«Ғылыми көктем» атты экологиялық жобалар және ғылыми-зерттеу жұмыстары
конференциясын өткізу Ережесі
I. Жалпы ережелер
1.1. Экологиялық жобалар және ғылыми – зерттеу жұмыстары Қалалық конференциясын
өткізу ережесі, оның мақсатын, міндетін және өткізу тәртібін анықтайды.
1.2. Конференция жасөспірімдерді энергия және суды үнемдеу, өз аймағымыздың
экологиялық мәселесіне инновациялық тәсілдерді іздестіру, зерттеушілік дағдысын
дамытуға және биоалуантүрлілікті сақтау мәселесін шешуге белсенділігін арттыру
мақсатында өткізіледі.
Байқаудың негізгі міндеттері:
-
жасөспірімдерді экологиялық білімін көтеру;
-
мектеп оқушыларын экологиялық жағдайды зерттеуге, қоршаған ортаның
құбылыстарына және нысандарына қамқорлықпен қарауға баулу;
-
энергия және суүнемдеу мәселесінің маңыздылығын,
-
экологиялық тәрбиелеу және білім берудің пәрменді түрі ретінде балалардың табиғатты
қорғау қозғалысын қолдау болып саналады.
1.3. Конференция Алматы қаласы Білім Басқармасы, Жас натуралистер станциясында,
РММ «Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы”, Алматы қалалық табиғи
ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының қолдауымен өткізіледі.
II. Байқауға қатысушылар
2.1. Конференцияға 7-11 сынып оқушылары жекелей де, шығармашылық ұжымдағы
балалар құрамында да қатысуға болады.
III. Конференцияны өткізу уақыты, орны және тәртібі
3.1. Конференцияны үйлестіру, өткізу және дайындық жұмысын ұйымдастыруды орындау
үшін ұйымдастыру комитеті құрылады. Қазылар алқасының құрамын ұйымдастыру
комитеті бекітеді.
3.2
. Конференция 6 сәуір 2016 жылы сағ. 11.00-де Жас натуралистер станциясында мына
мекен-жайда өткізіледі: Алматы қаласы, Щепкин көшесі, 27 үй, Ұйымдастыру комитеті:
12 каб; тел: 309-75-99.
3.3. Конференцияға қатысу үшін 1000 теңге ұйымдастыру жарнасын төлеу қажет.
3.4. Қатысу үшін өтініш 26 наурыз 2016 жылға дейін қабылданады.
Өтініш үлгісі:
№ Қатысушының
Аты-жөні
Туған
жылы
Сынып,
мектеп
Жұмыстың
атауы
Жұмыстың
жетешісі,
Лауазымы,
Жұмыс орны
Байланыс
телефоны
3.5. Конференцияға қорғауға тек, алдын-ала сараптамадан өткен жұмыстарға ғана рұқсат
етіледі. Қойылған талапқа сай емес жұмыстар қаралмайды.
3.6. Қатысушыға тек бір ғана секцияда сөз сөйлеуге және жұмысын қорғауға рұқсат
беріледі. Жұмысын қорғауға 10 минутқа дейін уақыт беріледі. Жұмысты қазылар
алқасының алдында автордың өзі қорғайды. Жұмысты қорғау кезінде жұмыс тақырыбын
таңдаудағы өз еркіндігімен қатар, сол тақырыпты өз бетімен зерттеу дәрежесі, жұмысқа
деген шығармашылық тұрғыдағы көзқарасы, берілген сұраққа тлоық жауап беруі,
мәселені қамтылу тереңдігі түбегейлі бағаланады.
3.7. Байқауды ұйымдастырушылар жоғарыда көрсетілген ережеге сәйкес келмеген кез
келген жұмысты қабылдамауға немесе тексеруге қабылданған жұмысты кері қайтаруға
құқылы.
3.8. Байқауды ұйымдастырушылар байқауға тапсырылған жұмыстар мен олардың
үзінділерін Жас натуралистер станциясының сайтын безендендіруге, әр түрлі
тақырыптағы іс-шаралар ұйымдастыру мен өткізу де пайдалануға құқылы.
IV. Жұмыстың мазмұны және рәсімдеу
4.1. Байқауға келесі бағыттағы әлеуметтік маңызы бар зерттеу және жобалық жұмыстар
қабылданады:
-
Биоалуантүрлілікті сақтау (туған өлкенің тірі дүниесін қорғау және зерделеу бойынша
зерттеу жұмыстары);
-
Қолданбалы экология (табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға, суүнемдеу, энергияүнемдеу
мәселесін шешуге бағытталған әлеуметтік- пайдалы жобалар);
-
Адам денсаулығы және экология (қоршаған ортаның адам денсаулығына әсерін бейнелеп
көрсететін зерттеу жұмыстары мен жобалар)
4.2. Жұмыс қазақ және орыс тілінде тапсырылады. Жұмыстың көлемі 20 беттен аспауы
крек. Жұмыс беттері міндетті түрде нөмірленіп, шеткі сызық сақталуы тиіс.
4.3. Әрбір жұмыста жетекшінің пікірі және маманның пікірсарабы бірге жүру керек. Онда
таңдаған тақырыптың мақсаттылығы, автордың жұмысқа қосқан жеке үлесі, кемшілігі мен
құндылығы көрсетіледі.
4.4. Жұмысты жасаған кезде қойылатын талаптар:
1) Жұмыстың мәтіні компьютерде басылып шығуы керек (WORD, 14 қаріп,
арақашықтығы 1,5, сол жағына жылжуы 2см) және болуы керек:
-
сыртқы парағы;
-
мазмұны;
-
түйіндеме (аңдатпа) – жұмыстың негізгі ережелерін қазақ немесе орыс тілінде қысқаша
мазмұндау (жұмыс қай тілде жазылғандығына байланысты);
-
кіріспеде – жұмыстың жүргізілген орны, оның мақсаты мен міндеті, өзектілігі
көрсетіледі және тақырыпты таңдауын негіздейді;
-
зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерге шолуға әдеби мәліметтерді қысқаша сараптау
(отандық және шет елдік) қоса кіреді;
-
негізгі бөлімде: зерттеу материалдары жіне әдістері; тәжірибе жасау бөлімі, жұмыстың
нәтижесі және оларды талқылау;
-
қортынды (тұжырым, ұсыныс);
-
пайдаланған әдебиеттер тізімі.
2) сыртқы бетінде көрсетіледі:
-
жұмыстың жасалған жері, ұйымның толық атауы;
-
жұмыстың тақырыбы;
-
номинациясы;
-
орындаушы (аты-жөні, тегі, сыныбы, мектебі, ауданы);
-
жұмыстың жетекшісі (аты-жөні, ғылыми дәрежесі, лауазымы, жұмыс орны);
-
жұмысты орындаған жылы.
4.5. Қатысушыға жұмысын қорғау кезінде көрнекі материалдарды пайдалануға кеңес
береді: бейне және электронды материалдар, кескіндер, суреттер, сұлбалар және т.б.
V. Қортындылау және жеңімпаздарды марапаттау
Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды. Зерттеу жұмысының бағалау нәтижесі
қазылар алқасының хаттамасы бекітілгеннен кейін хабарланады.
Жүлдері орынның иегерлері мен оның жетекшілері Ұйымдастыру комитетінің
дипломымен марапатталады, барлық қатысушыларға қатысқаны жөнінде куәләк беріледі.
Байқауға қатысу осы Ереженің тәртібіне толық және сөзсіз қабыл алуды білдіреді. Осы
Ереженің тәртібі орындалмаған жағдайда, қатысушы қатысу құқығынан айырылуы
мүмкін. Конференцияның қатысу құқығынан айырылу: ұйымдастырушылармен қазылар
алқасымен шиеленісу, байқаудың беделіне нұсқан келтіруі мүмкін болып саналады.