Курсы: 1,2 Семестр: 1, 2, 3



жүктеу 3,95 Mb.
Pdf просмотр
бет19/32
Дата17.01.2020
өлшемі3,95 Mb.
#26986
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32

          Сөйлеушінің     сөзі   арқылы   қимылдың   шындыққа   қатысын,   айтушының   пікірін,
көзқарасын білдіріп, белгілі грамматикалық тұлғалар арқылы жасалатын етістіктің түрі
рай категориясы деп аталады.
     Рай категориясы: ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай
Етістіктің  үш шақтың бірінде қолданып, сөйлеушінің шындық деп баяндауын білдіруді 
ашық рай дейміз.
Мысалы: Әркім өз ойымен отыр. Мақсатым тіл ұстартып,өнер шашпақ.
    Бұйрық рай қимылдың, іс-әрекеттің тыңдаушыға (ІІ жақ), бөгде біреуге (ІІІ жақ) 
немесе өзіне (І жақ) қаратылып, бұйыра талап, тілек етіле айту мағынасын білдіреді. 
Мысалы :Тыңда дала, Жамбылды. Ғылым таппай мақтанба.
Кестемен жұмыс. Бұйрық райдың жіктелу үлгісі
Жақ жекеше
Көпше 
І
Барайын, келейін
Барайық, келейік
ІІ
Бар, кел
Барыңдар, келіңдер
Барыңыз, келіңіз
Барыңыздар, келіңіздер
ІІІ
Барсын, келсін
Барсын, келсін
Тапсырмалар: сана, көрме сөздерін жіктеңіз
Бақылау сұрақтары:
1. Етістіктің райлары дегеніміз не?
2. Етістіктің шақтары мен райлары арасында қанадай ұқсастық, айырмашылық бар?
3. Етістіктің райларының түрлерін атаңыз?
4. Ашық рай нені білдіреді және қалай жасалады?
5. Бұйрық райдың жіктелу ерекшеліктері?
Глоссарий 
Рай категориясы -сөйлеушінің  сөзі арқылы қимылдың шындыққа қатысын, айтушының 
пікірін, көзқарасын білдіріп, белгілі грамматикалық тұлғалар арқылы жасалатын етістіктің
түрі.
  
ООӨЖ: Қалау және шартты рай. Ереже жазу[3] 107-108 бет. [5] 75 бет,аударма жасау
ОӨЖ: [1] 282бет, 38 -жаттығу
Әдебиеттер:
[3] 107-108 бет 
[1] 282 бет, 38 жаттығу
                                         
Тақырыбы: Шақ категориясы. Байланыс жүйесі
Сабақтың мазмұны мен мақсаты:

Оқушыларға шақ категориясы туралы түсінік беру

Сөйлеу үлгілерін мақсатты игеру

Әдеп ережелерін сақтау
Байланыс жүйесі.
Сөйлесу қатынас құралдары.


      Күн сайын біз адамдармен әр түрлі жолмен байланыс жасаймыз. Олар: хат, телефон, 
факс, электронды пошта, интернет және т. б. Бұрын адамдар хат-хабарларды түйе немесе 
ат арбамен 20 000 шақырымға дейін жол жүріп әрең жеткізетін. Кейіннен Қазақстанның 
қалаларында, облыстарында, аудандарында, ауылдарында пошта бөлімшелері ашылды.
      Алматы (бұрынғы Верный) қаласында пошта бөлімшесі 1860 жылы ашылған. Орталық
пошта Республикамыздағы ең ірі байланыс жүейсі болатын. Бұл жерден адамдар жедел 
хат, сәлемдеме,бандероль жіберуге, ақша аударуға әлі де мүмкіндіктері бар. Орталық 
поштада қалааралық сөйлесу жүйесі де бар.
Бұл күндері ұялы телефон, факс, электронды пошта, интернет пайда болды. Интернеттің 
тарихы өткен ғасырдың 60-жылдарынан басталады. АҚШ Қорғаныс министерлігіне 
қарулы күштермен байланыс жасау үшін компьютер жүйесі қажет болды. Мұны 70-
жылдары Америка ғалымдары қолға алып, 80-жылдары телефон компаниялары компьютер
арқылы көптеген елдермен байланыс жасай бастады.      
      Сөйтіп, халықаралық компьютер тілі пайда болды да, компьютер жүйесі дүние жүзіне 
тарай бастады.
Интернетті көптеген мақсатқа қолдануға бастады. Интернеттің көмегімен машина, үй 
сатып алуға, басқа қалалардағы қонақ  үйден күні бұрын орын алуға, кино көруге, 
ағылшынша газеттер, жапонша жорналдар оқуға, кез келген қалалардан кітаптар сатып 
алуға, Германиядағы қарсыласыңызбен шахмат ойнауға, тіпті басқа елдегі таныстарыңмен 
еркін сөйлесуге де болады.
     Интернеттің көмегімен санаулы уақыттың ішінде электронды пошта арқылы кез келген 
елдермен байланыса  аласыз және бұл телефонмен сөйлесуден арзанға түседі.
      Егер Сіздің үйіңізде компьютер болмаса, факстің немесе Интернеттің көмегімен 
арнаулы факс-бюроны не Интернет-дәмханаларды пайдалануға болады.
       Өміріміз күн санап дамып, өзгеруде, сонымен бірге қарым-қатынастың түрі де 
көбеюде. Сөйлесу әрі қарапайым, әрі жеңіл, әрі тез болатын болады.
Сөздік
Байланысу – связываться
электронды пошта – электронная почт
хат – хабар - корреспонденция
ат арба – повозка, телега
бөлімше – отделение
байланыс жүйесі – система связи
 Мәтінмен жұмыс
1.Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мәтінді аудару
3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
        Сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың өту мезгілін білдіру етістіктің шағы 
деп аталады. 
Шақ, кез, сәт, уақыт, мерзім сөздері – мезгілдің синонимдері. Сөйлеп тұрған сәтпен 
байланысты қимылдың мезгілі, шақтық, мағынасы мынадай болуы мүмкін:
      - Үнемі қайталанатын, дағдыға айналған іс-қимыл, сөйлеп тұрған кезде болып жатқан 
қимыл, іс-әрекет
      - Сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кеткен қимыл, іс-әрекет
      - Сөйлеп тұрған кезде әлі болмаған, бірақ кейін әйтеуір болуға тиісті қимыл, іс-
әректтер
Шақтың үш түрі бар: осы шақ, өткен шақ, келер шақ
Тапсырмалар
Бақылау сұрақтары:


1. Етістіктің шағы дегеніміз не?
2. Етістіктің шақтары мен райлары арасында қандай ұқсастық, айырмашылық бар?
3. Етістіктің неше шағы бар?
Глоссарий 
Етістіктің шағы - сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың өту мезгілін білдіру 
ООӨЖ: жедел өткен шақтың жіктелуі  [3] 100 бет, кестемен жұмыс
ОӨЖ: [1] 408 бет, аударма жасау
Әдебиеттер:
[3] 100 бет 
[1] 408 бет
Тақырыбы: Өткен шақ. Емханада
Сабақтың мазмұны мен мақсаты:

Оқушыларға шақ категориясы туралы түсінік беру

Сөйлеу үлгілерін мақсатты игеру

Әдеп ережелерін сақтау
Емханада.
-Сәлеметсіз бе, ата! Қай жеріңіз ауырады?
Барлық жерім аурады: қолым, аяғым, тізем, кеудем, жүрегім, бүйрегім, бауырым, өтім, 
өкпем, асқазаным, ішім, белім, тамағым, басым, көзім, құлағым...
- Тоқтаңыз, ата, асықпаңыз. Біз Сізді тексерейік, содан кейін емделесіз де, жазылып 
кетесіз. Жөтеліңіз, тұмауыңыз бар ма?
- Әрине, бар. Жөтелемін де, түшкіремін де, тұмауым да бар.
- Кәне, тамағыңызды көрсетіңіз, тексерейін. Тамағыңыз қызарып тұр екен. Шешініңіз, 
өкпеңізді  және  жүрегіңізді тыңдайын, қызуыңызды өлшейін. Сізге қатты суық тиген екен.
- Тұмау емес пе?
- Тұмауда  бар, баспа ауруы да бар. Қазір сізге рецепт жазып беремін. Дәріні дәріханадан 
алып, күніне үш рет ішесіз. Төсекте жатып емделіңіз, бал қосқан сүт ішіңіз. Енді емханаға 
жұма күні келіңіз.
-Басқа жерімді тексермейсің бе ?
- Тексереміз. Әуелі мына ауруыңызды жазып алайық. Емделіңіз, жазылыңыз, ауырмаңыз. 
Өзіңіз білесіз, денсаулық- зор байлық.
-Рахмет, қалқам. Сау бол!
-Сау болыңыз!
                             Сөздікпен жұмыс.
емхана- поликлиника 
           емделу- лечиться
ауыру- болеть                                                          жазылып келу- выздороветь
өт- желчный пузырь                                                жөтел- кашель
бел- поясница                                                          содан кейін- затем
тоқтау- остановиться
           тұмау- насморк, простуда, грип
асығу- торопиться                                                   тексеру проверять
түшкіру- чихать                                                       қызару –краснеть
қызу- температура                                                   өлшеу- измерять
Мәтінмен жұмыс
1.Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мәтінді аудару


жүктеу 3,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау