Қыс
Көктем
Жаз
Күз
1. Сызбаға жылдың төрт мезгілін жазыңыз.
2. Жыл мезгілдерінің айларының атын сызбаға жазыңыз
3. Бір аптадағы күндердің атын сызбаға жазыңыз. т.б.
Бақылау сұрақтары:
1. Қыста ауа- райы қандай?
2. Демалыс күндері қай күндер?
ООӨЖ: Зат есімнің септелуі, жіктелуі [3] 47-51 бет
ОӨЖ: Деректі және дерексіз зат есімдерге мысал келтіру.Көктем.[1]107-бет.1 тапс.
Әдебиеттер:
[3] 47-51 бет
[1] 107 бет
Тақырыбы: Етістік. Жаз.
Сабақтың мазмұны мен мақсаты:
Жыл мезгілдері туралы ойларын жеткізе алуы
Қимыл әрекет ұғымдарын сөйлеу тілінде мақсатты пайдалануы
Мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру
Жаз
Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз. Жазда күн ысиды. Ағаштар жасыл түске
боялып, айнала әсем гүлге толады. Көл, өзен, теңіздер адамдарды шақырып, қуана
құшағына алады. Сондықтан жазғы ыстықта адамдар салқын суға түсуге, суда жүзуге
құштар.
Жаз айларында адамдардың көбі демалысқа шығады. Қыстай сағына күткен
демалысын адамдар өзен, теңіз жағасындағы санаторийлерде өткізуді, шетелдерге
саяхатқа баруды жоспарлап жүреді. Жаз шығысымен адамдар осы жоспарларын іске
асыруға асығады.
Жақсы санаторийлерде демалып, түрлі шетелдерде әлемнің талай
тамашаларын көріп, демалыс уақытын әрі пайдалы, әрі көңілді өткізген адамдар қуана-
қуана еліне оралады. Олар
достарына, туыстарына шетелде көрген- білгенін бар
ынтасымен әңгімелейді.
Жаз халықты жемісімен де қуантады. Жаз айларында құлпынай, шие, алмалар
піседі. Витаминге бай жемістер әрі дәмді,
әрі денсаулыққа пайдалы, оны жегің келе
береді.
Ыстық күн, жақсы демалыс, тәтті, дәмді жемістер жаздың қадірін арттыра түседі.
Мен жазды жақсы көремін.
Мәтінмен жұмыс
1.Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мәтінді аудару
3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
Етістік туралы түсінік.
Етістік- заттың қимылын,
іс-әрекетін, күй- жайын білдіретін сөз табы.
Етістік не істеді? не қылды? қайтті? (немесе не істеп? Қайтіп? Не істесе? т.б.
тұлғалардағы) деген сұрақтарға жауап береді.
Тапсырмалары [1] 351-353 – бет
1. 10- жаттығу. Сөздерді аударып, олардың қалай жасалғанын түсіндіріңіз. Осы
сөздермен сөйлем құрастырыңыз.
2. 11- жаттығу. Көп нүктенің орнына төмендегі етістіктердің тиістісін қойып
жазыңыз.
3. 14- жаттығу.Төмендегі негіздерді пайдаланып, күрделі етістіктер жасауға
талаптаныңыздар.
4. 20- жаттығу. Сөйлемдерді мәліметпен толықтырып, дәптерлеріңізге жазыңыздар.
5. 23- жаттығу Келесі беттегі теледидар бағдарламасына қарап, үлгі бойынша
әңгімелеңіз.
6. Топтастыру.
Глоссарий
Етістік- заттың қимылын, іс-әрекетін, күй-
жайын білдіретін сөз табы
ООӨЖ:Дара және күрделі етістіктер. Күз. [3] 80 бет. тезис жазу.[5]121 бет аударма,
сұрақтар құрастыру
ОӨЖ: Мақал- мәтелдер жаттау [5] 123 бет
Әдебиеттер:
[3] 80 бет
[5] 121 бет
Тақырыбы: Болымды, болымсыз етістік. Театрда
Сабақтың мазмұны мен мақсаты:
Театр туралы ойларын жеткізе алуы
Болымды жэәне болымсыз әрекет ұғымдарын сөйлеу тілінде мақсатты
пайдалануы
Әдеп ережелерін сақтауға дағдыландыру
Қазақ театры
Театр - ойын- сауық орны. Мұнда ойын- сауықтан басқа драмалық шығармалар,
мәдени шаралар да өтеді. Театр ең алғаш Грецияда ашылған.
Қазақ театр өнері ежелден келе жатқан салт- дәстүрлерімізге негізделген. Үйлену
салты, шілдехана тойымен байланысты өтетін ойын-сауықтар, ақындар айтысы т.б.
дәстүрлеріміз театр өнерінің алғашқы көріністері болған.
Кейін халқымыздың талантты өнерпаздары шағын группалар құрып, ел аралап,
жәрмеңкелерде өнер көрсеткен. 1917 жылы Ойқұдық жайлауында (қазіргі Семей облысы,
Абай ауданында) М. Әуезовтің «Еңлік –Кебек» трагедиясы тұңғыш рет қойылды.
Кейіннен 1925 жылдың аяғында Қызылорда қаласында тұңғыш музыка театры
ашылды. Театр шымылдығы 1926 жылы ақпанның 13 –інде М.Әуезовтің «Еңлік –Кебек»
трагедиясымен ашылды.
Театр алғашқы рет құрылған жылы онда Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев, Қалибек
Қуанышбаев, Елебек Өмірзақов, Серке Қожамқұлов, Жұмат Шанин, Шара Жиенқұлова
және тағы басқа өнер тарландары қызмет етті. Олар театр тарихына өшпес із қалдырды.
1934 жылы қазақ драма театрының құрылуына негіз болды.
Бұрынғы қазақ музыкалық
театрының орнында қазір Н.Бекежанов атындағы облыстық театрдың ғимараты тұр.
Бұл күнде облыс орталықтарының бәрінде драма театрлары ашылды. Қазақ драма
тетрының сахнасына қойылған «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» , «Ақан Сері-Ақтоқты»,
«Еңлік- Кебек», «Ана-Жер-ана» спектакльдері театр сахнасынан түспей келеді. Соңғы
жылдары театр репертуары байи түсті.
Сөздік
Ойын-сауық- развлечение
шығарма- проиведение
шара-мероприятие
өнер-
искусство
негізделу- основываться
көрініс-проявление
Мәтінмен жұмыс
1.Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мәтінді аудару
3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
Тапсырмалар [1]
1. 25- жаттығу.
Сөз тіркестерін оқып, орысша баламаларын тауып айтыңыздар.
2. 26- жаттығу. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
3. 33- жаттығу. Мәтінді оқып, ІІІ жақта әңгімелеңіз.
4. Топтастырыңыз.
ООӨЖ: Салт және сабақты етістіктер. Қазақ және орыс драма театры мәтінін
құрастыру. [3] 81 бет
ОӨЖ: Етістіктерге мысал келтіру. [1] 423 бет 25-26 бет
Әдебиеттер:
[3] 81 бет
[1] 423 бет
Тақырыбы: Тұйық етістік. Жол жүру
Сабақтың мазмұны мен мақсаты:
Тұйық етістіктер туралы мағлұмат беру
Етістік категорияларымен жұмыс жасау, қажетті тілдік материалдарды меңгерту.
Жол жүру ережелеріне көңіл бөле отырып, ережелер туралы түсінік беру