Курстық ЖҰмыс тақырыбы: XIX ғасырдың 60-90 жылдарындағЫ Әкімшілік-саяси рефорамалар



жүктеу 334,5 Kb.
бет6/13
Дата06.02.2022
өлшемі334,5 Kb.
#37362
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Ержан курс

Деректемелік көзі: 5 томдық академиялық оқулықтың 3 томы.

Хронологиялық шеңбері: XIX ғасырдың 60-90 жылдары.

Құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, әр тарау 2 тараушадан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады


1867-1868 ЖЫЛДАРДАҒЫ РЕФОРМАНЫ ЖҮРГІЗУГЕ ДАЙЫНДЫҚ.

1868-1869 ЖЫЛДАРЫ ОРАЛ, ТОРҒАЙ ОБЛЫСТАРЫНДАҒЫ ЖӘНЕ 1870 ЖЫЛҒЫ МАҢҒЫСТАУДАҒЫ ҚАЗАҚТАР КӨТЕРІЛІСІ.

Қазақстанды Ресейге қосудың аяқталуы империяның Қазақ өлкесі жөніндегі саясатына елеулі өзгерістер енгізді. Патша өкіметінің мақсатына отаршыл империя тарапынан көп күш қолданылмай қол жеткізілді. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды қосып алып, патша өкіметі әскери-отаршылдық әрекеттерімен ортаазиялық алғы шепке шығып аймақтағы ағылшындардың ықпалын ығыстырып шығарды. Қолайлы халықаралық жағдайды пайдаланған Ресей империясы өзінің алысты көздейтін негізіне «бөліп ал да, билей бер» принципі алынған саяси мүдделерін басшылыққа ала отырып және қазақтардың өз мемлекеттілігін қалпына келтіруге ұмтылысын аяусыз жаныштап, Қазақстанда отаршылдық режим орнатты. Ресейдің Орталық Азиядағы және шектес аудандардағы жағдайы нығайды. Патша әскерлерінің Оңтүстік Қазақстандағы қантөгісті ұрыстары, М. Черняев пен М. Веревкин отрядтарының іс-қимялы кең байтақ қазақ жерін Ресейге қосып алуды аяқтады. Шымкент қаласының шабуыл жасап алынуы дулат руы және басқа жерін Ресейге билігін тануға мәжбүр етті [21;87 б.].



Шымкенттің алынуымен Орныбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтарының шекарасын жалғастыруға қол жеткізілді [22;165 б.].

Патша өкіметінің Қазақстанның Оңтүстігіндегі және Орталық Азиядағы жалпы саяси жағдайды өз пайдасына өзгерту жөніндегі әскери-әкімшілік әрекеттерінің зардаптарын Шыңжандағы Ресей консулы Н. Петровский дұрыс анықтап берді. «Орыстардың Қоқан хандығын жаулап алуы,-деп атап өтті дипломат,-істің жайын едәуір өзгертті. Әлсіз хандардың орнына Ресей мемлекетінің күшті билігі келді, ол көшпелілерді өз қаруының жеңімпаздығымен қорқытып, оларды өзіне біржола бағындырып алды, оларға тәртіп орнатып, олардың өздерін ерікті, тәуелсіз деп сануы мүмкіндігінен біржола айырды...» [23;187 б.].

Кең байтақ Қазақстан аумағына орналастырылған әскер бөлімдерімен шектелмей, жаңадан жаулап алынған иеліктерде отаршылдық билікті нығайтуға ниеттенген Ресей оңтүстік-шығыс Қазақстанға қосымша жаңа әскери бөлімдерді, көбінесе Сібір шебі қазақ әскерлері құрамының бөлімдерін әкелді [24;97 б.].

Орасан үлкен елді басқаруда бүкіл Қазақстан бойынша қалыптасқан әкімшілік-саяси және заңдық жүйенің болмауы жағдайында байырғы халықты бағынышты ұстауда армияға сүйену Солтүстік Кавказды біржола бағындыру кезінде өзінің артықшылығын көрсеткен, сынақтан өткен құрал болды. «Біз күшті болсақ, қазақтар бізге бағынады. Бірақ біздің даладағы билігіміз сәл әлсіреген жағдайда, керісінше...болады» [25;126 б.].

–қазақтар жөніндегі қатаң саясатты белсене жақтаушылардың бірі Орынбор генерал-губернаторы А.О. Дюгамель Ресейдің Қазақстанда күшті әскери қатысуының дұрыстығын осылайша негіздеді.

Өлкені жергілікті мекендеушілердің бағындырылған көпшілігіне империялық құрылымның билігін сөзсіз енгізу жөнінде барған сайын нығая түскен идеология шенеуніктер мен әскерилер қатарында ғана емес, сонымен қатар келімсек азшылықтың жергілікті халық көпшілігінен артықшылығын белсене насихаттаған дінбасыларынан да қолдау тапты. 1864 жылы Шымкентті шабуылмен алу кезінде қаза тапқан жауынгерлерге ескерткіш ауш кезінде, «ескерткішке қасиетті су бүрку кезінде» священник Александр Тихомиров бүлк етпестен тура былай деді: «...державалық орыс патшасының даңқы үшін, ал төбеліндей орыс жауынгерлері жартылай жабайы азиаттардың патшалығы, шексіз-шетсіз даласына келді... Біз жеңдік, оны (қазақты.-Ред.) өзіміздің жаңа отандасымыз еттік, біз қаруымызбен тізі бүктірген халықтардың талайын қазірдің өзінде осылай еттік» [26;234б.].

Дала өңіріне Ресей билігін одан әрі енгізуді жұмыс істеп тұрған жергілікті басқару құрылымдарының бай өлкені Ресей экономикасының мүдделері үшін кеңінен игеру жөніндегі патша өкіметінің жоспарларымен сәйкес келмеуі қиындата түсті. Метрополияның қауырт дамыған өнеркәсібі барған сайын жаңа арзан шикізат көздерін, жұмыс күшін қажет етті. Табиғи ресурстары, мал шаруашылық шикізаты аса бай Қазақстан орыс кәсіпкерлерінің назарын көптеп аударып келген еді. «Осы ғажайып және қазыналарға бай бүкіл ел әлі күнге дейін өзінің тұмса табиғаты құшағында, әлде біреудің келіп оятуын күтіп жатыр; балта қаршылы, теңге сыңғыры естілмейді, бос жатқан төңіректе шалғы жалтылы байқалмайды...ал таулардағы балйлық қаншама...» [27; 155 б.].

–сол кездегі Қазақстанды белгілі зерттеушілердің бірі Ресей өнеркәсіпшілерін өлкенің табиғи байлықтарын тездете игеруге шақырып өз пікірін міне осылай білдірген еді. Ертіс, Есіл, Іле өзендері мен басқа да өзендердің жағасына жақын жерлерге көптеген қазақ және басқа да шаруалар қоныстарын салу Қазақстанның өсімдіктер және жануарлар дүниесіне орны толмас зиян келтірді-отарлаушылардың алғашқы легі жергілікті алқаптарды аяусыз талқандап, тұрғын үйлер мен қора-қопсылар, тіпті қамбалар салу үшін «жүз жылдық алыптарды құлатты». 1867-1868 жылдардағы реформаларды дайындауға қатысып, Жетісуды ол шетінен бұл шетіне дейін аралап өткен А. Гейнс қазақ қоныстанушыларның бейбастық әрекеттерінің салдарын былай деп өкінішпен баяндаған: «Жақын маңдағы ағаш атаулыны түп тамырымен қазып алып,тып-типыл еткені сондай, адам бұрын орман өсіп тұрған жерге келген кезде бір шыбықты да көрмейді...» [28;67 б.].

сонымен бірге қазақтар жаңа қоныстар үшін орын таңдаған кезде қазақтардан жердің тартып алу жағдайларын реттейтін заң нормаларының болмауы себепті «егіншілік үшін ең шұрайлы» аудандарды басып алып, «аборигендерді» құнарсыз, қуаңшылықты жерлерге ығыстырып шығарып, жергілікті бастықтарға «дән ризашылығын білдіріп отырды» [29;49 б.].

Толық жазасыздық жағдайында қазақтардың жүгенсіздігі олардың кейде «қазақтар малын аулауға шығып» оны тартып алатын, ал «қарусыз қазақ өз құқықтарын қорғаудың құрбандығына ұшырап қалатын» жағдайға дейін жетті,-деп Жетісуда болған саяхатшы П.П. Семенов-Тян-Шанский ашу-ызамен жазған [30;189 б.].

Болашақтағы «Уақытша ережені» патша өкіметі үкімет шенеуніктерінің ұсыныстары негізінде әзірледі.

Мұндай жағдайда бекіністі шептер бойындағы әскери бөлімдерге сүйенген қазақтардың озбырлығын көрер көзге болса да шектеу, номадтардың жер алаптарын басып алудағы олардың жүгенсіздіктерін қандайда болсын ауыздықтау жаңа заң ережелерінде заң негізін табуға мүмкіндігі бар еді. Оның үстіне 1822-25 жылдардағы Сібір және Орынбор қазақтары туралы Орта жүз бен Кіші жүзге тиісті өзгерістер енгізген, тұтас алғанда хандық басқару жүйесін шын мәнінде жойған (Бөкей Ордасын немесе Ішкі Орданы қоспағанда) жарғылар үкіметтік және жеке шаруалар отарлауы үшін кең жол ашып, дала феодалдары-Шыңғыс хан ұрпақтарының дәстүрлі жергілікті басқарудың ғасырлар бойы сақталып келген нысанын түпкілікті жоя алмады. Қазақ қоғамының рулық-тайпалық ерекшелігі-билер сотының шектеулі болса да жұмыс істеуі, сұлтандардың ықпалы түрінде бұрынғы маңызын одан әрі сақтап қалды. Алайда жаңа басқару органдарының-ауыл старшындарының, болыс сұлтандарының, округтік приказдар төрағаларының міндетін де кемітуге болмайды, олардың рөлі көшпелі ақсүйекетрдің позицияларын әлсірету үрдісінде, жергілікті тұрғындардың саяси жүйесі мен шаруашылық қалпы негіздерін бұзуда барған сайын күшейе түсті.

Ішкі Орданы уақытша басқару жөніндегі кеңес, 1854 жылы жойылған Сібір қазақтарын шекаралық басқарудың, Семей облысының орнына Сібір қазақтары облысының, кейіннен Ақмола облысының құрылуы кең байтақ ауданды капиталистік қатынастар аясына тарта отырып, жаңа әкімшілік өзгерістер енгізді. Сібір қазақтарының облысы өз округтерімен қоса алғанда, 7 580 000 шаршы шақырым кеңістікті алып жатты [30;213б.].

Шығыс Қазақстанның едәуір бөлігі бұрынғысынша Ресей әкімшілігінің ықпалынан тыс қалды. Батыс Сібір генерал-губернаторының ойы бойынша, Железинск бекінісінен, Кіші Нарынды қоса алғанда, қалаларымен және басқа да қыстақтармен бірге Ертістің оң жағасындағы жерлер Семей облысының құрамына кіріп, бұл аумақтар Ресей билігінің ықпалын сезінуге тиіс болатын [31;285 б.].

1917 жылға дейін Бұқтырма Томск губерниясы Змеиногорск уезінің құрамында қалд; Аягөз (Сергиополь) 1866 жылдан бастап жаңадан құрылған Жетісу облысына берілді. Бұл орайда патша өкіметі шекара маңы аймағының әскери-отаршылдық бекеттері арқылы басқару жүйесін өзгертудің ықтимал нұсқаларын өз назарының аясында ұстады. Қазақстанды Ресейге қосудың аяқталуы жағдайында мұндай жолды таңдауды Орта Азия елдерімен қақтығыстар туған жағдайда тылдағы әскери-тірек бекеттерінің болу қажеттігі талап етті. Сонымен бірге орыс әскерлерінің оңтүстік аудандарына жылжуына қарай Англия өз назарын аударған аймақтарда Ресей таңдауын нығайтуға арналған жаңа әскери-саяси орталықтар құрылды. Әскери-саяси факторларға қоса патша үкіметінің шекралық бекіністерге баса көңіл бөлуі бай өлкені игеруді жеделдету жөніндегі экономикалық факторларға да байланысты болды.

Қазақ даласын басқаруды жеңілдету үшін отаршылдық әкімшіліктің ықпалды шенеуніктері XIX ғасырдың 60- жылдарының басында Қазақ даласы мен Орал, Орынбор және Сібір округтері қазақ әскерлерінің аумағы үшін бір жалпы басқарма белгілеуді, Тобыл, Томск және Енисей гебернияларынан азаматтық Батыс Сібір генерал-губернаторлығын құруды ұсынды [32;211 б.].



Осы мақсатпен құрамында барон К. Врангель, Имшеник-Кондратович, П. Солнцев, А. Орлов, Г.Ловицкий, К. Селевестрович, Н. Довеновский бар Ерекше комитет құрылды [33;144б.].

Ерекше комитет Қазақстанда бүкіл Қазақ даласы үшін жалпы басқаруды енгізу мүмкіндігін зерттеп, 1865 жылдың ақпанында бұл шараны орындау едәуір шығындарды қажет етеді, әкімшілік және әскери қатынастарда елеулі қолайсыздықтар туғызады деген сенімге келді [34;66 б.].

Қазақ өлкесін біріншісінің орталығы Торғайда, екіншісінің орталығы Қарқаралыда болатын екі әкімшілік басқармаға бөлу жөніндегі патша шенеуніктерінің ұсынысы да әртүрлі жобаларды әзірлеушілерден қолдау таппады.

Нұсқалар таңдаудың қиындығы Қазақстанның түрлі аймақтарының солтүстік-шығыс далалық, орталық аудандарда экономиканың басым түрі көшпелі мал шаруашылғы болып, соның салдарынан өндіргіш күштердің өсуін экстенсивті мал шаруашылығы баяулатқан және әкімшілік басқару жүйесі аталған мән-жайларды ескере отырып құрылуға тиіс екендігі табиғи-географиялық ерекшеліктері жағдайының өзгеше болуымен ғана байланысты болып қойған жоқ. Керісінше Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аудандарында Шу, Талас, Іле, Сырдария өзендерінің жайылмаларында суармалы егіншілік қалыптасқан экономикалық дәстүрлер және Орта Азияның түрік халықтарының егіншілік мәдениетімен өзара байланыста болған отырықшы өмірдің кең таралуы салдарынан қуаңшылықты шет аймақтарға тән өмірлік қалып пен біршама ерекше әлеуемттік-экономикалық қалыптарды ұштастыруды қажет етті. Ал жорамалданып отырған реформа Қазақстанды оның табиғи-климаттық жағдайларының алуан түрлі екенін ескере отырып, өз шекарасында кеңейе түскен империяның отарына айналдыру үрдісін тездетуге тиіс болатын.

Осындай жағдайларда «бұратана» шет аймақтарға ие болумен, нашар игерілген өлкені сарқылмас өнім өткізу рыногына, арзан шикізат көзіне біртіндеп айналдырумен қатар, Ресей бұрынғы әкімшілік-аумақтық басқару жүйесін түп-тамырымен қирату міндетін ұсынды, мұның өзі, айтар болсақ, XIX ғасырдың 20- жылдарындағы сыпайы жасалған реформалардан кейін елеулі өзгерістерге ұшырамаған өлке халқының демографиялық құрылымына, әлеуметтік топтардың құқықтық жағдайларында өзгеріс туғызуға тиіс болды.

Оның үстіне Қазақстанды әкімшілік қайта құру жоспарлары жөнінде жұмыс істеген патша шенеуніктерінің жаңа, енді қалыптасып келе жатқан шаруашылық үрдістер мен ескі басқару жүйесі арасындағы қайшылықтарды сақтап қалуды ұйғаруы негізсіз емес еді. Қазақстанда жүзеге асыру көзделген жаңалықтар капиталистік рыноктық қатынастар үшін қолайлы кең өріс жасауға тиіс болатын.

Крепостниктік құқықтың жойылуы, осыдан кейін Ресейдің өзінде жасалған басқа да өзгерістер, олардың басқа ұлттық шет аймақтарды басып алуы қайткен күнде де алыстағы Қазақстанды қамтуға тиіс болды. Бұл реформалардың буржуазиялық мазмұны ең алдымен империяның орталық губернияларында капитализмнің үнемі «тереңдей», ұлттық шет аймақтарда «кеңейе» дамытылуында ерекше айқын көрінді.

Алайда Қазақстан сияқты орасан кең елде үкімет жергілікті жағдайларды елемей отыра алмады, оларды елемеу 20-30 жылдарда үкіметке қарсы күшті оппозиция туғызып, оның зардаптары XIX ғасырдың 60-жылдарындағы ұрпақтың есінен әлі шыға қоймаған еді. Әлеуметтік-экономикалық өмірде қалыптасқан өзгерістерді ескере отырып, қазақтардың дәстүрлі, дағдылы заңдарын қолданудың заң жүзіндегі негіздерін көздеу керек болды. 1865 жылы II Александр патшалық жеке өкімі арқылы толық құпия кеңесші Гирстің басшылығымен Түркістан өлкесі мен қазақ даласына жіберілген комиссия басқа қырларымен қоса номадтарда қолданылып келген әдет және исламдық заң ілімінің заңдық нормалары туралы да көп материал жинады [35;98 б.].

Реформаны дайындау кезінде қалың бұқараның ой-ниеті ескерілмеді. Ислам канондарына негізделген дәстүрлер мен ғұрыптар империяның билеуші топтарының саяси және экономикалық мүдделеріне сай келетін дәрежеде ғана ескерілді. Ш. Уалиханов жергілікті халықтың тұрмыс жағдайларын жақсартуға, дәстүрлерін сақтауға жәрдемдесетін батыл реформалар жүргізуді жақтады. Ұлы ғалым аталып отырған өзгерістер, мысалы, сот жүйесінде орыс үкіметі үшін де, қазақ халқы үшін де қиындатылған, ауыр бюроктартиялық берекесіздіктің орнына бұрынғы әкімшілік құрылысты өзгертуге әкеп соғуы ықтимал, округтерде өзін-өзі басқару негіздерінде неғұрлым ұтымды басқарма құрылатын болады деген үміт білдірді [36;127 б.].

Алайда қазақтар өміріне арналған реформаның әзірленуі барысында аса көрнекті ғұлама ой-пікірлері қабылданбай тасталды.

Болашақтағы «Уақытша ережені» патшалық өкімет орындары М. Сейдалин, полковник Ш. Уәлиханов, ірі мал иесі М. Шорманов және басқалар сияқты, тұтас алғанда үкіметтік өзгерістерге адал пиғылдағы жергілікті феодалдық топтардың көрнекті өкілдерін белсенді түрде тарту жағдайында үкіметтік шенеуніктердің ұсыныстары негізінде дайындады.

1867 жылғы 11 шілдеде II Александр патша «Сырдария және Жетісу облыстарын басқарудың уақытша ережесі туралы» [37;27 б.].

жобаны, 1868 жылғы 21 қазанда екінші жоба-Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы «Уақытша ережені» бекіту туралы жарлықа қол қойды [38;33 б.].



«Уақытша ережелердің» екі жобасы да 1869 жылғы 1 мамырдан бастап енгізілетін болып ұйғарылды.

Сонымен қазақ жерлерін Ресей құрамына қосып алудың аяқталуы және империяның оңтүстік-шығыс шектерде орнығуы Қазақстанды басқаруды өзгерістерге сәйкес қайта құру міндетін алға тартты. Кең байтақ өлкені әкімшілік-саяси және сот жағынан басқару жүйесін объективті түрде реформалау әкімшілік-саяси және сот жағынан басқару жүйесін объектвті түрде реформалау әкімшілік-саяси өкімет орындарының ескі тәртіптері мен капиталистік кәсіпкерліктің «кеңейе» дамуының өсіп келе жатқан мүдделері арасындағы сәйкессіздікті жоюға тиіс болды. «Уақытша ережелер» бойынша басқару жобаларын бекіте отырып, Петербург патша сарайы төңірегіндегілер Қазақстанды империяның өскелең өнеркәсібі мүдделерін көздеп отарлау мен игеруді тездетуге үміт артты.

Капиталисткі Ресей ұлттық аудандардың, соның ішінде Қазақстанның әлеуемттік экономикалық және саяси дамуына барған сайын өсе түскен ықпалын жасамай отыра алмады. Әрине қазақ ауылының экономкиасына капиталистік қатынастар енуінің өзі де пргрестік құбылыс болды. Алайда бұл кең байтақ өлкенің жаңа әлеуемттік экономикалық үрдістер жүйесіне біртіндеп тартылуына байланысты отаршылдық езгінің күшеюіне әкеп соқты.

Негізінен соған дейін қазақ қоғамының өмірінде берік сақталып қалған рулық қатынастардың орнына аумақтық принцип алынған «Уақытша ереже» [38;136 б.].



жергілікті халық өміріне рыноктық эелементтердің енуін жеделдетумен бірге, 1868-1870 жылдардағы көтерілісті туғызған өтірік қайшылықтарды да тереңдетті.

Жер пайдаланудың бұрінғы жүйесін күйретіп, шаңырақ аламының көбеюін туғызған «Уақытша ереженің» негізгі баптары осы реформа нысанаға алғандарды назарынан тыс қалдыра алмады. Жалпы «Уақытша ереженің» енгізілуі Орта жүзде қарсылыққа кездеспеді, сөйтіп көтеріліс негізінен Кіші жүзді қамтыды. Зерттеуші В.Ф. Шахматов мны Орта жүзде осындай әкімшілік басқарудың хан билігі жойылған 20-40 жылдардың өзінде-ақ негізінен жүзеге асырылғанымен түсіндірді [39;210 б.].



Зерттеуші Н.А. Середа Орал облысындағы ашу-ызаның себебі «халық пен рефомаларда» емес, қазақтарды сұлтандар арқылы басқару әдісінде деп білді. Ол «Уақытша ережені» дайындау үрдісінің өзін сынға алды. «Барлық жұмыстар,-деп жазды тарихшы,-әуелі Петербургте, статс-хатшы Бутаковтың комиссиясында, ықпалды және бізге адал қазақтардың өмірді жаңа жолға қайта құрмақшы болған халықтың депутаты түрінде болса да, қайсы біреулерінің бұл жұмыстарға қандай да болсын қатысуынсыз, тыныш кабинеттерде жүргізілді...» [40;197 б.].

Көшпелі халықтың ашу-ызасын туғызған факторлардың бірі үкіметтің фискалдық саясатының қатайтылуы болды. Оның үстіне қатардағы көшпелілер мен ауқатты отбасылар бірдей міндеткерлік атқарды. Мұның өзі патша өкіметінің қазақ қоғамының артықшылықты топтары жөніндегі қамқоршылық саясатының көрінісі болды; салықтар мен басқа да міндеткерліктердің күрт көбейтілуі Орал, Торғай облыстарында және Маңғыстауда халықтық бой көрсетулердің басталуына түрткі болды, сірә халықтың жаңалықтарды тыныш қабылдауынан үміт етсе керек, облыстар губернаторларының әкімшіліктері «Уақытша ережеге» бұқараның саралап қараған көзқарасының көрінеу фактілерін теріске шығарды. «Бұл облыстардағы (Торғай облысындағы.-Ред) қазақтар өздеріне асқан мейірбандықпен берілген құқықтарды жақсы түсінді, ережемен құрылған тәртіпке (жаңа.- Ред) ықыласпен және алғыс сезімімен бағынады...», «...құдайдың арқасында қазақ халқы тарапынан қандай да бір тәртіпсіздік қана емес, тіпті істердің жайғасытырлмауына ықтимал күдік те болған жоқ...» [41;288 б.].



–ойындағысын шындық деп көрсеткен Орал облыстық басқармасының шенеуніктері жазған бірнеше құжаттың жиынтығы міне осындай.

Солай бола тұрса да, патша «Уақытша ережені» мақұлдағаннан кейін үкіметтің бірден дерлік жүзеге асырыла бастаған салық саясатына қазақтардың наразылығы 1868 жылғы қарашаның аяғына қарай қарулы қарсылыққа ұласты. Нашар қаруланған, бірақ жер жағдайын тамаша білген көтерілісшілерге қарсы қимылдаған шағын қазақ шолғыншылары олардың тегеуірінен әлсірете алмады.

Жазушылардың неғұрлым ұйымдасқан қимылдары 1869 жылдың көктемінен басталады. Наурыз айының басында Орынбордан Жем ауданына екі жүздік қазақ отряды жіберілді. Бірақ далада келе жатқан кезінде отряд үкіметтің әлі де реформа енгізуге батылы бармай отырған Қобда және Елек өзендерінің бойында қимыл жасап жүрген «қазақтар қарақшыларының» шабуылына ұшырады [42;86 б.].

Жиналған деректер бойынша өтерілісшілердің бұл тобы біріне Ханғали Арысланов сұлтан, екіншісіне Ықылас Досов басшылық еткен екі жасақтың біріккен күші болғаны анықталды. Генерал-адьютант Н.А. Крыжановскийдің «ізгі ойдағы халық жыртқыштарға мүлде тілектес емес» деген пайымдауы [43;88 б.]. Өзі рапорт жазып отырған әскери министрге жаңа реформаның жүргізілуі барысы туралы жақсы әсер туғызуға деген тілегінен туды. Оның әскери министрге 1869 жылғы 17 сәуірде жолдаған келесі рапортында көтерілістің шектес жерлерге таралу фактісі айтылды. 1869 жылғы 8 мамырда Илецк уездік басқармасының бастығы Орынбор генерал-губернаторына Орал облысы Жиренқатын болысының биі, ауыл старшыны Түндетбай Көпекбаевтың 150 шамалас қаруланған адамдарынан тұратын жасағының «Уақытша ережені» қабылдаған Тұзтөбе болысының қазақтарына шабуыл жасаған туралы хабарлаған [44;99 б.].

Қарулы бой көрсетулер шектес екі облыстың бірқатар аудандарында бір мезгілде дерлік болуы себепті тұрақты бөлімдер аз болған кезде қазақтардың нақты күштерін ұтымды бөлу қиын болды. Оның үстіне көтерілісшілер өздерінің бытыраңқы жасақтарын үкіметтің өзін-өзі қорғайтын күштерімен жеткіліксіз қамтамасыз етілген ірі әскери тірек бекеттеріне қарсы емес, қайта қазақ ауылдарында қазақ отрядтарының қорғауымен жасырынып жүрген жеккөрінішті старшындарға, болыстарға қарсы бағыттады. 6 Бөрте болысының ауыл старшыны отаршылдық әкімшілікке Ханғали Арсылановтың «арам ниетті қазақтары» жасағының Қызылбұлақ өзені ауданында үкіметке қарсы іс әрекеттер жасағаны туралы хабарлаған. Шамамен 100 адамға жететін жасақ барлық пошта үйлерін қиратып, әр түрлі мүлікті тонаған және 174 жылқыны, 36 құлынды, 24 түйені айдап әкеткен, мұның бүкіл сомасы 1556 сом 93 тиын болған; құрбандар да болды: «жыртқыштар» Жұман Өтеғұловты, Құды Сүтемгеновті өлтіріп, Мертоновты ауыр, Тұрантай Жанбасовты, Түркебай Қазыбайды және басқаларын жеңіл жаралаған [45;303 б.].

Көтеріліс Орал облысының солтүстік-батыс аудандарын, атап айтқанда бұрынғы халық көтерілістері бойынша да отаршылдыққа қарсы қозғалыстарға белсене қатысқаны аңғарылған жауынгер табын, шекті руларының қоныстарын кең қамтыған. Бұл жолы да табындар реформадан кейінгі кезеңдегі отаршылдыққа қарсы күреске елеулі үлес қосты. 1869 жылдың мамырында табын руының жылқышы атасының қазақтары Күдебай Жанашы, Шанбай Мендалин, Ұрпақ Бишеков, Қарабүркіт Бербосынов, Қарабек Тәжиев, Бектан Қылышбаев және басқалар 50 адам құрамында Көшкінсу өзені бойында жер жыртып жүрген қазақатар ауылдарына шабуыл жасап, «жылқысын айдап әкеткен» [46;216 б.].
Отаршылдық өкімет орындары көтерілістің шектес екі далалық облыс аумағына қанат жоюының шын мәніне бойлап жатпай, мұның себебін барлық уақытта хиуалықтардың ықпалы «деп білді».

XIX ғасырдың 60- жылдарына дейін Хиуа үкіметі Ресейге барынша адалдық көрсетіп, онымен ең алдымен өзара тиімді сауда қатынастарын жасап отырды. Бұхара әмірлігі де сауданы Хиуа қоныстары арқылы жүргізді, бұдан ханның қазынасы да аз «пайда тапқан жоқ» [47;125б.].



Алайда Қазақстанның оңтүстігіндегі Ресейдің соғыс қимылдары, өзбектердің басты қаласы Ташкентті орыс әскерлерінің шабуыл жасап басып алуы Хиуаның Ресейге көзқарасын күрт өзгертті, Хиуа ханы өзін Ресейдің барған сайын өршеленген және ашықтан ашық «дұшпаны етіп» көрсетті сөйтіп Орал облысының оңтүстік аудандарында көшіп жүрген қазақ руларын осы аймақтағы Ресейдің ықпалына қарсы аттанысқа итермеледі. Хиуа ханы реформаларды жүзеге асыру қызған кезде табын, назар руларына өз өкілдерін жіберіп, [48;164 б.] оларды өз мүдделерінің арнасында ұстауға тырысты. Хиуалықтар «кейбір қазақ старшындарын өзіне тартып», мұсылман билеушісінің қамқорлығынан пана табуға ұмтылған «біздің жауларымыздың» бәріне пана берді, қазақ ауылдарына «ыза туғызатын грамоталар» жіберіп, Борсыққа қазақтар көшіп жүретін жерлерге өз бектері басқаратын әскерлер аттандырды; осының бәріне қосымша, Ырғыз уезінің бастығы капитан Вочак генерал-майор Балюзекке хиуалықтар жазып, Қарабұтақ және Ырғыз бекіністеріне жақын Ор өзенінің жоғары ағысында көшіп жүрген шекті руының қазақтарына арналған, Ресеймен «соғысқа шақырған» үгіт қағазын да табыс еткен. «Шектілер-ең бай, саны көп және екі (Орал, Торғай) облысқа да ықпалды тайпа...» деп жазды Орынбор генерал-губернаторы министр Д.А. Горчаковқа 1869 жылғы 1 қарашада сөйтіп күтпеген жерден соғыс шараларын қолданып, хиуалықтардың Орал облысының шегіне өтуіне тыйым салу қажеттігін негіздеді, сайып келгенде, «осы бір болмашы қаланы» (Хиуаны) жойып жіберуді ұсынды [49;175б.].

Дегенмен де біз Хиуа билеушілерінің Орал және Торғай облыстарының көтерілісшілерімен тұрақты ынтымағын анық факт деп есептейміз, өйткені Ресей тарапынан ол қоқан хандығын соғыста жеңіп, Қазақстанның оңтүстік шегінде империялық билік орнатқаннан кейін нақты қауіп-қатердің күшейе түскен жағдайында оны дербес ел ретінде Хиуа шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттері талап еткен болатын. Оның үстіне далалық екі облыстағы көтерілістің жетекшілері-Ханғали Арысланов сұлтан, билер Дәуіт Асауылов, Әзберген Мұңайтпасов, Уфа молдасы Ықылас Досов, молда Рысқұлов33 және басқалар Хиуа билігімен әр түрлі дәрежеде байланысты болатын, оның қолдауына сүйеніп, сол арқылы патша өкіметінің Хиуа хандығы аумағында а да соғыс қимылдарын жандандыруына да себепші болды, сөйтіп 1870 жылы Маңғыстаудағы қазақтар көтерілісін де жеңіліске ұшыратты.

«Уақытша ереже» Маңғыстауда 1870 жылы ғана енгізілді. Патша әкімшілігі Маңғыстаудың негізгі халқы-адай руы «Уақытша ережені» күрессіз қабылдамайды деп қауіптенеді және оны жүзеге асыру үшін неғұрлым қолайлы жағдайларды күтті. Кейбір шенеуніктер бұл аймақта реформалар жүргізудің жалпы мерзіміне күмән келтірді, Кіші жүздің ең жауынгер руларының бірі-көшпелік дәстүрлерін көп дәрежеде сақтап қалған адайлардың қызу ашу-ызасын күтуі негізсіз емес болатын, қай жердегіден болса да: «...жаңа ережені қабылдауға адайлар нашар даярланды және мұнда (Маңғыстауда) оны енгізу уақытылы бола қояр ма екен»,-деп білдірді өзінің қауіпін беймәлім автор [50;45 б.].

Кейбір деректерге қарағанда, 1870 жылы Маңғыстауда 20 мыңға жуық шаңырақ адайлар турды және олар екі жыл ішінде 160 мың сом шаңырақ салығын төлеуге тиіс еді. Салыстыру үшін-1870 жылғы 1 қарашаға қарай семей облысында 289 951 сом 51 тиын шаңырақ алымы, ал Ақмола-179 052 сом шаңырақ алымы жиналды. Ал басқа деректер бойынша адайлардың саны 40 мың шаңыраққа дейін жеткен және шаңырақ алымы 250 мың сомға дейін өсуге тиіс болатын.

Маңғыстау приставы подполковник Рукин дала тұрғындарының қиын жағдайымен санаспай, адайлардан 1869-1870 жылдар үшін шаңырақ алымын жаңа тарифке сәйкес дереу енгізуді талап етті; көптеген жергілікті тұрғындар, соның ішінде Бозашы түбегінің балықшы жатақтары Рукиннің талабын орындаудан бас тартты. Адайлардың жайлауға көшуін күштеп тоқтатуға тырысқан Рукиннің ойланбай жасаған әрекеттері жер жерлерде көтерілістің басталуына себеп болды. 1870 жылдың наурызында Рукиннің отряды көтерілісшілердің үлкен тобының қоршауында қалды, 25 наурызда ашық қақтығыс кезінде отряд командирі мен 20-ға жуық жазалаушы қаза тапты. Көтерілісшілердің жетекшісі Иса Тіленбаев қалың бұқараға басшылық етуде шеерлік және жазалаушылармен келіссөздерде дипломатиялық әдептілік танытты. Нашар қаруланған номадтардың тұрақты әскер бөлімімен шайқастағы жеңісі адайлардың күрес шебін нығайтты.

Жеңіс жігерлендірген көтерілісшілер сәуір айының басында Николаев станицасына, Александровск фортына шабуыл жасады, алайда олар сәтсіздікке ұшырады. Патшалық өкімет орындарын көшпелілердің ғаламат батылдығы қорқытты, мұның өзі оларды қосымша әскери көмек сұрауға мәжбүр етті; Кавказдан тың күштердің келуі күштердің арақатынасын өзгертті; көрінеу басымдықты көрген көтерілісшілер Үстірттің баруға қиын аудандарына шегінді.

Қозғалысты басуға басшылық жасау қолына шоғырландырылған граф Кутаисов «ең жабайы, дөрекі және жауынгер қазақтарды» тыныштандырудың өз жоспарын ұсынды. Графтың жоспарында «елдің ішіне тереңдей еніп, онда жергілікті адайлар өздерінің көшуі үшін қажет болған кезде айналып өте алмайтындай бекіністерді алдын ала басып алып», сол арқылы олардың шегінетін жолына кедергі жасау, «бағынуға мәжбүр ету» көзделді. Орыс отрядтарының алуы үшін қолайлы бекіністер ретінде Кутаисов Маңғыстаудың Киндері шығанағынан және Үстірт қыратының солтүстік бөлігінде, Орынбор даласымен «көршілес» жатқан Сағым алқабынан жүз шақырым жердегі Бесақты шатқалын таңдап алды. Жоспар мақұлданған жағдайда бірінші бекіністе 6 рота жаяу әскер, 4 зеңбірегі 6 жүздік бар атты әскер; екіншісінде-2 рота, 3 зеңбірегі бар 4 жүздік шоғырландырылатын болып шешілді. Көтерілісшілердің сәтсіз шабуылынан кейін жақын жерде орналасқан Александровск форты асығыс түрде екі ротамен және атты әскер жүздігімен нығайтылды. Александровск форты ауданындағы әскер топтарының бастығы генерал-майор Комаровтың пікірі бойынша, ауданға тұрақты бөлімдердің едәуір құрамасын шоғырландыру көтерілісшілерге қорқынышты әсер етуге және 1871 жылғы 1 ақпанға қарай оларды отаршыл өкімет орындарының «орыс өкіметіне бағынуы жөніндегі» шартын қабылдауға мәжбүр етуге тиіс болды. Графтың жоспары сәтсіздікке ұшыраған жағдайда Орынбор өлкесінің генерал-губернаторы Н.А. Крыжановский жергілікті тұрғындардың Үстіртке, «бейбіт ауылдарға өздерінің шегіне кірер жолын жауып тастауды ұсынды». Үкіметтің шараларын, басқа да ішкі мән жайларымен қоса алғанда, жаңа отаршылдық әкімшіліктің көтерілісшілер күштерінің Хиуамен топтасуы тұрғысындағы болуы мүмкін оқиғалар дамуынан мазасыздануы туғызған еді. Қозғалыс жетекшілерінің Хиуа хандығына оның тарапынан сырттай қолдауды қамтамасыз етуге үміт артып делегация жіберуі жергілікті өкімет орындарын тағы да мазасыздандырды. Хиуа билеушісі адайлар қозғалысын қолдау үшін 4 зеңбірегі бар, 6 мың адамдық жасақпен қимыл жасауды ұйғарды. Бірақ шектес аудандарда Хиуаның әскери қыр көрсетуі нақты нәтижелер бермеді, дегенмен аймақтағы жағдайды едәуір шиеленістірді. Оның үстіне 1870 жылғы көтерілістегі «Хиуа факторының» рөлін әсірелеп көрсету орынды бола қоймас, дегенмен Хиуалық өкілдер қазақтарды христиан дініне кіргізілуі мүмкін екендігі туралы лақап таратып, адайларды қоздыруын тоқтатпады.

Хиуалықтар тарапынан талай тонаушылықтар мен алым салықтарды бастан кешірген адайлар олардың қолдауы туралы, қасиетті Ислам дінін таза сақтауы туралы уәделеріне сене де бермейтін еді. Оның үстіне патша өкіметі оңтүстік аймақты басып алғаннан кейін Хиуаның Ресей сияқты құдіретті әскери державамен жанжалға баруы екіталай болатын. Сондықтан Маңғыстау отрядының бастығы граф Кутаисовтің мақсаты көтерілісшілердің Александровск форты ауданына шоғырландырылған негізгі тобын талқандауы көздеді. Бекінісі мықты форты адайлардың ғана емес, сонымен қатар жалданып шетке кеткен жұмысшылардың да, сондай-ақ «саудагер армяндардың барлық приказчиктері мен олардың қызметкерлері» де қатысқан шабуылынан аман сақтау Кутаисовтың жазалаушы тобының ең таяудағы тактикалық міндетіне айналды». Тіпті жергілікті шенеуніктердің өздері абыржып, кейбіреулері есінен тана қорықты; жергілікті туземдіктердің батыл қимылдары саяси қорқыныш әсерін туғызды деп жазды Н.А. Середа Кутаисовтың Кавказ әскерлері жақындаған кезде Александровск форты ауданындағы жағдайды сипаттай келіп. Екі рота атқыштары және бір зеңбірегі бар отряд форттан 12 шақырым жерде шабуыл жасаушылардың басымдығын қамтамасыз етті. 1870 жылдың желтоқсанында қозғалыстың жетекшілері Досан Тәжиев, Ержан, Ертімбет Құловтар, Иса Тіленбаев және олардың көптеген серіктері 3 мың шаңырақпен Хиуа хандығының шегіне өтті.



Сөйтіп бұқаралық сипатына қарамастан, көтерілістің негізгі қозғаушы күші-қазақ шаруалары өз қатарларын берік біріктіруге қол жеткізе алмады, мұның өзі саны жөнінен болмашы жазалаушы отрядтардың халық қарсылығының негізгі ошақтарын тұншықтыруына мүмкіндік берді; қазақ шаруаларының рулық тар өрісті мүдделері отаршыл империяның әскери құрамаларынан өзінің ұйымдасуы жағынан едәуір кем түскен көтерілісшілер жасақтарындағы тұрақтамаушылықты туғызды. Көтерілістің ішінара рулық үстем топқа, ал кейде жоғары көшпелі ақсүйектерге жататын басшылары екі жүзділік көрсетіп, әртүрлі тұрғыдағы көзқарас ұстанды. Сонымен бірге Н.А. Середа, Юр-Ко және басқа XIX ғасырдың аяғындағы авторлар феодалдық топтар өкілдерінің шаруалар қозғалысына басшылықты өз қолдарына алып, көтерілістегі феодалдарға қарсы күшті сарындарды білдірмей жіберуге тырысқан факторын атап өткен.

Көтеріліс шағын сипатта болғанымен, оның географиялық шеңбері тым ауқымды болды-бүкіл дерлік Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстанның бір бөлігі қазақ шаруаларының бой көрестулерімен қамтылып, «Уақытша ереженің» жүзеге асырылуын қиындатты.



жүктеу 334,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау