Этимология нені зерттейді?
Сөздің ауыспалы мағынасына мысал келтіріңіз?
Омонимге мысал келтіріңіз?
Антоним сөздерге мысал келтіріңіз?
Синрним сөздерге мысал келтіріңіз?
Глоссарий
Диалектизм - белгілі бір аймақ көлемінде ғана айтылатын сөздер
Кәсіби сөздер –
белгілі бір кәсіпке, шаруашылыққа, өнерге байланысты айтылатын
сөздер
ООӨЖ: Жаңа сөздер Отан [3] 31б. [5] 159 бет жаттау.
ОӨЖ: Қостанай қаласы бойынша бағдарлау жазу [1] 265б
Әдебиеттер:
[3] 31 бет
[5] 159 бет
Тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері. Жұмыс күні
Сабақтың мазмұны мен мақсаты:
Тұрақты тіркестерді қолдана білуге дағдыландыру;
Өз жұмыс күндерін жоспарлай білулері
Сөйлеу үлгілерін мақсатта пайдалануға дағдыландыру
Вильямның жұмыс күні.
Бүгін- жұмыс күні. Адамдардың көбі жұмыс күні ерте тұрады. Кейбіреулері дене
тәрбиесі жаттығуларын орындайды, кейбіреулері орындамайды, жуынады, киінеді,
таңертеңгі астарын ішіп, жұмысқа асығады. Таңертең уақыт жетпейді.
Вильям- шетел фирмасының директоры. Әйелі екеуі Алматыда Наурызбай
көшесіндегі 56-ншы үйде тұрады. Әйелінің аты Шерил. Балалары жоқ. Екеуі де Нью-
Йорктан.
Вильям сағат алтыда тұрады, дене тәрбиесі жаттығуларын орындайды да,
жуынады. Таңертеңгі тамағын ішеді. Үйден жетіде шығады. Машинаға отырып,
жұмысына барады. Сағат бірде түскі асын ішеді, жұмысын сағат сегіз немесе тоғызға
дейін істейді. Кейде пицца сатып алып, кейде Шерил екеуі мейрамханаға барып
тамақтанады. Үйге келіп, біраз жұмыс істейді немесе демалады. Сағат он екіде
шешініп, ұйықтауға жатады.
Ертең Вильям
сағат алтыда тұрмайды, дене тәрбиесі жаттығуларын
орындамайды, жуынбайды. Таңертеңгі тамағын ішпейді. Үйден жетіде шықпайды.
Машинаға отырып, жұмысына бармайды. Сағат бірде түскі асын ішпейді, жұмысын
сағат сегіз немесе тоғызға дейін істемейді. Пицца сатып алып немесе мейрамханаға
барып тамақтанбайды. Үйге келіп жұмыс істемейді, демалмайды. Сағат он екіде
шешініп, ұйықтауға жатпайды. Өйткені ол ауырып жатыр. Ол енді бір апта төсегінде
жатып емделеді.
Сөздік
адамдардың көбі-многие
кейде- иногда
ерте-рано
сатып алу- пакупать
кейбіреулер- некоторые
мейрамхана- ресторан
дене тәрбиесі жаттығулары-
упрахнения утренней зарядки
тамақтану- кушать
жуыну- умываться
шешіну раздеваться
таңертеңгі асты ішу-завтракать
өйткені- потому что
асығу- торопиться
ауыру- болеть
уақыт- время
енді- теперь
жету- хватать
төсек- кровать
шетел- иностранный
емделу-лечиться
түскі ас- обед
Тапсырмалар [1] 212 бет.
35- жаттығу. Берілген тапсырмаға қарап, кестені толтыру.
37- жаттығу. Сұрақтарға жауап беру.
38-жаттығу. Жолдасыңызден ертеңгі жоспарын сұрап, сөйлесім құрастыру.
Тұрақты сөз тіркестері.
Тіл арқылы қатынас жасағанда, сөздер дара күйінде емес, бір-бірімен тіркесіп
қолданылады.
Еркін сөз тіркесі мен тұрақты тіркесті салыстырамыз.
Сөз тіркесі
Тұрақты тіркес
1.Таза дәптер, таза киім,
әдемі дәптер, әдемі киім
Тайға таңба басқандай (анық),
біреудің ала жібін аттамау (ұрламау)
2.Әдепті оқушы, әдепті кісі,
баланың ісі, үлкеннің ісі
Жүрек жұтқан (батыр), қоян жүрек
(қорқақ), таяқ тастам (жақын),
тіс жармау
(үндемеу)
Бақылау сұрақтары:
1. Жұмыс күніңізді кесте бойынша көрсетіңіз.
2. Дене тәрбиесі жаттығуларын орындайсың ба?
3. Оқуға нешеде барасыз?
4. Үйге қашан келесіз және не істейсіз?
5. Тұрақты сөз тіркесі мен еркін сөз тіркестің айырмашылығын ата.
ООӨЖ:Демалыс күні әңгіме жазу [3] 33 бет
ОӨЖ: Мысал келтіру [3] 32 бет. Жұмыс күні мәтіні бойынша сұрақ құрастыру. [1]
347 бет.
Әдебиеттер:
[3] 33 бет
[3] 32 бет
Тақырыбы: Қазақ тілінің сөз жасамы. Күн тәртібі
Сабақтың мазмұны мен мақсаты:.
Сөзжасам туралы түсінік беру
Күн тәртібін жоспарлай білуге үйрету
Әдеп ережелерін сақтауға дағдыландыру
Жоспарлау.
Біз ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз. ХХІ ғасыр- жаңа технологияның дәуірі.
Халқымыз алдына ұзақ және қысқа мерзімдік мақсаттар қойып отыр. Қазіргі адамдар өз
өмірінде бір жылға, бір айға, бір аптаға, тіпті бір күнге жоспар жасамай отыру мүмкін
емес.
Мен де келешек өмірімді жоспарлап қоямын. Әдетте мен аса елеулі және
маңызды іс- шараларымды бір жылға белгілеп қоямын. Келесі жылда орындайтын іс-
шараларым төмендегідей:
Қаңтар
Ақпан
Наурыз
Сәуір
Емтиханға
емтихан
диплом жазу
диплом жазу
дайындалу
тапсыру
Мамыр
Маусым
Шілде Тамыз
Дипломды
емтихан
демалу
жұмысқа
қорғау
тапсыру
орналасу
Ал мен ертең институтқа барамын, өйткені студентпін. Сағат сегіз жарымда басталады.
Күнде сағат жетіде оянамын, терезенің желдеткішін ашамын. Радионы қосып,
денешынықтыру жаттығуларын орындаймын, содан кейін беті-қолымды жуып, тісімді
тазалаймын, бөлмемді жинаймын, киінемін, таңертеңгі тамағымды ішемін де,
сабаққа
барамын. Үйден сағат сегізге он минут қалғанда шығамын. Мен сабаққа ешқашан
кешікпеймін. Әдетте институтта сабақ сағат сегіз жарымнан түскі сағат екіге дейін
болады.
Сөздік
Жоспарлау- планирование
жоспар- план
ғасыр- век
мүмкін емес- невозможно
өмір сүру- жить
келешек- будущий
дәуір- эпоха
елеулі- знаменательный
ұзақ мерзімдік- долгосрочный
іс- шара- мероприятие
қысқа мерзімділік-краткосрочный
ақпарат- сведения
Тапсырмалар [1] 352-353 бет
17-жаттығу. Сөйлем құрап, орыс тіліне аудару.
18- жаттығу. Сөйлемдерді аяқта.
20-жаттығу. Сөйлемдерді мәліметпен толықтырып жазу.
Сөз жасам туралы түсінік.
Қоғамдық өмірдің дамуымен байланысты жаңа ұғымдарды білдіретін жаңа сөздер
пайда болады. Сөздердің пайда болуы мен жасалуының белгілі заңдылықтары бар.
Мысалы оқушы, оқулық, аялдама, т.б. сөздер әртүрлі тәсілдермен жасалған: оқу-
шы, оқу- лық, аялда- ма дегендер сөзге –шы, -лық, -ма қосымшалары жалғануы арқылы
жасалған. Тілдің сөздік құрамының дамып, осылай жаңа сөздердің пайда болуын
ғылым тілінде
сөзжасам деп атайды.
Бақылау сұрақтары:
1. Сөз жасам дегеніміз не?
2. Сіздің күн тәртібіңіз?
3.
Глоссарий
Сөзжасам - тілдің сөздік құрамының дамып, осылай жаңа сөздердің пайда болуы
ООӨЖ:Түбір мен қосымша ереже жазу Асханада сөйлесу құрастыру. [3]36 б.[5]80б.
ОӨЖ: Кестемен жұмыс. Күн тәртіптерін жазу. [1] 355 б.
Әдебиеттер:
[3] 36 бет
[1] 355 бет