Сөйлеу үлгілерін игеруі
сөйлеу үлгілерін мақсатты пайдалана алуы
Іс қағаздарын сауатты толтыру
Резюме
Виктор Смирнов
Мақсаты
Болашақ мансапқа жеткізетін жұмыс табу
Мекен-жай
Алматы қаласы. Исаев көшесі,12-46
Телефоны:3272-689543
Факс:3272-689544
Жұмыс тәжірибесі
2000-2004 «Болашақ»кәсіпорыны Алматы
жоспарлау бөлімінің жетекшісі
1995-1999 «Болашақ»кәсіпорыны Алматы
жоспарлау бөлімінің жетекшісінің
орынбасары
1990-1994 № 1 тоқыма фабрикасы Аға
экономист
Білімі
1980-1994 Алматы технологиялық
институты
Факультеті: Жеңіл өндіріс
экономикасы
Мамандығы : Экономист
Дағды -машығы
Microsoft Word, ExceI компьютер
бағдарламалы,
ағылшын тілі- жалғастырушы деңгей
қазақ тілі- үйренуші деңгей
«ВС» категориясының жүргізушілер куәлігі
Әуестігі
Компьютер, автомобильдер, кітап оқу
Тапсырмалар:
1.Үлгі бойынша өмірбаян жазу
2. Ойтүйін толтыру
Бақылау сұрақтары:
1. Ақпараттық-анықтамалық құжаттарды атаңыз?
2. Өмірбаян дегеніміз не?
3. Ойтүйін не үшін жазылады?
ООӨЖ: [6] 28бет, үлгімен жұмыс
ОӨЖ: [6] 31бет,мысалдар келтіру
Әдебиеттер:
[6] 28бет
[6] 31бет
Көрнекіліктер
Фонетика
Дауысты дыбыстар – а ,ә ,о, ө, е, ұ, ү, у, и, ы, і, ю, я
Тілдің қатысына қарай
Жуан
а,о,ұ,ы,у
Жіңішке
ә,е,і,ө,е,и
Еріннің қатысына қарай
Еріндік
о,ө,ү,ұ,у
Езулік
а,ә,ы,і,е,и
Жақтың қатысына қарай
Ашық
а,ә,о,ө,е
Қысаң
ұ,ү,у,ы,і,и
Дауыссыз дыбыстар – б, в, г, ғ, д, ж ,з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, ц, ч, ш, щ, һ
Дауыстың
қатысына қарай
қатаң
ұяң
қ,к,п,с,т,ф,х,ц,ч,ш,щ
б,в,г,ғ,д,ж
үнді
мұрын жолды
м,н,ң
ауыз жолды
л,р,й,у
Жасалу орнына
қарай
ерін
еріндік
б,м,п,у
ерін мен тіс
в,ф
тіл
тіл алды
ж,з,л,н,р,с,т,ч,ц,ш,щ
тіл ортасы
г,й,к
тіл арты
ғ,қ,ң,х
көмей
һ
Айтылу жолына
қарай
шұғыл
ызың
діріл
б,г,д,к,қ,м,н,ң,п,т,ц,ч
в,ғ,ж,з,й,л,с,ф,х,һ,ш,щ
р
Сөз таптары
Зат есім
Түрлері
Мысалдар
Мағынасына қарай
1. Жалпы
бала,адам
2. Жалқы
Айбек,Қарағанды
Тұлғасына қарай
1. Негізгі
ел,жер,су,қала
2. Туынды
ән-ші, бала-лық
жаман-дық, кітап-ша
1.Дара
жігіт, жылқы
2.Күрделі
Құрамына қарай
біріккен
Қол-жазба, Ақ- тау,
саңырау-құлақ,
Екі-бас-тұз
қосарлы
ата-ана,қыз-келіншек,
Тәләм-тәрбие, әке-шеше
тіркесті
ауыл шаруашылығы,
аяқ киім, сиыр еті,
колледж директоры
қысқарған
ҚӘТК, ҚМУ,ҚМПИ
Сын есім
Түрлері
Мысалдар
Мағынасына қарай
1.Сапалық
ақ,қара,жеңіл,үлкен,сұлу
2.Қатыстық
тұз-ды, ақша-лы
Тұлғасына қарай
1.Негізгі
жақсы, әдемі, кең, суық
2.Туынды
қыс-қы,тау-лы
Құрамына қарай
1.Дара
кіші, тар, нәзік, мол
2.Күрделі
ұзын бойлы,жақсы-
жаман,қызық ала
Сан есім
Түрлері
Мысалар
Тұлғасына қарай
1.Негізгі
екі,төрт,алпыс,отыз
2.Туынды
бір-інші,екеу,бірер,елудей
Құрамына қарай
1.Дара
бір,екі,бес,жүз,мың
2.Күрделі
он бес, бес жүз,бір мың
отыз бес
Мағынасына қарай
1.Есептік
бір,екі,үш,төрт
2.Реттік
бірінші. жүзінші,
3.Жинақтық
біреу,алтау,жетеу,екеу,үшеу
4.Топтау
он-оннан,бес-бестен
5. Болжалдық
алпыстай,мыңдап,бірер
6. Бөлшектік
бестен екі,
екі бүтін оннан бес
Есімдік
Түрлері
Мысалдар
Тұлғасына
қарай
1Негізгі
мен, сен, не
2.Туынды
біреу , мынау
Құрамына
қарай
1.Дара
ол, қанша,кім
2.Күрделі
бірнеше, ешкім
Мағынасына
қарай
1.Жіктеу
мен,сен,сіз,ол,біз,сіздер,олар
2.Сілтеу
бұл,осы,мына,мынау,сол,анау
3.Сұрау
кім?,не?,неше?,қандай?қалай?қашан?
4.Өздік
өз,өзі,өзім,өзің, өзіңіз, өзіміз
5.Белгісіздік
біреу, кей, кейбір
6.Болымсыздық
ешкім,ештеме,ешқашан,ашқайда,ешқандай
7. Жалпылау
бәрі,барлық, барша,бүкіл
Етістік
Түрлері
Мысалар
Тұлғасына қарай
1.Негізгі
оқы,жаз,бар,кел
2.Туынды
тұзда, ойла, ойна
Мағынасына қарай
1.Негізгі
ал,қал,көр,сөйле
2.Көмекші
бол,әкет,тұр,шық
Объектіге қатынасына
қарай
1.Салт
бар, кел,отыр
2.Сабақты
жаз,ал,бер
Іс- әректтің орындалуына
қарай
1.Болымды
оқы,бар
2.Болымсыз
оқыма, барған жоқ,
келген емес
Құрамына қарай
1.Дара
Жаз,оқы
2. Күрделі
барып кел, кіріп
шық,алып бар
Етіс
Түрлері
Жұрнақтар
Мысалдар
1. Өздік
-н,-ын,-ін
тара-н (расчешись)
ки-ін,
жу-ын
2.Ырықсыз
-л,-ыл,-іл,
хат ауылға жібер-іл-ді
3.Ортақ
-с,-ыс,-іс
көр-іс-тік
құшақта-с-тық
4.Өзгелік
-т,-қыз,-кіз,-ғыз,-гіз,-дыр,-
дір,-тыр,-тір
айт-қыз-дық, биле-т-тік,
жаз-ғыз-дым
Үстеу
Түрлері
Мысалдар
Тұлғасына
қарай
1Негізгі
әрең,әзер,
2.Туынды
ескіше,жаяулап, орысша
Құрамына
қарай
1.Дара
ерте, кеш, тым, ерекше
2.Күрделі
биыл,бүгін, анда-санда, қысы-жазы
Мағынасына
қарай
1.Мезгіл
кеше, бүгін,ертең,қазір,былтыр
2.Мекен
әрі,жоғары,төмен,алға,артқа
3.Сын- бейне
әрең,әзер,тез,жылдам,осылай
4.Мөлшер
соншама,едәуір, бірталай
5.Күшейту
аса,нағыз,ең, тым
6.Мақсат
әдейі,біле тұра,жорта
7. Себеп-салдар
босқа,амалсыздан, текке
Одағай
Түрлері
Одағай
Мысалдар
Мағынасына
қарай
Көңіл-күй
Бәрекелді!
Бәрекелді,өлеңді
жақсы айтасың!
Алақай!
Алақай,ақр жауып
тұр!
Әттеген-ай!
Қап!
Әттеген-ай, кешігіп
қалдым-ау!
Құдай-ай
Құдай-ай, бұл не
дегені!
Жекіру
Ал!
Мә!
Әй!
Ал,тұр
Мә,ал!
Әй саған айтып
тұрмын!
Жә!
Жә,күңкілдеме!
Сыпайгершілік
Рақмет!
Рақмет,Санжар
Кешіріңіз!
Кешіріңіз,сізге не
керек еді!
Кеш жарық!
«Кеш жарық!»
-деді ол кіре бере
Міндетті бақылау жұмыстары
І семестр
Сын жұмысы (диктант)
Жастарға хат!
«Азамат болу- парызың» Иә, бұл баршамызға айтылған сөз.Ол еңкейген кәріге де, есейе
бастаған жасқа да тән.Осыған орай, әрбір азаматтың алға қойған мақсаты болады.
Біздің заманымыз адамның ардақты атын зәулім биікке көтереді. Мұндай жағдайда
адамның қоғам өміріндегі орны өз басының тіршілігіне, еңбегңне байланысты. Былайша
айтқанда, бақыт кілті-әр адамның өз қолында.
Өмір жолы оңай жол емес.Әркімнің өз сүрлеуі бар. Бірақ та сол сүрлеу жалпы
адамдардың салған сара жолына ұласуы керек. Халық мүддесінен аулақ, жеке жол іздеу, қоғам
қорынан үзіп- жұлып күн көру- адамгершілік жол емес.
Ал бақыт дегеніміз ең алдымен адамды сүю, Отанды сүю, солардың игілігі үшін жан
аямай еңбек ету болып табылады.
Адамның қоғамдық еңбегі алдымен оның адамшылық қасиеттеріне байланысты.Ол үшін
адам өзіне қатаң талап қоя білуі керек. Сосын уақытты бағалауы шарт. Шығыстың ұлы ақыны
Саади «Адам әрбір секундта бір демалады...» деген екен. Ал сол демалудың өмірде санаулы
екенін ұмытпау керек.
«Мен әлі бұғанам қатпаған жаспын ғой» ,- деу балаларға келіспейді. «Болар бала он
екісінде жастығын сылтау етпес, жүз жасында кәрімін деп қапа шекпес»,- дейді халық.
Жас кездегі басты міндет- білім алу. Ілімге төте жол жоқ. Оған тек ұзақ- еңбек жолы ғана
апарады.Сондықтан да білімде шек жоқ дейді. Қанша білімді болсаң да, оған қанағат етпей,
білген үстіне біле берген жөн.
Өмірдегі ең жаман әдеттердің бірі- табысқа масаттану, менменсіну. Халық әр уақытта
қарапайымдылықты, сыпайлықты, әдептілкті жақсы көреді. Кішіпейілділік- адамның көркі.
Бейпілауыз жаман сөздерге әуестену, темекі тарту, арақ ішу сияқты жарамсыз қылықтар
адамды тұрпайлыққа, тәртіпсіздікке, қылмысқа апарады.
Адам сыншыл,көңілі ашық, жігерлі болу керек. Әрине, бұл қасиеттер жасанды бояулы
болмай, табиғатына біткенде ғана сәнді. Дүниеде жағымпаз болудан жаман нәрсе
жоқ.Кішіпейілділік пен жағымпаздықтың арасы жер мен көктей.
Адамның қаситетерін нәрлендіре түсетін нәрсе- өзін эстетикалық тәрбиеге бейімдеу.
Музыкаға әуестену, музыканы сүйіп тыңдау, жақсы суретердің мәніне түсіне білу, өлеңге,
әдебиетке құлықтану, өткен тарихты білу- адам мәдениетін өсіре түседі. Мұндай адамдармен
сөйлесудің өзі бір ғанибет ірі қызықты.
Өмір жолы жеңіл жол емес. Бұл жолда кедір-бұдыр аз болмайды. Табысқа мақтанбай,
қайғыға бағынбай, қиыншылыққа мойымай, өзіңді-өзің ілгеріге тарту- адамшылық парызың.
Асты сызылған сөздердің синонимін,омонимін,антонимін табыңыз
Бір сөйлемдісөз құрамына қарай талдаңыз
ІІ семестр
Абай философиясындағы адам мұраты
Абай Құнанбаев ұлы ақын, ойшыл ретінде қазақтар үшін зор идеал болды және бола да
береді. Ол- халқының шын ұлы, Абай барлық уақытта қазақтардың кешегісі мен
бүгінін,болашағы мен олардың мінез-құлқын, салт-дәстүрлері мен мәдениетін, оқу-білімін, жас
жігіттер мен қыздарға адамгершілік тәрбие берілуі туралы ойлаумен болды.
Оның өлеңдеріндегі, қара сөздеріндегі ақыл-өсиет өзінің мәнін жойған жоқ,жоймайды да.
Қазірдің өзінде ғалымдар,тәрбиешілер,ең бастысы, қалың жұртшылық, оның ішінде, әр жастағы
адамдар мен ұлт өкілдері Абай шығармаларын құныға оқиды,оған деген ынта-ықыласы жоғары.
Өйткені Абайдың қара сөздерінен болсын,өлеңдерінен болсын өзіне керегін табады.
Абай халықтың патриот ұлы ретінде қазақтардың қарекетсіздігініне, жалқаулығына
қарсы күресе білді. Ол қазақтар қоғамда белгілі бір орын алып,өзінің мәдениетін,өнерін көтерсе
деп ойлады. Абай әсіресе бес нәрседен- өсектен,,өтірік айтудан, мақтаншақтықтан,
еріншектіктен және бекерден- бекер мал шашудан қашықболуға шақырады. Әрбір жалқау қорқақ
болады,оның ісі де өнімсіз. Ал мақтаншақ адам-ақылсыз адам. Бұдан арылу үшін адам бес
нәрсеге-талап, еңбек,терең ой, қанағат, рақымға- ұмтылған жөн. Сонда ғана мұратқа жетуге
болады,сонда ғана халықтың өсуіне жол ашылады.
Ақымақ көп,ақылды аз,
Деме көптің сөзі бұл.
Жақыным айтты дей көрме,
Надандықпен кім айтса,
Ондай түпсіз сөзге ерме.
Сізге айтамын, хаупім бұл,-
Дейді Абай. Осыны ескертеотырып, сансыз мал жинағаннан гөрі,білімге,ғылымға ден қою
кректігін де қадап-қадап айтқан.
Мәтіндегі асты сызылған сөздердің мағынасын түсіндірме сөздіктен қарап жазыңыздар.
Екінші сөйлемді сөз құрамына қарай талдаңыз
Шығармашылық және өздік жұмыстар
Шығармашылық және өздік жұмыс тақырыптары
Реферат және баяндама тақырыптары:
1. Отаным менің -Қазақстан.
2. Қазақстан Республикасының рәміздері.
3. Астана – бас қала
4. Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар
5. Қазақтың ұллтық музыкасы
6. Өркендеген өнер.
7. Билердің сөзі – ақылдың кені.
8. Қазақтың әйгілі азаматтары.
9. Данышпан даналар- рухани тамырлар.
10. Қазақ батырлары.
Шағын шығарма (эссе) тақырыптары
1. Менің мамандығым …
2. Жыл мезгілдерінің бәрі жақсы
3. Менің колледжім
4. Мен бос уақытымды қалай өткіземін
5. «Тілім деп...» - лүпілдеп соққан жүрегім
6. Қостанайым – мәртебем
7. Әлемнің жарығын сыйладың сен маған...
Өздік жұмыстар
Document Outline
Достарыңызбен бөлісу: |