозғалыстың мейілінше жарқын өкілдері Қазақстанда да айдауда болды. Ереженің 17-бабында генерал-губернаторға «саяси сенімзідігі жөнінен де сиянсыз бұратаналарды да» өз қалауы бойынша импрерияның Ішкі істер министрлігімен келісе отырып, тағайындалған жеріне бес жылдан аспайтын мерзімге жер аударуға құқық берілді. Рас, бұл орайда генерал губернатор мұндай әрбір өкім туралы Ішкі істер министрлігіне хабарлап отыруға міндетті болды.
Облыстарды басқару жүйесі тәртіпке келтірілді: патшаның қалауы бойынша арнаулы «патша жарлығымен» тағайындалатын және босатылатын, далалық генерал губернаторына бағынатын Ақмола; Семей және Жетісу облыстарының бас басқармалары құрылды. Ішкі істер министрі қызметке тағайындап және босататаны әскери губернаторлардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ вице-губернаторлардың, облыстық басқарманың жалпы жиналысының кеңесшілері мен мүшелерінің жағдайы «Қызмет туралы жарғыда» қосымша айтылды. «Уақтыша ережелер» қабылданған кезден бастап елеулі өзгерістерге ұшыраған уездік басқармаларда қайта құрылулар болды: Ақмола облысы бес уезден: Омбы көлемі 41 048,9 шаршы шақырым, Петропавл-60 953,6, Көкшетау-63 688,7, Атбасар-114 549,5, Ақмола-198 960,4; Торғай облысы төрт: Ақтөбе-94 500 шаршы шақырым, Николаевск-938 381, Ырғыз-127 360, Торғай-147 500; Семей облысы бес: Семей-64 786,9 шаршы шақырым, Зайсан-49751,8, Қарқаралы-182 430,6, Павлодар-403 788,2, Өскемен-41 487; Орал облысы төрт: Орал, Калмыков, Гурьев және Темір уездерінен тұрды. 1891 жылғы Ереже уезд бастықтарының әкімшілік міндеттерін едәуір кеңейтті. Олар енді «уезд шегінде бұратаналарды және басқа село тұрғындарын қоғамдық басқарудың барлық нұсқауларын қадағалауды, сол сияқты тікелей өз қалауы бойынша да, әскери губернатордың немесе облыстық басқарманың тапсырмалары бойынша да жасалған шешімдерге тексеру жүргізуді» жүзеге асыратын болды; «ол былай тұрсын, оларға өкімет орындарының заңды өкімдеріне құлақ аспағаны үшін және басқа да қылықтары үшін бұратаналарды 7 күннен аспайтын мерзімге қамауға алуға немесе 15 сомнан аспайтын ақшалай айыппұл салуға... еркіндік берілді».
Үкіметтің бұрынғы сот жүйесін қатты өзгертуіне себеп болған енгізгі міндет ислам ширағатын уағыздаушы биледі және құқықтық жүйені ығыстырып шығары, олар ондаған ғасырлар бойы пайдаланып келген жеңілдіктерді жою болды. Жаңа Ереже билер сотын жойып, халық соты деген жалпы атаумен құқықтық құрылыстың жаңа құрылымын енгізді. Ереженің 210-бабында былай делінген: «Отырықшы тұрғындар мен көшпелілердің әрқайсысында орын алған ғұрыптар негізінде өздері қарастыратын істерді шешетін жеке халық соттары болды» келесі 211-бапта халық сотының қаруына жататын істері дәрежесін айқындайды: «бұратаналар» жасаған қылмыстар мен қылықтар туралы барлық істер, егер бұл істер айтарлықтай дәлелмен, орыс өкімет орындарының қатысуы жағдайында жасалған немесе куәлендырылған құжаттарға негізделмесе, халық сотының қаруына берілді. Бұл орайда халық судьяларының іс әрекетін жоғары тұрған сот орындары қатаң қадағалап отырды, халық сотының билігін асыра пайдаланып немесе өзінің қаруына болмайтын істер бойынша шығарған үкімдері мен шешімдері орындалмады және олар туралы уезд бастығы прокурорға шағым «табыс етті». Халық сайлауының нәтижелері негізінде халық сотын үш мерзімге тағайындау халыққа онша мәлім емес үміткерлердің сайлануына жол бермеді. Оның үстіне 223-бапта үміткерлердің әлеуметтік тегіне де, материалдық жағдайына да шек қойылмады.
Ол былай тұрсын, ережеде әрбір уезде және Омбы, Семей, Верный және Орал қалаларында үкімді бір өзі шығара беретін бітістіруші судья қызметі белгіленді, Торғай облысында облыстық соттың құқықтары мен міндеттері Орынбор қылмыстық істер және азамттық сот палатасына жүктелді.
Достарыңызбен бөлісу: |