Курстық ЖҰмыс тақырыбы: XIX ғасырдың 60-90 жылдарындағЫ Әкімшілік-саяси рефорамалар


Қазақстандағы XIX ғасырдың 60-90 жылдарындағы әкімшілік-саяси реформалар



жүктеу 334,5 Kb.
бет10/13
Дата06.02.2022
өлшемі334,5 Kb.
#37362
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Ержан курс

Қазақстандағы XIX ғасырдың 60-90 жылдарындағы әкімшілік-саяси реформалар.

Жаңа отаршылдық әкімшілік реформа бойынша Қазақстанның бүкіл аумағы үш генерал-губернаторлыққа: Түркістан, Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтарына бөлінді. Генерал-губернаторлар барлық әскери әне азаматтық билікті түгелдей өз қолдарына шоғырландырды.

Әрбір генерал-губернаторлық облыстарға бөлінді. Мәселен, Орынбор генерал-губернаторлығына-Орал және Торғай облыстары, Батыс Сібірге-Ақмола және Семей, Түркістанға-жетісу және Сырдария облыстары кірді. Бұрынғы Бөкей хандығының аумағы 1872 жылы Астрахан губерниясының құрамына кірді, ал Маңғыстау приставы 1870 жылы Кавказ әскери округінің қарауына, ал біршама кейініректе Закаспий облысының құрамына енді.

Қазақстанда әкімшілік үшін ерекше басымдықты қызмет отаршылдық мақсаттарда белгіленді. Закавказьдегі сияқты өлкедегі қызметтің бес жылы жеті жылға есептеледі. Бес жылдық мерзімді қызмет еткеннен кейін өлкеде қызмет етуге қалған шенеуніктерге қосымша ақылыр мен жәрдемақылар екінші рет төленді.

1869 жылы Ақмола облысының құрамында орталығы Атбасарда болған Жаңасарысу уезі құрылды. Семей облысы Семей, Көкпекті, Зайсан, Баянауыл және Қарқаралы уездеріне бөлінді. Кейінірек облыста Өскемен уезі құрылды.

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша жергілікті басқаруға ерекше көңіл бөлінді. Әрбір уезд болыстарға, ал болыстар бірнеше шаруашылық ауылдарын біріктірген және 100-200 шаңырақтан тұратын әкімшілік ауылдарға бөлінді. Болыстар 1000 шаңырақтан 2000 шаңыраққа дейін, кейде 3000 шаңыраққа дейін қамтыды.

Шаңырақтардың белгілі бір болыстың бір ауылынан екінші ауылына ауысуы, сол сияқты олардың солардың қатарында есептелуі ауыл шаңырақ иелерінің келісімімен рұқсат етілді. Бірақ тиісті ауыл старшындары мен болыс басқарушыларының ризалығы керек болды.

Болыс және ауыл әкімшілігін қру тәртібі бүкіл реформада көзделген Қазақстан аймағын отарлау мақсатына да қызмет етті. Отарлау саясатын адал жүргізетін адам ғана болыс басқарушысы және ауыл старшыны болып «сайлана» алатын еді. Болыс басқарушыларының, ауыл старшындары мен олардың кандидаттарын сайлау болыс съездері мен ауыл жиындарында әрбір үш жыл сайын өткізіліп отырды. Сайлау кезінде ру топтарының күресі үнемі болып, әртүрлі жолсыздықтарға жол берілді.

Жай көпшілік дауыс алған адам қызметке сайланған, ал дауыс саны бойынша одан кейінгі адам оған кандидат болып есептеледі. Болыс басқарушылары мен олардың кандидаттарын облыстық әскери губернаторы бекіткеннен кейін ғана қызметке сайланған болып есептеледі. Ауыл старшындары мен олардың кандидаттарын уезд бастығы сайлау нәтижелері бойынша бекітті.

Болсы басқарушысы жарлық және полиция билігін өз қолына алып отырды. Ол «тыныштық пен тәртіптің» сақталуын, алымдардың жиналуын және т.б. қадағалап отырды. Билер сотының шешімдерін жүзеге асыру соның міндетіне кірді. Болыс басқарушысына тәртіп бұзушыларды үш күн мерзімге қамауға алу және ақшалай айып төлету құқығы берілді. Өзінің әкімшілік ауылы шегінде старшынлардың да болыс басқарушылары пайдаланғандай құқықтары болды. Сырдария облысының қыстақтарында полициялық және жарлықшы билікті ақсақалдар жүзеге асырды. Әрбір үлкен қыстақты ақсақал басқарды. Әскери губернаторлықтың рұқсатымен ақсақал шағын екі қыстақты басқаратын болды.

Ақсақалдар сайлаушылар жиындарында үш жылға сайланды және оны облыстың әскери губернаторы бекітті. Ақсақалдар сайлауы болыс басқарушысын сайлау сияқты жолымен жүргізілді.

Ресей императорының 1867-68 жылдардағы реформаларды бекіту туралы тиісті жарлықтарында олардың уақытша, үш жыл мерзімге қабылданатыны арнайы атап өтілді. Үш жылдық сынақ мерзімі өткеннен кейін басқару туралы жаңа ереже әзірленіп, қарауға ұсынылуға тиіс болды.

«Түркістан генерал-губернаторлығын басқару туралы 1867 жылғы уақытша ереженің» қолданылу мерзімі 1871 жылдың басына қарай Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы Кауфман басқару туралы жаңа ереженің жергілікті отаршылдық әкімшілік әзірлеген жобасын ұсынды. Ол Ресей империясының бірқатар министрліктері мен ведомстваларында қаралып, едәуір елеулі ескертпелер жасалғаннан кейін ескертпелерді жою және пысықтау үшін кері қайтарылды.

Ташкентте арнайы құрылған комиссия екі жыл жұмыс істегеннен кейін бірінші талқылау барысында айтылған ескертпелерге сәйкес пысықталған әкімшілік басқару жобасы 1873 жылдың басында заң жүзінде бекітуге енгізу үшін Әскери министрлікке берілді. 1873 жылдың аяғына қарай әскери министрлік жанынан құрылып, барлық министрліктер мен Түркістан өлкесі әкімшілігінің өкілдері қатысқан ерекше комиссия ұсынылған жобаны қарап, қанағаттанарлықсыз деп тапты.

Оңтүстік-шығыс Қазақстанды басқару жобаларын әзірлеу мен ресми талқылау орыс баспасөзінің беттерінде ұлттық шет аймақтарындағы Ресей империялық отаршылдық саясатының негізгі бағыттары жөнінде қызу айтыс туғызды. 60- жылдардың аяғы-70 жылдардың басында Ресей империясының өнеркәсіп және сауда топтарында еркін сауда идеясы айқын көрініс тапты.

1871 жылғы 30 сәуірде Ресей империясы Министрлер комитетінің отырысы болып, ол 1868 жылғы Уақытша ереженің қолданылуын 1872 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзартты.

1871-76 жылдар кезеңінде Ішкі істер министрлігіне Орынбор өлкесі мен Батыс Сібір әкімшілігі әзірлеген алдағы реформа жөніндегі заң материалдары табыс етілді.

Орынбор өлкесі мен Батыс Сібір отаршылдық әкімшілігі 1868 жылғы Уақытша ереженің қолданылу мерзімі біткенге дейін дайындаған әкімшілік реформалардың жобалары мейілінше оларды әртүрлі министрліктер мен ведомстваларда, үкіметтік комиссияларда талқылаудан әрі бармады. Басты себептердің бірі Семей облыстарын біртұтас генарал-губернаторлыққа біріктіру жобасын әзірледі. 1881 жылы Орынбор генерал-губернаторлығы таратылатын болып шешішлді. Соның салдарынан Орал және Торғай облыстары тікелей Ішкі істер министрлігіне бағындырылып, облыстардағы отаршылдық әкімшілігінің қызметін бақылау «қазақтар істерін» жүргізген земство бөліміне тапсырылды.

1887 жылғы 2 мамырда Ішкі істер министрі «мүдделі ведомствалардың» қорытындыларымен қоса бұл жобаны Ресей империясының Мемлекеттік Кеңесінің қарауына ұсынды.

Дала генерал-губернаторлығын әкімшілік басқаруды қайта ұйымдастыру жобасын Мемлекеттік Кеңес бір жылға жуық қарап, 1891 жылғы 25 наурызда ғана император Мемлекеттік кеңестің Ақмола, Семей, Орал және Торғай облыстарындағы осы облыстарды басқару аппаратынан дала генерал-губернаторлығының кеңесін құру туралы ұсынысты мақұлдап қол қойды.

1891 жылғы егіннің шықпай қалуы туғызған қаржылық қиыншылық салдарынан жаңа ережені енгізу 1893 жылғы 1 қазанда ғана мүмкіндік болды.

1891 жылғы реформа бойынша барлық облыстарда мемлекеттік мүлік министрлігінің мекемелері құрылды, олар екі жақты бағынышта болды-министрлікке және облыстың әскери губернаторына бағынды.

1891 жылғы ережемен Дала генерал-губернаторлығында салық инспекциясы, кең басқармасы, кеден және акциз бөлімдері құрылды.

XIX ғасырдың соңғы он жылдығында Дала өлкесінің әртүрлі аймақтарында 1891 жылғы әкімшілік-сот реформасына әр түрлі өзгерістер енгізіліп, оның жекелеген параграфтарына түзетулер жасалды.

1899 жылы Дала өлкесінің генрал-губернаторы Таубе Ішкі істер министрлігі алдында 1891 жылғы Ережені қайта құру туралы ресми тәртіппен мәселе көтерді. Бұл Ережені қайта құру жөніндегі жұмысты іс жүзінде барлық облыстық әкімшіліктер жүргізді. Олар 1899 жылы жеке жоба да әзірледі, онда уездерді байырғы халықты басқару жөнінде кең өкілеттіктер берілген учаскелік бастықтар, сондай-ақ учаскелік приставтар басқаруға тиіс болған учаскелерге бөлу көзделді.


жүктеу 334,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау